БИОЛОГИЯ ҒАЛЫМДАРЫ АШҚАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

№ БИОЛОГИЯ ҒАЛЫМДАРЫ АШҚАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 1892 ж. Д.И.Ивановский — «темекі теңбілі» вирусын ашты
2 1899 ж. М.Бейерник — «вирус» терминін ғылымға енгізді
3 Э.Дженнер — Шешекке қарсы емдік сарысуды алды
4 1915 ж. Ф.Туорт — Бактерияларды ерітіп зақымдайтын вирустарды, бактериофагты ашты
5 1898 ж. Н.Ф.Гамалея — Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагты анықтады
6 1917ж. Д’Эрелль — Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды ашты
7 Антони ван Левенгук — Бактерияларды ашты;
— Бактерия туралы алғашқы дерек 1683 ж. Лондондағы Король қоғамына бактерияның көлемін, пішінін, қозғалысын сипаттап жазып жіберген;
— Қарапайымдыларды ашты;
— Эритроциттер мен сүтқоректілердің сперматозоидардың 1683 ж. зерттеген;
— Өзі жасаған микроскоппен аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін қарапайымдылардың жаңа түрлерін ашты;
— 1676 ж. пластидтер мен хроматофорларды сипаттаған;
— «Анимакульдар» деген болжамды айтқан
8 1882 ж. Р.Кох — Туберкулез таяқшасын анықтады
9 1929 ж. А.Флеминг — Пенициллин дәрісін алды
10 А.С.Фаминцын, О.В.Баранецкий — Қынаның құрылысын анықтады
11 1831 ж. Р.Броун — Ядроны ашты
12 1943 ж. А.Клод — Рибосоманы ашты
13 1978 ж. М.А.Айтқожин — Информасоманы анықтады
14 1945 ж. К.Портер — Эндоплазмалық торды тауық балапанының ұлпасынан ашты
15 1898 ж. К.Гольджи — Гольджи жиынтығын анықтады
16 1850 ж. Р.Келликер,
1894 ж. Р.Альтман,
1897 ж. К.Бенда — Митохондрияны жан – жақты зерттеді
17 1955 ж. Де Дюв — Лизосоманы анықтады
18 1630 ж. Ван Гельмонт — Өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген.
19 1903 ж. К.А.Тимирязев — Фотосинтез құбылысын ашты
— «Күн, тіршілік және хлорофилл» авторы
— Фотосинтездегі хлорофиллдің ролін алғаш сипаттаған ғалым
20 1898 ж. С.Г.Навашин — Гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты
21 1915 ж. М.С.Навашин — Эндоспермнің триплоидты табиғатын ашты
22 Н.И.Вавилов — 7 мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтады; «Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар» заңын ашты;
— Селекцияның генетикалық негіздерін қалаған;
23 ХІ ғ. М.Қашқари — Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректер қалдырды
24 Аристотель — Жануарларды тіршілік ортасына байланысты жіктеген ғалым;
— Бақалар мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болады деп жазды;
— Құрттар – топырақтан, шыбындар – шіріген еттен пайда болады деп есептеді;
— Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп негізгі топтарға жүйеледі;
25 П.С.Паллас — Құс пен аңның 45 түрін жүйелеген ғалым
— 1775 ж. ең алғаш Байкал маңындағы жабайы жылқы – құланды сипаттап жазды
26 1875 ж. Ф.А.Леш — Қантышқақ (дизентерия) амебасын ашты
27 1880 ж. А.Лаверан — Безгек паразитін ашты
28 1842 ж. Ч.Дарвин — Риф түзілу теориясын жариялады;
— Органикалық дүние эволюциясының негізін қалаушы;
— Өзі шығарған қолдан сұрыптаудың формасы – методикалық (әдістемелік)
— Эволюцияның негізін қалаушы;
— Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, сұрыптау эволюцияның қозғаушы күштері екенін ашты;
— Тіршілік үшін күрестің негізін қалаған;
— 1859 ж. «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» авторы;
— 1868 ж. «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» авторы;
— 1871 ж. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» авторы
29 А.О.Ковалевский — Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым
— Тұяқтылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын зерттеді
— Жылқының тарихи дамуын (филогенезін) қалпына келтірді
30 Н.П.Павлов — Рефлекс туралы ілімді дамытты;
— «Жоғары дәрежелі жүйке қызметі» ұғымын алғаш енгізді;
— Тітіркенуді қабылдап, талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын анализаторлар деп атады;
— Анализатор ұғымын енгізді;
— Жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізін қалаушы;
— 1 – ші, 2 – ші сигналдық жүйе туралы ілімді жасады;
— Шартты, шартсыз рефлекстер туралы ілімді ашты;
— Сілекей безін және қарындағы астың қорытылуын зерттеген;
— Итке тәжірибе жасау арқылы шартты рефлекстерді зерттеумен шұғылданды;
— Таза асқазан сөлін алған;
— Ұйқы рефлекстерін ашқан;
— Асқорыту процестерін зерттеген, Нобель сыйлығының иеленушісі;
— «Жануарлар мен адамның шартты рефлекстер туралы» авторы;
— Жануардағы жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің мінез – құлық физиологиясының негізін қалаушы;
— Қарын сөлі бөлінуінің гуморальдық жолмен реттелуін көрсетті;
— — Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі – бәсеңдететін, үшіншісі – жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатындығын дәлелдеді.
31 И.М.Сеченов — «Ми рефлекстер» авторы,
— Ми қыртысының рефлекстік қызметін анықтады;
— Физиологияның атасы;
— 1862 ж. орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелуді ашты;
— Бұлшықеттердің босаңсуын зерттеген;
— Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым.
32 И.И.Мечников — Иммунитеттің негізін қалаған және фагоцитоздың қорғаныштық рөлін ашқан ғалым;
— Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген;
— Фагоцитозды ашты;
— Қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген;
— — Зерттеулері тікентерілілердің төменгі сатыдағы желілілерге жалпы байланысты екенін дәлелдейді.
33 1880 ж. Н.И.Лунин — Дәрумендерді ашты
34 1838 – 1839 ж. Т.Шванн, М.Шлейден — Жасуша теориясының негізін қалады
— Өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушадан тұратындығын тұжырымдаған.
35 1868 ж. Ф.Мишер — Ядроның құрылысынан нуклеин қышқылын тапты
36 1951 ж. Э.Чаргафф — ДНҚ молекуласына 4 нуклеотид кіретінін тапты
37 1950 ж. М.Уилкинс — ДНҚ – ның кристалдық рентгенграммасын алды
38 Р.Франклин — ДНҚ молекуласының рентгенграммалық суретін бірінші түсірген ғалым
39 1953 ж. Дж.Уотсон, Ф.Крик — ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасады
40 1930 ж. Г.Кребс — Лимон қышқылының айналымын ашты
41 1939 ж. Роберт Хилл — Су фотолизі реакциясын ашты
42 С.Н.Виноградский — Күкіртті бактерияларды зерттеді;
— хемосинтез процесін ашты;
43 Ф.Мюллер, Э.Геккель — Биогенетикалық заңның авторлары
44 И.В.Мичурин — Телу әдісін қолданған;
— Ментор әдісімен шығарған алма іріктемесі – бельфлер – қытай, кадиль – қытай сорттарын шығарған;
— Антоновка мен ананас ранетінің оңтүстік іріктемелерін гибридтендіру арқылы славянка алма ағашын алды;
45 М.Месильсон, Ф.Сталь — ДНҚ – ның екі еселену жолдарын болжаған
46 Грегор Мендель — Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын алғаш ашқан ғалым;
— 1865 ж. тұқым қуалау заңдылықтарын ашты;
— Тәжірибелерінде белгілердің тұқымқуалаушылығын зерттеудегі қолданған әдісі – гибридологиялық;
— Тәжірибе жасаған өсімдігі – бұршақ;
— Оның зерттеуіндегі асбұршақтарға тән белгілер – өздігінен тозаңданушы өсімдіктер;
— І заңы – бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы (фенотипі де, генотипі де біркелкі);
— ІІ заңы – белгілердің ажырау заңы;
— ІІІ заңы – тәуелсіз тұқым қуалау заңы;
— Генетиканың негізін салушы.
47 1906 ж. У.Бэтсон — «Генетика» терминін енгізді
48 1909 ж. В.Иогансен — «Генотип», «Фенотип» ұғымдарын қалыптастырды;
— «Популиция» терминін енгізді;
— Популяцияның генетикалық құрылымын зерттеген ғалым;
49 Т.Морган — Тіркесіп тұқымқуалау заңын ашты;
— 1914 ж. тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты;
— Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік дрозофила шыбынына тәжірибе жүргізді
50 Х. Де Фриз — «Мутация» терминін қалыптастырды
51 1908 ж. Г.Харди, В.Вайнберг — Популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды
— Харди – Вайнберг теңдеуі – ешқандай сыртқы факторлар кедергі келтірмейтін еркін будандастырылатын популяция тепе – теңдікті сақтай алады
— Харди – Вайнберг формуласы: P2AA+2PgAa+g2aa
52 1914 ж. Дж.Шелл — «Гетерозис» ұғымын енгізді
53 Н.С.Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Жандеркин — Қойдың арқар – меринос тұқымын шығарды
54 В.А.Бальмонт — Басшылығымен елімізде алғашқы етті – жүнді бағыттағы қой тұқымы – қазақтың биязы жүнді қой тұқымы шығарылды.
55 Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакберов — Қазақтың ақбас сиырын шығарды
56 Д.Н.Пак — Басшылығымен Алатау сиыры шығарылды
57 Ф.М.Мұқамбетқалиев — Басшылығымен Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен – қозы алынды
58 К.Корренс, Э.Баур — Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін салған
59 1969 ж. Х.Г.Корана — Генді химиялық жолмен қолдан синтездеуді алғаш жүргізген
60 К.Мыңбаев — Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған ғалым
61 К.Линней — «Табиғат жүйесі», «Ботаника философиясы» авторы;
— Жүйелеудің атасы;
— 1735 ж. адамды сүтқоректілер класы, приматтар тобына жатқызған ғалым;
— Креоционизм теориясын қолдады;
— Жануарларды жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады;
— Жануарларды жүйелеу кезінде түрді негіз етіп алды;
— Тірі ағзаларды жүйелеудегі жіберілген кемшіліктері – сыртқы ұқсастығына ғана негізделген;
— 1785 ж. ең алғаш шөп бақаны сипаттап жазды;
— 1735 ж. жорғалаушылар мен қосмекенділерді бір классқа – сұмпайылар (гады) класына біріктірді;
— 1750 ж. «Жануарлар тіршілігі» атты еңбегінде құстардың ұшып келуі мен ұшып кетулерін тіркеуді ұсынады
62 Ж.Б.Ламарк — «Зоология философиясы» авторы;
— «Саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі» авторы
— 1802 ж. «Биосфера» терминін енгізді;
— 1809 ж. эволюциялық ілімнің ең алғаш негізін салушы;
— Еңбектерінің мәні: тірі материяның қарапайымнан күрделене беретінін мазмұндау;
— Адамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым;
— Біртіндеп көтерілу – градацияны ашты;
— Омыртқасыздарды 10 классқа бөлу арқылы жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады;
— Алғашқы тұтас эволюциялық теория жасаған трансформист
63 Н.Ф.Тимофеев – Ресовский — «Микроэволюция» терминін ұсынды
64 Ю.А.Филипченко — «Макроэволюция» терминін ұсынды
65 А.Н.Северцев — Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді зерттеді;
— Эволюцияның негізгі бағыттарын анықтады;
66 А.Н.Северцев, И.И.Шмальгаузен — Органикалық дүние эволюциясының биологиялық прогресстерін анықтады
67 К.Линней, Ж.Кювье — Креационизм теориясын қолдады
68 1668 ж. Ф.Реди — Ыдысқа өлген жылан салып, біраз ыдыстардың бетін ашық , ал ыдыстың басқа бөлігінің бетіне сирек кездесетін мата – кисея жапқан;
— Абиогенездік теорияға қарсы шыққандар: Ф.Реди; Л.Спалланцани; Л.Пастер
— Шіріген еттен шыбындардың пайда болу мүмкін еместігін дәлелдеді
69 1862 ж. Л.Пастер — Мойны S тәрізді иілген қолбада қайнатылған сорпа ұзақ уақыт стерильді қалпын сақтайтыны туралы тәжірибе жасаған;
— Ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді
— Микробиологияның дамуына жол ашты
— 1870 – 1880 ж. ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінен дәлелдеді
70 1880 ж. В.Прейер — «Тіршілік мәңгілік» теориясын ұсынды
71 1865 ж. Г.Рихтер — Панспермия теориясын ашты
72 1922 ж. А.И.Опарин — Тіршілік жер бетінде химиялық және физикалық заңдылықтарға сай жүретінін тұжырымдады;
— Тіршіліктің табиғи теориясын тұжырымдады;
— Коацерваттар теориясын дәлеледеген ғалым.
73 1925 – 1929 ж. Дж.Холдейн — Коацерваттың тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың рөлі туралы болжам жасады
74 1953 ж. Стенли Миллер — Опарин мен Холдейн болжамын сынақ тәжірибе арқылы дәлелдеді
75 Сидней Фокс — Тұрақты полимер – протеиноид алды
76 Т.Е.Павловский, А.Г.Пасынский — Формальдегид, аммоний тұздарының судағы ерітіндісіне қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерімен әсер ету арқылы әртүрлі аминқышқылдарын алды
77 1947 ж. Дж.Бернал — Биопоэз теориясын ұсынды
78 1866 ж. Э.Геккель — «Экология» терминін енгізді;
— 1868 ж. «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» авторы;
— 1866 ж. «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» авторы
79 А.Гумбольдт — «Биогеография» терминін ғылымға енгізді
80 1875 ж. Э.Зюсс — Геология ғылымына термин енгізді
— «Биосфера» терминін алғаш ғылымға енгізді
81 Карл Мебиус — «Биоценоз» терминін енгізді
82 В.Н.Сухачев — «Биогеоценов» терминін енгізді
83 1935 ж. А.Тенсли — «Экожүйе» терминін енгізді
84 Ч.Элтон — Экологиялық пирамида ережесін ашты
85 В.И.Вернадский — Биосфера туралы тұтас ілімнің негізін қалаушы;
— «Ноосфера» терминін енгізді
86 В.В.Докучаев — «Топырақтану» ғылымының негізін салушы
87 Альфред Уоллес — 6 биогеографиялық аймақты ажыратты
88 О.Сүлейменов — «Невада – Семей» экологиялық қозғалыстың басшысы
89 1991 ж. 29 тамызда Н.Ә.Назарбаев — «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойды
— Ядроның сынақ өткізуге мораторий жариялады
90 1938 ж. В.А.Селевин — Бетпақдала өңірінен тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан.
91 Ж.М.Күдерин — «Өсімдіктану» атты оқу құралының авторы
92 1922 ж. Х.Досмұхамедов — «Жануарлар» тұңғыш ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралын шығарды
— Еңбектері: «Қырғыз» өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады, «Табиғаттану», «Оқушының саулығын сақтау», «Адамның тән тірлігі»
93 Н.В.Павлов — ҚР өсімдіктерін зерттейді, өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты
94 Н.В.Голоскопов, М.С.Байтенов — Өсімдіктер туралы Қазақстанның Қызыл кітабын жазған
95 1590 – 1610 жж. Голландиялық әкелі – балалы Янсендер — Жарық микроскобын ойлап тапты
96 1665 ж. Р.Гук — Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған, оны жасуша деп атаған.
— 1665 ж. жасушаны ашқан
— «Жасуша» ұғымын енгізді.
97 1885 ж. Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон — Сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактерияларды обамен ауырған шошқалардан тапты
98 И. С. Бутарин, Ә. Есенжолов, А. Жандеркин — Биязы жүнді қолтұқым – арқар меринос қойын шығарды
99 Гиппократ — Көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым.
— Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген.
— Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған.
— Омыртқалар мен қабырғалардың, бұлшықеттердің, ірі қантамырларының құрылысын зерттеген.
100 Клавдий Гален — Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым.
— Маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған.
— Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген.
— Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген.
— Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған.
— «Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы» авторы
101 Әбу Насыр әл – Фараби — Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ.
— Ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстары – жүрек
— «Қайырымды қала»
— «жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» деп айтқан
102 Әбу Әли ибн Сина — «Анатомия мен физиологияға кіріспе»,
— «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») авторы
103 V – IV ғ. Ғалымдар — Жануарларды жүйелеуге назар аударған
104 В.Гарвей — 1628 жылы қанайналымның тұйық екенін ашты;
— «Барлық тіршілік жұмыртқадан пайда болады» деп тұжырымдады;
— Физиология ғылымынң негізін салушы
— Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын анықтаған
105 К.М.Бэр — 1828 ж. ұрықтардың ұқсастық заңын ашты;
— 1826 ж. сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашты.
106 Г. Де Фриз — «Мутация» ұғымын енгізді;
— «Мутациялық теория» авторы
107 Эжен Дюбуа — Ява аралынан ежелгі адам – питекантроптың қаңқасын тапты
108 Ы.Жақаев — Әйгілі күріш өсіруші
— Әр гектардан 174 центнерден күріш алған
109 В.Н.Сухачев — Биогеоценоз ұғымын енгізді
— 1940 ж. биогеоценоздар теориясын дәлелдеді
110 Ф.Энгельс — «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі» авторы
— «Тіршілік» деген ұғымға ең алғаш анықтама берген ғалым
111 А.Везалий — Анатомияның негізін салған ғалым
— Мәйіттермен жеке бақылау жүргізіп, 7 кітаптан тұратын «Адам денесінің құрылысы туралы» (1543) еңбектің авторы
— Қаңқа, сіңір, бұлшықет, қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер, ми мен сезім мүшелерін жүйелеген
112 1778 ж. М.Ә.Айтқожин — Информасоманы ашты
113 А.Х.Алпысбаев, Ә.Х.Марғұлан — Ертедегі адамдардың мекен – жайларын Қазақстан жерінде тапқан
114 П.К.Анохин — Ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушы, ағзаның өзін – өзі реттеу идеясын дамытушы академик
115 Анри Мари Бленвиль — «Тип» терминін ғылымға енгізді
116 Б.Л.Астауров — Жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды
117 1736 ж. Я.Беккори — Нәруыз молекуласын тұңғыш рет зерттеді
118 Бексли, Эйвери — Колхицин әдісімен өсімдіктердің іріктемелерін алуды зерттеген
119 Г.Беленский — Қызылқұм аймағынан құсжамбасты сұмпайыкесірткенің толық қаңқасын тапты
120 1898 ж. В.И.Беляев — Жыныс жасушаларының мейоз жолымен бөлінетіндігін сипаттады
121 Л.С.Берг — Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын зерттеді
122 А.Т.Болотов — XVII ғ. ең алғаш тұқы өсіруге арналған тоған жасады
123 1820 ж. А.Браконно — Ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы – глицинді алды
124 1904 ж. У.Бейлис, Э.Старлинг — «Гормон» терминін енгізді
125 1888 ж. В.Вальдейер — «Хромосома» терминін енгізді
126 1858 ж. Р.Вирхов — «Әр жасуша тек аналық жасушадан пайда болады» деген қағиданы тұжырымдады
— Жасушаның бөлінуін ашты
127 1817 ж. А.Г.Гольдфрус — Ең алғаш «ПРОТОЗА» «қарапайымдар» терминін пайдаланды
128 А.Гумбольт — Биогеографияның негізін қалаушы
129 Гэскелл — Ең алғаш шекшектің (шегірткенің) құлағын тапты, ол алдыңғы аяқтың сирағында орналасқан екі жіңішке саңылау болып шықты
130 1688 ж. Джон Рей — «Түр» ұғымын енгізді
131 Жизеф Питон де Турнефор — «Класс» терминін енгізді
132 Карл Бендос — «Митохондрия» атауын ұсынған
133 Г.Д.Карпеченко — Орамжапырақ пен шомырды будандастырып, түраралық буданның тұқым бермеуін жойған
134 1853 ж. Ф.Кебер — Сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енетінін сипаттады
135 1817ж. Ж.Кювье — «Ұлулар анатомиясы» авторы
136 1900 ж. К.Ландштейнер — Адам қанының топтарын анықтады
137 1927 ж. Э.Леруа, П.Т.Шарден — «Ноосфера» терминін енгізді
138 Лукьяненко — Безостая – 1 сортын шығарған
139 1871 ж. Н.Н.Любавин — Ақуыздардың аминқышқылдарынан тұратынын анықтады
140 1661 ж. М.Мальпиги — Өте ұсақ қантамырлар – қылтамырды (капилляр) ашты
141 И.П.Мариковский — Қарақұрттың уын жанып тұрған сіріңкемен күйдіріп, қайтару әдісін ұсындаы
142 1864 ж. Ф.Мюллер, Э.Геккель — Биогенетикалық заңды ашты
143 Г.В.Никольский — Балқаш қазаншұңқырындағы омыртқалылар туралы алғашқы ғылыми жинақтарды жариялады
144 А.И.Опарин, Д.Холдейн — «Жер бетінде тіршілік абиогендік жолмен түзілуін» дәлелдеді
145 Н.И.Пирогов — Сүйек сынғанда алғаш гипс шендеуіш салуды жүзеге асырған
146 Л.Полинг — Ақуыздың екінші реттік құрылымын ашқан, «орақ пішінді жасушалары анемияның» пайда болу себептерін тапты
147 1778 ж. Дж.Пристли — Өсімдіктерден оттегі бөлінетінін анықтады
148 1839 ж. Я.Пуркинье — Жасуша протоплазмасын анықтады
149 1875 ж. Э.Пфлюгер — Тотығу процестері қанда емес, ұлпадарда жүретіндігін дәлелдеді
150 А.Н.Радищев — Табиғат біртұтас, ондағы табиғат қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деген пікір айтты
151 1712 ж. Р.Реомюр — Ең алғаш өзен шаянның түлеу үдерісін сипаттап жазды
152 М.Родс — Цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты ашты
153 1931 ж. Е.Руска, М.Киолль — Электрондық микроскоп жасады
154 Т.Сведберг — Нәруыз молекуласының шар пішінді болатынын дәлелдеді
155 Е.Сирс — Генетикалық инженерияның тарихын ашты
156 К.И.Скрябин — Оңтүстік Қазақстанда кейбір үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеп, маңызды деректер жариялады,
— Ішқұрттарға қарсы күрес шараларын ұйымдастырды
157 О.Сүлейменов — «Невада – Семей» экологиялық қозғалысын басқарды
158 1928 ж. Б.П.Токин — Фитонцидтерді ашты
159 А.Трамбле — Гидраны ашты
160 А.А.Ухтомский — Еңбек етуде адамның жеке басы қасиетінің, психикасының және сана – сезімінің ерекше маңызы бар екенін дәлелдеген
161 Э.Фишер — Аминқышқылдардың пептидтік байланыспен байланысатынын дәлелдеді
162 1878 ж. В.Флемминг, П.И.Перемережко — Жануар жасушасының митоздық жолмен бөлінетіндігін ашты
163 1957 ж. С.Фокс — Аминқышқылдары судың қатысуынсыз – ақ өзара қосылып, пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды
164 1885 – 1886 ж. Х.Де Фриз, В.Пфеффер — Вакуольді ашты
165 1880 ж. Ханштейн — Сферосомаларды ашты
166 М.Хейл — «Эволюция» терминін ғылымға енгізді
167 1951 ж. Г.Г.Хитенков — Жылқының мініске арналған қолтұқымын алды
168 Н.В.Цицин — Түраралық будандастыру арқылы бидайдың гибридтерін алған
169 Э.Чаргафф — ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапқан: аденин = тимин, гуанин = цитозин анықтады
170 1874 ж. И.Д.Чистяков — Өсімдік жасушаларының митоздық жолмен бөлінетіндігін ашты
171 С.С.Четвериков — Эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра зерттеді
172 1885 ж. А.Шимпер — Хлоропластты ашты
173 1844 ж. К.Шмид — «Көмірсу» терминін енгізді
174 Э.А.Эверсман — Құстардың 8 түріне сипаттама беріп, жүйеледі
175 Л.Спалланцани — 1765 ж. құтыға жаңа әзірленген нәзік сорпа толтырып, аузын дәнекерлеп, бір сағат отта қайнатты. Тіршіліктің өздігінен пайда болмағанын дәлелдеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *