Парасат

Парасат
Қ.Толыбаев

Бір оқымысты өзі ой тоқтата алмай жүрген мәселенің жайын Әбунасырдан сұрайды:
– Құрметті ұстаз, айтыңызшы, адамның парасаттылығын қалай тануға болады?
– Ол үшін ең алдымен мына жайды түсініп алыңыздар, – дейді Әбунасыр бұл сауалға жауаптың мәнісін айқындап.Әрбір адамның өзі атқарған ісіне жауапкершілігі мен алдына қойған мақсатына сенімділігіне қарай жасаған қимыл-қылығын парықтау керек.
– Сенім деген не?
– Адамның өзі жүзеге асырған ісінің ақиқат екеніне илануы сенімнің көзі.
– Біреу мақсатын іске асыруға жүрексініп, ішкі күмәні қозса, оның ойын қалай орнықтау керек?
– Күмән мен күдік – шалалық, – дейді сонда Әбунасыр ойын айқындай баяндап. Адам қандай жағдайда да өзінің әрекетіне айнымастай мықтап сенуге тиіс. Соған орай сол адамның ойын орнықтыруына қол үшін беріп, көмектесіңіздер. Өзінің ісіне нанымы жоқ адамды парасаттылардың қатарына қосқан жарамайды. Ондайлар парасаттылар санатына жатпайды.
• Оқымысты не туралы сұрамақшы болды?
• Адамның парасаттылығын неден байқауға болады?
• Өзіңнің әрекетіңе сенімді болу дегенді қалай түсінесің?
• Жауапкершілік пен сенімнің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *