Елімізде 2022-2023 оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда соғылуы мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Halyq Uni ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Айта кетейік, жақында «Ашық НҚА» порталында оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы бұйрық жобасы жарияланды. Бұйрық жобасы 5 тамызға дейін қоғам талқылауында болады. Соған сәйкес, 1-сыныптар 35 апта оқиды, 2-11 (12) сынып оқушылары 36 апта білім алады.
Бұл бастама бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға мүмкіндік беретіні айтылды.