Адал достық

Адал достық

Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барады, кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені.
Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз, сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады.
Екеуі бір-біріне жоламайды. Ержасын өз бетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.
Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті. Темірлан:
– Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуға дәптерін бермеді және өзің шығар деп қарамай қойды, мен енді онымен дос болғым келмейді, – деді.
Мұғалім шынайы дос туралы әңгімелесіп, түсіндірді.
Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Ержасын мен Темірлан сабаққа бірге келді, сабақ соңына дейін жұптары жазылмады, олар адал достықтың мәнін түсіндірген ұстаздарына дән риза.

• Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?
• Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме?Айтып беріңдер.
• Өздеріңнің адал достарың туралы айтып берсеңдер.

***
Ш. Құдайбердиев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *