Менің мамандығым — менің таңдауым

«Ұстазы мықты елдің-ұстанымы мықты болады» дейді халық даналығы.
Бүгінгі заман талабы білімді де білікті, өздігінен тығырықтан шығуға жол таба білетін, өмірге икемді тұлғаны тәрбиелеуді қажет етеді.Ұстаз – ұлы есім. Өмірге күн нұрын төккендей, білім беру мекемесіндегі «тәрбиеші» , «педгог» сөздерінің өзі жылы лебізбен шуақ шашқан таң айдарының сәулесі жағымды түскендей қалай естіледі!
Ғалымдар, халық қаһармандары, ақындар, балқытушылар, егіншілер, бақташылар, ғарышкерлер –барлығы да ұстаздан, тәрбиешіден тәрбие мен білім алып қанаттанады, осындай ұлы педагогтарды бүкіл адамзат құрметтейді. Себебі еңбекқор талантты, дарынды, мейірімді педагог — ел абыройы.

Әрбір педагог өз Отанынын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.Ұйымдастырылған оқу қызметі әрекетінде әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, баланың жеке басын құрметтеу, білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені балаларының барлықтарының ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен қадам жасау керек. Қазіргі таңдағы білім саласындағы заман талабындағы жаңғыру, жаңару салдарынан әрбір қадам жасалынған сайын үздіксіз өзгерістер мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі ұстаздарға үнемі креативті болып отыруды талап етеді.Жаңа формацияның қазіргі заманғы ұстазы оқытудың, оқудың және тәрбиенің жаңа заманауи мазмұнымен жабдықталған, баланың жеке басын дамыту үшін педагогикалық орта құруға қабілетті, білім беру әлемінде бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақтың дамуына барынша үлес қосып отыратын рухани таза, дүниетанымдық көзқарасы жан-жақты дамыған, қоршаған ортамен байланыс жасай алатын тұлға болуы керек.
Біздер, ұстаздар алдында үлкен жауапкершілік, яғни электронды жабдықтарға негізделген жаңа ақпараттық технологиялармен ұштастыра отырып сапалы білім беру міндеті тұр. Бұл- біздің заманымыздың үлкен жетістігі, қазіргі заманғы отандық педагогиканың алтын діңгегі, ұстаз жұмысының негізі. Ақпараттық технологияларды оқытудың екі сипаттамасы бар. Біріншісі — білім сапасын арттырады, екіншісі — әлемдік өркениеттің жетістіктерін игеруге мүмкіндік береді. Осы екі фактордың үйлесуі егемен еліміздің болашағы үшін Қазақстанның жас ұрпағын өзінің жеке өмірі мен қоғамының игілігі үшін күш-жігері мен біліміне тарту үшін пайдалы болады.
Халық даналығында «Ұстаз-тәрбиеші мықты болса, позициясы мықты» деп бекер айтпаған. Өйткені, ұстаз-тәрбиеші алдымен толыққанды саналы тұлға ретінде өзін-өзі жан-жақты білім нәрімен сусындап, содан кейін ғана балаларды өзінің жетегінен ілестіріп, білім-тәрбие бере алатын маман болуы керек.
Сондықтан мен өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көремін және жақсы мұғалім болу үшін барлық ерік — жігерімді сарп етуге әзірмін.


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
«Абай атындағы №4 мектеп –лицейі »КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ракишева Айгуль Каримовна

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *