Өлеңмен жазылған роман
АУДАРМА АСУЫ
А.С.Пушкиннің XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың демократиялық, ағартушылық әдебиетінің тууына әсері, әсіресе, Абайдың ақындық тұлғасының қалыптасуына жасаған жанды ықпалы бұрын да талай сөз болған, бұл күнде де жаңа зерттеулермен, тың топшылаулармен толығуда. Бұған 2005-2006 жылдарды Ресейде Қазақстан, Қазақстанда Ресей мәдениетінің жылдары деп өткізу, осыған қатысты көптеген мәдени шаралардың жүргізілуі себеп болды. Қазақстанда Пушкин, Мәскеуде Абай ескерткіштері ашылды. Екі ақынның шығармалары да кең аудиторияларға шығып, жаңаша оқылды. Орыс, қазақ тілдерінде олардың жаңа аудармалары жасалды. Абай заманынан қазақ даласына етене болып кеткен орыс ақынының туындылары, қазақ қызының мұңын шерткен Татьяна хаттары қайта бір жаңғырығып естілді.
Осы салада атқарылған істің бірі — «Евгений Онегин» романының қайта аударылуы. Абай аударған Татьяна мен Онегиннің хаттары арқылы қазақ рухына туысып кеткен «Орыс өмірінің энциклопедициясын» (В.Белинский) тұңғыш рет тұтас күйінде өткен ғасырдың отызыншы жылдары Ілияс Жансүгіров аударған еді. Содан кейін онымен Қуандық Шаңғытбаев айналысты. 1949 жылғы аудармасын ол ұзақ жылдар қайта қарап, жетілдіріп, 1986 жылы жаңадан бастырды. 2006 жылы романның жаңа аудармасы жарық көрді. Оны жасаған белгілі қазақ ақыны — Кәкімбек Салықов.
Сол аударманы қайта қарап ақын жаңа талпыныс жасап отыр. Кәкімбек Пушкин романын аударуға 25 жыл өмірін арнапты.
Алғашқы шумақтары 1981 жылы аударыла бастаған екен, сол бір жылдары Ебіней Бөкетовпен бірге Мәскеуге барған Зейнолла Қабдоловтың Кәкімбектің үйінде болып, «Евгений Онегиннен» аударған жолдарын оқығанын айтып келгені бар еді. Аудармасы «тәуір басталған екен» деген. Ұзақ жылдар жауапты партия, мемлекет қызметінде жүрген Кәкімбек оны өндіріп аяқтай алмағанға ұқсайды. Оның үстіне «Евгений Онегин» сияқты шығарма ондай атүсті жеңіл-желпі аударуға көне бермейтіні түсінікті. Осы себеппен Кәкімбек негізгі қызметтен босап, шығармашылық жұмысқа жегілгеннен кейін ғана уақыт тапқан. Соңғы жылдарын ол түгелге жуық осыған арнаған.
Мұндай әлемдік даңқы үлкен шығарманы бірден аудара салу оңай шаруа емес. Осы мерзімде ақынның романды аударуға ұзақ дайындықты басынан өткізгені де байқалады. Оның жасынан Пушкин шығармаларын жаттап өскені, әр кезде өлендерін аударуға талап жасағаны бұған дәлел Пушкинді оқып жүріп ол ақынның қанатты сөздерін жинап, аударып отырған. «А.С.Пушкин. Қанатты сөздері мен нақылдары» атты жинақты да өткен жылы жариялапты. Жинаққа кірген 266 қанатты, нақыл сөз ақын шығармаларын оқу, аудару үстінде іріктеліп жиналған. Мұндай жинақты 1999 жылы Игорь Шкляревский бастырған екен. Бірақ ол 129 сөзді ғана қамтыған. Кәкімбек оны толықтырып құрастырған. Қазақша нұсқаның осындай толықтығын ескеріп, Қазақстанда осы кітапты орысша бастырса деген де ой келеді.
Кәкімбектің ақындық мәдениеті мен таланты, шығармаларының лирикалық және эпикалық сипаты, ізденімпаздығы оны орыстың ұлы ақынына көп жағынан жақындастырғанға ұқсайды. Ол жасаған аудармалар поэтикалық дәлдіктің Пушкин қолданған образдарды шынайы бейнелеп бере білудің, жоғары ақындық мәдениеттің көрінісі тәрізді. Әсіресе, ол Пушкиннің әйелдерге арналған өлеңдерін көп аударған. Олардың біразы Қазақстандағы Пушкин жылына байланысты мерзімді баспасөзде жарық көрді де. Өлеңнің бейнелілігін, сезімнің нәзіктігін, шығарманың жарқын бояуын сақтауда, Пушкинге тән төгіліп тұрған ырғақ, ұйқастарды бере білуде Кәкімбек өзіне дейінгі аудармамен шұғылданған қазақ ақындарының қай-қайсымен болсын жарысқа түсе алады. Мен бұған Анна Кернге арналған өлеңді түпнұсқамен де, Ғали, Қуандық сияқты ақындар аудармаларымен де салыстыра отырып, көз жеткіздім. Әйелдерге арналған осы өлеңдер Пушкиннің Татьяна бейнесін жасауына дайындық сияқты болса, Кәкімбек аудармалары да «Евгений Онегинді» меңгеруге көмектескені даусыз. Кәкімбек аударған бұл өлеңдер «Пушкин глазами женщин» атты кітаптан алынып, Евгений Онегинге баратын жолдағы ізденісті байыта түскен.
Кәкімбек біраз жылдан бері сонет жазумен шұғылданып еді. «Сырғалы сонеттер» жинағы да шыққан. Ол — сонеттің табиғатын зерттеп, оны қазақ өлеңіне жақындатқан аз ғана ақындарымыздың бірі. Осы жолда ақын Еуропа сонетшілерін түгел оқып, зерттеп барып, Пушкинге келген сыңайлы. Шекспир мен Камоэнстің, Данте мен Петрарканың ізін ол Евгений Онегиннен тауыпты.
Қатал Дант сыйлап өтті сонетті де,
Петрарка махаббатты әні етті де.
Макбеттің жасаушысы сүйді оны,
Наз орап, Камоэнс мұң шекті де, —
деген Пушкин жолдарының тууын ол осылай түсіндіреді. Осыдан барып қазақ ақыны Евгений Онегиннің өлеңдік үлгісін бұрынғы әлемдік сонет түрлерін жаңартудан, толықтырудан туған деп дәлелдейді. Бұл жаңалықтың негізінде өлеңнің сыртқы түрі ғана емес, ішкі ырғақ, ағысы да толығатынын көрген. Орыс ғалымдары «Онегин строфасы» деп жүрген шумақ түрі осылай пайда болған дейді. Ол Евгений Онегинді жазу үстінде Пушкин туғызған сонеттің өте қызық жаңа түрі деп білемін. Романдағы қай шумақты -строфаны алсақ та, сонет құрылымы аңқып тұр», — деп жазады.
Кәкімбек романды қазақшалау үстінде осы түрді тұтастай сақтайды. Әр шумақтың алғашқы төрт тармағын абаб үлгісімен ұйқастырса, келесі төрт тармақты ввгг, содан кейінгі төрт тармақты дeeд, соңғы екі тармақты сс үлгісімен ұйқастырып отырады. Сөйтіп, он төрт тармақ «Онегин шумағын» қазақ тіліне кіргізеді. Ол он төрт тармақтың ішкі құрылымында, ырғақ байламында, Данте мен Петрарканың, Шекспирдің де үлгілері барын көрсетіп, «бірақ сиқырлы сөз иесі, ырғақты ағысының теңдесі жоқ дүлдүлі (Пушкинді айтады) әр строфасында әлгі айтқан түйіндеріміздің жігін білдірмей кетеді», -деп ой түйіндейді.
Кәкімбектің романды аудара жүріп, оның табиғатын осылай ыждағаттылықпен зерттеуі аударма сапасының негізгі кілті десек те болады. Ол шығарманың («Евгений Онегин» ғана емес, жалпы өлеңдерінің), ондағы оқиғалар мен адамдар тағдырының туу, жасалу жағдайлары, нақты образдардың тарихы, ақын қолданған бейнелілік пен қанатты сөздерді еркін меңгеріп пайдаланған. Сөз сиқырының сырына қанығып қызмет еткен. Бұл романды оқу үстінде анық байқалады.
Аударма болған соң кейбір салыстырулар жасап көрейік:
«Евгений Онегинді» «Орыс өмірінің энциклопедиясы» дегенде В.Белинский ондағы орыс халқының өмірі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат суреттеріне ерекше мән берген. Евгений бірінші рет барған деревня суреті, ондағы билеушінің оңаша, тау қоршауындағы үйі, алыста көрінген шалғын мен орман, жайылып жүрген мал, тозған бақ — бәрі де өлеңге түсіп, Пушкин реализмнің шеңберін анықтаған. Әдебиет романтизмнен өтіп, реалистік өмір суреттеріне бет бұрғанда, алғаш Белинский назарына ілігіп, оның «Жаңа әдебиет туды» деп жар салғаны, оның белгілерін Пушкин мен Гоголь шығармаларынан тапқаны, шағын да болса көз тоқтатар, өмірді елестетер осы суреттер болатын. Осы бір сурет Кәкімбек аудармасында былай шығыпты:
Деревня. Евгений зеріккен,
Ғажап жер жатқан шалғайда:
Серілер мұңсыз еріккен,
Аспанын сыйлап қалмай ма?!
Тақсырдың дөңде үйі тұр
Тау қоршап аспан құйған нұр;
Өзеннің көгал жағасы,
Аралас орман даласы;
Гүл майса, шүйгін қамар бел,
Селолар көзің тоқтаған,
Әр жерде мал жүр оттаған,
Қапталы қалың самал жер.
Бақша бар тозған шырайы,
Жайлаған орман құдайы.
Өлеңдік түрді, ырғақ, ұйқасты, сақтауда да, мазмұнды толық беруде де аудармада дәлдік байқалады. Ондағы өмір суреттерінің көріністері де айқын.
Бір айта кетерлігі, романдағы табиғаттың ең бір жарқын суреттері де өзінің баламасын тапқан.
Солтүстіктегі біздің жаз,
Оңтүстік қысқа келемеж.
Жалт ете өтсе жылуы аз
Болыппыз үнсіз елемес.
Аспанда күздің иісі бар.
Шуаққа тоғай кіріптар.
Қысқарды күннің аясы,
Азайды орман саясы.
Бұтадан жапырақ үзілді,
Даланы басты көк тұман.
Әндетті қаздар көш құрған
Оңтүстік жаққа тізілді.
Жабықты қаусап маң дала,
Қараша келді аулаға.
Осындағы «Аспанда күздің иісі бар», «Қысқарды күннің аясы, азайды орман саясы», «Қараша келді аулаға», т.б. тармақты орыс ұғымын қазаққа түсінікті етіп, әрі дәл бере білген аудармашы еңбегін анық танытады. Бұл жерде аудармашыға Ресей мен Қазақстан табиғатының ұқсастығы да көмекке келген. «Мороз и солнце, день чудесный» деген біздің қысқа да тән сурет. Осыны Кәкімбек «Әрі аяз, әрі ашық күн, Ежелден жаным ғашық күн» деп толықтыра аударыпты. Орыс орманы мен Бурабай қарағайларының ашық, аязды күндері араласып кеткенге ұқсайды.
Адам бейнесін суреттеуде оның қимыл-әрекетін, жүріс-тұрысын, ұғым-түсінігін мінездеуде де Пушкин жолдары өз мағынасын бұзбаған, өлеңдік көркін жоғалтпаған күйде оқылады. «Білім бар, бірақ қазымыр» («Ученый малый, но педант»), «Қуланды ол бала жасынан, Үмітін қымтап қызғанып» («Как рано мог он лицемерить, таить надежду, ревновать»), «Оятты ол қалай тым ерте, Жеңілтек қыздар жүрегін, Бақастық етсе бір еркек, орнатар тағдыр түнегін» («Как рано мог уж он тревожить, Сердце кокеток записных, Когда хотелось уничтожить, ему соперников своих») деп суреттелетін Онегин бейнесі роман кейіпкерінің кім екенін жеткілікті-ақ айқындайды. Өз заманының еркесі де, серкесі де болған Онегинді танытар жолдардың барлығы да әрі дәл, әрі қазақы ұғымға жақын. Онегиннің театрға барып, Истоминаның биін тамашалауы, сахнада секіріп билеген қыздың суреті де көңіл аударады. «Одной ногой касаясь пола, другою медленно кружит,… и быстрой ножкой ножку бьет» деген суреттерін «Сәкіге тисе оң аяқ, Айналтты бәсең сол аяқ … Балтырға балтыр байлантты» деген тармақтар да сәтті берілген «Жарқ етті жеңіл ауадай, Сиқыр саз жанға дауадай» деген жолдарды оқығанда Истомина биі көз алдыңа келеді.
Романдағы ең сүйкімді тұлға — Татьяна екені мәлім. Оны Пушкин ерекше сүйген, оның бейнесіне қиялындағы ғашықтардың жағымды жақтарын жинақтап берген. Орыстың көрнекті әдебиеттанушыларының бірі Илья Фейнберг «Пушкин дәптерін оқығанда» деген кітабында өз кейіпкерлерін «Илиада» кейіпкерлерімен салыстырып, Пушкиннің: «Илиаданың» ерлеріне жететін ерлер жоқ, ал Татьянаға еш әйел тең келмейді» деген сөзін келтіріпті. Татьянаны Белинский де аса биік бағалаған. «Татьяна — ерекше жаратылған, нағыз терең ойлы, сүйе білетін, құштарлық сезімі басым тұлға», «Татьяна — биік жабайы жартастың ортасына кездейсоқ шыққан, сирек, әдемі гүл» деген ол Осы бағаларға ие болған қыздың бейнесі аудармада жарқын шыққан. Пушкинді оқығандағы әсерің еш кемімейді.
Татьянаның Онегинді көріп ғашық болғаны да тартымды.
Бізге көптен таныс Татьяна хатының аудармасы да көңіл аударарлықтай. Абайдың да назарын аударған осы хат қой. Замандастарының айтуына қарағанда, Абай оны «Тәтіш қыз» дейді екен. «Татьяна әнін айтыңдар» деудің орнына «Тәтіш қыздың әнін айтыңдаршы» деген Абай өз аудармасының мазмұнын да, әсемдігін де түсінген, білген. Пушкин де өзі жазған Татьяна хатына сүйсінген.
Ал хат текстінің аудармасы нәзік, сезімтал, бұйығы қыздың сырын әдемі ашады. Оны хат үзіндісінен көреміз.
Сізге хат жазсам — не бітпек?
Япырмай басқа не дермін
Жаралы жаным не күтпек,
Жазаңа үнсіз көнермін.
Байғұсты бірақ, сергітпек
Тілекке тарлық етпессіз.
Аяусыз тастап кетпессіз,
Әу баста үнсіз қалмақ ем.
Арыма адал сеніңіз
Білмей де жүрер едіңіз
Үмітке сенім жалғар ем.
Аптада көрсем бір рет.
Берер ғой тірлік жылы леп.
Үніңіз жетіп құлаққа.
Тіл қатсаң, қайтем гүлдемей,
Күтер ем күн бе, түн демей.
Түссең деп көзге жырақта.
Ұзақ хатты қысқарта оқығанда, осы үзіндінің өзінен қыз сырын, мінез-құлқын тани аламыз. Ол Абай аударған хатты еске түсіреді. Онда Татьяна сыры мен мінезі, бұйығы, нәзік, сезімталдығы түгелдей Пушкиннен ауысып, Абайда да, Кәкімбекте де түпнұсқамен бірлікте танылады. Абай еркіндеу айтқан. Заманы, сол кездегі аударманың принципі де сондай. Сонымен бірге Абайдың Татьяна хатын сылтау етіп, өзінің ғашықтық, жастық сырын айтуға мүмкіндік алғаны да ескерілуге тиіс. Ал Кәкімбек түпнұсқадан ауытқымайды, дәлме-дәл аударады. Оның Татьянасы біздің санамызға сіңген Татьяна бейнесін көмескілендірмей, оның бейнесін жарқырата түседі. Бұл аударма Абай әнімен айтуға да келіп тұр.
Пушкинде суреттеп отырған өмірге, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіріп отыратын мінез бар. Оны ақын реализмінің белгілері деп те, сыншылдығы, ой еркіндігі деп те атауға болады. Кәкімбек осы жолдарды да қызықты етіп аударған.
Қызықты күнде құштарлы
Би кешін сұмдық сүюші ем.
Сырласар уақыт қысқарды,
Жолдамай хат та жүруші ем.
Бек хурметлу жұбайлар!
Септесер менде сыңай бар.
Мұны ақын Онегиннің қызыққұмарлығын суреттер алдында өз мінезін еске түсіру ретінде жазған.
Осындай дәлдік, ой, сөз, образ тапқырлығы Ленский, Ольга сияқты кейіпкерлерді танытуда да мол байқалады. «Сөзге де шебер ұйытпа, бұйра шаш түскен иыққа», «Әлемнің жарқыл қарқыны, Баурады әсем тартымы», «Салғызды миын азапқа, Күдікпен қарар ғажапқа», «Қасиетті достық одағы, Жарылқар күні болады» (Ленский), «Ажары сәуле сепкендей, жаны пәк ғашық өпкендей», «Бір кезде өзім сүйіп ем» (Ольга) дейтін тіркестер сол характерлерді ашып тұрғаны даусыз. Осындай суреттерде нақылдық мән алып кететін тапқыр жолдар да жиі кездеседі. Аудармашының Пушкиннің қанатты сөздері деп жинағаны да осы. «Қынжылам осылай көп пенде, дым іссіз дос боп кеткенде», «Толқын мен тас бөленген, мұз бен от, проза өлеңмен», «Екі аяқты жәндік сан миллион, бәрі де болмақ Наполеон» деген қанатты сөздер Онегин мен Ленский сияқты екі мінезді адамдардың табысуға ұмтылуын бейнелейді.
Асылы, Пушкинде мұндай еркіндік мол кездеседі. Ол осы үлгімен әлем әдебиетінің ұлы тұлғалары мен олардың кейіпкерлерін еске салады. Өз кейіпкерлеріне ұқсастықты өмірден тандап табады, оларға керек көзқарасын байқатады. Мұндай ақындық желпінулер де Кәкімбек аудармаларында сәтті көркемдік табады.
Кезінде үлкен еңбекте ұсақ-түйек кемшіліктер болуы да мүмкін. «Көш жүре түзеледі», аудармашы әлі де қайта қарар, талай табысар дер едім. Кәкімбек бес жылдан кейін бұл еңбегіне қайта оралып құлшындыра түсіпті. Биыл 78 жасқа келген көрнекті ақын үлкен іс тындырды. Орыс-қазақ мәдениетінің туыстығы тарихына жаңа беттер қосты. Бұл — оның ақындық ізденістері жолындағы бір белес болатынына да дау тудырмайды. Сонымен бірге қазақ аударма өнерінің биік шыңына көтерілді.
Академик Серік ҚИРАБАЕВ
21 қаңтар 2010 жыл
ЕРЕН ЕҢБЕК
Аяқталуға жақын қалған Пушкин жылының жалпы руханиятқа, соның ішінде әдебиетке бергені не дегенде, біз біраздан бері бәсеңсіп қалған аударма өнеріне соны серпін қосқанын алдымен айтар едік. Жыл бойында қазақтың талай ақыны ұлы Пушкин мұрасына қайта оралып, көптеген тың тәржімаларды дүниеге әкелді. Олардың арасында жекелеген өлеңдермен, тұтас циклдармен қатар, көлемді поэмалар да бар. Ал біткен істің ең бастысы — «Евгений Онегин» романының жаңа аудармасы.
Бізде бұған дейін әйгілі шығарманың толық үш тәржімасы бар болатын. Олар: 1937 жылғы Ілияс Жансүгіров нұсқасы, 1949 және 1985 жылдары Қуандық Шаңғытбаев жасаған екі нұсқа. Енді, міне, қазақтың жаңа «Евгений Онегині» дүниеге келіп отыр.
Танымал ақынымыз Кәкімбек Салықовтың ұзақ жылдарғы еңбегі жақында елордадағы «Фолиант» баспасынан әсем безендіріліп жарық көрді. Қолға жаңа тиген күрделі аударманың деңгей-дәрежесі туралы қысқа-қайырым сөз айтып жатудың жөні жоқ, дегенмен, ақынның ұлы туындыны қазақшалауға жауапкершілікпен қарағаны, сөйтіп, ерен еңбек бітіргені кітаптың әр бетінен-ақ білінеді.
Кәкімбек Салықовтың соңғы кезде тындырған тағы бір үлкен шаруасы — «Аударма» баспасынан жарық көрген Пушкиннің қанатты сөздері мен нақылдары. Ұзақ жылдар бойғы қоғам қайраткері ретіндегі, қалам қайраткері ретіндегі қызметі көп көңілінен шыққан көрнекті ақынның Пушкин жылында ерен еңбек еткені ел болып елерлік жайт.
«Егемен Қазақстан»,
13 желтоқсан 2006 жыл
ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН
ӨЛЕҢМЕН ЖАЗЫЛҒАН РОМАН
Petri de vanite il encore plus de cette espece d’ orgueil qui fait avouer avec la meme indiffe-rence les donnes comme les mauvaises actions, suite d’un sentiment de superiorite, peut-etre imaginaire.
Tire d une letter particuliere.
Атаққұмарлыққа әбден құныққан ол ерекше тәкаппар болатын, оның үстіне сүйкімді қылығы мен сұғанақтығын тепе-тең мойындатуға міз бақпас қабілеттілігі өзгеден асыл туғандығын сездіретін шығар, ал егер керісінше болса, бәрі де бос сандырақ.
Жеке хаттан (француз).
Тәкаппар көпті таңдатпақ,
Бәсім жоқ, достық талғамым,
Бір саған лайық1 ардақтап,
Кепілдік келді арнағым.
Қалардай жаның нұрланып.
Ақындық тәтті сауал бар.
Қарапайым сыры анық,
Ала-құла тараулар
Тізбегін жөнге, құп алып,
Тізбегін жөнге, құп алып,
Терең ой ашық желісін,
Жартылай әзіл, жарты мұң,
Ел ұғар ерке тартымын,
Әнтектеу әуре жемісін,
Ақ шабыт ұйқы үзгенін,
Жетілмей өшкен жылдардың,
Жеткізер салқын тізбегін
Жүректе дерт боп тұнған мұң.
Бәсім жоқ, достық талғамым.
Бірінші тарау
Құлшынды өмір сүруге, сезімге де асықты1 .
Кн. Вяземский.
I
«Тәртіпке тәптеш ағайын,
Сөз бе екен мүшкіл жатқаны;
Бағынта білді маңайын,
Одан зор әлек таппады.
Өзгеге ғылым сабағы,
Жүйкені құртып барады,
Құдай-ау, төзім септейсің,
Қасынан күн-түн кетпейсің!
Асырды ол әккі әдісін:
Тірі өлік күттік қастерлеп,
Жастыққа қолды дәл сермеп
Әперу қорлық дәрісін,
Күрсіндік жорта қайғылы:
Жұмар деп көзін қай күні».
II
Тап солай тентек ойлады,
Поштабаймен шаң жұтқан,
Зевстің үнін жоймады,
Мұрагер басын қаңғыртқан,
Руслан мен Людмиланың,
Досы деп шексіз сыйладым.
Романда осы кейіпкер,
Кезі жоқ мені кейіткен.
Туыпты айтсам жалпылап,
Онегин Нева жерінде,
Мекенің мүмкін сенің де.
Шыққан жер даңқың жарқырап;
Көп жүріп көрдім жол түсіп,
Жақпайды маған солтүстік.
III
Қызметте абзал атанып,
Қарызбен әкесі күн көрді,
Бір жылда үш той атқарып,
Жиғанын жұтып үлгерді.
Евгений жұтап қалмас та;
Madame күтті әу баста,
Бұзбады Monsieuer сиқын бұл,
Салатын асыр сүйкімді ұл.
Француз L, Abbe жабайы,
Әр ойын ұзақ сүйретер,
Әзілмен дәріс үйретер;
Әуре етер көйтіп анайы,
Еркелі сөзбен төпелер,
Жазғы бақ жаққа жетелер.
IV
Беймаза жастық үн берсе,
Евгений ептеп ысылды.
Үмітпен нәзік мұң келсе,
Француздан есен құтылды.
Онегин азат сонымен,
Шашты алды соңғы модымен.
Лондоннан келген сәнқой деп,
Ортаға думан алды көп.
Французша жазып, сөйлейтін
Епті еді адам тануға,
Билейтін мазурканы да,
Бас исе болды өрлейтін.
Кісі деп әйбат, ақылды,
Қатарға қауым шақырды.
V
Бәріміз де ептеп үйрендік,
Бірдемеден, бірдеме.
Тәлімге тәнті күйге ендік,
Жарқ етпес дейсің бұл неге?
Онегин жайлы көп айтқан,
Әділ сәт осы дөп айтқан:
Білім бар, бірақ қазымыр,
Талантқа қожа тағы бір:
Әңгіме көшін құрғатпас
Не десең соған қорғансып,
Білдірмей білгіш болғансып,
Білікті дауда тіл қатпас,
Әйелге шапшаң ұнайды,
Әу, демде әзіл құрайды.
VI
Салт емес қазір латын,
Шындыққа көшсек егер де.
Ол білгендік қылатын,
Эпиграф оқып берерде.
Ювеналдың1 болып білгіші,
Соңғы сөз Vale2 үлгісі, 1
Тақпақтар кейде көп бұлдап,
Энеидадан 1 қос шумақ.
Қалмайды шежіре шаңында,
Тарихқа осы енжарың
Білмейді жөндеп жер шарын.
Анекдот шек жоқ санында
Ромулдан2 сайрап бергіні,
Берері жатқа белгілі.
VII
Жақсы әуен билеп санасын,
Болмады жаны сауығу.
Хорей мен ямбы арасын,
Бұйырмай кетті айыру.
Жақпады Гомер, Феокрит 3
Бар оқуы Адам Смит4 .
Эконом қыбын білгіштеу,
Сөйлесе тілмен тілгіштеу.
Мемлекет байыр шағында,
Байқампаз даму қарқынын,
Қажетсіз дейді алтының,
Жабайы заттар барында. 2
Әкесі түсінбей жалықты,
Несиеге жерді салыпты.
VIII
Евгенийдің басқа білгенін,
Мұрша жоқ даттар батылдау;
Сездірмес дана бір кемін,
Қай ғылым өте жақындау
Жасынан болды не ғажап,
Қуаныш, еңбек әрі азап,
Алса да енжар уақытын,
Сезімге нәзік ұғымтал,
Құмары Назон1 айтқандай,
Тауқымет содан тартқандай,
Ғұмыры өтті ұрымтал;
Молдавия қиыр шебінде,
Италия шалғай жерінде.
IX
X
Қулыққа жастай ол білгіш,
Үмітін бүккіш, қызғаншақ.
Сендіргіш сенім сөндіргіш,
Мұңая қалғыш қыздай сақ.
Айбынар әлде қаймығар,
Зер салғыш лезде шайлығар,
Томсарар жоқтай не дері,
Қызыл тіл қырғын шебері.
Хат жазса сүйгіш таң қылғыш,
Емі бар демі жеткендей,
Сол үшін қасірет шеккендей!
Көз салғыш еппен, жан салғыш,
Қылымсып қулық құратын,
Көз жасы даяр тұратын.
XI
Үр жаңа болғыш ол қандай,
Әзілмен жүрек жалғатқан,
Сұқтанар үрей алғандай,
Мақтаумен жеңіл сандалтқан.
Алдамшы мезет шаттығын,
Жазықсыз жылдар пәктігін
Сезіммен ойға оздырар,
Көңілге құлаш создырар.
Жалынып тыңдай қалатын,
Жүректің тұңғыш лүпілін,
Махаббат түзеп күтімін
Кездесу сертін алатын…
Оңаша арбап жеңетін,
Өзінше сабақ беретін.
XII
Оятты ол түртіп тым ерте,
Жеңілтек қыздар жүрегін,
Бақастық етсе бір еркек
Орнатар тағдыр түнегін,
Қу тілмен қыршып қорлайды,
Шалғайдан шебер торлайды.
Кей жұбайлары жуастар
Татулық іздеп ұнасқан;
Сүйген боп жылпос ұтты ма,
Шәкірті көне Фабластың1 ;
Қызғаншақ шал да арбасты,
Мүйізді діндар мықты да,
Өз ісін өзі құп алды,
Жары мен асқа жұбанды.
XV
Тұрмай-ақ кейде төсектен,
Оқитын таңғы хаты бар.
Жаңылмас бірақ, есептен,
Бір кеште үш үй шақырар.
Жеткіншек тойы, би кеші,
Барарын қайда біл деші
Қай жақтан бастар? Амал бар:
Бәрін де тойлап тәмамдар,
Әзірше таңғы серуенде,
Басына киіп кең қалпақ,
Бақшаға жүріп дем алмақ
Қыдырар кеңдік мол жерде,
Серуенде жанын қыспас та,
Шақырмай сағат түскі асқа.
XVI
Түн келді; Қамдап шанасын,
«Жүр-жүрге!» салды айбатты.
Талонға1 тартты Онегин,
Қалды-ау, деп күтіп Каверин2 .
Ішімдік толы татымды,3
Комета тығын атылды;
Қанталап шарап қаншасы,
Трюфли3 тәбет тартпақшы,
Француз күтті аспазшы,
Дәмді екен страсбург самсасы;
Лимбургтік ірімшік аралас,
Туралды алтын ананас.
XVII
Котлетті майлы, тым ыстық,
Шараппен басу ғадет те;
Шақырды сағат тықыршып,
Басталған жаңа балетке.
Театрдың қатал сыншысы,
Құштарлық етсе мұң қысып
Ғашық тіл безеп арзанын,
Сахнаның кезер ар жағын;
Онегин ұшты театрға,
Болса да көңілі жел соқты,
Секірсе біреу қол соқты,
Болса да көңілі жел соқты,
Секірсе біреу қол соқты,
Федра мен Клеопатраны,
Моинаны болды қолдаушы,
Мақсаты — шығу өз даусы.
XVIII
Сиқырлы аймақ! Бұл жерге,
Қожасы өткір мысқылдың
Фонвизин даңқы нұр берген,
Княжнин еліктеп іс қылды.
Озеров тапты олжасын,
Қол соққан жұрттың көз жасын
Семенова жастай бөлісті;
Катенин тапты көп істі
Корнельді дана мадақтап;
Шаховской сөкті түйіндеп,
Комедиялары үйірлеп,
Оранды Дидло1 атаққа;
Сол сахнаның шебінде
Жас күнім өтті менің де.
XIX
Періштелерім, қайдасың,
Мұңлы үнім құлақ жарды ма?
Асырып біреу айласын,
Айырбасқа әлде салды ма?
Хор қайда? Әнге орашы
Орыстың Терпсихорасы2,
Ұшырар ма сені құдайым,
Басар ма әлде уайым?
Түңіліп таныс адамдар,
Қарайлап бөтен жарыққа,
Сахна жат боп халыққа,
Қызыққа жан жоқ алаңдар;
Болар ма есінеу несібе,
Өткен күн келіп есіме?
XX
Театр шалқып, төр қызды;
Кресло, партер толды лық.
Артқы жақ шуға тойғызды,
Бұрала тартты шымылдық.
Истомина осы дер шағы,
Періште жебеп қоршады;
Қимылы мінсіз ысылған,
Сәкіге тисе оң аяқ,
Зыр айналтты сол аяқ; 4
Түбіттей Эол ұшырған;
Зыр айналтты сол аяқ;
Түбіттей Эол ұшырған;
Бұрала толқып таңдантты,
Балтырға балтыр байлантты.
XXI
Зал қызды. Келді Онегин,
Отырған жұртты маңайлап.
Әйелдер шолды әлемін,
Көзәйнек әнтек қарайлап;
Баршаны жалпы бір шолды,
Көрінді көбі тым сорлы,
Ерлерге шұлғып өтті өрлей;
Сахнаға ықылас еткендей
Есінеді, дымды айырмас
Болғаны көзге ұшырап,
Сөйледі сөзі пышырап:
«Бәріне керек айырбас, —
деп қалды, — балет сабылттың,
Дидлоңнан да жалықтым».
XXII
Жын-шайтан, құдайшық, жыландар,
Сахнада ойнап-күліскен.
Есікте күзет қылғандар
Тон төсеп ұйқыға кіріскен,
Аяғы тоңса секіріп…
Түшкірді есінеп, бекініп;
Жарығы көше өңдеген
Фонарлар оты сөнбеген,
Тарпынып аттар шыдайды.
Ауырлап асыл тұрманы;
Көшірдің жаурап тұрғаны
Қожаларын сыбайды,
Үйіне кетті Онегин,
Орындар киіну әлегін.
XXIII
Көркем сөз көнсе әдібі
Көрсетейік үйін де.
Моданың құлы кәнігі,
Шешінді, қайта киінді…
Байлығын көрсең ұғарсың
Не сатса Лондон кінәмшіл,
Балтықтан жетсе таласпен
Семіз ет алды ағашпен;
Париждің тажал талғамы
Не білсе соны тапқызды.
Алдында жайнап жатқызды;
Салдық пен салтын жалғады.
Кабинетіне бәрін толтырған,
Он сегіз жасар ойшыл жан.
XXIV
Лағылды Цареград1 түтігі,
Үстелде қола, фарформен;
Сезімнің нәзік күтімі
Хрусталда жұпар әр түрден.
Тарақ пен егеу құрыштан,
Қайшылар үйір құрысқан;
Шөткелер қандай парланған,
Руссоны2 айтсам мән бермей,5
Гримді1 сынға салды кеп,
Көзінше тырнақ алды деп.
Қызыл сөз кетсе әрленбей
Еркіндік, құқық тәңірі
Бұл жерде жүрмес әмірі.
XXV
Болсаң да мәшһүр ғаламға,
Ойлау жөн сәнін тырнақтың.
Қатал заң дәстүр адамға,
Әдетке әлек құрмақ кім?
Чаадаевқа тең боп жетуге,
Қызғаншақ сөзден кетуге
Ден қойды біздің Евгений,
Әсіре, сәнқой сезгенім.
Үш сағат киім ол таңдар
Айнаға уақыт сарп етіп,
Содан соң шығар жарқ етіп,
Жел мінез ұқсап Шолпанға;
Маскарад киімін шұбалтты,
Қатын құдай сияқты.
XXVI
Ең жаңа үлгі-модыға,
Қанығын анық байқар ең.
Қоғамның білгіш тобына,
Үстінде барын айтар ем;
Еркінсіп сөзге дер күнде,
Дәл жазу болса еркімде,
Пантолон, франк, жилетті
Орыстың тілі білмепті.6
Тіл қорым құрмет қыларлық
Азаяр еді шұбарлық.
Жат жұрттан жиған сөздермен
Көніге қарап төздік те,
Академиялық сөздікке.
XXVII
Өзгеге көңіл кетті ме:
Би кеші жанға жатық іс,
Жәмшікті күйме жекті де,
Онегин кетті асығыс.
Қалғыған көрді үйлерді,
Көшелер ұйқылы күйге енді.
Көбейді күйме фонары,
Жарқырап қос-қос жанары,
Түрленіп сәуле төгілді.
Маңайы қалпақ шамданған,
Бір үй тұр бойы жанданған,
Әйнектен қауым көрінді:
Әйелдер және, қысқасы,
Даңғойлар өңшең нұсқасы.
XXVIII
Кірді үйге батыр бүгіліп,
Швейцарға шұлғып тез өтті.
Мәрмәрлі сатыда жүгіріп,
Саусақпен шашын түзетті.
Келсе, зал толы халыққа
Сұлу саз үні жабыққан,
Мазуркаға алаң боп,
Тар жерде у-шу адам көп.
Салт аттылар тақасы,
Сырт етсе қанат жаяды.
Арулар бипаз аяғы,
Жіті көз жоқ қой қатасы.
Скрипка жеңді сыңқылы,
Бикештер күндес күңкілін.
XXIX
Қызықты күнде құштарлы,
Би кешін сұмдық сүюші ем.
Сырласар уақыт қысқарды,
Жолдамай хат та жүруші ем.
Бек хұрмәтлу жұбайлар!
Септесер менде сыңай бар.
Салыңдар құлақ сөзіме,
Сезіп ем тым сақ кезімде;
Аналар сенім ақтасын,
Сау болсын десең қыздарың
Үзбеңдер жанар ызғарын.
Әйтпесе құдай сақтасын!
Өткенді өктем жазамын,
Күнәдан қазір тазамын.
XXX
Әр түрлі әуре қыздырып,
Уақытты тым көп жоғалттым.
Таппаса ақау ізгілік,
Би кешін келмес доғартқым.
Сүйемін тулап бұла күш,
Тар жерді жайлап қуаныш,
Кисе ару бойға дөп киім,
Қос балтыр ғажап, тек қиын,
Ресейде бүкіл табылмас,
Үш пар балтыр әдемі,
Кездеспей құртты әлегі;
Екі аяқ… десең жаным мас,
Түсіме кіріп жүдетті,
Қозғап жүр әлі жүректі.
XXXI
Шіркін-ай, қашан, қай шөлде,
Ұмытар есуас оларды?
Қос балтыр жүрсің қай жерде?
Көктем боп қай гүл оралды?
Шығыстың шуақ шағында,
Солтүстік мұңлы қарында
Қалмады-ау, басқан ізіңіз,
Көк кілем көркін сүйдіңіз;
Мөлдір шық сипап моншағын,
Мен қашан болдым ұмытқан
Атақ пен көңіл суытқан
Атамекен қоршауын?
Балғын шақ өтті алдымда,
Ізіңдей сенің шалғында.
XXXII
Диана1 төсі, достарым,
Флора2 жүзі балқытты-ау!
Терпсихора от-жалын,
Балтыры бәлкім артықтау.
Тілдесер көзбен жаны асыл,
Алмай жүр әділ бағасын.
Көркіне жаным табынбақ,
Құштарлық бойда ағындап,
Эльвина досым, танимын 7
Мен оны барлық суреттен:
Көктемде сайда гүлдеткен
Тасынан қысқы каминнің,
Айнадай паркет бетінен,
Теңізде жартас шетінен.
XXXIII
Найзағай күткен теңізде,
Қызғандым толқын шұбырсаң,
Үдере көшіп егіздеп,
Аяғын құшып жығылсаң!
Тіледім мен де жанпірім,
Сүйсем деп аппақ балтырын.
Білмеуші ем мұның бірін де,
Армидаларға жас күнімде;
Болмап ем сонша тез құмар,
Күн туды аңсап түрленген,
Ерінге раушан гүлденген
Төсіне алмұрт көзді ұрар.
Тап сондай тасқын құштарлық,
Болған жоқ есте ұстарлық.
XXXIV
Есіме басқа түсер күн!
Аңсатқан асыл армандай.
Әкелді бақыт үзеңгім…
Балтырын қолға алғандай;
От сезім қандым нәріне,
Тиді етім ыстық тәніне,
Өлесі жүрек жанданды
Махаббат аңсау жалғанды!
Көп жаздым құштар бағытта,
Мылжыңдау өлең жүр-жүрлеп,
Тәкаппар білмес сый құрмет
Татымас ынтық шабытқа:
Көз бен сөз сиқыр арбайды,
Қос балтырдай алдайды.
XXXV
Онегин біздің шала ұйқы,
Төсекке тойдан оралды;
Петербург кербез нар сиқы
Барабандар шулап оянды.
Көз ашты көпес көрпеден,
Көшірлер тұрды ертемен,
Құмыралы әйел тыпырлап,
Тез өтті ақ қар сықырлап;
Атқан таң думан бастапты,
Терезе ашық, тік қаптап
Шұбырды түтін будақтап.
Қағаз қалпақ аспазшы,
Наншы неміс тасып ас
Қайталар сөзі васисдас.
XXXVI
Шуында бидің қалжырап,
Шаңқай түс болды атқан таң.
Тәтті ұйқы жеңді маужырап,
Рахат, байлық тапқан жан.
Бесінге тақау оянар,
Ғұмырын түнгі той алар;
Бәрі де кеше көрген жол,
Бүгін қандай — ертең сол,
Бақытын бірақ, тапты ма?
Евгений еркін шағында,
Күш-қуат бойда барында,
Өткерген думан жақты ма?
Құр бекер әлде той тойлап,
Саулығы түзу күлді ойнап?
XXXVII
Суыды жылдам от сезім,
Тобырдың шуы түңілтті;
Сағынбас сұлу серт сөзін,
Оларға қимас үмітті.
Алдаушы көп боп зар қақты,
Достар мен достық шаршатты.
Көтерсін қалай баршасын,
Бифштекс, страсбург самсасын;
Шампанның шуы толса да,
Өткір сөз кірер ағынға
Ауырған басы шағында,
Қаншама тентек болса да
Ұмытуға ол тырысты
Қақтығыс, дуэль, қылышты.
XXXVIII
Ділгірлік өшіп әл кіру,
Басталар сәтті күй күттік.
Ағылшынша мәңгіру,
Орысша айтсақ мимырттық
Аспады дәмін татудан,
Ал, өзін өзі атудан
Сақтанды, күш жоқ өңінде,
Чайльд Гарольд секілді,
Өзгенің сөзін қолдамас,
Бостон1 мен өсек қозғамас,8
Отты көз сиқыр не түрлі,
Еш нәрсе оны тартпады,
Ешкімге сенім артпады.
XXXIX, XL, XLI
XLII
Думанға құштар арулар!
Бәріңді о л ерте тастады;
Тап біздің жаста жан улар,
Жат сөзге қауым баспады;
Кей әйел, мейлі жалпылап
Бентамды1 ,Сейді2 талқылар.
Көбісі әттең шорқақтау,
Кінәсіз шатпақ томпақтау.
Ерсі емес бірақ безінер,
Айбынды, асыл, ажарлы,
Тәкаппар тартар назарды
Байқампаз, тура сөзімен.
Сес беріп тұрса сән бітер,
Еркекті ессіз мәңгүртер.
XLIII
Сендерге — балғын сұлулар,
Ұмтылса түннің аш торы,
Әкеткіш думан құруға
Евгенийім кетті наз артып,
Тайқыды құлы ләззаттың.
Онегин үйде қамалды,
Қолға алды есінеп қаламды.
Ауырға ниет артпады, 9
Ебі жоқ ноян еңбекке.
Көнбейді өлең ермекке,
Шабытшыл кәсіп жақпады.
Ондайды сөгу тірі мұң,
Өзім де соның бірімін.
XLIV
Әуресі жеңсе шатпақтың
Қуыс ой жоқты шоғырлап,
Қасиетті тірлік бастапты,
Біреуден алмақ ой ұрлап.
Сөреде кітап қаптаған,
Оқып та рахат таппаған:
Сылдыр сөз, алдау, сандырақ,
Нәрсіз бос жатыр қаңырап.
Айтарлық дым жоқ пәлендей,
Байырғы тартты көмескі,
Жаңадан көне үн есті.
Кітапты тастап әйелдей,
Жасырған шаңды сөресін,
Қаралы шүберек көресің.
XLV
Қауымның заңын пұлдамай,
Құтылса күйкі әуреден.
Достастым мінез бұлдамай,
Ұнаттым оны әр неден:
Қиялға анық берігі,
Жатсынбау ерекшелігі,
Болды онда өжет салқын ой,
Ол ұяң, менде қарқын мол;
Іңкәрлік дертін білгенбіз,
Титығы батты өмірдің,
Жалауы қайтты көңілдің,
Біз қаһар тосып жүргенбіз
Тағдырдан әлдекімдерден,
Тұңғыш таң, қыршын күндерде.
XLVI
Өткерген өмір ойланып,
Өзгені іштей жек көрген.
Сезімтал жанға ол да анық,
Өткен күн қасірет, дерт берген.
Құл болмас бөгде көрікке,
Естелік жетер серікке,
Онегин жанын өртейді.
Мұңлы сөз айтса көркейді,
Шабыттың келіп нәшіне.
Уытты тілге түйрелдім,
Кешікпей мен де үйрендім,
Қыршаңқы талас бәсіне.
Өткердім улы мысқылын
Әжуа-қалжың қышқылын.
XLVII
Келуші ек жиі, мөп-мөлдір
Жазғы кеш тұнса әрленіп;
Неваға ақ түн төксе нұр,
Су беті сұлу мөрленіп
Диана жүзін жасырса
Аңсаған жүрек ашынса.
Шер қозғап көңіл тасыттық,
Есіркеп бала ғашықты,
Нәр алдық жұмақ кешінен.
Сұқтанбай өзге үнге мен,
Орманға кірген түрмеден
Тұтқындай тандым есімнен.
Арманға еріп кетуші ек,
Жас күнге қайта жетуші ек.
XLVIII
Евгений жаны күйзеліп,
Ежелгі ғадет жоқ сылқым
Гранитке тұрды сүйеніп,
Жазғандай ақын өз сиқын.
Тым-тырыс, бейқам түн келді,
Сақшылар сапта үн берді.
Ат тұяқ арба салдырын
Милионный1 жақта қалдырды.
Ескегі ғана жарқылдап,
Қайық жүр алыс кезеңде:
Толқисың, түнгі өзенде
Керней мен асқақ ән тыңдап,
Бәрінен тәтті тынбады,
Торкватты2 әуен ырғағы.
XLIX
Адриатика толқынын,
О, Брента! Бәрін көрем бе?
Сиқырлы әуен жойқын үн
Нұр себер жазған өлеңге.
Аполлонның ұрпағы,
Альбионның бұтағы
Ет жақын туыс үндері,
Венецияның жас аруын, 10
Сол болар шипа-дәруім;
Жүземін сиқыр қайықпен
Білуге тілін асықтым
Петрарка мен ғашықтың.
L
Бостандық мені табар ма?
Күн туды, оған жетемін;
Қолтыққа толқын аларда
Баптадым кеме желкенін.
Қасарып дүлей жойқынға
Теңізде дауыл толқынға,
Япырмай, қашан аттанам?
Жағадан қасірет таптаған,
Келер ме тілек тілесем,
Шаңқай түс — ыссы аптапта
Африкам менің байқап та,
Күрсінтер күңгірт Ресей,
Қамыққан, сүйген қайран жер,
Көміліп жүрек қалған жер.
LI
Менімен даяр Онегин,
Жат елде сайран етуге.
Тағдырдың тарттық әлегін,
Мәжбүрміз алшақ кетуге.
Әкесі өтті дүниеден,
Жиналды білген-білмеген:
Иесі сансыз қарыздың,
Бірі албырт, бірі маңызды.
Евгений ойға бойламай,
Не салса тәңірі жаратып,
Мұраны берді таратып
Жат қолда кетті сол маңай.
Сездірді-ау, тағдыр көнерін,
Ағайын-шалдың өлерін.
LII
Келді оқыс хабар ақыры.
Управитель мәлімдеп
Көрсем деп сізді шақырды
депті ағайың өлім халінде.
Сүймейді қаза жортақты,
Евгенийді жол тартты.
Поштамен кетті шапқылап,
Есінеп ұйқы тартқылап,
Ақша үшін разы күйіне
Тартқансыр қасірет расында,
Айтқандай роман басында;
Туыстың келсе үйіне,
Үстелде жатты мәйіт боп,
Бақиға кетер ғайып боп.
LIII
Аулада адам сабылды,
Марқұмға ізет қылғандар.
Қас пен дос қатар ағылды,
Жерлеуге жетік тұрғандар.
Көмілді өлік. Кісі көп,
Қонақтар, поптар ішіп жеп
Тарқады жылдам теп – тегіс,
Осылай тынды күткен іс.
Шаруаға көшті Онегин,
Заводтар, орман, бал құрақ –
Бәріне қожа, ал бірақ,
Оған қас тәртіп дегенің.
Жоғалып ескі қияпат,
Кернеді көңілін рахат.
LIV
Екі күн көрсе жаңаны,
Даланың шебі ұзақ тым,
Тұңғиық орман самалы,
Сылдыры тыныш бұлақтың;
Үш күнде адыр, жазықтың
Ажары мүлде қажытты;
Бәрі де тартты ұйқыға
Жұпыны деревня сиқы да;
Есінде шулы сарайлар
Көше де жоқ көлеңдер,
Би кеші, карта, өлең де,
Әкелді қаяу әр ойлар,
Көлеңке болып аңдыған,
Әйелдей қамқор дәл бұған.
LV
Мен тудым бейбіт күн үшін,
Шалғайда тыныш тұруға.
Ұлғайтар лира дыбысын,
Көрген түс қызық құруға.
Күнәсіз ермек байланып,
Қыдырсам көлді айналып
Серуен, тойды жаратам,
Оятқан мені жаңа таң
Еркіншіл шабыт егіпті:
Аз оқып ұйқым қаныпты,
Қумадым ұшпа даңқты
Жас күнім берсе желікті,
Саяда сергіп татыппын
Қызығын ең зор бақыттың.
LVI
Махаббат, гүл мен деревня, той,
Табиғат! Менің керегім.
Арада алшақ жік бар ғой,
Мен басқа, басқа Онегин.
Оқушы оны байқасын,
Баспаның білсін алқасы,
Өсектен есен сақтасын,
Айырсын мінез тақтасын.
Төкпесін сынның ызғарын,
Бүлдірді өзін деп даттар,
Байронға ұқсап тәкаппар,
Жаза алмас дей ме біз ғаріп
Өзгелер жайлы жыр-дастан,
Өзіңе назар бұрмастан.
LVII
Шындық сол: барлық ақынның,
Махаббат — сөнбес қиялы.
Менде де қимас жақын бар,
Көрген түс еске жияды.
Бейнесін мәңгі сақтайтын,
Жырға орап муза даттайтын
Сенімпаз өлең арнадым,
Тау қызын сонда талғадым,
Салгирлық1 тұтқын бала еді.
Таңдантып жырға қосқаным
Сұрауда жиі достарым:
«Лираң, — деп, — кімге зар еді?
Қызғаншақ қыздар арманың,11
Сен кімге әуен арнадың?
LVIII
Қай сұлу шабыт оздырып,
Біліп жүр жылы белгіңді.
Сазды әуен құлаш создырып,
Тәңіріңдей көрдің сен кімді?»
Ондай жоқ, құдай біледі!
Махаббат ессіз тілегі
Мен үшін тынған тым сәтсіз.
Бақытты сол ғой: қымбат қыз
Еткізсе оны жырлатқыш,
Ғашық жыр нұрлы тізбегі
Петрарка баулып іздері
Дем берсе дәру у басқыш,
Даңққа жеттім мән біліп,
Мен сүйдім мылқау әңгүдік.
LIX
Келді өлең, кетсе махаббат,
Күнгірт күн мүлдем жойылды.
Бірлігі өсті қат-қабат,
Сиқыр үн, сезім, ойымның;
Жүрекке бітті құдірет
Қамығып салман сурет,
Қырсыққан өлең қасында
Бикештің балтыр, шашын да;
Тұтанбас ескі от күлденген
Жас құрғар дертті көтердім.
Тез өшер ізі нөсердің
Арылар алыс үндерден:
Поэма жазып байқармын,
Жиырма бес әнін айтармын.
LX
Формаға жоба табылды,
Кейіпкер келді есімі;
Романның міне, жабылды,
Бірінші бөлім есігі;
Қазбалап қарап өтсем де,
Қайшылық көп боп сөксем де
Түзеуге жетпес өнерім.
Цензура құнын төлермін,
Журналистер мейлі іресін
Еңбегім бәрін табасың:
Арала Нева жағасын,
Жыр-перзент жолды білесің,
Даңқтың көрсет шоқтығын:
Құр мылжың, даукес боқтығын.
Екінші тарау
I
Деревня Евгений зеріккен,
Ғажап жер жатқан шалғайда:
Серілер мұңсыз еріккен,
Аспанын сыйлап қалмай ма?!
Тақсырдың оқшау үйі тұр,
Тау қоршап аспан құйған нұр;
Өзеннің көгал жағасы,
Аралас орман даласы;
Гүл майса, шүйгін алмасқан,
Селолар көзің тоқтаған,
Жайылымда мал жүр оттаған,
Кең аула, оған жалғасқан
Бақша бар тозған шырайы,
Жайлаған орман құдайы.
II
Сарай тұр айтып зорлықты,
Дәстүрге сәйкес қалпымен.
Салынған мығым, орнықты
Бабалар құтты салтымен.
Қонақжай, биік бөлмелер,
Оймыш пеш сырты көрмедей;
Қабырға шымқай патсайы
Суреті өңшең патшаның;
Тозығы жеткен бәрінің
Тамсана қоймас осыған,
Қажетсіз менің досыма,
Не болса оған бәрібір.
Есінеп жүріп аңғарды,
Киелі көне залдарды.
III
Тұрғын үй таңдап ол кірген,
Егде шал көптен тұратын;
Сыбасып кілтші кемпірмен,
Жабықса шыбын қуатын.
Жабайы үстел жиғаны,
Қос шкаф, мамық диваны,
Тамызбай сия ұстапты;
Онегин ашса шкафты:
Дәптер бар шығын тіркерлік,
Шарап көп тәбет құнығар,
Құмыраңда алма суы бар,
Сегізінші жылғы күнделік:
Бұлтартпай жұмыс бұл қартты,
Ашпапты өзге кітапты.
IV
Әулеттің жалғыз сенгені,
Үкімін үстем жүргізбек;
Әуелі біздің Евгений,
Ерекше тәртіп кіргізбек:
Өзгеге бермей ырықты
Барщинаны құрытты.
Жабайы алым орнатты,
Құл разы, тағдыр қолдапты;
Көршілер бірақ, іш тартты,
Есепкер қулар ескерді,
Сестенді де сескенді;
Пысығы мысқыл ұстартты,
Бұл деді бәрі бақылап,
Ең қауіпті ақымақ.
V
Көп еді баста ду жиын,
Бірақ та ол тауып ретін;
Дон айғырын жегіп күн бұрын,
Жылысып кете білетін.
Көршілер түңіліп күштіден,
Көретін жолдың үстінен;
Бездірді әне сол мінез,
Айналып кетер болды тез.
Томырық, добал, дімкәс деп,
Фармазон1 ішкіш шарапты,
Деген де лақап таратты,
Әр сөзге С-ны жалғайды
Деп сөгіп бәрі зарлайды.
VI
Көрші боп келді нақ сондай,
Помещик сүйгіш жаңаны.
Тәртіпке қатал, жақсы ол да
Мұраны түзеу талабы.
Владимир Ленский атанған,
1Геттинген тектес адал жан,
Көркем, жас құмар қанатын,
Пір тұтқан Кантты, әрі ақын.
Тұманды Германиядан,
Әкелді тәлім ғалымдық,
Еркіншіл үнге табындық;
Тез жанғыш, жұмбақ бұл адам,
Сөзге де шебер ұйытпа.
Бұйра шаш түскен иыққа.
VII
Жеңілтек есер қауымның, 12
Жеңе алмай қылтың-сылтыңы.
Дем берді оған кешсе мұң,
Дос қолы, ару ынтығы;
Ақ көңіл аңғал жігітім.
VIII
Сенімі күшті қос жүрек
Қосылар күнге күпті боп,
Бір өзін аңсап тосты деп
Зәруден дәру күтті көп.
Көреді достың барын шын,
Жан қияр оның ары үшін.
Сол досы неге жоймасын
Өсекшілдің қоймасын.
Бар дейді тағдыр таңдатқан
Қасиетті достық одағы,
Жарылқар күні болады
Сол үйір нұрын арнатқан,
Арайы себер мархабат,
Бар әлем төгер шапағат.
IX
Түңілу және өкіну,
Махаббат көңіл бұздырды;
Атаққа құмар бекіну
Тым ерте қанын қыздырды.
Әуресі лира әдемі,
Шиллер мен Гете әлемі,
Олардың отты дарыны
Үдетті шабыт жалынын.
Музаның нәзік сезінген
Жаңылтпас биік қалауын,
Пәк етті шабыт сауалын:
Жырлады асқақ сезіммен
Ғажапты таза мейірлі,
Жабайы кішіпейілді.
X
Сүйгеннің құлы сүйімпаз,
Өлеңі ашық жетілді;
Айтқандай ару таза наз,
Ұйқыда сәби секілді;
Ай дерсің дүлей аспаннан
Дертінің демін басқарған.
Қоштасу мен қасірет,
Сағымды қиял мен мас леп,
Раушан гүлдей көрінген;
Шет елді білген жырлайды
Бір қуаныш, бір қайғы,
Көз жасы сонда төгілген;
Жырынан мұң-зар кетпепті,
Он сегіз жасқа жетпепті.
XI
Евгений ғана шалғайда,
Дарынын жетік түсінді,
У-шулы бармай байларға,
Сүймеді топқа түсуді;
Сырғақтап бойын сақтады,
Тілдессе пайда таппады,
Шөп шабу, шарап кеңесі
Ит бағу, туыстар елесі;
Сезім жоқ сергек оларда,
Жарқ етпес ұшқыр ақындық,
Әзіл жоқ, ой жоқ татымды,
Өнер жоқ ортақ қоғамға;
Әйелдерінің сөзі татымсыз,
Өздерінен де ақылсыз.
XII
Ленский көркем әрі бай,
Қыз таңдар дейтін сүр бойдақ;
Ондайға жұрттың бәрі сай.
Өсектеп сырттан қол қоймақ
Беруге қызын жөнсінер,
Жартылай орыс көршіге;
Сөз бастар сыйлап сенердей
Жалғыздық ауыр дегендей;
Көршіні шайға шақырар
Шай құйып Дуня қосылар,
«Көз сал, — деп, — Дуня осыған»
«Ән сал», — деп гитара алдырар;
Құр шиқыл әнге ермейді,
«Сарайға біздің кел», — дейді.
XIII
Ленский жеке күнелткен,
Некемен ой жоқ табыспақ.
Айласыз ашық ниетпен
Онегинмен таныспақ.
Толқын мен тастай келіспес,
Мұз бенен оттай беріспес
Алшақтық бар айтарлық.
Кереғар мінез байқарлық,
Әу баста болмай тілектес,
Сәлден соң достық байқатты,
Жолығып жүрді салт атты,
Тату боп кетті қыл өтпес.
Қынжылам, осылай көп пенде
Сандалбай дос боп кеткенде.
XIV
Сондай да достық көрмейміз,
Сенімге көнбей мінезің;
Қоршаған көпті нөл дейміз
Единица бір өзің.
Бәрі де болмақ Наполеон,
Екі аяқты жәндік сан миллион;
Қару сол алған түрпілеп,
Сезімді қорлап күлкілеп.
Евгений олай сырғымас,
Өз білгенін ақтайтын,
Болса да пенде жақпайтын,
(Ереже бар ма бұлжымас?)
Адамнан адам айырды,
Ізетке құрмет қайырды.
XV
Ленскийді күле тыңдайды,
Ақынның сөзін жалынды.
Желбуаз ойын құндайды
Жүзіне қарап ағынды.
Евгений үшін жаңа көп,
Шынайы ойын салар өрт;
Ұстайды тілдің ұшында,
Түсірмей досты қысымға;
Шабыттың құсын ұшырсын,
Менсіз де ұғар бір кезде
Дейтұғын бармай сын сөзге;
Кемелдік парқын түсінсін,
Кешірдік албырт жастығын,
Ерке шақ сандырақ, мастығын.
XVI
Қит етсе олар шекісті,
Көрсетіп ойға мығымдық:
Тайпылар қалай бекісті,
Жақсылық пен зұлымдық,
Ғылым мен соқыр сезімді,
Өмір мен опат өлімді,
Тағдыр мен болмыс тізбегін
Талқылау жолын үзбеді.
Толқыса ақын тебіреніп
Поэма оқып шалқиды,
Оған да төзді Евгений,
Түсінбей жеңіл ымдайды,
Түсінген болып тыңдайды.
XVII
Құштарлық — таңсық ермегі,
Шөлейтті кезген жандардың.
Онегин оған ермеді,
Өкініп қайта таңданды
Сәті бар адам ұғарлық:
Қызық қой шеккен құмарлық,
Артынан кетсең суысып,
Біржола көрмеу дұрысы;
Абзалы құштар құрықтан
Әуелден аулақ тұрғаны,
Жар мен дос көңіл бұрғаны;
Болмай-ақ, ізін суытқан,
Атадан қалған мұраны,
Етпесе ақша құрбаны.
XVIII
Бәріміз бір ту жамылып
Тыныштық тапсақ бір күні,
Сезімнің қайтса жалыны
Көрінбек бәрі күлкілі.
Кісімси қалған салтынан
Кешеулеп үні шалқыған,
Ауырлық көрмей, мысалы
Тыңдаймыз кейде ынталы,
Ынтығы тасқын басқарып.
Жүректі қозғап жібермек,
Секілді кәрі мүгедек,
Сөз құмар кезі басталып,
Жастарды мұртты ұғар ғой,
Жан баспас лашық шыдар ғой.
XIX
Есесі сол ғой — өжет жас,
Жасырмай төгер сыршыл үн;
Қуаныш, қайғы, дос пен қас,
Махаббат жайлы былшылын.
Ғашықтық жолға мүгедек
Деп Онегин өзін мінемек,
Тыңдады тауқымет тартқанда
Жан сырын ақын айтқанда;
Сенімпаз адал арызын
Аянбай ашық түсірді,
Евгений кәміл түсінді
Құмартқан жастың аңызын,
Телегей сезім селдеткен
Жаңа емес бізге ол көптен.
XX
Ол таңсық — бізге татымсыз,
Тек қана жалғыз сыйынған
Ақынның жаны ақылсыз,
Махаббатқа бұйырған:
Сөнбейтін асыл арманы,
Үйренген тілек бар мәні.
Өшпейтін сақтап жан құсы,
Бойында жалғыз қайғысы;
Бөгемес көп жыл көрмеуі,
Шабытшыл асау шағы да,
Шет елдің арулары да,
Шат думан, ғылым өрлеуі,
Кезі жоқ жанын суытқан,
Қыз жаққан алау жылытқан.
XXI
Балауса Ольга таңдантса,
Жүректің жүгі аз еді,
Қыз бала қызық арбатса,
Ойыншыққа да мәз еді;
Орманда самал саялы,
Жан сырын бірге жаяды,
Сол дейтін сенің пешенең,
Туыстар әке-шешемен;
Шалғайда күтіп бақса да,
Жаны пәк, мейлің қате де,
Жолатпас кіршік ата-ене;
Інжугүл дерсің бақшада,
Көрмеген жеке өбелеп
Не ара, не бір көбелек.
XXII
Ақынға ару сыйлады
Қызық түс, қиял тылсымын.
Тізбегі ойдың қинады,
Жүгірген жүрек ұршығын.
Ғафу ет, асыл ойындар!
Ол сүйді орман бойында
Оңаша, марғау жайды да,
Түнді де, жұлдыз, айдың да
Ақ шұға асыл жарығын;
Жеңгенде желік қыдыртпа
Көз жасын көрген ымыртта,
Құпия қасірет дәруін.
Күңгіртті ашар толғана
Жанатын шырақ сол ғана.
XXIII
Сыпайы әсте, жабайы,
Ажары сәуле сепкендей;
Ақындай аңғал, арайы,
Жаны пәк ғашық өпкендей;
Көгілдір көзі — көк аспан,
Алтын шаш, күнмен ұласқан;
Үн, қимыл, тұлға ұнаған,
Ольганың оқысаң роман
Бейнесін ұқсас табарсыз.
Суреті берсе жылы дем
Бір кезде өзім сүйіп ем,
Жабықтым, жүрмін алаңсыз;
Ғафу ет маған, оқушым
Әпкесін жырдан оқырсың.
XXIV
Татьяна айтсақ есімін…
Бұл атты тұңғыш қолданып,
Айқындау — дербес шешімім,
Романның нәзік жолдарын.
Не дерсің? Ашық, әдемі,
Бұл есім бірақ, мәнері
Ескіні ептеп есіркер,
Қыз жөнінде ой сілтер.
Біздің де білсек шын мәнін,
Талғамсыз туған атымыз,
(Өлеңде жоқ қой хақымыз);
Сездірмес білім жұрнағын,
Үйретпей бізге тастады,
Қылымсудан басқаны.
XXV
Татьяна десек, сонымен,
Сіңлідей емес көрікті.
Жас иіс балғын онымен,
Таласпас келбет беріпті.
Тағылау, мұңлы арманда,
Киіктей үркек орманда.
Өз үйі, өз төрінде
Өгей қыздай көрінді.
Ерке-тотай емес-ті,
Алдында ата-ананың
Қылығы жоқ-ты баланың,
Ойыннан орғаш кем өсті;
Терезеге қарап сарылып
Отырар жиі қамығып.
XXVI
Таусылмас қиял бар ісі,
Бесіктен есен түскелі.
Деревня тұрмыс ағысы
Қозғады сырын іштегі.
Саусақтар нәзік білмеді,
Тоқыма, керме, инені;
Кестенің сырын көп зерттеп,
Көрмеді жібек өрнектеп.
Ырымның өктем жарлығы
Алдында сұлу қуыршақ,
Өмірден бір зат ұғынсақ
Үйретер соған барлығын;
Кемітпей айтар бір жерін,
Шешеден көрген-білгенін.
XXVII
Сол жылдардың өзінде-ақ,
Қолына қуыршақ алмады.
Қаланы даттар сөзі ұзап,
Моданы еске салмады.
Бала боп шуға ермеді,
Үрейлі ертек ермегі;
Түндерде қысқы қараңғы,
Ерінбей тыңдап нәр алды.
Күтуші әйел, бал бөбек
Ольганың дос-жар қыздарын,
Жинаса Таня қызбады:
Көгалда заулап дөңгелеп,
Жайнатса қыздар ерке өмір,
Жақпады күлкі жел көңіл.
XXVIII
Балконда тосар Татьяна,
Шығыстың арай жаққанын;
Жұқарған бозғылт ақтана,
Жұлдыздар көкте қайтқанын;
Жер жиегі нұрланып,
Таң самалы ырғалып
Келгенін хабар күндізден.
Қыс қырау ымырт ілгізген,
Әлемді жапқан жабуын,
Мерейлі, тойлы бүкіл маң
Бүркесе Айды сұр тұман,
Шығыстың тыныс алуын,
Дағдымен ұйқы қанатын,
Оянып шырақ жағатын.
XXIX
Жасынан көңіл бөлетін
Жеңсігі роман болды оның.
Ырқына Татьяна көнетін
Ричардсон1 мен Руссоның.
Әкесі қыздың оңды адам,
Көненің көзін қолдаған;
Кітапты сыйлар болды рас,
Ал өзі бірін оқымас.
Ойыншық дейтін сассын ба,
Қызына қай том ұнарын,
Жастанып жастық астында.
Әйелі кітапқа алғыр жан,
Ричардсон1 естен тандырған.13
XXX
Ричардсон болса сүйгені
Табынды оқып алмастан;
Сөз емес құрмет үйгені,
Грандисон1 асып Ловластан:
Алина қызы князьдің,
Ертеде жатып біраз күн;
Мәскеулік бөле даттаған,
Есіне соны сақтаған.
Қайтпаған әлі қыз арман.
Ұнамай үйде жұбайы,
Қиялдаушы еді басқаны;
Ақыл мен сезім асқары
Көрінді сол боп Күн-Айы.
Грандисон1 жігіт шын сері,
Сержанттық шені ілгері.
XXXI
Киінді ұқсас екеуі,
Бойға сай пішіп моданы.
Бірақ тез қиып некені,
Бұйыртты басқа қожаны.
Ақылды күйеу бұл жерден,
Тез көшті сақтап мұң-шерден.
Деревня шалғай алыста,
Аруға жоқ еш таныс та.
Әу баста жылап, өкінді,
Ажырау күтті жастарды;
Содан соң болмыс басқарды,
Көндігіп кетті, бекінді. 14
Бұйырды ғадет биіктен:
Бақыт сол бізді сүйінткен.
XXXII
Қасіретті ғадет азайтты,
Жүректе жатқан қамалып.
Көңілден тозаң тазартты,
Ашылып үлкен жаңалық:
Тыныс пен көп іс сабылды,
Ғажайып өнер табылды.
Күйеуін дербес басқарды,
Жаңаша тәртіп басталды.
Науқан көп бітпес соншама,
Саңырауқұлақ тұздау басталды
Қолда есеп, бастан шашты алды.
Сенбіде түсті моншаға,
Қызметші әйелді ұратын,
Пысқырмай байын тұратын.
XXXIII
Жазатын қанмен гүл-жүрек,
Альбомына қыздардың
Прасковьяны Полина деп,
Ән болды мәні сыздаудың.
Тар көрсет белін қынады,
Французша N-деу ұнады;
Шығарды үнін мұрнынан,
Содан соң басқа құрды Заң:
Корсет, альбом… Алина,
Ұмытты өлең, дәптерді,
Бәріне жаңа ат берді:
Акулька болды Селина,
Мақтадан жасай бастады,
Тебетей, шлафор1 астарын.
XXXIV
Күйеуі сүйді қалтқысыз,
Сезбеген болды тәлкегін.
Сенімі адам айтқысыз
Ішіп-жеп басар жан шөлін;
Халатпен жүріп өткерді,
Көршілер кейде көп келді;
Кешқұрым бас қосқалы
Риясыз сыйлар достары,
Мысқылға мірлі тойғызып
Күлкіні дәрмен етсе де,
Тез өтті уақыт; сөйтсе де
Ольгаға шай құйғызып
Кешкі асты ішіп сораптар,
Қорадан шығар қонақтар.
XXXV
Өмірде олар сыйлады,
Ардақты салтын ескінің:
Масленицада2 ақ май тынбады,
Құймақтың таппас еш мінін;
Қос оразаны өткерсек,
Заулады талмай әткеншек,
Дәмге сай ән мен би жарқын
Троица3 күні бұл халқың
Дертіне аят дауадай,
Заря гүлге мейірім басталды, 15
Кей көзден сараң жас тамды;
Қажет қой квас ауадай,
Тағамнан таңдап асылды,
Шеніне сәйкес тасылды.
XXXVI
Екеуі де қартайды,
Тағдырға тәбдел жоқ лаж;
Есіл ер ерте аттанды
Табытта киді жаңа тәж.
Сәскені ажал құптады,
Көршісі жылап-сықтады.
Балалар өксіп шошынды,
Адал жар сыңсып қосылды.
Жақсы еді мырза, анайы,
Жазулы белгі тасында:
«Күнәлі момын, расында,
Дмитрий Ларин жабайы;
Бригадир, хаққа әрі құл,
Астында тастың жатыр бұл».
XXXVII
Оралып ата мекенге,
Ленский орман шарлады.
Өлікке тағзым етерде
Күрсінген күйін арнады.
Қайғылы жандай мұңы мол
«Қор болған Иорик! 1» деді ол,
Ойнасам алып ұрыспады
Очаковский медалін!
Ольгаға көрді тең, әттең! 16.
Жетем бе дейтін сол сәтке.
Өзегін өртеп кең жалын
Владимир мақтау төгілтті,
Мадригалға қосып өлікті.
XXXVIII
Ата-ана жанын тебірентті,
Бейіттас сөзі жылатты.
Әулеттің рухы зерлетті…
Осылай өмір сынатты.
Мерзімді орақ шалғандай,
Қонақ қой пенде жалғанда:
Туды, ер жетті, құлайды…
Жас ұрпақ орнын сұрайды;
Жел-көңіл біздің тайпымыз
Бейітке жатқан бабасын,
Қусырар құндап бағасын.
Күн жетіп, ертең тайқимыз.
Дәстүрін өмір ұсынар,
Немерелер бізді ысырар!
XXXIX
Тірлікті достар, мұңсыз боп,
Жайлаңдар еркін табысып.
Сыр берсе дүние құнсыз боп,
Қалмадым мен де жабысып;
Бос қиял жолын бөгедім,
Тек қана үмітшіл елеңім,
Кейде өтер естен тандырып;
Өмірді ізсіз қалдырып,
Өтсем мен өкініш етер ем.
Бос мақтан үшін жазбадым,
Сеніммен сергек маздадым,
Ахуалды мұңлы көтерем;
Тым болмаса достай шын адал,
Бір дыбыс мені еске алар.
XL
Біреудің қозғап жүрегін,
Сол дыбыс бақыт жандырар.
1Лёта жұтпай легін,
Мен жазған шумақ жаңғырар.
Әлде бұл (пасық үміт пе?)
Жас надан салар күдікке;
Портретіме әйгі жақын кеп,
Айтар ғой: болған ақын деп!
Алғыс мол саған арнаған,
Музаны бейбіт жақтаушы,
Ұмытпай есте сақтаушы.
Жырыма еркін самғаған;
Қолыңнан мейірім дарысын,
Қолпашта қарттың табысын.17
Үшінші тарау
Ол балдырған қыз еді,
Ғашық еді
Мальфилатро1
I
«Сәт сапар! Қайран ақындар!»
- Қош бол, Онегин, аттанам. –
«Ұстаман сені датым бар :
Қай жерде кешкі шат панаң?» - Лариндерде. — «Беу ғажап,
Ғафу ет саған не азап,
Құрдымға кетсе әр түнің?» - Түк емес. — «Ұқпан әу, пірім.
Айтарым аңдап қалғанда:
Іргелі үй білер жөнді істі.
Отбасы көпке көнбісті,
Ынтасы бек зор мейманға,
Тәтті шай кеңес жалғайды,
Жаңбыр мен зығыр, мал жайлы».
II - Мен одан пәле көргем жоқ. –
«Жабығу құртып шаршаймын». - Маған жат сіздің сәнқой топ:
Үй-жайлы жұртты аңсаймын.
Онда әзір бәрі… — «Эклог2 па ?»
Тәңірі үшін, досым, қой тоқта.
Не істейін кетсең? Өкініш.
Ленский, тыңда өтініш: 18
Филлиданы1 мен көрмекпін,
Қиял мен қалам қажеті,
Тамшы жас жырдың тәбеті!
Таныстыр, көңіл бөлмекпін». - Мархабат — берсек бір белгі,
Қарсы алар қазір біздерді.
III
Ал, кеттік. Достар аттанды,
Келіп те жеттік, барын кең
Дәстүрмен жайып қарсы алды,
Қонақжай ескі сарынмен.
Асыл дәм нәрін жайнатқан:
Сәнді ыдыс, жеміс қайнатқан
Жидектің суы жылыған,
Үстелде тұрды құмыран.
Ең төте жолмен қайтты олар,
Үй жаққа шапшаң шапқылап.
Қос батыр сыры тап болар,
Тыңдайық үнсіз сақ құлақ. - Онегин жүрсің есінеп, —
«Ғадет қой, Ленский, ескі дерт». - Жабықтың жоқтай еш үміт. –
«Бәрі жөн бірақ, жетті ымырт.
Андрюша, айда атыңды!
Дарақы жер ғой анайы!
Ал, Лариса кемпір жабайы.
Мейірбан салты татымды;
Брусника суы алмасса,
Ішімде ойран салмас па.19
V
«Айтсаңшы, қайсысы Татьяна?» - Ол ұяң, мұң көп үнінде
Аумаған тұйық Светлана1!
Отырған терезе түбінде. –
«Кішісі берді-ау, саған дем,
Мен басқасын қалар ем.
Ақын боп сендей сермесем,
Ольгаға көңіл бөлмес ем
Вандиков2 Мадоннасы3 аумаған:
Томпайған жүзі дөңгелек
Дарақы Айдай дөңгелеп
Дарақы көкте аунаған».
Владимир жұтаң, саспады,
Жол бойы аузын ашпады.
VI
Онегиннің келгенін,
Лариндер жылы қабылдап,
Маңайда қызу желдеді,
Көршілер «гу-гу» ағындап.
Айтылды мың сан тың жұмбақ,
Жел сөзбен дереу сымпылдап,
Тарқатты бәрі құмарын,
Тапты деп Татьяна сыңарын;
Той қамы түзеп өрісті,
Деген де туды кесек сөз, 20
Қаулады жатық өсек сөз:
Сақина болмай келісті,
Ленскиймен Ольга үй болар
Күн тақау деп түйді олар.
VII
Татьяна естіп қапалы,
Күйінсе, үнсіз ойдағы
Қуаныш дәмін татады,
Түрткілеп сезім қоймады;
Қиялға жүрек машық боп,
Амалсыз кетті ғашық боп.
Секілді жерге еккен дән,
Көгеріп жерден алған жан;
Тәтті елес жылдам баурады.
Құсалық қатты күйдірді,
Еріксіз, үнсіз сүйдірді;
Құштарлық жүрек жаулады,
Жас төсі толқып тілеулі,
Пәк жаны тосты біреуді.
VIII
Күткені келді… Көз ашты!
Қыз айтты: міне, сол деді!
Әу демде күн-түн ұласты,
Көрген түс бойға меңдеді.
Бәрі айтып қызға ол жайлы,
Сиқырлы сезім орнайды,
Тыңдауға сонда төзбеді,
Жиналған мейман сөздерін,
Аспазшы қыздың жан сырын.
Құйылды ішке мұң талай,
Мейманның бірін тыңдамай,
Қорғайды думан шалқуын,
Шақырмай келіп шұбалған,
Отырыстарын ұзарған.
IX
Татьяна қазір ынтығып,
Оқып жүр таңсық роман;
Алдынан шықты ұмтылып,
Арбағыш сусын ұнаған.
Қиялға ғажап батыпты,
Арманшыл жандар бақытты:
Ғашығы Юлия Вольмардың1 ,
Малек-Адель2 мен Линар3 да.
Вертер де бүлік салымпаз,
Гарндисон ерен ғұрпы да
Оқысаң тартар ұйқыға,
Бәріне ару жаны мәз.
Керемет бейне ойында,
Көрінді Онегин бойында.
X
Солардай болу қинаса
Жадында жүрген ғашықтар:
Дельфина, Юлия, Клариса4
Сүйсініп бәрін машықтар.
Орманда кітап оқиды,
Ішіне бәрін тоқиды, 21
От-жасын қиял желісін,
Толағай жүрек жемісін
Жаттаса іштей сұрыптап,
Бөтен шаттық, бөтен мұң,
Орнына басқа жетті үн
Батырын хатпен ұйытпақ…
Бірақ ол батыр елес қой,
Грандисондай емес қой.
XI
Құтты үнге арнап ырғағын,
Жалынды жазғыш нұрлы ісін;
Айтпай ма кейде туғанын,
Кейіпкер үздік үлгісін.
Сүйкімді тұлға қай маңда
Жүрсе де нақақ айдауда,
Сезімтал жаны, ақылды,
Қылығын етер татымды.
Құштарлық қызу жолында,
Сол бейне өргек кезінде
Құрбандық етер өзін де,
Ақырғы тарау соңында
Айыбын татар не түрлі,
Жақсы іске гүлтәж секілді.
XII
Көк тұман қазір бар ақыл,
Өсиет тартар ұйқыға.
Романда ақау мін жатыр,
Салтанат құрған құлпыра.
Британ сазы ертегі,
Ұйықтатпай қызды ертеді;
Ынтық жан кім ол құмартқан
Әлде ойлы Вампир мұң артқан?
Мельмот1 па өңсіз қайыршы,
Мәңгі Жид, әлде Корсар2 ма,
Әлде құпия Сбогар3 ма?
Лорд Байрон ғой іске әмірші,
Романтизмге салған сұрықсыз,
Эгоизм толған үмітсіз.
XIII
Осынау оймен достассам,
Тәңірімнің ісі болар да;
Ақындықпен қоштассам
Жаңа жын маған қонар ма?
Шошытпай Фебтің ызғары,
Қара сөз қолын бұлғады;
Көне роман жолы білінді,
Жайнатар батар күнімді.
Жабық сыр болар күйі мұң:
Берермін қатал суреттеп,
Жабайы сөзбен сыр шертпек,
Аңызын орыс үйінің,
Түндерін ғашық түс жеңген,
Күндерін дәстүр ес берген.
XIV
Қайталап берем сөздерін,
Қарт аға, әке үнін де.
Бабалар жүрген кездерін
Өзен жақ терек түбінде; 22
Қоштасып қайта қосылған
Көрсетем қызық соңында,
Неке тәж киген жолын да…
Құштар сөз төккен құмар боп,
Сағыныш селі жеңгенін,
Бұйрықты күнде келгенін
Алдына қыздың құлар боп,
Оралды тілге құныққан,
Кей сезім өзім ұмытқан.
XV
Татьяна, қалқам, сенімен!
Көз жасы төктім жаңбырын;
Сойқанға қатал сеніп ең,
Қолында кетті тағдырың;
Құрисын, сәулем, ал, бірақ,
Көз бояр үміт сән құрап,
Рахаттан тағат іздейсің,
Ертеңнен күдер үзбейсің;
Сиқыр у ішпек қалауың,
Еріп жүр саған арманың:
Жеткіздің оймен қалғанын,
Кездесу сәтті талабың;
Барсаң да қайда тамсанып,
Арбаушың тұрар қарсы алып.
XVI
Ғашықтық дерті шыдатпай,
Татьяна бақта қамықты;
Қос жанар тұнды мұң артпай,
Жүруге аттап жалықты.
Ақ төсі лықсып, бұлқынды,
Қысқандай жалын жұлқынды;
Демікті көнбей төзімге
Сөзде шу, жарқыл көзінде…
Түн келсе алшақ Ай кетті
Күмбезін көктің күзетіп,
Сандуғаш бәрін түзетіп,
Әуені сайды сәнді етті.
Татьяна ұйқы көрмес-ті,
Күтуші әйелмен сөйлесті.
XVII
«Ұйқы жоқ, няня: түн кермек!
Терезе жап та кел бері». - Не болды Таня? — «Жан тербет,
Өткенге бөле сен мені». - Не жайлы, Таня? Назды елес,
Жадымда менің аз да емес
Өткеннің бәрі қым-қуыт,
Ашушаң рух, қыз қылық;
Білгеннің бәрін ұмыттым:
Қараңғы ғұмыр сеземін,
Келді ғой құрдым кезеңім!.
«Аш көзін, няня — тұнықтың,
Баянда сырдың ашығын,
Болды ма сенің ғашығың?»
XVIII - Қойсаңшы, Таня! Қыз күнде
Махаббат барын білмегем;
Қайын енем құртып мен мүлде,
Кетер ем жарық дүниеден.
«Некең ше қиған, няням-ау?» - Септесті құдай Ваняма,
Кіші еді менен, тапты ебін,
Ал, өзім он үш жаста едім.
Құдағи серті асқынып
Екі апта үйден шықпады,
Ақыры әкем құптады.
Мен жүрдім қорқып жас буып,
Жыласам да шашты тарқатты,
Шіркеуге әнмен жол тартты.
XIX
Жат жұртқа жеттім тұсалып….
Тыңдамай жатырсың сен мені…
«Ах, няня, жеңді құсалық,
Құсқым кеп қапырық меңдеді:
Көз жасын келді селдеткім!» - Тұтқыны болдың сен дерттің,
Есірке, құдай, құлақ сал!
Не керек, Таня, сұрап қал…
Қасиетті суды бүркейін,
Жанып тұр денең… «Жоқ саумын,
Жалыны ғашық аңсаудың». - Тигізсін тәңірім бір себін! –
Таняны няня күбірлеп,
Шоқынтты қолы дірілдеп.
XX
«Ғашықпын», — деп Таня тіл қатты,
Кемпірге жетті ашық үн. - Қарағым, байқа сырқатты, —
Деп қалса айтты: «ғашықпын».
Аспанда Ай тез құбылды,
Томсарып там-тұм үңілді;
Татьяна жүзі ашынған,
Өрусіз шашы шашылған,
Көз жасын тамған қапамен,
Аруға еткен жорамал
Кемпір де таққан орамал,
Үстінде ұзын шапанмен;
Ұйқыға кетті айнала,
Айқарып бәрін Ай ғана.
XXI
Үдетіп жүрегі кетті әрманға,
Жетелеп қиял арманға…
Деп қалды бастап күбірді:
«Дайында қағаз, қаламмен.
Ғафу ет. Жалғыз қалам мен».
Оңаша қалса қамданып,
Сәулесін төкті Ай жарық.
Сәт туды. Сонда жазар хат
Евгений ғана жадында,
Таппаса сөздің бабын да,
Дем берді қызға махаббат.
Хат дайын, бүктеп қамданды…
Татьяна! Кімге ол хат арналды?
XXII
Сан сұлу көрдім тіл қатпас,
Мінезі қырау қыс дерлік.
Сұрланып өңі міз бақпас,
Етпестей ақыл үстемдік;
Таңдантты сәнқой асаулық,
Табиғат демеу жасарлық;
Олардан зыттым, шындық сол,
Оқысам аңдап сұмдық мол
Біржола үз дер үмітті1
Оларға сүю күдікті
Үркітсе рахат алмай да.
Аралап Нева жағасын,
Берерсіз сіз де бағасын.
XXIII
Бас игіш ерлер артында,
Мен көрдім талай елесті.
Тәкаппар, дел-сал қалпында,
Сезімді байқар емес-ті.
Таңырқап «Таптың не?, — десең,
Оларды осал демес ем.
Насырға кейде басқанда,
Қайтадан құшақ ашқанда.
Өкініш өрті көрінді,
Не десек те сәттірек,
Естілді үні тәттірек,
Көтеріп жеңіл көңілді;
Білдірмей жігіт жат қылық,
Соңынан ерді алқынып.
XXIV
Не үшін Татьяна кінәлі,
Талқыға оны салғанда,
Шындыққа көңіл тұнады,
Ол сенсе ынтық арманға.
Күнә ме сүйсе шын таза,
Пәк сезім етсе беймаза;
Сөз бе екен жеңсе сенгіштік,
Бұйырған сыйға ергіштік.
Терең ой, асыл тілекпен,
Ол жеңсе ынта-жігермен,
Ақылын жастың білер ме ең,
Жалынды, нәзік жүрекпен?
Талқыға не бар салатын,
Құштарлық ұшар қанатын.
XXV
Кей қыздар жүрсе қылымсып,
Татьяна берік ғашыққа;
Баладай таппас тыныштық,
Шарадан там-тұм асып та.
Демейді: әзір қояйық,
Махаббат құны молайып,
Түсіріп ауға алармыз.
Мансапқа түрткі табармыз,
Үміт пен күдік самсаған,
Толықса жүрек осымен.
Қызғаныш өртер отымен;
Рахатты жаны аңсаған,
Тұтқын ғой құлық жұғысқан,
Кетер тез ыршып уыстан.
XXVI
Қиындық жайын ұғарсыз:
Намысын елдің аңғару,
Міндетім менің күмәнсіз,
Татьянаның хатын аудару.
Шорқақ ол орыс тіліне,
Оқымас журнал бірін де.
Бар күшін салып қарманып,
Орысша сөйлер қиналып.
Французша жазса бүгін де…
Шындық сол, басқа дәлел жоқ,
Ғашықтық назын әйел боп
Айту жоқ орыс тілінде.
Біздің тіл әзір салмақсыз,
Хаттасар сөзден аулақпыз.
XXVII
Аруларға орыс тілінде,
Оқы деу үлкен қорқыныш!
«Благонамеренный1 » түрінде,
Оқы деу етер өкініш.
Зер салсам ақын достарға,
Кейбірі толық қостар да;
Кінәлерің де көлемді,
Орысша жазсақ өлеңді.
Орындап назын көп дерттің,
Жөн сөзге келмей әлің де,
Жаздыңдар осал бәрің де,
Орыстың тілін өзгерттің;
Осылай құдай ұрған тіл,
Бөтенсіп кетті туған тіл?
XXVIII
Көрсете көрме, тәңірім,
Балда, не сатыда жүгірген
Семинаристі сары шәлілі,
не академикті тақия киінген.
Еріндей күлкі қонбаған,
Бір қатесі болмаған
Сүймеймін орыс тілін мен.
Сорыма қырсық білінген
Жас сұлулар жерге қаратар;
Журналдар үнін үдетер
Грамматикамды түзетер; 23
Өлеңді іске жаратар,
Өзгеге менде жұмыс жоқ,
Көнені өтем дұрыс деп.
XXIX
Бұрмалап түпке жетеді,
Қисынсыз, шала, қисық сөз.
Жүректі тесіп өтеді,
Шықпаған әбден пісіп сөз.
Қашпаймын сөзден келімсек,
Галлицизмге қойман шек.
Жас күнгі әнтек сырымдай,
Богдановичтің 1 жырындай;
Сайыдым көңіл артуға
Сұлудың хатын қолға алам;
Сөз бердім. Сенді ол маған,
Жөн болмас серттен қайтуға.
Парнидей2 айтсақ нәзік сыр,
Сәнсіз сөз бүгін бажып тұр.
XXX
Тойлар мен мұңның ақыны,
Қасыма жақын келсеңші;
Өтініп жырдың жақыны
Дер едім демеу етсеңші,
Сал дер ем сиқыр бұлғаққа.
Қыз сөзін көнбес бұлтаққа
Түзе деп ойлап құқықты.
Қайдасың? Сәлем мен бердім… 24
Бірақ, ол мұңлы жартастар
Ішінде басқа сөз бастар;
Аспанын шолып финдердің
Кезбелік бермей тынымды,
Естімес менің мұңымды.
XXXI
Татьяна хаты алдымда,
Киелі заттай қорғаймын.
Оранып шексіз зар-мұңға
Қанша оқысам тоймаймын.
Кім берген сонша нәзіктік,
Дәл сөзді жеңіл азық қып?
Ләззатшіл жетті сандырақ,
Кетердей жүрек балбырап,
Қызықты бұзық үзгендей
Ұқсаймын ұқпай қалғанға;
Мінеки, олқы аударма,
Суреттен жансыз тізгендей,
Айналғандай «Сұрмерген3 ,
Сым саусақ шала дем берген.
Татьянаның Онегинге
хаты
Сізге хат жазсам — не бітпек?
Япырмау, басқа не дермін?
Жаралы жаным не күтпек,
Жазаңа үнсіз көнермін.
Байғұсты бірақ, сергітпек,
Тілекке тарлық етпессіз,
Аяусыз тастап кетпессіз.
Әу баста үнсіз қалмақ ем,
Арыма адал сеніңіз,
Білмей де жүрер едіңіз.
Сезімге сенім жалғар ем,
Аптада көрсем бір рет.
Берер ғой тірлік жылы леп,
Үніңіз жетіп құлаққа
Тіл қатсаң қайтем гүлдемей,
Күтер ем күн бе, түн демей,
Түссең деп көзге жырақта.
Сізде бар қатал ұғымды,
Естідім бұл жер жақпастай;
Біз өстік… салтпен бұрынғы,
Бөтен ат сізге тақпастай.
Бұл жерге неге келдіңіз?
Жан баспас меңіреу қиырда,
Жүрер ек білмей сізді біз,
Түспес ем сонша қиынға.
Жанымның жабық мұңын да
Уақытқа жүк деп санамай,
Табар ем жүрек қалауын,
Жағар ем шаңырақ алауын,
Адал жар, абзал анадай.
Басқа ма?!. Жоқ, мен ешкімге
Жүректі үзіп бермес ем!
Ғашықпын, бірақ мен сізге
Әмірсіз көктен ермес ем.
Өмірім болды кепілі
Кездесудің тек сізбен;
Табылды жүрек тетігі,
Иемсің Құдай жеткізген.
Түсімде сізді көрдім мен,
Өңімдей ессіз құмарттым.
«Осы!» деп бейнең берді дем,
Тынбады дауысың ұзақ түн.
Тап кеше айқын болған іс –
Алдамшы жалған түс емес;
Саяда туды толғаныс,
Жадымнан кетпес тың кеңес.
Шындық сол, анық естідім:
Сыр шертті таныс кешкі үнің.
Жарлыға жасап көмекті,
Жатқанда сізге жебетті,
Сағыныш толы кескінім.
Сәт берсе тағдыр өжетке,
Көріндің құштар мезетте.
Жап-жарық түнде жарқ еттің,
Маңдайдан бастап сүйгіштеп,
Шалғайдан мақтау үйгіштеп
Сендіріп сөзге ант еттің;
Доспейілмісің қолдаушы,
Қаскүнембісің алдаушы?
Күдігімді осынау шеш менің,
Сарнау ма құр бос сандырақ?
Алдау ма жаным кешкені,
Арбауға түсіп абдырап?
Амал жоқ! Менің тағдырым
Берілді берік қолыңа;
Көз жасын төгіп, жан сырын,
Арнаймын сенің жолыңа…
Жалғызбын, жар бол, жалынам,
Түсінер жан жоқ қасымда.
Мәжбүрмін қажып, жасуға,
Талықсып, естен жаңылам.
Кездесу оңдар ісімді,
Жанарың артық бар емнен.
Не сен бұз ауыр түсімді,
Жазғырар ашық дәлелмен!
Тоқтайын! Менің ашты рас,
Ұят пен үрей көзімді.
Кепілдік арың айнымас,
Қолыңа бердім өзімді.
XXXII
Татьяна уһілеп, қалтырап,
Қолда хат басты дірілге.
Қуарды сарғыш жарқырап,
Жабысты желім тілінде.
Иыққа басын салғанда,
Жейдесі жылжи қалғанда
Кеудесі кербез ашылды,
Сәулесі Айдың шашылды…
Шырайын ашты сай-сала,
Сағымды кештің үні ізгі,
Бақташы тартты сыбызғы
Ұйқыдан жұртты қайтара.
Оянса әлем жаны бір,
Татьянам үшін бәрібір.
XXXIII
Таң сырын Татьяна ашпайды,
Мұңайтты оны жас арман.
Хатына мөрін баспайды,
Бұранда ойып жасалған.
Есікті ашып тап басты
Филипьевна сонда ақ шашты.
«Шай келді, көңіл бұр, — дейді.
Күн шықты, қалқам, тұр, — дейді.
Сұлуым, қалай саулығың?!
Таң мезгіл туған торғайым!
Күн батты ма деп те болжадым!
Шалқысын осынау сау күнің!
Ізі жоқ түнгі мұң, шердің,
Көк нәрдей гүлдеп түрлендің».
XXXIV - Ах! Няняшім, септесші. –
«Бұйрық бер, тұрмын алдыңда». - Жәрдемдес, қарсылық етпеші,
Қалтқысыз сенім бар мұнда. –
«Айта бер, еркем, жан кепіл». - Немереңе жылдам ал де тіл,
О… ге апарсын бұл хатты,
Көршіге… берсін қымбатты.
Сөйлесіп аузын ашпасын,
Міндеті мені атамау.
«Кімге апарсын, қалқам-ау?
Ес кетті кәрілік басқасын.
Көршімін — демес пенде жоқ,
Санын да білу менде жоқ».
XXXV - Аңқау деп няня айта алдым! –
«Азаяр ақылы кексенің,
Таняшым, мен де қартайдым,
Шаң жұқпас күнді көкседім,
Тақсырдың сөзін екі етпес…» - Жәрдемшім болшы мезі етпес,
Бәс емес сенің ұғымың,
Бұл хатта бүкіл ғұмырым,
Онегинге апарсын. — «Түсіндім,
Бәрін де ұқтым, қарағым,
Бірақ та аң-таң қаламын,
Сұрланды өңі түсіңнің». - Кетпесін, қартым, сөз үдеп,
Немерең жетсін тезірек.
XXXVI
Бір тәулік өтті, хабар жоқ,
Келесі күн де тап сондай.
Тарықты Таня алаң боп,
Сәнденсе жауап тап болмай,
Ольганың келді тосқаны.
«Сіздің дос нендей жоспары?
Ол бізді естен жойған ба?» –
Деп кемпір сұрақ қойғанда
Дірілдеп Татьяна тебіренді. - Дәл бүгін келіп қалар күн, —
Деп Ленский саспай шығарды үн. - Ал, мүмкін пошта кеш келді… –
Татьяна өңін суытты,
Тигендей сұқ сөз уытты.
XXXVII
Кешқұрым. Үстелде қызынып,
Самауыр тұрды жарқырап;
Қытайы шәйнек сызылып,
Жеңіл бу шықты бұрқырап.
Құйды шай Ольга бабымен,
Шынаяқтарда ақ рең
Қара шай тәбет байлатты,
Жас бала құйды қаймақты;
Татьяна меңдеп аңсауы,
Әйнекке суық дем берді.
Терезе жанын меңгерді,
Ғажайып сұлу саусағы,
Әйнекке белгі басыпты,
О және Е деп жазыпты.
XXXVIII
Қайтсін-ай, жаны сыздады,
Томсарған көзге жас толды.
Естілді дүбір! Қызбады,
Қорамен қосты ат жолды.
Евгений! Ах, деп жеп-жеңіл,
Татьянаға ұшқыр жетті өмір,
Ауладан зытты бақшаға.
Қарады артқа бас сала,
Заулады бойын ширатып,
Шабындық, көпір, гүл майса,
Көл шеті балғын гүл жайса,
Боз қараған талын қиратып,
Толқыған жетті құраққа,
Орындыққа қойған бұлақта.
XXXIX
Құлады қыз…
«Осында Евгений!
О, құдай! Ол не ойлады?..»
Жүректі әлек жеңгенін,
Тәтті түс нәрі жоймады;
Денесі қызды дірілдеп,
Дым үн жоқ жақын білінбек.
Күтуші қыздар бақшада,
Теріп жүр жидек жар сала;
Әнменен күлкі алмасты
(Үкім сол басты білгенім:
Мырзаның ұрлап жидегін
Жеуге де ауыз бармас-ты;
Әнменен ауыз байлаған,
Қулық сол төңірек жайлаған).
Қыздар әні
Қыздар, қыздар, сұлулар!
Дос құрбылар табысқан,
Қызық ойын құрыңдар!
Естілердей алыстан!
Шырқатыңдар жақсы әнді,
Жастарды естен тандырып;
Сайран салып, тамсандыр
Кете алмастай мәңгіріп.
Жігіт келсе жар салып,
Әніңе қатты басыңдар.
Бір тасадан қарсы алып,
Бүлдірген, шие шашыңдар.
Қарлыған мен боз жидек,
Ұшсын қызыл қарақат;
Жігіттер тыңдап ғажап ән,
Сырттан қарап төнбесін;
Қыздар ойынын тасадан,
Жасырын келіп көрмесін.
XL
Ән естілді бейжай, еркін,
Көңіл көркін ашардай;
Татьяна тұрды барша дертін,
Әуенге қосып шашардай.
Өшпеді жүрек қарқыны,
Лаулап тұр жалын жалқыны.
Өтпеді бойдың қызуы,
Құштарлық көңіл бұзуы.
Көбелек дерсің жарқырап,
Жайнатса алтын қанатын,
Балалар мәз боп қалатын;
Қояндай қатты қалтырап
Сал бойы сұлық сенделді,
Көргендей әккі мергенді.
XLI
Татьяна қатты күрсінді,
Орнынан тұрды әл кетіп.
Жол бастар көрді бір сынды,
Аллея жақтан жарқ етіп.
Евгений тұрды көзі ойнап,
Көлеңке бойлап, тез ойлап;
Күйгендей жаны от тиіп,
Татьяна қалды мелшиіп.
Бұл кездесу қызығын
Достарым, бүгін жаза алман,
Наз арман сырын қаза алман;
Жоғалтып алмай үзімін,
Дем алған соң көрейін,
Соңынан жазып берейін.
Төртінші тарау
Ізгілік барлық затқа тән.
Неккер1
I, II, III, IV, V, VI
VII
Әйелді қанша аз сүйсек,
Соншама жеңіл ұнаймыз.
Жалындап жанып көп күйсек,
Шығармай тордан сынаймыз.
Алдау да сиқыр ұғым боп,
Кетті ғой мақтар ғылым боп.
Хабаршы өзі жан-жаққа,
Шын сүймей батқан рахатқа.
Бірақ бұл әуре шатағы,
Маймылдар ескі қалпындай,
Мақтаншақ ата салтындай;
Ловластың2 тозды атағы,
Өкшелер биік ырқымен,
Жасанды шаштың ғұрпымен.
VIII
Қитұрқы жоқ мінез бағыттас,
Өзгеше таппас ретін,
Айтуға гәпті жалықпас,
Адамдар көптен білетін.
Баяғы ескі талқылар,
Есі бар жанды таң қылар,
Он үшке жеткен бүлдіршін!
Көрмеген дүние өз басы,
Ант пен серт, үрей шатпағы,
Дәл алты парақ хаттағы,
Өтірік, өсек, көз жасы,
Анасы және жеңгелер,
Ағалар салты дем берер!
IX
Тап солай Евгений ойлады,
Алғашқы жастық салтында.
Басуға теріс тоймады,
Құштарлық жеңген қарқында.
Өмірдің өзі ерке етті,
Біреуге ынтық серт етті.
Өзгеден көңілі қалғанда,
Тілектен жұрдай қалған ба?!
Табысқа тайғақ сенгендей,
Жалғасып у-шу, тыныштық,
Жетті өсек-аяң ыңырсып,
Есінесе күлкі жеңгендей:
Сегіз жыл өтті межелі,
Өмірдің алтын кезеңі.
X
Қыздарға құштар болмады,
Жүру де қалды алшақтап;
Қасарса — демес қорлады,
Жалтарса — жүрді жан сақтап.
Кездесті жиі табынбай,
Қалдыра білді сағынбай;
Көндікті кетсе жолатпай,
Қадірі қайтқан қонақтай.
Мінезі тәнті санқилы,
Карта ойнау бітсе тайқиды,
Үйіне жетіп ұйықтайды;
Білмейді болжап амалын,
Кешқұрым қайда барарын.
XI
Татьянаның алып жолдауын,
Онегин жаны желпінді;
Ғашық тіл балғын толғауын,
Ұғынса мың ой серпілді.
Татьянаны еске алды,
Солғындау өңін көз шалды;
Тәтті түс таза жеңгендей,
Балқыды ессіз ергендей;
Басқарды-ау ескі ғадеті,
Сезімнің селі арбады;
Алдауға бірақ бармады,
Сенімнің жеңді медеті.
Бақшаға кеттік жолды ашып,
Кездескен жерге қос ғашық.
XII
Тұрды олар сәл-пәл үндемей,
Онегин жақын тақады.
Сөйтті де сөгер мін демей,
Хат сырын айқын атады.
«Оқыдым, — деді, — пәк жанның
Сезімге ынтық жанғанын;
Тазалық сол ғой — жол құтты,
Жанымды қатты толқытты,
Сезімге сөнген бармақпын;
Мақтамаймын мен сізді,
Әз жаным құрмет білгізді.
Жасандыдан аулақпын;
Тәубешіл көндім салтыма,
Сот бол да өзің талқыла».
XIII
Өмірді үй-жайы салтымен,
Сыйлағым келсе ардақтап;
Жұбайлық көніп антымен,
Жанұя құрсам сәулетті,
Бұйырса шаңырақ дәулетті.
Сүймес ем сізден басқаны,
Ешқандай мадригал өлеңсіз;
Арманға асыл балар ем,
Бір Сізді таңдап алар ем,
Қайғылы күнге елеңсіз,
Кепілдік салтын шолар ем,
Бақытты шексіз болар ем.
XIV
Туғам жоқ рахат алуға,
Ондайға менің жаным қас.
Сұлулар естен тануға,
Сай қылық менен табылмас.
Жігітпін сізге шақ келмес,
Жұбайлық бізге бақ бермес.
Сүйісіп жеңсе әурең де,
Кетермін айнып әу демде;
Көзіңнің жасы азабын,
Менсінбес түгіл безінер.
Ойланшы, раушан ғажабын
Гименей1 бізге баптайды, 25
Мүмкін көп күн сақтайды.
XV
Пәлекет аспас жалғанда,
Жұбайы тұрмай бірге де,
Қалса әйел жалғыз арманда,
Тосумен күндіз түнде де;
Салқын жан білген құныңды.
Тағдырды қарғап бүлінді,
Қызғаншақ әрі қатыгез,
Қатал сол айтпас жарты сөз!
Мен сондай. Қалай маздадың,
Жаныңа жайсаң тең бе едім?
Қай миға сыйды жазғаның?
Қалайша мендей қиын жан,
Тағдырдан саған бұйырған?
XVI
Арман мен жылдар оралмас,
Жаңарту қайда жанымды?..
Тап мендей ешкім сүйе алмас,
Ағаңдай сақтап арыңды.
Тыңдай бер мені қамықпай,
Айырбастар жас қыз жалықпай;
Ескі арман тозар жараспай,
Жаңартқан жапырақ ағаштай,
Жасарар әрбір көктемде.
Сүй басқаны деме зіл,
Өзіңді өзің жеңе біл;
Көз салма артта өткенге;
Кім мендей сені түсінер?!
Білместік отқа түсірер.
XVII
Евгений солай үйретті,
Татьяна ауыр мұңды ұғып,
Көз жасы жуып бұл дертті,
Тыңдады өксіп, булығып.
Қол созды Евгений. Мұңлы рең,
Емес қой сәнқой, дағдымен
Татьяна бойын жеңілтіп,
Еңкейді басын телінтіп;
Бақшалық ішін аралап,
Кетті олар, құпия бүкпеді;
Еш адам көзге түртпеді,
Елде бар салтты бағалап.
Екі жас ғұрпы бекінді,
Тәкаппар Мәскеу секілді.
XVIII
Оқушым, сен де мойында,
Әдепті қылық көрсетті,
Татьянамен қызбай ойынға;
Өресін биік өлшетті,
Жанына біткен ізгілік,
Сыртынан бірақ тың бүлік,
Өсек сөз аз ба қосқаны,
Өзінің қас пен достары,
(Тапқандай бірдей тақтасын)
Қалдырмас дымын дауы бар.
Әркімнің өз жауы бар,
Достардан құдай сақтасын!
Оларды айтсам шешіле,
Не түспес дейсің есіме?!
XIX
Ұйқымен естен қашырам,
Ниеті қара қиялды;
Көкірекке тығып жасырам,
Өсекті көпке зиянды.
Шатырда сұмнан тараған,
Қауымнан мақтау қалаған,
Ақылы әнтек шолақтау,
Эпиграмма сүйгіш олақтау,
Досыңыз шалқып айта алар,
Құрметті думан ішінде,
Қулық жоқ ерке түсінде,
Жүз мәрте мүмкін қайталар;
Қорғаның өтер суыспай,
Сүйеді ол сізді туыстай.
XX
Құлақ сал асыл оқушым,
Тілеймін әулет мерейін!
Мархабат: маған сол үшін,
Өзімнен хабар берейін.
Бауырлас бақыт құрардай,
Шын туыс болар мынандай:
Оларға ынтық нұр жауып,
Сүйейік, адал сыйлайық,
Халықтың сыйлы күнінде,
Рождествоға бармай қалмайық,
Не жедел хат арнайық;
Әр тәулік қалған бірінде,
Біздерді аңсар болмасын…
Көп жасап құдай қолдасын!
XXI
Қашан да таза махаббат,
Беріктеу дос пен туыстан:
Тұрса да дауыл анталап,
Сәт табар жаны ұғысқан.
Дәл солай. Бірақ жаңа салт,
Табиғат та тосар басқа шарт;
Қауымның да ойы күдік қой,
Осал жыныс түбіт қой.
Еркектің жеңер талғамы:
Ол айтқан өмір маңызы,
Жақсы әйел міндет-парызы;
Сол бикеш сізді алдады,
Десем мен оқыс сәтті айтам:
Жүрекпен ойнар ақ сайтан.
XXII
Кімді ойлап, кімге сенерміз?
Айнымас жанды анықта…
Іс пен сөз парқын көрерміз,
Өлшенсе біздің қалыпта.
Ол баспай өсек-аяңға,
Көңілде ермес алаңға;
Қатеміз оған қайғы емес,
Жайламас жанын жат кеңес?
Бос елес іздеп отырсың,
Әр істің артын түйе біл,
Өзіңді өзің сүйе біл,
Мәртебең зор оқушым!
Қолдарсың, мейлің, қолдама:
Бәрінен артық сол ғана.
XXIII
Кездесу сәтті бітті ме?
Түсіну әттең оп-оңай!
Махаббат ессіз күтті де,
Тосуда әлі тоқтамай.
Ащы ғой мұңы жас жанның,
Құштарлық оты сақталдың,
Татьяна жанып барады;
Төсектен ұйқы тарады,
Саулық пен тәтті жас құшақ,
Шат күлкі сауық құрыспай.
Бәрі өшті құнсыз дыбыстай,
Таня үшін өшті жастық шақ:
Үдетті дауыл әуресін,
Жапқандай күннің сәулесін.
XXIV
Татьяна солып барады,
Таңдайдан дыбыс тарамас.
Қызыққа сөнді талабы,
Сергуге бірі жарамас.
Бастарын шайқап көршілер,
Күңкілдер сөгіп ерсі дер,
Жетті дер қыздың мезгілі!
Тоқтайын, тусын сөз гүлі,
Ой қозғап етем өкініш;
Бақытты ғашық салтымен,
Сыр бермес жүрек қалпымен,
Қаулап тұр іште өкініш;
Айтуға соны асықтым:
Татьянаға өзім ғашықпын.
Сәт туды, тәтті тұтқынға,
Ольганың көркі түсірді;
Өзгеше Владимир ұқсын ба,
Елжіреп жаны түсінді.
Бірге жүр. Емес шошынар,
Қараңғы жерде отырар;
Қолына қолын салар да,
Саялар таңғы самалда;
Бәрі жөн. Сәнді түр-түсі,
Ұялшақ күйде жасқаншақ,
Қосылар бір сөз басталса-ақ,
Ольганың баурап күлкісі,
Алтын шаш қолдап жетегін,
Сүйеді көйлек етегін.
XXVI
Ольгаға кейде оқиды,
Ақылгөй ойлы роман.
Табиғат сыры санқилы,
Жаза алмас Шатобриан,1
Әйтсе де, екі-үш парақтар,
Сандырақ, жалған шатақтар…
Ондайға жеңіл баспайды,
Ұялып оқымай тастайды.
Оңаша кету молданып,
Шахматқа қарап үңіліп,
Үстелге тақап бүгіліп,
Отырар олар толғанып;
Ленский жеңсе біріндеп,
Кетеді бойы дірілдеп.26
XXVII
Үйіне барған сәттердің,
Ольгаға бәрін арнайды.
Әр беті ұшқыр дәптердің,
Рене — (1768-1848) француз ақыны.
Бояуға бәрін талмайды:
Салады кесене қасында,
Киприданы1 бейіт тасында;
Не кептерді лира2 шетінде,
Қаламмен не бояу ретінде;
Естелік сәті келді шын
Парақта соңы бітпеген,
Қалдырар және құтты өлең;
Үн бермес қиял белгісін,
Ұшқыр ой берік ізіндей,
Көп жылдан қалған үзілмей.
XXVIII
Көргендер көп қой сан рет,
Уездік ханым альбомын,
Былғапты, айтсақ дәлірек,
Басынан бастап бар жолын.
Келместей жазғыш сауатқа,
Шатпақтар кірмес санатқа.
Шын достық салтпен жазылған,
Қысқарған, қайта созылған.
Алғашқы бетте сөз кесті:
«Не жазсаң да, — делінген, —
Аннетта сізге берілген»; 27
Парақта соңғы кездесті:
«Кім сүйсе мені сенен зор,
Мен жайлы енді жазсын сол».
XXIX
Көп қызық арбап күн өтер,
Қос жүрек, жалын және гүл;
Бет тақтайын куә етер,
Махаббат антын көре біл;
Әскери ақын жазыпты,
Арамза жырмен азыпты.
Альбомға мұндай наз өлең,
Мен-дағы, достар, жазар ем.
Сенім мол, неге іркілем,
Менің де кейбір шатпағым,
Анықтар қолдау тапқанын,
Артынан қиқар күлкімен.
Талқыға салмас қас пен дос,
Бөсті дер қатты, әлде бос.
XXX
Беу, томдар шыққан әр сақта,
Жындардың кітап қорынан;
Туғанын сөздің салмақта,
Дарынсыз ақын қолынан.
Толстойша1 сиқыр әдіспен.
Әлде Баратынский дем берді,
Тамаша сұлу жол табар, 28
Тұтатсам сонда жан шоғын,
Эпиграмма іште қозғалар;
Оқыған адам болар дал,
Ал, олар тосар мадригал.
XXXI
Мадригал Ленский жазбайды,
Жас Ольга сыйлар альбомын;
Ғашықшыл сөзі маздайды,
Отты әзіл байқар тар жолын.
Білдірмей сонда бір кемін,
Ольгаға арнар білгенін:
Айшықты адал кезең көп,
Эпиграмма толқыр өзен боп.
Языковша1 билеп шын сезім,
Жүректің үнін тыңдайды,
Кім болса соны жырлайды,
Элегиялар салар күмбезін.
Осында өткен әр күннің,
Айтары сенің тағдырың.
XXXII
Сақ сыншы тілін білсеңдер,
Бұйырды бізге баста деп;
Элегиядан құрап гүл шеңбер
Ұйқасшыл достар қоста деп
Бақырды: «Тынсын тақылдау,
Бақаша тынбай бақылдау.
Жабыспа өткен күндерге,
Жаңа сөз керек бұл жерге!» - Жөн айттың, бізге көрсетші,
Бет перде, керней, қанжарды,
Өлімтік ойлы жандарды
Қайтар деп, бәрін сөз кесші,
Солай ғой? — «Жоқ. Бұл залал!
Жазыңдар ода, мырзалар!
XXXIII
Жылдардай артқан нар жүкті,
Жазыңдар ескі әдіспен…» - Оданың төксе салты нұр!
Емес пе, достым, бәрібір?
Сатирик1 бізге не деді?!
«Бөтен ой» назын тежеді,
Ғұрпыңды сезді құлқыңнан,
Қашты ма біздің мұңшылдан? –
«Элегия сыры тым ұсақ,
Бос қиялда бар заты,
Оданың озық мақсаты,
Қасиетті…» Айтар мың құшақ
Бармайын сөзге дәл қазір:
Дауласпасын қос ғасыр.
XXXIV
Табынтып атақ, еркіндік,
Дайын ғой жазар одасы;
Владимир шалқып желпінтіп,
Оқымас әттең Ольгасы.
Шын ақын сүйген адамға,
Жан сырын арнап қалар да.
Көзінше қыздың оқыған,
Сый аспас оған осыдан.
Сәтте сол үміт ақтаған,
Кездесіп құштар арманы. 29
Ғашық жыр оқып қалғаны,
Аруды маңғаз мақтаған!
Ол шат-ты… Қыз сәл күлсе де,
Басқаны көксеп жүрсе де.
XXXV
Қиялмен біткен санама
Үйлесім сәтті әлегін
Тыңдатам қария няняма,
Жас күндер көрген әлемін;
Түскі астан кейін еншіге,
Адасқан тиер көрші де;
Етектен тартып аңғартам,
Трагедия оқып сандалтам,
Әйтеуір зілсіз толқытам;
Аңсау мен ұйқас ойымда,
Сандалып көлдің бойында
Үйректер тобын шошытам:
Тәтті өлең үні жетеді,
Тағы құс ұшып кетеді.
XXXVI, XXXVII
Онегин нешік? Бауырлар!
Жасаңдар әнтек шыдамдық:
Ол неге бүгін зәру-зар,
Жеткізем хабар ұнарлық.
Евгений жұрттан безген жан;
Жаз келсе жетіде атар таң,
Жетеді сайлы кезеңге,
Шатқалда шапшаң өзенге;
Гүлнарды1 жазған ақындай, 30
Геллеспонт1 кешер малтумен,
Кофесін жұтар балқумен,
Нашар журнал оқыр шалқумен,
Содан соң ол киінер…
XXXVIII, XXXIX
Қыдыру, оқу, қатты ұйқы,
Көлеңке, бұлақ сыңғыры.
Қара көз, ақ қыз жеңді ырқы,
Жас иіс болды білгірі.
Жүгенге көнгіш ұшқыр ат,
Түскі аста шымқай құнды зат,
Ақ шарап аздап ішкені,
Таса жер таңдап түскені:
Онегин өмірі киелі;
Сезімсіз бейқам тартып та,
Қызу жаз бойын шалқытса,
Еркелей Евгений біледі,
Қала мен достар қалды ұмыт,
Іш пысқан тойдан жан суып.
XL
Солтүстіктегі біздің жаз,
Оңтүстік қысқа келемеж;
Жалт етіп өтсе, жылуы аз,
Болыппыз үнсіз елемес.
Аспанда күздің иісі бар,
Шуаққа тоғай кіріптар;
Қысқарды күннің аясы,
Азайды орман саясы;
Даланы басты көк тұман; 31
Әндетті қаздар көш құрған,
Оңтүстік жаққа тізілді.
Жабықты қаусап маң дала,
Қараша келді аулаға.
XLI
Таң жетті түнгі салқында,
Қырдағы дүбір тоқтады;
Аш қасқыр қаншығы қасында,
Қақ жолға көзін оқтады;
Сезген ат міндет орындап,
Жолаушы жатса қорылдап,
Ызғыта тартты шапқылап;
Бақташы көзбен атқылап
Сиырды қумас егіннен;
Түсте де жарлық арнатып,
Жинамас керней зарлатып;
Үйде қыз жіпке берілген,
Иірді көнбей қалғуға,
Шырпы оты жайнап алдында.
XLII
Сықырлап аяз жылжытпас,
Далада күміс сән құрған…
(Оқушым күтсең гүлді ұйқас),
Ал, мінеки, ал, жылдам.
Паркеттен әсем сәндірек,
Қатты өзен, көк мұз ән тілеп;
Балалар көнбес қалуға,
Кәңкимен мұзды, ал, жылдам.
Қызыл табан қоңыр қаз
Жүзуге судың бетінде,
Орнықты мұздың шетінде.
Желкілдеп жауып, айтып наз
Тұңғыш қар көзге көрінді,
Жұлдыздай жерге төгілді.
XLIII
Қиырда не бар бұл кезде?
Серуенге селтең жарамас;
Селеннің сыртқы түрі өзге,
Бірыңғай сидаң жалаңаш.
Салт жүру келмес татымға!
Тағасы тозған атың да,
Дей көрме мұзда шынығар,
Қатқақта құлап жығылар.
Оқысаң Прад1 пен Вальтер Скотт2 .
Шығынды бірақ санап өт,
Ызамен ішсең, ұзақ кеш;
Ертең де тосар тамаша,
Қыс өтер сыйлы жаңаша.
XLIV
Онегин нақ Чильд-Гарольдша
Жалқаулық қанды сырына:
Мұз салған суда шомылса,
Күн бойы баспас бұрыла;
Көп есеп ауыр жолында,
Топас кий өтпес қолында.
Бильярдта екі шарменен
Жарысып ойнар таңменен.
Деревня кеші жеңеді:
Кий қалды, бильярд жабылды, 32
Ас толды, камин жағылды;
Евгенийге Ленский келеді,
Үш қара жеккен ақ жалды,
Түскі асқа жылдам қарсы алды.
XLV
«Клико» не «Моэт жесірі»,
Бәрі де ғажап шараптар.
Мұз салу — ақын шешімі,
Сай болды талай талаптар.
Ипокренше1 жайнады,
Көбігі жігер қайрады.
Тыныш па, әлде бұзық күн,
Ол үшін өзім қызықтым;
Соңғы тиін — лепіт бұлдырар
Қалды ма есте, достарым?
Шапшыса шабыт қосқаным
Есердің ісін тудырар,
Әзіл мен жырым қаулады,
Тәтті түс, туды дауларым.
XLVI
Көбігі шулы жақпады,
Құптамай қарным еш сыйын;
Ақылға көндім мен биыл
Аи-ға2 енді бармаспын,
Ғашықтай елтіп қалмаспын;
Құны жоқ және құлқы бос..
Шын досқа Бордо3 жетуде 33
Қайғы мен мұңды ұға алар,
Жолдас боп алдан шыға алар,
Сендерге құрмет етуге
Бөліссін, шаттық қосыңыз,
Жасасын Бордо досымыз!
XLVII
От сөнді. Соңғы күлімен,
Көмілді шоқтың алтыны;
Ағында жалын үнімен,
Жалғасты будың қарқыны.
Камин пеш әбден деміккен,
Мүржеге түтін теліткен;
Үстелде шарап қалдығы,
Ымыртқа батып қалды үні..
Қыздырса достар жаласы
Кейде бір бокал шарапты
Тәбетім менің жаратты;
Ит пенен қасқыр арасы
(Секілді сайран деме бос)
Сырласып отыр екі дос:
XLVIII
«Көршілер сау ма? Татьяна ше?
Өз Ольгаң қандай мәнерде?» - Шарапты жарты құй кесе…
Қосылды бәрі сәлемге,
Тағзым ет деп сұрады,
Өздері күйлі тұрады;
Ольганың иығы, төсі де,
Көз тояр өсті көсіле!
Біз барсақ қалай тік тұрмас;
Әйтпесе үңіл сен күйге,
Екі рет бардым ол үйге,
Тұмсықты енді сұқтырмас.
Мен қалдым бекер баптана,
Сен қонақсың келер аптада.
XLIX
«Мені ме?» — Иә, Таня тойына
Сенбіге — туған күніне
Шақырды, сақта ойыңа,
Сен бармай қалма бүліне. –
«У-шуды халық талғайды,
Кім болса сол қаулайды…» - Бұзылмас ол үй сәулеті,
Жиналар туыс, әулеті.
Барайын бірге дос шыда! –
Көрші қыз құрмет жасатты,
Тағы бір шөлмек босатты,
Стақандап саспай қосты да,
Ольганы мақтай жөнелді,
Ғашықшыл жаны кенелді.
L
Қуанды. Мерзім екі апта,
Бақытты күні шешілді.
Некелі төсек тақап та,
Ойлантып гүлтәж көсілді.
Зерледі шалқу әлемін,
Гименнің1 мұңлы әлегін;
Жабығу ерік бермеген
1Гимен — грек мифологиясында некенің құдайы.
Түсіне кіріп көрмеген.
Дегенмен бізге қас Гимен,
Күнделік өмір табы бар
Суреттер адам жалығар,
Романдай жазған Лофонтен1…
Ленскийім байғұс адал жан,
Осыған лайық жаралған.
LI
Сүйді оны… солай әманда
Ойлады. Болды бақытты.
Нұрлы жан көнген сенімге
Ақылын кері тартыпты;
Жүгендеп жүрек жүдеген,
Мас мейман бір түнеген
Көбелек дерсің дер күнде,
Көктемгі салған зер гүлге;
Кейде оңбас пысық көреген
Ойлантып басы айналмас,
Іспенен сөзге байланбас,
Өзге ойды ол жоқ жебеген;
Жүрегін өмір суытты,
Ұмытпас берді ғұрыпты!34
Бесінші тарау
Білме бұл сұмдық түстерді
О, Светланам сен менің!
Жуковский
I
Сол жылы күздің шуағы,
Аймақта тым кеш алданды;
Табиғат ұзақ шыдады,
Қаңтарда ғана қар жауды.
Үшінші таңда таңдана,
Әйнектен көрді Татьяна
Таңғы әсем аппақ ауланы.
Шатырды күртік жаулады,
Терезе толы қысқы өрнек.
Ағаштар күміс жамылған,
Сауысқан тойы табылған.
Жеңіл қар басты тауды өрлеп:
Кілемін қыстың айнала,
Жамылды аппақ сай-сала.
Қыс келді.
II
Шаруа шаттанып,
Жаңартар жолын шанамен;
Пысқырып аты баптанып,
Желеді қарлы даламен.
Бұрқыратып жол жарып,
Күркелі күйме келді ағып;
Ат айдап жәмшік желдеулі,
Тұлып пен қызыл белбеуі.
Бір бала қыза түсіпті:
Күшігін салған шанаға,
Жегіліп ат боп далада;
Тентектің қолы үсіпті:
Жылап та күлуін қарашы,
Терезеден ұрысты анасы.
III
Бірақ та бәлкім нақ сондай,
Табиғат сізді маздатпас:
Суретке ынтық тап болмай,
Жоқ сұлулық таңдантпас.
Тәңірі алға ұмтылтып,
Басқа бір ақын құлшынтып,
Алғашқы қарды жырлады.
Тарқатып құмар нұрлады,
Оқысаң тәнті болар ма ең?!
Шалқыпты шабыт пәрменді,
Шанамен салған серуенді;
Мен сайыспан олармен.
Сенімен де сыр жоқ ашатын,
Фин қызын жазған жас ақын1 .
IV
Татьяна нәзік жанымен
Өзі де білмей күлетін.
Ызғарлы салқын қарымен
Орыстың қысын сүйетін.
Аязды кеште қыраулы,
Шана мен шуақ ұнаулы;
Шұғыла шашса уыз қар,
Крещен кешін қызықтар
Ескіге құрмет жарасты. 35
Осы үйде еркін нұрланып,
Қызметші қыздар жиналып,
Бикештерге арнап бал ашты:
Болжады оларға «көріпкел»,
Әскери күйеу жорықпен.
V
Ырымға Таня сиынған,
Көне сөз құлы алдында;
Ашқан бал кетпес миынан,
Көрген түс, сыры Айдың да.
Әр белгі болды жорамал,
Құпияға жанын ораған;
Түрткілеп іштен қинады,
Көкірекке бәрі сыймады.
Бет жуып мысық пәле де,
Мияулап мұрнын көп шұқыр:
Сенімді белгі ол тықыр.
Шақырар қонақ және де
Қос мүйіз Айдың келбеті,
Сол жақтан тосып жер беті.
VI
Қыз сұрланар дірілдеп,
Аққан жұлдыз лезде
Аспанда ұшса біріндеп,
Айналған дағды мінезге;
Түседі Таня дауылға,
Жылжыған жұлдыз сауында.
Тілегін жүрек жеткізер,
Көргенін көзге көп тізер;
Тап болса қара монахқа,
Не қоян жонда бұққанда,
Бір кесіп жолын зытқанда,
Денесін үрей тонап та,
Сезімге қайғы қосатын,
Қиядан пәле тосатын.
VII
Құпияны шындық санатты,
Жанына үрей жаншылып:
Табиғат осылай жаратты,
Біздерден қалмас қайшылық.
Святки1 келді. Қуаныш!
Бал ашу сұлуға жұбаныш;
Өкініш ермес жастарға,
Өмірдің жолын бастарда,
Көреді жайнап жатқанын;
Бал ашар қария расында,
Бет тақтайының қасында,
Жоғалтып барлық тапқанын;
Бәрібір сеніп қараса,
Былшылдар сәби балаша.
VIII
Татьяна сергек қалпында
Балауызға суда қарайды:
Ол салып ғажап жарқылға,
Төгеді ғажап арайды;
Толтырған суға ыдыстан
Шеңберлер туды ығысқан;
Сақина шықса етті елең,
«Еркектер онда бәрі бай,
Күмісті күреп алуда, 36
Әндеттік мақтап қалуға»
Қалар дейді-ау жарымай;
Ән сазы төгіп аяныш;
Мысықшыл1 қызға бәрі аңыз.
IX
Түнгі аяз, аспан жайдары;
Жұлдыздар көшті заулама,
Нұрлы аспан көзді байлады…
Татьяна шықты аулаға,
Үстінде ашық көйлекпен,
Айнаның Айды көрсеткен,
Жанына қайғы батқаны-ай,
Қалшылдап Айдың жатқаны-ай…
Қар басып біреу өтті… қыз
Жүгірді оған қарқындап,
Дауысы шықты жарқылдап
Сыбызғы дерлік қарлы қыс:
«Сіз кімсіз?» десе тапты жөн:
«Есімім, — деді, — Агафон.
Бал ашу X қиын болса да,
Нянясы бәрін бастатқан;
Жасатты Таня моншада,
Екі адамдық дастархан;
Әп-сәтте тынды Татьяна…
Ойлантты мені Светлана,
Танямен бірге бал ашпай.
Татьяна бекер сассын ба,
Төсекке кірді бел шешіп, 37
Жебеді Лель1 тез сезіп,
Құс жастықтың астында
Бәрі бар. Татьяна ұйықтады.
XI
Татьяна ғажап түс көрді.
Шығардай құтты жол алдан
Қарлы қыс, дала күш берді,
Кешқұрым мұңға оранған;
Күртіктер толқып алдында
Борандап басты қарқынға
Тулаған ағын ақ басты.
Қыста да тыным таппас-ты,
Қос сырғауыл жабысқан
Көпір боп бірге мұзданған,
Ағыннан өтер жол салған2 ;
Иірімде шулы табысқан,
Аң-таң болған сәт өтпей,
Тоқтады Таня қалт етпей.
XII
Айрылысар сол деп жол берер,
Татьяна сөкті бұлақты;
Ар жақтан оған қол берер,
Жан жоғы қатты сынатты;
Бір кезде қардан жік шықты,
Зор аю3 жүні үрпиген,
Ұлуын оның кім сүйген?.. 38
Тырнағы өткір табанын
Шошынған қызға ол созды,
Татьяна шошып қол созды
Тапқандай үркек амалын;
Бұлақтан өтті. Не деді?
Соңынан аю келеді!
XIII
Етеді әрең жан шыдам,
Татьяна өзін зорлайды;
Сабалақ жүнді жалшыдан
Кетуге қашып болмайды;
Қырқылдап аю келеді,
Алды — орман, қалың белеңі;
Тұр қарағай қалжырап,
Бұтақтар қардан салбырап,
Аралас қармен аспаннан
Ақ қайың, терек, жалаңаш,
Үстінен түнгі бар ағаш,
Түседі сәуле жасқанған;
Бұта мен жолды қар басқан,
Көрінбес бір із қалмастан.
XIV
Алды — орман, аю — артында;
Келеді Таня қарлатып,
Түскендей жан алқымға,
Құлақтан қалар тал тартып
Алтын сырғасын алардай;
Қар ойнар қосыла талардай;
Кебісі батып қалады,
Орамал желдеп барады,
Барлығын қайтіп қия алар;
Аюды сезіп артында
Киімнің шетін тартуға,
Қолдары нәзік ұялар;
Бұлтартпас аю үңіліп,
Күш те жоқ кетер жүгіріп.
XV
Қыз құлады, аю кеп
Құшақтап ала жөнелді;
Таня үнсіз-демсіз талды леп
Сезбейді қорқу дегенді;
Шапса аю ағаш ішінде
Күрке тұр жолдың үстінде;
Шөл дерсің, із жоқ жан басқан
Шалғайда түкпір қар басқан,
Терезе оты наздана
Күркеден у-шу ағылды
Аюға құда табылды:
«Жылыншы, — деді, — аз ғана!»
Өзі өктем әрман барды да
Есіктің қойды алдына.
XVI
Ес жиып Татьяна қарады,
Аю жоқ, сенбеу жарамас;
Ар жақтан у-шу тарады
Жатқандай беріп қаралы ас;
Түрі жоқ енді кешіккен,
Сығалап көрді тесіктен;
Сасып та қалды абыржып,
Үстелде шымқай құбыжық:
Біреуі мүйізді иттұмсық
Қоразбен отыр тұр-тұрлап;
Ешкісақал жезтырнақ,
Тұр қаңқа, қортық мың қырсық,
Жартылай мысық мияулап,
Жартылай тырна тыраулап.
XVII
Одан да асар сұмдықтар:
Өрмекшіге шаян мініпті.
Мойнында қаздың қу бас бар,
Қып-қызыл орамал іліпті.
Билеп тұр жел диірмен,
Қанаттарын ескі иірген;
Үру мен адам сыбыры,
Ысқырық, жылқы дүбірі!
Көргендей зорын қорғанның,
Татьяна мейман ішінде
Таныды түр-түсін де
Кейіпкерін осы романның!
Онегин шолып маңайды,
Есікке жіті қарайды.
XVIII
Ым қақса — бәрі жарқылдар;
Ол ішсе — бәрі қылғытар;
Ол күлсе — бәрі қарқылдар;
Қабағын шытса — үн жұтар;
Ол отыр төрде жойқын боп:
Таняда енді қорқу жоқ
Таңырқап ептеп абдырап,
Есікті ашты азырақ…
Саңғал жел сонда сөндірді
Шырағдан түнгі шамдарын;
Домовойлар төксе айбарын:
Онегин көзімен көндірді.
Ол тұрса — бәрі қаптады,
Есікке қарай аттады.
XIX
Үрейі кетті, асығыс
Татьяна даяр қашуға;
Бірақ та болмас, қапылыс
Шырылдап салу ашуға.
Евгений ашты есікті,
Тамұқтың жыны есіпті.
Келді ару; күлді өздері
Жайнады тағы көздері;
Табандар, қолдар күректей
Дудар бас сұмдық түрлері,
Қан басқан мұрт пен тілдері.
Мүйіздер, қолдар сүйектей,
Тік сілтеп бәрі желікті:
«Менікі, — дейді, — менікі».
XX
«Менікі!» — Евгений дегенде,
Әп-сәтте сұмдар кетеді;
Қараңғы суық еденде,
Қызбенен қалды екеуі;
Онегин жайды құшақты,
Бұрышта қызды жұбатты;
Орындыққа жайлы жеткенде,
Бет тақап ниет еткенде,
Жүгіріп Ольга келіпті,
Ленский соңынан еріпті;
Онегин қолын сілтеді,
Алартып көзін желікті
Қонақтарды боқтап шіреніп;
Татьяна жатыр тірі өлік.
XXI
Дау қызды, Евгений кенеттен
Қол салды үлен пышаққа…
Құлады Ленский; сау еткен
Естілді дауыс ұзаққа;
Көлеңке мұңға боянды…
Татьяна шошып оянды…
Жайнап тұр алау жарқылы.
Бөлмеде әйнек арқылы
Нұр сәуле қызғылт еркіндеп;
Келді Ольга шошып, жоқ шыдау,
Ақ жүзі Аврорадан1 ақшылдау
Көбелектей жеңіл желкілдеп:
«Айт, — дейді, — барды ішіңде,
Не көрдің бүгін түсіңде?»
XXII
Ол жатыр сіңлісін аңдамай,
Төсекте кітап құшақтап;
Парақтар жылжып әрі қарай,
Үндетпес қыз жоқ тіл қатпақ.
Бұл кітап емес зиялы,
Ақынның тәтті қиялы,
Шындық жоқ тартар кеңеске
Виргилий, Расин2 емес те,
Емес Скотт, Байрон, Сенека3 ;
Сән журналынан көп төмен, 39
Арулар құрмет етпеген:
Ол — достар, Мартын Задека1
Халдейлер даңқын қорушы,
Ол — балгер, түсті жорушы.
XXIII
Бұл кітапты тым терең
Саудагер көшкін жеткізді;
Бір күні сәтін тапты ерен,
Татьянаны таңсық еткізді.
Мальвинамен2 жыртылған
Үш жарымдай пұл тұрған,
Ақшаға қалған сылапты,
Сорақы мысал жинақты,
Еміле, Петриаданың3 екеуі
Мармонтельдің4 томын үшінші.
Дегендей Мартын түсінші
Таняға жақты жетегі:
Сылаған сол шаттықпен
Кітаптар досы жастықпен.
XXIV
Көрген түс оны шошытты…
Түсіну мехнат шатпақты;
Қиялдан мәніс тосыпты,
Маңызын Таня таппақшы.
Алғы сөз ашты бар жігін,
Түсінді Әліп-би жарлығын;
Сөздерге: орман, албасты,
Қыл көпір, аю жалғасты.
Көп күдік жатыр осында
Мартын Задекаға сенбеді.
Қатер ғой түстің бергені
Қасіреті қалың оқиға.
Қинады оны сол жағы,
Көп күндер жорып болжады.
XXV
Қызыл күрең пәк қанатпен,
Атқан таң бойлап сайларды;
Шыққан күн ашқан салтанатпен,
Бастады думан тойларды.
Ертемен Лариндер үйінде,
Қаптады қонақ үйіле;
Әркімдер түрлі шамамен,
Күймелі арба, шанамен;
Алдыңғы үй сабылыс, құбылыс,
Төр жақта достар түйіскен,
Ит үріп қыздар сүйіскен,
Есікте у-шу сығылыс.
Қонақтар дәмді бағалар,
Әйелдер, у-шу балалар.
XXVI
Жұбайы кербез келісті,
Пустяков жуан келіпті;
Гвоздин1 — іскер жемісті,
Қайыршыға қолын беріпті; 40
Скотинин1 ақ бас дүбірлі
Шұбырды үбір-шүбірлі
Екі жастан отыз жастағы;
Петушков сәндік бастады,
Немере ағам Буянов,
Күңқағарлы кәртөзбен
(Таныстығын дәл сезгем),
Советник кәрі Флянов,
Кәрі жын, ескі жалақор,
Қылжыңбас, тажал, парақор.
XXVII
Харликовпен біріге үйімен
Келіпті мосье Трике;
Әйгілі айтқыр күйімен
Көзілдірікті жирен, парикте.
Француздық қыры қалмаған:
Таняға шумақ арнаған,
Балалар әні білуім:
«Ұйқыдан оян, сұлуым».
Жинақта өлең өрлеткен
Бұл шумақ көпті қаратты;
Трике ақын талапты,
Өліктен алып өрлі еткен;
Аппақ Нина дегенді
Таня деп аппақ кенелді.
XXVIII
Мінеки, тақау қыстатқан
Қыздарға қызу от алып,
Бикештер сырын ұштатқан
Командир келді роталық. 41
Ол келді… Жел сөз заулайды!
Әскери музыка қаулайды!
Полковник өзі қолдаған,
Бал өтер бұрын болмаған!
Арулар қызды мың сырлы;
Ас келді сәтті жолменен
Жарысты қолдар қолменен.
Татьянаға қыздар ұмтылды;
Еркектер ермей, шоқынып,
Гу-гулеп кетті отырып.
XXIX
Әу демде көп сөз басылды,
Ас жеудің туды мың түрі.
Аспаптар, ыдыс жосылды,
Рөмкелер шалқып сыңғыры.
Қонақтар қызды аңқылдап,
Қозғалыс құрды қарқындап;
Үдеді дауыс саңқылдап,
Қышқырды, күлді қарқылдап.
Бір кезде Ленский үйге енді,
Онегин бірге қасында
Нұр төкті бикеш асылға,
«Жасампаз ер» деп күйленді;
Ығысып қауым берді орын,
Жайлады достар той төрін.
XXX
Таняға қарсы отырды,
Айдай солғын оның ажары
Киіктей қашқан толқыды
Түнере тартқан жанары,
Жарқ етпес, бойы қызулы
Тұншықты, өңі бұзылды;
Екі дос сезбей сәлемін,
Екі көз айтты әлегін,
Ыстық жас тамар келді кез;
Бірақ та, дереу үндеді,
Ерік пен сана биледі,
Аузынан шықты екі сөз;
Үн жетті тістен құралып,
Отырды сақтап бір қалып.
XXXI
Трагедия — жүйкелік құбылыс,
Қыздардың талып қалуы;
Томсарса Евгений тым-тырыс:
Өткенді ол еске алуы.
Дарақы осынау думанда,
Ашуға өзін буғанда,
Аңғарып ару толқуын
Көз бұрды басып от, уын;
Тапқандай басқа жан талап,
Ленскийді болды жындантпақ.
Алмақшы өшін қылжақтап.
Іштей құрып салтанат,
Қонақтардың бұзып беттерін
Салуда сықақ суреттерін.
XXXII
Әрине, Евгений ғана емес,
Сасқанын қыздың байқаған;
Өзгеше бірақ той — кеңес
Басталды сөзі самсадан,
(Тұзы көп болып шөлдеткен);
Қара май тиген шөлмекте,
Блан-Манже түзер саулықты,
Цимлянский келді жаулықты;
Сонан соң түрлі рөмкелер,
Буыны қыздың беліндей,
Зизи1 бар жұтар ерінбей,
Өлеңмен жаным көмкерер;
Ғашықтан рахат алушы ем,
Шараптан мас боп қалушы ем.
XXXIII
Тығыннан тығыз босанған,
Сарт етті шөлмек, шарап та
Шапшу мен әуен қоса алған;
Сол кезде қызу қарап та,
Трике тұрды орнынан,
Бар қауым сыйы зор бұған.
Деміккен қызды арбады,
Қолжазба шумақ арнады.
Ән салды. Көңіл бұратын
Қонақтар айтты, қыз-дағы
Марапат сөзге қызбады;
Қарапайым, бірақ, ұлы ақын,
Сұлуға қолдап шулы ағын,
Ұсынды жазған шумағын.
XXXIV
Құттықтау сәлем басталды,
Татьяна төкті алғысты.
Евгений сыры астарлы:
Қыз өңі ойға қалғызды,
Тудырды ептеп аяныш. 42
Таняға тұрып бас иді,
Көздері не сыр тасиды?
Тартты ма нәзік шындыққа?
Сергітті-ау, сезім бір ыршып,
Тұр мүмкін әккі қылымсып,
Жан еркі, әлде қулық па,
Тапқызды күткен тоятты,
Жүрегін қыздың оятты.
XXXV
Орындықтар қызды қимылы;
Қонақтар төрге құйылды:
Арадай тынбай шулы үні,
Көршілер әбден көңілді-ақ,
Бірі ояу, бірі қорылдап;
Әйелдер кешке тақады;
Қыздардың өсек қасабы;
Үстелдер жасыл ашылған:
Ойыншы шалдар аңғарған,
Ломбер, бостон1 таңдалған,
Баяғы вист2 те тасынған;
Осында бұл салт құлдары,
Жабыққан ақ кез ұлдары.
XXXVI
Нақ сегіз роберт ойналды,
Вист құмарлар сегіз рет
Алмасып орын жайланды;
Шай келді, бірақ, негізден
Білген жөн түскі, кешкі астың 43
Уақытын шайдан қалмастың,
Деревня салты телінді,
Қарнымыз — сағат сенімді,
Бүркеулі сырды ұғыңдар;
Мен жазған айтар тармақтар,
Думанды қызу көп мақтар.
Сөз болса шарап, тығындар,
Тап сендей, Омир1 , ағылғам,
Нақ отыз ғасыр табынған.
XXXVII, XXXVIII, XXXIX
Шай тасыған қыздар гүл,
Шыныаяқ сыңғыр бірлесті;
Бір кезде залдан жалғап нұр,
Фагот пен флейта үндесті.
Қозғаса күркір аспанды,
Ром мен шай де басталды;
Қалалық Парис толғана,
Петушков жетті Ольгаға,
Таняға Ленский, Харликовке
Жеткізді қыздың асылын,
Тамбовтан келген ақыным,
Буянов зытты Пустяковке;
Бал толқып, сәнді шалқыды.
XL
Романымның осы басында,
(Байқаңдар бірінші дәптерді)
Альбанша2 жазар расында,
Петербург балын сәт келді.
Тебіреніп кетсем шешіле,
Басқалар түсті есіме:
Таныстар, сұлу аяқтар.
Іздеріңе қарап жалақтар
Сөзбенен істі жөндейтін;
Тап осы бесінші дәптерді
Қақ-соқсыз жазар сәт келді.
XLI
Біркелкі жөнсіз шабыстың,
Жас күндей буы тосқызбай;
Құйыны қызды вальстің,
Қалқып жүр өңкей қос жұбай.
Кек қайтар мезгіл жақындап,
Қуланды Онегин там-тұмдап,
Ольганы құшаққа алды да
Заулады көптің алдында;
Отырып та бірге тілдесті,
Сөз арнап өткен-кеткенге,
Қайтадан билеп бірлесті;
Ленскийді ыза меңдеді,
Өз көзіне өзі сенбеді.
XLII
Мазурка үні маздады,
Ертеде оның күркірі,
Сілкінте үйді жаздады,
Қосылып адам бүлкілі.
Әкіде арудай ақпай да,
Сырғыдық лак тақтайда;
Бірақ та қала салтында,
Мазурка ескі қалпында,
Заманға қырын тез бермей,
Секеңдеп түзер жұптарын
Сақтапты сақал-мұрттарын;
Дәстүрді ескі өзгертіп
Жаңа салт — өмір апаты,
Ресейдің тапқан сырқаты.
XLIII, XLIV
Буянов кіріссе болғаны,
Әкелді ертіп қасына
Татьяна мен Ольганы;
Онегин Ольгамен асыға,
Қосыла тартты жымыңдап;
Қитұрқы назбен сыбырлап,
Мадригал добал жолдарын
Қаттырақ қысты қолдарын.
Жүзінде жайнап менмендік
Ленский бұл сәт ұнамай,
Жарылды жаны шыдамай,
Қызғаныш сол ма жеңгендік.
Мазурканы билеп татымды,
Катильонға1 қызды шақырды.
XLV
«Жоқ!» деді. Ойлар кім бұлай?
Онегинді Ольга тосып тұр.
Сөз байлап, ұрды-ау, о, құдай!
Ленскийді құртты нешік сыр.
Бесіктен шықпай нандырған,
Жел мінез сол ғой балдырған, 44
Қулыққа ойнап салды ма?
Опасыз жолға барды ма?
Көтермес Ленский соққыны;
Тентек қыз басын қаңғыртты,
Шықты да атын алдыртты,
Пистолетсіз шешу жоқ мұны;
Екі оқтың басым меселі,
Тағдырын мүмкін шешеді.
Алтыншы тарау
Күндері бұлтты, тым қысқа,
жерде өскен тайпы ажалдан
қиналуды білмейді.
Петрарка
І
Владимир ұзап кеткенде,
Онегин қайта жабықты.
Қасына Ольга жеткенде,
Кек алған сыңай танытты.
Есінеп Ольга сөзінен,
Ленскийді шалды көзімен.
Катильон шұбап бажытты,
Тым ауыр түстей қажытты.
Би тынды, өтті кешкі ас та.
Қонақтарға төсек қамдаулы,
Сенектен төрге таңдаулы,
Қыздарға бөлме бір басқа;
Онегин бәрін құптады,
Үйіне жетіп ұйықтады.
II
Қонақүй жайлы — бабында,
Қорылдап жатыр Пустяков,
Жұбайы жуан жанында.
Гвоздин, Буянов, Петушков
Фляновқа сырқат тап басты,
Асүйде бәрі жайғасты;
Мосье Трике тақтайда
Қалпағын ескі тастай ма?!
Бөлмесінде Татьянаның
Құшақтасып қыздар жатыпты.
Көп ойға жалғыз батыпты
Сәулесі баурап Диананың;
Татьяна іздер амалды,
Далаға қарап қараңғы.
Онегин тойға келгенде,
Жанары ойнап қағынды.
Ольгаға назар бөлгенде
Жанынан жалын жағылды.
Қыз сонда жедел ойланды,
Түсінбей үнсіз толғанды;
Қызғаныш салған сағыныш
Суық қол жеңген бағыныш,
Жүрегі қысып іркілді;
Қараңғы меңіреу тартады,
«Өлем», — деп Таня айтады,
Ол үшін өлу сүйкімді:
«Жанымды күңкіл қинамас,
Ол маған бақыт сыйламас».
IV
Алға бас, алға, тарихым!
Жаңа адам сырын барлашы.
Красногорден бес шақырым
Ленскийдің бір топ деревнясы.
Жайнап тұр, ескі бұл жерде
Философиясы мол құм шөлде,
Зарецкий тентек ап-аман
Қартшыларға қатал атаман;
Тентектер сыйлап тік тұрған
Оның көп айтар жақсы ісі;
Зор әулет жесір басшысы,
Помещик жайлы, мықты жан;
Таза адам, толып асылға:
Түзелер біздің ғасыр да.
V
Күн болды-ау мақтау тыңдалар,
Аймаққа даңқын білгізер:
Пистолетпен көзір тұзға дәл,
Бес сажын жерден тигізер.
Ғажайып жері тағы бар
Жорықтар жоқта сыналар;
Жай жатқан саздан татты дәм
Қалмақтың құлап атынан,
Француздарға ішкіш зюзадай1 ,
Тұтқынға түсті ең ірі!
Регулдай2 ардың тәңірі,
Шабытты қайта мазалап,
Вериден3 алып жүрмекші
Қарызға екі-үш шөлмекті.
VI
Талайды салды-ау тәлкекке,
Ақымақтың басын қ
Әр сақта жүрді шатылып.
Ашық не жабық септейтін,
Бұлтағы құрғақ кетпейтін;
Кейде аңқау бармай ұзаққа
Түсетін өзі тұзаққа.
Егеске кірсе жарқылдап,
Тік жауап, томпақ беретін,
Үндемей кейде жеңетін; 45
Есеппен сонда қарқылдап,
Жастарды дауға шақырар,
Тосқауыл жасап бақылар.
VII
Келісімге әлде келтірер,
Үшеулеп таңғы ас ішуге;
Сонан соң сырттай өлтірер,
Келемеж, өтірік ішінде,
«Бұрынғы уақыт өзгерді»
Көрген түс асау кездерді
Көксейміз қалған сақталмай.
Зарецкий жайлы айтқандай,
Қараған, мойыл не түрлі
Түбінде тапты ақылды,
Өмірі болды татымды,
Капустаға Гораций секілді;
Үйрек-қаз үйірі молықты,
Балаларға әліппе оқытты.
VIII
Ақымақ емес, ал бірақ,
Жүретін Евгений ұнатпай.
Ойына өктем болды сақ,
Түйінге қиын сын артпай.
Уақытты құндап екеуі
Сыйластық бастар жетегі;
Таң ата ерте келгені,
Таңдантпас аста көргені.
Екеуі сәтті жолыға,
Ашылды көрші базары,
Онегинге ауды назары:
Хат берді ақыннан қолына.
Онегин терезе түбінде
Оқыды баспай дым үнге.
IX
Икемді мәнді қалпымен,
Сын сағат туды бұл ерге;
Әдепті салқын салтымен
Шақырыпты Ленский дуэльге.
Әу демде Онегин қарқындап,
Елшіге айтты айқындап;
Білдірді шешім жетегін,
Әрдайым дайын екенін.
Зарецкий уақыт көп алмай
Кетуге жылдам баптанды;
Жұмыс көп, үйіне аттанды,
Шықты да кетті оралмай;
Қалың ой Евгений шеккені
Өзіне өзі өкпелі.
X
Сазайын тартар талдаумен,
Салды өзін жабық сотына,
Көп кінә болды арнаумен:
Дем берді жалын отына;
Ұялшақ, нәзік арманды,
Қорлауға сол кеш арналды. –
Арманға ақын ұмтылсын,
Өмірге ерке құлшынсын,
Он сегіз оған көп болмай,-
Деп Онегин оны сүйетін;
Таппады-ау достық ретін
Әзілге жеңіл сәт қонбай;
Бала емес албырт, жауынгер,
Жөн еді-ау, болу тәлімді ер.
XI
Сезімге сергек болсайшы,
Аңдарша жүнің үрпитпей;
Жас жүрекке қолдаушы
Сол еді-ау, жүрсе жын түртпей.
«Енді кеш, уақыт тез өтті, —
Деп ойын ол да тежетті. —
Тап болды дуэлші жын атқыр,
Өсекші, жауыз әрі айтқыр…
Сараптар естіп әр кісі
Сөздерін оның қызықты
Бірақ та, қылжақ қызыпты».
Мінеки, қоғам талқысы!
Айғағы ардың — құдайың,
Табынған соған Күн-Айың.
XII
Жан кегі іште шыдамай,
Ақынды жауап састырды.
Сөзуар көрші сынатпай,
Жайнатып жауап тапсырды.
Қызғаншақтың туды мейрамы!
Сотанақ сезім қайрады,
Әзіл деп кері кетпеді,
Жүрегін үркек етпеді.
Пистолет ашар желкенді.
Білінді анық екені:
Диірменге жетер екеуі
Таң мезгілде ертеңгі,
Көздейді-ау оқыс ту сырттан,
Шабынан әлде, шықшыттан.
XIII
Нәуетек қызды жек көрді,
Басқа жоқ Ленский амалы;
Кездесу жолы кептелді,
Сағатқа, күнге қарады;
Ақырында қолды бір сілтеп,
Салмақшы қызға шын түртпек:
Ольгаға жетті, састырмақ,
Алдында құтын қаштырмақ.
Қыз таймай таныс ағыннан,
Қарсы алып байғұс ақынды,
Құлшынды көріп жақынды;
Секілді желге табынған,
Елгезек ерке заулаған,
Қалпынан ескі аумаған.
XIV
«Неге ерте кештен кеттіңіз?»
Ольганың тұңғыш сұрағы.
Ленскийді кернеп кетті мұз,
Салбырап мұрны, құлағы.
Қызғаныш, өшті күйініш,
Болмапты ешбір бүлініс;
Толқытты нәзік балдырған,
Елгезек құмар қандырған!
Өзгертті Ленский шешімін.
Сүйгені таймай салтынан,
Әрең тұр жаны шалқыған,
Сұрауға даяр кешірім,
Байланып тілі булықты,
Ол бақытты, ол мықты….
XV, XVI, XVII
Тағы да үнсіз мұң шолған,
Алдында ол тұр Ольганың.
Владимирдің аузына құм толған,
Өткен кеш айтпас толғағын;
Ойы бар: «Болам қорғаушы.
Айқасам туса зорлаушы.
Жалындап мақтар, күрсінер
Жас қызды қолға түсірер;
Сұмпайы уын жасырған
Қостандық гүлге жабыса,
Бұтаға дәмі дарыса
Солар гүл жартылай ашылған».
Осының бәрі, достарым:
Досыммен дуэль тосқаным.
XVIII
Білсе ғой қандай жараның
Татьянамның жүрегін тескенін!
Көңілдің басар алаңын
Білсе ғой қатер ескенін.
Ленский мен Евгений таңертең,
Қатерге түсер жан өртер;
Махаббаты әлде оның,
Қайырар ма еді оқ жолын?!
Бұл сезім жаққа суыған,
Еш адам қадам баспады.
Онегин сырын ашпады;
Татьяна дымы құрыған;
Нянясы білер ондайды,
Аңқау ғой, құпия қонбайды.
XIX
Кеш бойы Ленский абдырап,
Айырылды айқын шырайдан;
Музадан тапқан жан жұмақ,
Адамдар солай мұңайған,
Клавикордқа1 отырды,
Аккордқа әуен толтырды.
Ольгаға қабақ ашыпты,
Сыбырлап, иіскеп ғашықты.
Бірақ та, уақыт тақады:
Жүректі меңдеп сағыныш,
Қоштасу тосып жалыныш,
Жарылып бара жатады.
«Не болды», — деп Ольга көз салды,
Соңғы рет көрді, тоқталды.
XX
Үйге кеп пистолеттерін,
Ертеңге қамдап тексерді.
Қайтадан қойды шеткері,
Шам жақты Шиллер, ес берді;
Ораған оны ой жалғыз,
Мұңлы жан келер ойланғыш:
Сұлулық сұмдық алдында,
Жібермес Ольга қалғуға,
Жапқызды елес кітапты.
Жүректе жұлдыз жағылды,
Махаббат шері ағылды,
Жақсы өлең көңіл жұбатты;
Қайта оқу тағы басталған, 46
XXI
Сол өлең десем нанасың;
Сақталды, міне, үндері:
«Қай жаққа алып барасың,
Көктемнің алтын күндері?
Келер күн маған не берер?
Екі көз одан не көрер?
Түнекте ғайып жылжымас,
Тағдырдың заңы бұлжымас.
Түсем бе құлап оқ тесіп,
Әлде ол маған соқпайды…
Түс пен өң бекер жоқтайды,
Уақыт та жетер серттесіп;
Қайырымды әр күн бергені.
Қайырымды түнек келгені!
XXII
«Жарқ етер таңның шапағы,
Шұғыла шашар жарқын күн;
Табытта мүмкін жатармын,
Болғандай пана салқын мұң.
Ақынға болса естелік
Ұмытшақ2 жұтар дес келіп,
Еске алмас дүние үні тар,
Тамшы жас түсер табытқа
Айтарсың анық сүйді деп,
Мен үшін ерте күйді деп,
Жасынан ғашық бағытта!..47
Жан досым, ынтық тосамын,
Келші, кел, менмін қосағың».
XXIII
Күңгірттеу осылай жазды олақ
(Романтизм деген осы ғой,
Романтизімі тым мол-ақ,
Демес те түртті тосын ой).
Әйтеуір қалғып таң алды,
Шаршаған Ленский дем алды;
Идеал деген сөзді айтып
Ұйқысын кетті молайтып.
Көршісі келді түрленген
Ұйқыда тәтті жатқанда.
Кабинетке кірді ақ таңда,
Оятты ашық үндеумен:
«Ұйқыдан қуат қосып тұр,
Онегин бізді тосып тұр».
XXIV
Бұл қате: Евгений ұйқыда,
Өліктей қатқан байсалды.
Бұзылды түннің сиқы да,
Таң шолпанын әтеш қарсы алды.
Ұйқыда Онегин тым терең,
Жарқырап шықты күн де ерен.
Ұшқыр қар ұйтқып желпінді,
Жайнап тұр, жеңіл жел тынды.
Евгений ұйқы есебін
Армансыз оңдап толтырды.
Оятпай ешкім ол тұрды
Перденің ашты етегін,
Байқады тұрып, жатып та,
Жетіпті кетер уақыт та.
XXV
Қоңырау соқты, тез жетті,
Француз Гильо қызметші.
Халат пен туфли төрлетті,
Іш киім таза кимекші.
Киінді Онегин тездетіп,
Қызметшіге айтты сөз де тік:
Бірге жүр алып жасақты,
Жәшікті оқ бар баса айтты.
Шанаға мініп ынтықтар
Диірменге жетті шапқылап;
Қызметші дайын сақ құлақ,
Қолында Лепаж1 мылтықтар
Әкетті бірге. Аттарды
Қос емен жақта қаңтарды.
XXVI
Ленский бөгетке сүйеніп,
Тосуға ұзақ көнікті;
Зарецкий механик шіреніп,
Диірмен тасын сөгіпті.
Онегин жетті кешіріммен.
Зарецкий айтты кесір үнмен:
«Секундант керек бұл жерде».
Мәттақы классик дуэльге,
Әдіске тапты көнер күн;
Сұлату үшін адамды,
Жібермес қате қадамды,
Дәстүрін сақтап өнердің
Тырысты тәртіп сақтауға, 48
Тұрады ол біздің мақтауға.
XXVII
Секундантын Онегин көрсетті:
«Мінеки, досым monsieur Guillot, —
Деді, — ол бірге дер жетті,
Жүректе жанып тұрса от.
Болмаса аты таралған,
Кіші де болса адал жан».
Зарецкий тілін тістеді:
«Бастаймыз ба?» – Бастаймыз!-
Деді Владимир, кетті олар,
Диірмен белгі шеп болар.
Зарецкий мен біздің «адал жан»
Екі жақ үлкен сөз кесті,
Екі жау түнеріп көздесті.
XXVIII
Жау ма еді?! Бірі біріне,
Қандары қашан қызыпты?
Сыйластық орап тіліне,
Бөліскен талай қызықты;
Ал, бүгін ойран салардай,
Өшіккен кегін алардай,
Жорытпас ауыр түстей боп,
Алды артын достар пішпей көп
Жауым деп өлім қаласа…
Не жетсін атты бұрғанға
Қолдары қызбай тұрғанда
Жөн болар таза тараса…
Талқысын көптің ескерер,
Ұяттан жалған сескенер.
XXIX
Пистолеттер әне, жарқ етті,
Сүмбе мен балға жымдасты.
Оқпанға қырлы оқ кетті,
Шүріппені саусақ бір басты.
Дәрі де сұп-сұр сағыммен,
Сөреге түсті ағынмен.
Бұралған берік шақпақтас,
Тартылса тағы бұлтартпас
Гильо ұялшақ дәл күткен.
Плащтарын екі жау тастады,
Зарецкий отыз екі аттады,
Өлшеді мінсіз дәлдікпен.
Тұрғызды белгілі орынға,
Пистолеттері қолында.
XXX
«Жақындаңдар енді». Біркелкі,
Көздемей ғана батымдап,
Екі жау жөнді білді еркі,
Төрт аттам жерге жақындап.
Өлімге бұл төрт баспалдақ,
Евгений тұрды тұспалдап;
Пистолетті алды саспады,
Бірінші көтере бастады.
Тағы да жүрді бес аттам,
Ленский қысып сол көзін,
Көздеуге салған болды өзін,
Бірақ та, Онегин… дәл атқан
Кетті ақын уақыт жолынан,
Пистолет түсті қолынан.
XXXI
Төсіне баяу қол салды,
Құлады ол Тұман көз бояп
Өлім бар, азап шет қалды.
Тап солай қалың белді орап,
Күн түсіп жылып етегі,
Қар сеңі лықсып кетеді.
Сал бойын суық басыпты,
Жігітке Онегин асықты,
Шақырса есен деп те бұл
Ол жоқ қой… енді қатарда,
Кетті ақын мәңгі сапарға!
Бұрқ етті ұшып, әсем гүл
Таң мезгілде солыпты,
Михрабта шырақ сөніпті.
XXXII
Ол жатыр үнсіз, салқын жан,
Аяулы көркі солыпты.
Қақ төсін тесіп атқыған,
Ыстық қан жерге толыпты.
Жап-жаңа осы жүректен,
Сағыныш толы жыр өткен;
Қастандық, сенім, махаббат,
Аралас шаттық-машақат;
Ал, қазір үйдей босаған
Қараң қалған мәңгіріп,
Тыныпты бәрі мәңгілік.
Терезе жабық қаусаған,
Көрінер із де, пенде жоқ,
Тәңірім білсін, емге жоқ.
XXXIII
Жақсы ғой өткір мысқылың,
Жалтартса аңқау жауыңды;
Шошытып сақтар мүскінін,
Сүзеген мүйізім қағылды, —
Деп қарап ол айнаға,
Ұялса асар пайдаға,
Қаруы қайтар сөзімнің
Деп қалса мынау өзіммін!
Одан да тәуір бар жайы,
Дайындап оған кең табыт,
Маңдайдан көздер сәт тауып
Жер тапсақ сыйлы арнайы;
Әкесіне жіберсек тапсырып,
Әкелмек көпке жақсылық.
XXXIV
Пистолеттен сіздің не дерсіз,
Мерт болса жап-жас танысың?
Бейпілдеу жауап бересіз,
Не шығар қуыршақ алыс үн,
Тілдесе ішіп отырып,
Өкініш жанын толтырып,
Атысқа сізді шақырған,
Айтыңыз шыбын жан атынан,
Қай сезім сізді жеңеді?
Қимылсыз қалған жерде ол,
Өлімге өңі берсе жол,
Қу сүйек қатып-семеді;
Үн қатпас, тынар қапылыс,
Сіз айтқан өжет шақырыс.
XXXV
Шыдатпай жүрек шекті азап,
Пистолетін қолы қысқылап,
Ленскийге Евгений тік қарап,
«Өлтірді», деп күш құрап,
«Өлтірді!..» осынау лепке
Қалтырау толды жүректе
Шегініп тұрды әдепті,
Зарецкий баппен әкетті,
Шанаға салып өлікті;
Әкеле жатыр үйіне,
Осқыра шауып шүйіле;
Ақ көбік аттар болыпты:
Ауыздық тізгін тежемей,
Заулады ұшқыр жебедей.
XXXVI
Ақын жоқ, қайғыр, достарым:
Гүл жайған шатты сеніммен,
Орындай алмай жоспарын,
Балдырған күннен берілген;
Ол өшті! Кетті тебіреніс,
Мейірімді асыл дем беріс,
Сезім мен ойы жас ұрпақ,
Тілегін асау тасытпақ;
Махаббат қайда шынары,
Құштарлық білім, еңбекке
Қайда күш рухы жеңбекке,
Сіздер де ақын қиялы,
Бақидың елес тірегі,
Поэзияның түсі киелі.
XXXVII
Әлемге мол боп берері,
Туды ма ол атақ туы боп?
Үн бермей қалған өлеңі
Үзілмес те еді сыры көп,
Шығарып көпке атын шын,
Жер мен көк барлап сатысын
Дәреже күтті тым биік.
Көлеңкесін де күн сүйіп,
Әкетті-ау бірге қызыққа
Киелі құпия ашылмай,
Жасампаз кетті тасынбай;
Ол жатқан құдайы сызыққа
Жетпейді ұран демеуі,
Тайпылар желеп-жебеуі.
XXXVIII, XXXIX
Мүмкін ғой бұл да ақынның,
Туғалы тосқан тағдыры.
Өткенде асау батыл күн,
Қалар ма суып жан нұры?
Өзгерер өзге күйге еніп,
Музадан безер үйленіп,
Деревняда байлық үйілер,
Сырмалы халат киінер;
Түсінер түбін есептің
Сырқырама ұстап қырықта,
Семіздік салар құрыққа.
Ақыры үстінде төсектің
Алдында үбір-шүбірдің,
Көрінер соңы ғұмырдың.
XL
Оқушым, қайткен күнде де,
Махаббат серті осының,
Жас ақын келмей тілге де,
Қолынан өлді досының!
Селеннің сол жақ сыртында,
Ақынның көрдік жұртын да,
Қос қарағай қосқан тамырын,
Ағын су алмас дамылын.
Көршілес сайдан келеді
Егіншілер онда дем алар,
Әйелдер молдау су табар.
Құмырандар дыбыс береді;
Күрке тал бұлақ маңайы,
Ескерткіш тұр жабайы.
XLI
Таза су сонда нәркесі,
Дән егер жердің тойындай,
Бақташы сулап шәркесін,
Ән салар Еділ бойындай!
Қаладан келген ару да
Жаз бойы тыныс алуда;
Салт атпен оқтай атқылап,
Кетеді кейде шапқылап,
Ескерткішке келіп тоқтайды,
Шылбырды қолға жай іліп,
Флерді сыртқа қайырып,
Бет ашып, үнсіз жоқтайды;
Сөзді оқып өңі жанады
Ыстық жас көзден тамады.
XLII
Аяңдап қайтар даламен,
Қиялға толған жан нұры.
Амалсыз толқып санамен,
Ойлантар Ленский тағдыры;
«Не болды екен Ольга?» — деп,
Жүректен тілек қалмас шет,
Жас жетті, қалды бір міндет,
Тебіренер: «Қайда сіңлім?» — деп.
«Қай жерде қашқын шатылды,
Сұлудың сұмдық қырғыны,
Жүр ме екен құрып ындыны,
Өлтірген қыршын ақынды?!»
Мен кейін есеп берермін,
Бәрін де талдап көрермін.
XLIII
Сыр төксем адал жүректен,
Кейіпкерге кепіл бола алам;
Уақыт жоқ ойға леккен,
Сыр жалғап, кейін оралам.
Прозаға жылдар бұрмалар,
Сәтті ұйқас көрсе қудалар
Мойындап оған күлемін,
Соңында әрең жүремін.
Өлеңге қосып әрнені,
Қағазды былғап қайтемін,
Жаңаша мені тартады үн:
Өмірдің қатал пәрмені,
Шулы да тыныш ісімді,
Бұзып жүр көрген түсімді.
XLIV
Басқаша қиял үн берді,
Жаңаша мұңға ұрындым;
Жаңаға салар кім белгі,
Қайғым да қымбат бұрынғы.
Армандар, қайда тәттілік?
Қайда ұйқас деген жас қылық?
Өкінішке ақыры салды ма,
Гүлтәжі солып қалды ма?
Осы ма шіркін білгенге
Сарынның мұңлы жеткені,
Көктемім шулы өткені?
Әзілге салып жүргенде
Оралмай жастық алдыма,
Отыз жас келіп қалды ма?
XLV
Тал түсім жетті, міндеттен
Қашу жоқ, енді жай құшақ!
Қоштасайық достық ниетпен
Жеп-жеңіл мезгіл жастық шақ!
Рахмет құштар сырыңа,
Сағыншақ тәтті мұңыңа,
У-шулы, тойлы сәніңе,
Сен берген сыйлық бәріне;
Мың алғыс саған, қанып ем
Жайлы да жайсыз әр шақта,
Ғашық дерт, ыстық ләззатқа;
Бәрі өтті! Риза жаныммен
Іздеймін басқа кең алаң
Өмірден өткен дем алам.
XLVI
Көрейін. Кешір, саябақ,
Күндерім өткен шалғайда;
Алып ем жаным аялап,
Ләззат, рахат әр жайда.
Жас шабыт, ұмыт тастама,
Толғау бер қызық басқаға,
Қалғытпай сергіт жанымды,
Біліп тұр келіп халімді,
Ақынды жалғыз қалдырма.
Қуармасын, қатпасын,
Тас болып салқын жатпасын,
Улы өмір бейқам алдында,
Қара су лайда сендермен,
Достарым бүгін мен көрген.
Жетінші тарау
Мәскеусің, Ресейдің
Сүйген қызы,
Теңдесті саған кім табар?
Дмитриев
Қалай ғана сүймессің,
Туған жерің Мәскеуді?
Баратынский.
Қудалау тапсаң Мәскеуден!
Көрерің болар өзге ел!
Қай жер жақсы?
Біз жоқ жер.
Грибоедов.
I
Көктемгі сәуле жылытып,
Айнала таудан қар кетті.
Бұлақтар тасып, ну күтіп,
Лай су жерді нәрлі етті.
Сарқырап өзен қарсы алды,
Жыл басы күліп тамсанды;
Жарқырай түсіп кең аспан,
Ормандар жарық орасқан,
Түбіттей жасыл көрінді,
Керегін іздеп қиядан,
Ара ұшты шекер ұядан.
Сай-сала сергіп, керілді;
Мал мөңіреп, бұлбұл сайдағы,
Көз ілмей түнде сайрады.
II
Көктеммен бірге мұң келер,
Махаббат шалқар шағыңда!
Оянған сезім үн берер,
Қанымда, менің жанымда.
Амалсыз ішім елжіреп,
Нәр алам толқып ет-жүрек;
Саялы самал бабында
Құт мекен тыныш маңында!
Қас па екен маған жан рахат
Не көрсем бойды балқытар,
Жайнатар, сергек шалқытар,
Мұң берер маған мың қабат;
Қажыдым өлі үні өтпей,
Көрінер бәрі түнектей.
III
Қуантпай әлде оралған,
Күзде өлген жапырақ төлемі,
Өткенді көксеп сан алуан,
Ой салды орман өлеңі;
Табиғатпен әлде бірлестік,
Бауыр бастық, тілдестік;
Сөз еттік жылдар өткенін,
Басқаша ғұмыр жеткенін.
Мүмкін ой келер біздерге
Ақынның алуан түсінде,
Бұрынғы көктем ішінде
Түсірер жүрек іздерге
Арманды қиял жалғаған
Ай менен түнге арнаған.
IV
Уақыт сол: құнды жалқаулар
Эпикурейлік1 даналар.
Бақытты сендер аңқаулар,
Левшин2 баққан балалар,
Деревня халқы Приамдар3 ,
Эпикурейлік1 даналар.
Табысты деревня сіздермен,
Левшин2 баққан балалар,
Деревня халқы Приамдар3 ,
Жылы леп, жұмыс, гүлдермен
Мерзімі шалқып сүйінген
Тәтті түн сырын ұғыңдар!
Далаға тезірек шығыңдар!
Күймеге жүк боп үйілген,
Пошташы не басқа көлікпен,
Қаланы тастап зеріккен.
V
Көңілі бірлес оқушым,
Сайланған саған арбаңмен
Қаланы таста топыр, шу
Шаттанып қыста алған дем;
Музаммен сыры бір ғайып,
Орманның шуын тыңдайық.
Аты жоқ өзен бойында
Деревняда қанған ойынға
Евгенийге мұңлы әуре енген;
Қыста да тұрды өршіп от,
Танямен балғын көрші боп,
Қиялшыл менің сәулеммен; 49
Ол жерде Евгений енді жоқ,
Мұңлы ізі жатыр белгі боп.
VI
Таулармен жарты шеңбердей,
Барайық шулы бұлаққа;
Жасыл бел қоймас дем бермей,
Өзенге жатқан жырақта.
Бұлбұл құс тыңдап құтты үнін
Төгілтті гүлін итмұрын,
Сыбырлар бұлақ сырын жас;
Белгі бар мәңгі ұмытпас,
Қос қарағайдың қасында.
Владимир Ленский жатыр деп,
Құлпытаста жазу берер сеп,
Ерте өлген ақын басында,
Қай жылы, қашан туғаны,
Ғұмыры қашан тынғаны.
VII
Қарағай бұта көнерген
Желменен достық құратын.
Бейітті меңзеп түнерген
Жайқалып шіргүл тұратын.
Тапқанда саяхат ретін
Екі қыз келіп жүретін;
Өкініш Ай да құрайтын,
Арулар үнсіз жылайтын.
Ескерткіш ұмыт қалыпты,
Өшіпті көне із біршама,
Шіргүл жоқ ескі бұтада;
Саяда өзін танытты
Бақташы ескі ән салған,
Өруі шәрке сақталған.
VIII, IX, X
Менің деп байғұс Ленскийім!
Ол өксіп азырақ жылады;
Десек те қалыңдық өз күйін,
Сыйламай тәлкек қылады.
Басқа өрен оны таңдантқан,
Қасіретін өмір жалғатқан
Ғашық сөз уы кемітті,
Жас ұлан1 ырқы жеңіпті…
Әне, оның жаны меңгеріп,
Шіркеуде жігіт қасында,
Қыз тұрды гүлтәж басында,
Бас иіп бәрін жөн көріп,
Қос жанарға нұр жиып,
Қыз тұрды жеңіл жымиып.
XI
Қара жерде байғұс Ленскийім,
Үн жетпес жатыр түнекте.
Айта алмас ақын өз күйін,
Айнығыш сенген жүрекке.
Сезбейді-ау мүлде жұтқанын,
Сиқыр су ақын пәк жанын;
Ештеме оны түңілтпес
Дүниенің сыры үңілтпес…
Бола алмас енді қырағы,
Естіртпес бейіт сызығы;
Сөз етер мүмкін мұраны…
Мұрагерлер қайсар легі 50
Жөнсіз дау таба біледі.
XII
Оляның қоңырау дауысы,
Үйінде мүлдем жоғалды.
Ұланның жедел бар ісі,
Полкіне қарай оралды.
Көз жасы көлдей төгілді,
Шешесі жылап егілді;
Шалдықты, жаны қалмады,
Бірақ, Таня жылай алмады;
Өлімші болды өң қашқан,
Сұлулық кетті сәні де.
Аулаға шықты бәрі де,
Жанталас жандар қоштасқан;
Татьяна көпті басқарды,
Шығарып салды жастарды.
XIII
Тұманнан көріп тұрғандай,
Соңдарын шолды бірегей…
Сан жылға көңіл бұрғандай,
Татьяна жалғыз, мінекей!
Қасында ерке аршыны,
Сіңлісіз бітпес жан сыры.
Оралмас қайтып ұяға,
Әкетті тағдыр қияға.
Секілді ойсыз көлеңке
Қарайды жан жоқ бақшаға…
Табарға тағат жоқ шама,
Жеңілдік бермей бар өлке
Көз жасы шексіз төгілді,
Жүрегі қаққа бөлінді.
XIV
Жалғыздық салса сынаққа,
Құштарлық оты ұласар.
Жүрсе де Онегин жырақта
Шұрқырап жүрек сырласар;
Оны енді мүмкін көрмес те,
Іштегі ыза сөнбес те,
Өлтірген сол ғой ағасын;
Кетті ақын… оның бағасын
Ойламас ешкім, ақ маңдай
Қалыңдық кетті өзгемен,
Ақынды аймақ сезбеген
Аспанды түтін жапқандай;
Ол жайлы әлі қос жүрек,
Қайғырар… сол ғой бос тілек.
XV
Кешқұрым. Жарық басылды.
Ызыңдап қоңыз, су сыңсып
Ән мен шу ізін жасырды,
Өзенді бойлап бу түсіп.
Алыста от… Жалын ұшырды.
Ай нұрын жерге түсірді,
Малшынып қалың мұң-шерге,
Татьяна келді бұл жерге.
Жоқ еді-ау оның ойында
Үйі тұр өрде тақсырдың
Жайлаған селен тау сыртын,
Бақша бар өзен бойында.
Бір қарап ару селк етті,
Соғуын жүрек тездетті.
XVI
Бойында күдік үн берді:
«Алға әлде кері кетем бе?..
Білмекпін мұнда кімдерді?
Үйді тез көріп өтем бе?»
Қырқадан Татьяна түскенде
Тосынды шошып құс пенде…
Кең аула ашық тік төрі
Абалап шықты иттері.
Шошыған дауысын тіл жетпес
Балалар естіп шулаған;
Тез жетті ойнап, тулаған
Төбелессіз олар күн елтпес;
Иттерді қуып жіберді,
Бикешке қосты жігерді.
XVII
«Тақсырдың үйін аралау
Мүмкін бе?» — десе «жүр» десіп,
Анисияға кетті балалар,
Алуға кілтін сыртқы есік.
Анисия нұры шашылды,
Есік те шапшаң ашылды,
Кіргенде Таня үй боп-бос
Тұрған үй осы біздің дос.
Көз тартты заттар не түрлі
Бильярдта жатыр кий сұлап,
Диванда бірі тік құлап,
Қамшының сабы секілді;
Каминге кемпір мән бермек:
«Отырған тақсыр бұл жер» деп.
XVIII - Қыс болса бірге түстенген,
Көршіміз Ленский марқұм да;
Кабинет мынау, іскерлер
Жүрген жер еріп артымда;
Осында кофей тататын
Приказчикке сөйлеп жататын,
Кітаппен достық құратын…
Үлкен тақсыр да тұратын,
Жексенбі күні менімен
Қызығын қартың жоймайтын,
Болдық-ау… дорақ ойнайтын.
Алды ашық, жатқан жері кең,
Бейіште жайлы дұрыс қып,
Жер-ана берсін тыныштық».
XIX
Татьяна іші жылынды,
Әр нәрсе өңін бір шолды.
Құн жетпес қымбат бұйымды
Көргенде көңілі шын толды.
Жан қинар ойға толтырған
Үстелге шамдал қондырған;
Кітаптар сансыз керемет,
Кілеммен жапқан кереует;
Ай нұры көрінер алаңда,
Жартылай жарық бір беті,
Лорд Байронның суреті;
Шойын қуыршақ бағанда
Шляпа киіп сірескен
Жұмылған қолда кірешпен.
XX
Татьяна сәнді тұрақта
Таң қалды жайнап жан нұры;
Бірақ, кеш болды, жырақта
Жел тұрды, орман қалғыды,
Өзенде тұман тұрақтап,
Ай кетті таулар құшақтап,
Тәуіпшіл өңін нәрлі етті.
Оралар үйге сәт жетті.
Толқыса көкірек шыдады,
Бар сырын Таня жасырып,
Оралмақ болды асығып.
Бірақ та рұқсат сұрады
Келуге қайта жол аша,
Оқуға кітап оңаша.
XXI
Кілтшімен Татьяна қоштасты,
Күн салып келді араға.
Күндердей балғын достасты,
Ауамен қымбат саяда.
Кабинетте жалғыз қалғанда,
Не барын ұмытып жалғанда,
Ақыры көңіл меңдетті,
Көз жасын ағын селдетті.
Сонан соң кітапқа берілді.
Әуелі көбі жақпады,
Аздан соң жеңіл аттады,
Кітаптар қызық көрінді:
Татьяна ынтық ақ көңіл,
Басталды оған басқа өмір.
XXII
Түсінсек Евгений кей сырын
Оқудан кітап безінді.
Бірақ та ұғып әр жолын,
Сыйлауды дұрыс сезінді:
Гяур1 мен Жуанды жазғанды,
Тағы да екі-үш романды,
Ғасырды ашық көрсеткен
Адамды бірге өлшеткен
Ақылға бәрі сияр ма,
Ізгілік өшкен жанымен
Өзімшіл, нәрсіз арымен,
Берілген шексіз қиялға;
Кей кезде тіпті ызалы,
Құр босқа қайнап қызады.
XXIII
Көп парақ берік сақтапты,
Тырнақпен сызған белгіні.
Таняның көзі дәл тапты
Жөн сілтеп іштей шерлі үні.
Жарқ етсе жаны қалтырап
Толқытты көрген бар сұрақ.
Ойларға Онегин ұнатқан
Өзі де қатты құмартқан.
Қиядан жанар ілдірер
Іздері қарындашының.
Асыл жан тапқан асылын
Крешпен, сөзбен салмақтап,
Не сұрақ белгімен қармақтап.51
XXIV
Сонымен Таня аз-маздап,
Мойындай бәрін бастады.
Құдай-ау, кімге жан маздап,
Көрінді көкірек ашқаны.
Тағдырдың берген тәбделі,
Дарақы, мұңлы, әурелі,
Пендесі тамұқ не аспан
Періште не жын адасқан,
Адамның келмес сенгісі,
Көлеңке көзге ілінген
Москвалық Гарольдше1 киінген,
Біреудің қылжақ белгісі;
Сөздік сол тізген сәнді сөз,
Келемеж әлде мәнді сөз.
XXV
Жұмбақты әлде шешті ме?
Дәл сөзді әлде тауыпты?
Сағат тым шапшаң есті ме,
Кетер кез келіп қалыпты,
Қос көрші тосып үйде отыр,
Өзіне арнап сыр нөпір.
«Бала емес, кімге ұрынбақ?» –
Деп қалды кемпір қырылдап
Олядан үлкен, нағыз кез.
Керек деп ұзату бұл қызды,
Татьяна жайлы сөз қызды.
Табам деп мұңға төзетін,
Орманды жалғыз кезетін.52
XXVI
Ғашық па екен? Кім болды ол?
Буянов тапты тосқауыл,
Петушков қалды жолда сол
Гусар Пыхтин тоймас от-дауыл;
Таняға ол қатты жалынды,
Әзәзіл күшпен табынды!
Деп те едім шыдам жете ме;
Сәт түспей тағы кете ме?
Шал айтты: «Табылар амалы,
Мәскеуде ашық жәрмеңке
Сұлулар келер жарқ етпе». –
Қой, әке! Табысым шамалы. –
«Бір қыстық жетер парызға,
Берейін саған қарызға».
XXVII
Кемпірге ақыл тез қонды,
Сөз туды тұрар нәштеуге;
Үйлесіп тілек мәз болды
Қыс түсе кетер Мәскеуге.
Таняға жетті жаңалық.
Талқыға түсер ол да анық
Көрсетер кейпін анайы,
Түкпірде өскен жабайы,
Сәндіктен жұрдай киімін;
Қиядан тартып тіл сермер,
Мәскеулік кербез цирцейлер1 ,
Қорқыныш таудай! Одан да
Қалған жөн шалғай орманда.53
XXVIII
Оянып таңғы сәулемен,
Асықты Таня далаға;
Көз тұнған шіркін дәурен ең,
Түскен сөз осы санаға:
«Бейбіт жер, кешір, ұлпасы,
Сай-сала, таулар қырқасы.
Ормандар таныс тамыры,
Көк аспан кешір аруы
Табиғат, кешір, дер күнді
Айырбастап барам қай жерге,
Асқынған шулы әбігерге…
Кешір, жер, тапқан еркімді!
Барамын тастап барлығын,
Не сыйлар маған тағдырым?»
XXIX
Қыдырып жүру ұлғайды,
Әр белес, бұлақ босатпай;
Тоқтатып олар қинайды,
Таняға адым жасатпай.
Достардай ескі бәрі де,
Ну тоғай, жазық әріде,
Тілдеспек болып қарады.
Жаз жылдам өтіп барады,
Жайқалып алтын күз келді.
Табиғат солып қиналды,
Болардай құрбан жиналды…
Солтүстік сыйлап сыз желді,
Ызғарын ұлып үдетті,
Кәрі дос — сиқыр қыс жетті.
XXX
Келді де шашты тұлымын,
Байланды ағаш басына;
Көрсетті кілем құруын
Кең дала тау мен тасына;
Жағасын жапты өзеннің,
Алқымы толды кезеңнің;
Сап етті аяз, шаттандық,
Бәйбіше қысқа баптандық.
Сескеніп Таня қалды ерен,
Байқатпас қарсы алғанын.
Аяздың жұтпас шаң дәмін
Моншада тұңғыш қарменен
Бет жуды, төске тиді қол:
Таняға қиямет қысқы жол.
XXXI
Кешікті жолға шығар күн,
Ең соңғы мерзім ол да өтті.
Берік боп, көрік құратын
Үш күймені жөндетті.
Көш көлік осы үш күйме
Үстіне көп зат түсті үйме:
Орындықтар, кастрөл, сандықтар,
Тосаптар, ыдыс, жастықтар;
Әтеш бар торша қамаулар,
Құмыралар, қымбат легендер,
Талай зат көзге елеңдер.
Шартпа-шұрт қызды малайлар
Қоштасып көзден жас төкті:
Әкелді он сегіз мәстекті.
XXXII
Жегілді аттар күймеге,
Таңғы асқа әуре аспазшы;
Қатындар жүйрік тілге де
Атшылар ашық боқтасты.
Мәстекке арық жалы мол,
Мінді бай сақал форейтор1 ;
Көрші-қолаң басқарды,
Қоштасу сәті басталды;
Алдыңғы шана жол аша
Шықты ілбіп, жылжып қақпадан.
«Басқан жер, қош бол, жас қадам!
Кешір, жер, бейбіт оңаша!» –
Деді де Татьяна егілді,
Көзінен көлшік төгілді.
XXXIII
Білімге назар дес бөлсек
Шекара жылжып ес берер,
Уақытқа еріп өңделсек
Философиялық кесте, дестелер,
Жолдар да (бес жүз жыл өтсе),
Жөнделер баппен түзетсе:
Түйіскен ұзақ із қалар,
Ресейді тас жол сызғылар.
Темірден көпір жүргізер,
Жалықпас жолдар шапқыдан
Тау тесіп, судың астынан
Қазылар атпал үңгілер,
Әр бекетте тұрар қонақ үй. 54
XXXIV
Жолдардың қазір сиқы жоқ,
Көпір де жөндем тапқызбас.
Бекеттерде ұйқы жоқ,
Қандала, бүрге жатқызбас;
Трактир жоқ. Суық үй
Тәбетті тартпас сұйық сый:
Ілулі мәзір тізімі,
Көңілге қонбас үзімі.
Ал, айтсақ істің қиынын
Циклоптар отпен өңдейді,
Балғасы орыстың жөндейді
Еуропаның жеңіл бұйымын;
Тізілтер темір табанды
Ой мен қыр қолдап қадамды.
XXXV
Қыс келсе суық әлемде
Жол жүру жеңіл, қызық шақ.
Өлеңдей ойсыз әуенге
Қысқы жол салар, жұп-жұмсақ;
Автомедондар көшті ұзатқан,
Жеккені ұшқыр үш аттан,
Сырғыса күйме аттамай,
Көрінер көшкен қақпадай.
Ларина көнді бұл іске,
Поштабай емес мінгені,
Өз көші арзан күймелі,
Біздің қыз қанды жүріске;
Зерігіп, күйі кетіпті,
Жеті күн жүріп жетіпті.
XXXVI
Ақшаңқан ашық қарқынды,
Көрінді Москва шашып нұр;
Жалындап крештер алтынды,
Күмбездер көне жанып тұр.
Мен де алғаш қатты қуандым,
Қоңыраулар үнін құп алдым;
Сарайлар жарты шеңберін
Таңдантты сонда көргенім.
Кей кезде мұңлы күйімде,
Тәлкегін тағдыр тойладым,
Мен сені, Москва, ойладым;
Москва … құт көп бұл үнде
Жүрегін жайлап орыстың,
Торабы болдың мол істің.
XXXVII
Еменді орман қоршаған,
Мінеки, Петровский қорғаны;
Ол деген кекті бір заман
Жүрмеген Наполеон болжамы.
Бекерге тосты тізерлеп
Москва белін бүгер деп,
Кремль кілтін бермеді
Үрейге бекер ермеді,
Тәкаппар қалды қалпында.
Жасамай сыйлы хоштауды,
Алдынан қалың өрт салды
Бұзды өктем батыр салтын да;
Тым терең ойға малынды,
Көргенде қатал жалынды.
XXXVIII
Петровскийдің өрі, қош енді,
Куәсі сәтсіз даңқтың.
Ақ жалын көші төселді,
Тверской жаққа барыпты,
Соқпамен күйме жақындар
Көз тартар үйшік, қатындар,
Дүкендер, шамдар, балалар,
Сарайлар көзге қадалар,
Бұхарлықтар шана күркелі,
Лашықтар, пысық адамдар,
Казактар, гүлзар, бағандар,
Дәріхана, сәннің дүкені
Арыстандар — қақпа баққандар,
Тағандар — крешті жапқандар.
XXXIX, XL
Қажытты серуен көкесі,
Бірер сағат естен тандыра;
Мінеки, Харитонья көшесі,
Көш келді қақпа алдына.
Қартайған көксау әпкесі,
Төрт жылдай сырқат — кетті есі;
Ұзақ жол буы басылды,
Айқара қақпа ашылды;
Көзәйнек киген кафтанды,
Ақ шашты қалмақ қарсы алды.
У-шулы дауыс жар салды,
Диванда княжна тамсанды.
Кемпірлер ұзақ жылады,
Марапат сөздер шұбады.
XLI - Княжна менің періштем! –
«Пашенькам» — біздің Алина! –
«Қаншаға тұрсың келіп сен?
Сәт сапар, бөлем, әрине,
Романнан көрініс секілді…» - Татьяна қызым жетілді. –
«Таня ма? Келші қасыма,
Түсімде көрдім асыға…
Есіңде ме бөлем, Грандисон?» - Грандисон естен қалмай да,
Жүрді ғой, енді ол қайда? –
«Москвада сүйеніші Симеон;
Сочельникте1 бір келді,
Жуырда ұлы үйленді.
XLII
Ал, анау ше… кейін айтармын,
Туыстар көп қой сыйлаған;
Табылды Таня байқар күн,
Жүре алмай, әттең, қиналам;
Үйдегі жүріс бар шағын,
Ал, сендер жолдан шаршадың;
Жүріңдер, ас-су татайық…
Кеудем де кетті қатайып…
Жүк болды шаттық молдығы,
Қасіретті жаным аңдады,
Сау-тамтық менде қалмады….
Қарт тірлік — өмір қорлығы…
Жасаурап көзі жөтелді.55
XLIII
Сырқат жан сыйлай білгені
Таняны қатты толқытты;
Бірақ та қалған үйдегі,
Жәрдемші жоғы қорқытты.
Ақ жібек терезе пердесі,
Жат төсек әрең кірді есі,
Қоңыраулар қозғап дабылы.
Таңғы іске бастау сарыны,
Төсектен оны тұрғызды.
Терезеге жетсе табына,
Сұйылды түнек, тағы да
Даласы жаттық білгізді:
Аулада бөтен, басқа рең
Атқора, ас үй, қақпамен.
XLIV
Туыстар тосқан тағамда
Таняға күнде наз екті;
Ата-әже қызық адамға,
Жатырқау жүгін аз етті.
Алыстан келген пейілін,
Жаңартты жылы мейірім,
Сыйластық құрған дәм-тұзы.
«Өсіпті Таня, ақ жүзі,
Есімде күнім ат қойған!
Құшаққа қысып жүруші ем,
Құлақтан ақырын жұлушы ем!
Тәттіні көп жеп етті ойран».
Кемпірлер безек қағады:
«Жылдар тез ұшып барады».
XLV
Дәстүршіл салтын атаймын;
Ескінің бәрі сақшысы:
Кнәзбике Елена апайдың
Тозбайды тақия жақсысы;
Лукерья Львовна — оқалы,
Петровна — өсек отаны,
Иван Петрович — қараулық,
Семен Петрович — сараңдық,
Пелагея Николаевна ісі осы:
Мосье Фипмуш досы да,
Күйеуі бірге қосыла
Клубтың1 сыйлы мүшесі;
Естімей, білмей түсінер,
Екі адам үшін ішіп-жер.
XLVI
Таняны құшты қыздары.
Москваның сәнқой қымбаты
Көрінді жүзі гүл дәрі,
Таняның тартып сымбаты,
Біріне бірі: «Үндеме»
Десуге барған бірдеме;
Дегенмен жылы кеңеспек,
Ақымақ қыз осы емес деп.
Сонан соң жеңіп туыстық,
Әкетті төрге құшақтап,
Бетінен сүйді ұзақтап,
Шаштарын сәнді, дұрыс қып;
Құпия сырға жол аша,
Айтылды бәрі оңаша. 56
XLVII
Өзгелік, өзіндік жеңістер,
Армандар, қылжақ әз үміт,
Жүректе өскен жемістер.
Өсек пен қосқан аз күдік.
Сонан соң қыздар
Таняның Тыңдамақ ойлы талабын;
Отырған жоқ қой түсінбей,
Таня үшін көрген түсіндей,
Не айтса соны аңдамай,
Құпия сырын жалғамай,
Көз жасы, күткен бақытын,
Сақтайды іштей келіспей,
Ешкіммен құпия бөліспей.
XLVIII
Татьяна назар аударды,
Әңгіме-дүкен, дүрмекке;
Қыздардың өңі жанданды,
Дөрекі тартты тіл көкке.
Томпақтау бәрі нобайсыз,
Шикі сөз, өсек, орайсыз.
Таня үшін қыздар айтқаны
Жүрекке байлам таппады.
Күн бойы ой жоқ оянар
Керек деп титім ұстарлық,
Тартқызбас езу ұстамдық,
Әзіл жоқ көңіл боянар;
Жоламас топас күлкілі,
Тумады ойдың қиқымы.
XLIX
Архившіл жастар үйірі
Таняға паңсып қарайды.
Өздері қызған бүйірі
Бұзақы сөздер қалайды.
Бір қияли есері
Ғажайып қыз деп бөседі,
Есікте өткен дәурені,
Элегия арнап әурелі.
Сырқат апайдың үйінде
Вяземский көрді Таняны
Үйлесім тапты амалы.
Сыпайы сылқым күйінде
Жасанды шашын тигізіп,
Шал кетті сауал үйгізіп.
L
Мельпомена1 жүрген жерінде
Гуілдеген үн толды,
Оқалы бешпент көруге,
Орады жастар мың жолды;
Талияның2 мүлгіп тұрғаны
Таняның көзін бұрмады,
Тек, Терпсихора қасында
Жігіт тұр шұлғып асылға;
Баяғы таныс ермектер,
Сенің де менің кезімде
Салмадық оны сезімге
Қызғаншақ бикеш көз салмай, 57
Қалды ғой зал да қозғалмай.
LI
Жиылысқа1 жетті — думанға,
Музыка, шырағдан тынған ба?
Заулады пар-пар қосақтар,
Сұлулар жеңіл үлдесі.
Дүйім жұрт бекзат бүлдесі,
Бой жеткен қыздар қаз-қатар,
Көргендер жанын маздатар;
Жігіттер сәнқой таранып
Көрсетер керіп құр төсін,
Көзәйнек, жаңа күртесін.
Гусарлар жүрген дем алып,
Асығыс кірер жалынға
Жарқ етіп, арбап, таюға.
LII
Түннің көп ғажап жұлдызы,
Мәскеуде сұлулар қаптаған.
Бәрінен асыл нұр жүзі,
Аспанды Ай ғой сақтаған.
Қозғауға қорқып өлеңмен,
Ғажапты дара көрем мен;
Ай дерсің абзал түсін де
Көп әйел, қыздар ішінде.
Аспаншыл асқақ бұл ару
Ақ төсі толған еркелік!
Көз салса кетер меңгеріп!
Қисапсыз жүзі қияли!.. 58
Қой енді, сенім ақтадың,
Есіңнен тана мақтадың.
LIII
Шат күлкі жастар үнін де
Мазурка, вальс толтырды.
Қос апасымен баған түбінде
Байқамай ешкім ол тұрды;
Көрсе де көрмей ықтады,
Қауымның ырқын ұқпады,
Қысылды, жаны қалады…
Қиял мен көшті далаға,
Сағынтты деревня үндері
Алыста тыныш тұрақпен
Үйлесті ойы бұлақпен,
Өз орман, өзінің гүлдері,
Өз жері рахат алатын
Ол келіп іздеп табатын.
LIV
Таняның ойы он бөлек:
Керексіз қауым, шулы бал,
Көзіне сонда мың бөлеп,
Қарап тұр маңғаз генерал
Апайлар көзін бір қысты,
Сыбырлап сергек тұрғызды,
Екеуін жайлап барады өрт, - Сол жаққа, Таня, қара, — деп.
«Сол жаққа? Неге? Кім кірді?» - Қарай бер, әлде асыл ма
Ол тұр ғой топтың басында,
Үш әскери бір жүрді…
Бұрылды әне…. Көре қал…-
«Ол кім? Месқарын генерал?»
LV
Құттықтайық біз жеңіспен
Татьянамды тамаша;
Талмаймын таныс желістен,
Ұмытсам түсер араша…
Екі сөз айтып бұлдаймын:
Жас досым жайлы жырлаймын
Қыр-сыры айтып бермегім.
Шарапат тапсын еңбегім,
Эпикалық қолда, музам-ай!
Ұстатып таяқ қолға да,
Сандалтпа оңға, солға да,
Жүк түссін менен ұзамай!
Классицизм анық ашқаным:
Ештен кеш — сөзді бастадым.
Сегізінші тарау
«Қош бол, егер
біржола болса, біржола».
Байрон
Күндерде лицей бақшасын,
Жүргенде жайлап құлпырып,
Апулейді1 оқып тап бастым,
Цицеронға қарап тым сұлық.
Сай-сала жатса жарқылдап,
Айдында аққу саңқылдап,
Саяда баурап әдемі үн,
Бастады муза әлегін.
Студенттік менің тар бөлмем
Жайнады шабыт сырласып,
Жайлады бойды жыр тасып,
Балалық үні сән берген,
Бабалар даңқы тозбаған
Тәтті түс жүрек қозғаған.
II
Қуана қауым қарсы алды;
Жас қанат таптым өзім де.
Қарт Державин жар салды
Батамен өлер кезінде.
III
Заңдылық сол деп келісіп,
Құштарлық қысты ызаны.
Тобырмен сезім бөлісіп,
Әкелдім асау музаны
Шуына думан дауының, 59
Сақшыға сезген жау үнін;
Тақылдап есер тойларда
Қандырды ол қызық ойларға,
Вакханка1 қыздай жайнады
Дем берді дәмдес мейманға,
Жастар да әуес сайранға
Шұбырып соңынан қалмады,
Мақтаныш құрдым осы мен,
Шабытшыл өлең досыммен.
IV
Мен қалдым ортақ одақтан
Алысқа кеттім … Ол ерді
Аялап муза мұң артқан
Жолдар да мылқау дем берді:
Сиқырлы құпия сезіммен!
Қап тауын аптап көз ілген.
Леонора2 болды туса Ай,
Құйғытты мінген атқа сай.
Таврида жақта дүбірім,
Қараңғы түнде тіл қатты
Теңізден алып тыңдатты,
Нереиданың3 тынбас сыбырын
Толқындар ноян жеткізді,
Тәңірді марапат еткізді.
V
Думанды, шулы жарқылдар;
Молдавия мұңлы жерінде 60.
Қарсы алды момын шатырлар.
Қаңғырған көрді тайпалар,
Тағылық кешіп жай табар
Тілдерді оғаш жуытты,
Құдайдың сөзін1 ұмытты,
Ән үшін бәрі өзгерді…
Әкелді жаңа бастама,
Муза іздеп келді бақшама
Бойжеткен қызды көз көрді,
Жанары мұңлы, ой соңында,
Французша кітап қолында.
VI
Ерткенім осы музаны
Раутқа2 — қауым ішіне;
Далалық ғажап қыз жаны
Қызғаныш етем ісіне.
Қатары қалың аристократтар,
Әскери сіберлер, дипломаттар
Қасынан өтті қозғалып;
Отырды үнсіз көз салып,
Қыспаққа шулы қызыпты
Қонақтар байқап келуін,
Естіді жел сөз желуін,
Ер, әйел сырын білмек те
Көргендей бірге суретте.
VII
Ұнайды оған қисынды,
Олигархтардың кеңесі;
Тәкаппар салтқа сүйсінді,61
Шендер мен жылдар белесі.
Анау кім топтың ішінде?
Тұман бар үнсіз түсінде,
Көрінді бөтен баршаға
Өтсе де адам қаншама,
Мазасыз ұқсап елеске.
Даңқой ма әлде дүмбілез,
Кім дерсің тұнған мың мінез?
Кімі болды? Евгений емес пе?
Сол деймін салмай бұлтаққа. –
Ол қашан келген бұл жаққа?
VIII
Сол қалпы, әлде көндікті?
Салар ма ескі қылжаққа?
Көрсетер нендей өрлікті?
Не бетпен қарар біз жаққа?
Мельмотпа байқап болсаңшы
Шет елшіл әлде отаншыл,
Гарольд, квакер не даңқой.
Бүркеніш атты құр сәнқой,
Қайырымшыл әлде адам ба?
Түсінбес мені демесін,
Әйтеуір берер кеңесім:
Баспайық надұрыс қадамға,
Осыдан келер пәле көп - Таныс па сізге? Әлде жоқ…
IX - Неліктен игі ниетсіз
Ол жайлы шешім бұлдайсыз?
Тынымсыз болсақ тым епсіз,
Біз бе едік көпке ыңғайсыз?
Шапшаң жан қате басқаны,
Намысқор абырой шашқаны,
Күлдірер әлде қорлайды,
Әлде ақыл қоштар сондайды;
Бос сөзден тауып жанды леп
Біткен іс көріп қаламыз,
Ақымақтан ызақор табамыз,
Мәнді адам дауы мәнді деп;
Орташалар жалғыз не күтпек,
Күт жетер біздің тең түспек?
X
Жас болу бақыт жасыңда,
Мезгілден қалмай жетілген.
Өмірдің сызын басуға
Сонан соң ақырын бекінген;
Түлкі түс көрсе сенбеген,
Тобырдан шошып көрмеген,
Жиырмада қайсар күйге енген,
Отызға жетпей үйленген;
Елуде барлық қарызын
Есептеп түгел берді де,
Алды атақ, ақша, шенді де
Еш кімге жазбай арызын,
Бір ғасыр айтты тәмам көп:
N.N.-ді ғажап адам деп.
XI
Қиянат — ойлау жастық шақ
Берілді деп те құр бекер;
Айнымпаз өтті жас құшақ
Алдампаз деуден шыр кетер;
Ең тамаша тілектер,
Армандар тосқан, жүректер
Таппады деу дауа бірінен
Жапырақтай күзде шіріген.
Алдыңғы көрер жоқ үлгің
Дастарханнан басқа жайылған,
Өмірді салт деп табынған
Соңынан пысық тобырдың
Еру де іс пе құптарлық
Үйлеспей ой не құштарлық.
XII
Нысана болу талқыға,
Шошынар қылық білгенге;
Көрініп есті жалпыға
Дарақы қу боп жүрген де,
Не қасіретті ессіз жан
Не қу шайтан бұзылған
Әлде перісі біздейдің.
Онегинді оңдап іздеймін,
Өлтіріп досын атыста,
Мақсатсыз жалқау қалпында
Жиырма алты қалды артында;
Бой берген мәнсіз жатысқа
Жұбайсыз, іссіз тек жүріс,
Қолынан келмей ешбір іс.
XIII
Сезікті дене түршікті,
Басқа жер іздеп кетуге
(Бұл да бір мінез меншікті,
Крешті мансұқ етуге).
Тұрағы қалды артында,
Сыра мен орман қалпында;
Көлеңке қанды көрінді,
Көкірегі күнде сөгілді,
Адыра қалды арман да;
Сезімге сеніп ерткені
Саяхат жәрдем етпеді,
Жалықтырды бәрі жалғанда;
Чацкийше күйі оңалды,
Кемеден балға оралды.
XIV
Көпшілік толқып қызды кеш,
Зал бойлап сыбыр тапты амал..
Хозяйкаға барды бір бикеш
Соңында сойқан генерал.
Сасатын емес әйел де
Салқын бой, тұйық мәнер де,
Сылқымсып көпке қарамай
Көзақы жеңіс қаламай,
Қылымсу болмай байқарлық
Әсерге бөтен салынбай…
Әдеппен өтті табынбай,
Сурет қой деп айтарлық
Du comme il faut1 …
(Шишков, кеш мені:
Аударуға өнер жетпеді).
XV
Ханымдар оған жақындап,
Кемпірлер езу тартуда;
Еркектер иіліп, жалпылдап,
Бойжеткендер өтсе тып-тыныш 62
Алдында жасап бұлқыныс
Көтеріп мұрнын, шуда жал
Бірге енді әлгі генерал.
Тамсанбас ешкім мәңгіріп,
Бикешке жіті қараса
Табылмас одан тамаша;
Өз бетімен пішкен сәнділік
Лондондық қауымда байқалған,
Vulgar дегенді айта алман.
XVI
Бұл сөзді аса сүйемін,
Әттең, аудара алмаймын;
Жаңа сөз тапқан тілегін,
Мадаққа бірақ салмаймын.
Эпиграмма құндар салмағын,
Бикешке бірақ арнадым.
Сұлулық бейқам құбылтқан,
Отырды ол өзін ұмытқан,
Нина Воронскаямен қатарлас,
Неваның Клеопатрасы1 атанған;
Шындықты айтса адал жан
Мәрмәр өң Нина аса алмас;
Көршінің туын құлатпас,
Өзі де жанды шыдатпас.
XVII
«Япыр-ау, сол ма? дегенмен
Евгений тура… жоқ деді…
Түпкірде қалған селеннен», —
Деп көзілдірігін бүктеді. 63
Әр минут сайын қадалды,
Еске алды ұмыт адамды
Алыста қалған гүл өңін.
«Анау кім қызғылт беретте
Испандық елшімен барады?
«Князь Онегинге қарады: —
Қауымды етпей керек те
Көп жүрдің. Берсін сәлемін,
«Бұл кім?» — Бұл менің әйелім.
XVIII
«Үйленіп пе едің?» — Әрине! - Екі жыл бірге еншіміз!-
«Жарың кім?» — Татьяна — «Ларина!» - Таныс па еді? — «Көршіміз».
- Ендеше кеттік, — деп дайын
Таныстырып өтті жұбайын.
Княгиня оған қарайды….
Іштегі ойды қамайды,
Сезімге артық ермеді;
Толқыса да ол қанша,
Ғажаптанса да таң қалса,
Өзгеріс барын көрмеді:
Татьяна берік салтында,
Ізет те сол бір қалпында.
XIX
Қалтырау түспес басына
Қызарып қайтсін сұрланып…
Қалт еткен жоқ қасы да;
Бүкпеді ернін қуланып.
Үңілсе Евгений ынтамен,
Ескі із жоқ өлшер қылтамен
Басқаша қылық қармады.
Көп сөзге Татьяна бармады,
Жібермей істі шебіне
Сұрады қайдан келдің деп,
Ел-жұртты қашан көрдің деп,
Сонан соң қарап еріне
Шаршады-ау, кетті тез шығып,
Онегин қалды мелшиіп.
XX
Осы ма Татьяна расында,
Оңаша оқшау қалатын,
Романның осынау басында,
Қияда қаққан қанатын,
Ақылшы биік өреде
Алатын құнды өнеге,
Қалтасында оның аты бар,
Жүрекпен жазған хаты бар,
Ақтарған еш сыр жасырмай
Сол ма екен әлде көрген түс?
Дәл сол ғой, бәрі осы қыз,
Жаратпай кетсе бас ұрмай,
Қалайша өскен тік өрлеп
Немқұрайлы қарап тым өргек?
XXI
Қызулы кешті тастады ол,
Оралды үйге ойлана;
Мұңлы ма, сәт пе басқа жол,
Түс көріп тұрды толғана.
Оянса хабар бұл жеткен
Князь N күтпек құрметпен
Кешкілікке. «Барам ол үйге,
Жетем, — деп, — қызық, мол үйге», —
Үдетті жауап сарынын.
Ақылға сыймас түсінде
Не жатты терең ішінде
Самарқау, салқын жанының?
Өкініш? Әуре? Болды тап
Әлде сол ескі махаббат?
XXII
Онегин уақыт санайды
Тағы да кетті күн ұзап.
Кешкі он, көрген талайды
Тез жетті жүрмей сылбырап.
Тебіреніп жетті жол аша
Татьяна отыр оңаша.
Бірнеше минут өзгермей,
Отырды олар. Сөз келмей
Онегинге тұйық түнерген,
Ыңғайсыз жауап береді
Қаңғырған басы ереді
Қырсыққа іштен тірелген.
Ол қыңыр, аузын ашпайды,
Татьяна маңғаз саспайды.
XXIII
Күйеуі келді. Сөзді үзді,
Тоқтады ретсіз tete-a-tete1 ;
Онегинмен бапты сөз түзді,
Әзілді басты тым төте.
Күлді олар. Келді қонақтар,
Тұзды сөз қызды сораптар.
1tete-a-tete — жекпе-жек сөйлесу.
Жетті жел жеңіл қауымнан
Хозяйка жаққа сабылған
Мысқылсыз жеңіл жайылды;
Кейде оны бөліп әкетті
Ақылды байлам әдепті,
Ойды жұрт жеңіл айырды,
Шошытпай көптің құлағын,
Ашқандай сөздің бұлағын.
XXIV
Москваның болды қаймағы,
Зиялы, сәнді саңлақтар;
Осында керек қайдағы,
Қажеті бар ақымақтар;
Ханымдар болды еңкейген
Тақиялы, гүлді ерпейген;
Бойжеткендер жатыр іздері
Күлкісіз қалды жүздері,
Мәмілегер болды сайраған
Мемлекет жайын көп айтқан;
Ретті сөзді молайтқан
Ақ бас шал әзіл қайраған:
Үзімтал кейде түрпілі,
Бұл күнге сәл-пәл күлкілі.
XXV
Эпиграмма сүйгіш болды орғаш,
Ашушаң мырза әмбеге:
Тәтті шай оған жөн болмас,
Шапшыды айтқан әр неге;
Жақпады роман мұңы да,
Екі қыз векзель,
Журналда соғыс мәнері,
Жауған қар өзінің әйелі.
XXVI
Проласов болды бұл жерде,
Атанған адам жаны лас,
Альбомдарға жазып үлгерген,
St.-Priest1, мұқалып қарындаш;
Тұр және балдың өктемі,
Журналда сурет көркемі
Қызыл талдай керім періште
Ісі жоқ у-ду керісте;
Тағы бар күлкі сыйлаған
Крахмал2 сіңген дарақы2,
Жолаушы әбес таланты:
Толқытпай дене тұрмаған,
Іш тартып, жұрт көз қағысқан
Ұнатпай оны қарысқан.
XXVII
Онегинім бүкіл кеш бойы
Татьянамен жалғыз тілдесті;
Болғанда балғын гүлде ойы
Зарығып күткен үндесті.
Ал, княгиня бүлк етпес,
Әйел құдайдай тіл жетпес
Отыр ғой Неваны сәнді еткен.
Ұқсастық жолын мәңгі еткен
Хауа — Ана бізді қолдайды:
Бергенді сүймей алдарсың
Жыланның уын қармарсың 64
Қашан да тыныш қоймайды,
Тыйым салған жеміс табынтпай,
Жұмақ та онсыз тамұқтай.
XXVIII
Татьяна жетпек төр-төбе,
Таптырды жылдам өз жөнін.
Қыспаққа салар мәртебе,
Дәстүрге сезді көнгенін.
Баяғы қыз жоқ тым нәзік….
Айбыны тұрған шын тасып
Залдардың заңын өзгерткен!
Таня емес жанын меңгерткен,
Ол жайлы түнгі түнекте
Морфей1 тез ұшып кеткенше,
Қамықты шолып жеткенше
Айды да жалғап жүрекке,
Болжады қолы жетуді,
Өмірде бірге өтуді.
XXIX
Ғашықтың құлы кәрі-жас;
Балғын шақ, бірақ, қыз қалпы
Қызуы келер ағындас,
Көктемгі желмен бір салты:
Құштарлық берген жаңбырдан
Жетіліп олар жаңғырған,
Өмірде қуат беріскен
Түрлі түс, тәтті жеміспен.
Келгенде, өткен жылдардың 65
Өлі ізін өткен құндар кім:
Күзгі жел солай сап-салқын
Шалғынды суда қалдырар,
Жалаңаш орман қалтырар.
XXX
Евгений ешбір қалтқысыз
Татьянаға ғашық баладай;
Аңсауы адам айтқысыз,
Күн менен түнге қарамай.
Ар-ұждан шегіп азабын
Көтерер өмір мазағын,
Есікті теліп жетілді
Көлеңкесі болған секілді;
Оңаша қалса шаттанар
Иығына Боа1 жабуға,
Қолына тиіп қалуға,
Кейде бір жаны ақталар
Көп жалшы ісі өтеліп
Орамалын берсе көтеріп.
XXXI
Жібуге Татьяна баспады,
Бас жарып, өліп кетсе де.
Үйінде сырын ашпады,
Қонақта тілге жетсе де.
Кейде сәл тәжім етеді,
Қарамай кейде кетеді
Қылымсып жүрген сұлу жоқ,
Онегинді сүймес жыйын топ.
Татьяна аяныш етер ме; 66
Солса да ұрынып кеселге
Көкіректе дейді астары;
Емдел деп достар қинар да,
Дәрігерлер сілтер суларға.
XXXII
Ол бармайды; бірақ сөз таба
Бабаларына даяр жазуға,
Кездесу жайлы; ал, Таня,
Баспайды жақындасуға.
Онегин келмес қалғысы,
Соқпа дерт қаулап жанды іші;
Сырқат жан саудан жолы кең
Княгиняға әлсіз қолымен
Құштарлы жолдау жазыпты.
Евгений іштей айласыз
Хаттарды көрер пайдасыз;
Бірақ та жүрекке азықты
Таппасқа болмас жан сөзі
Туыпты міне, дәл өзі.
Онегиннің Татьянаға
хаты
Түсінем: сізді көп қинар,
Мұңы мол құпия әңгімем.
Болса да қатал дерт сыйлар,
Жүзіңіз айтар алдымен!
Не керек маған? Не мақсат?
Сыр ашып медет табармын,
Ызалы жанға сөз тастап,
Күлкіге мүмкін қалармын.
Есімде алғаш көргенім,
Бір нәзік ұшқын тергенім,
Бірақ та сенім жеңбеді:
Ғадетке ескі баспадым,
Басым бос дәуір аспанын
Жоғалту қолдан келмеді.
Тағы бір себеп айырған…
Ленский оқыс майырылды…
Жер-көкте қымбат барымнан,
Жүрегім сонда айырылды;
Қауымда бөтен қалғанмын,
Тыныштық және еркіндік
Бақытқа пар деп жөн білдік,
О, құдай! Қатты алдандым.
Әрдайым сізді көру мен
Адаспай аңсап еруде,
Қос көзге көзді телумен
Ерніңнен күлкі көруде,
Ынтығып, байқап сізде бар
Ғажаптан алар жан тағат,
Тіл қатпай құл боп ем табар
Сонда екен! Сонда … бар рахат!
Осыны сізге бұйыртпай,
Сәт іздеп қаңғып сандалдым;
Қасыңызда жүрек суытпай,
Жүруден қатар құр қалдым.
Өлшеулі тағдыр мерзімі,
Онсыз да болды-ау, көп зілі
Ғасырым тұр ғой көлеңдеп;
Мен үшін тірлік заң етер;
Өзіңмен болып таңертең
Түсте де сені көрем деп…
Қорқамын: момын арызды
Байқар деп суық жүзіңіз
Жан сырым қулық тәрізді –
Көрініп үдер сыныңыз.
Жөн болар сонда білсеңіз
Ғашықтық ынтық қамауын,
Баса алмас тасқын мың теңіз
Өртенген жүрек алауын.
Құшақтап екі тізеңді
Бас исем жылап аяққа,
Халімді айтып жүдеулі
Көнер ем шексіз азапқа.
Сыр бермей салқын үніммен
Желісін сөздің дәл біле,
Жүргізіп шусыз әңгіме,
Табар ем шаттық түріңнен!
Айтарым хаттың соңында:
Қарсылық етпей бағындым;
Шешім сол: тұтқын қолыңда,
Тағдырға үнсіз табындым.
XXXIII
Жауап жоқ. Қайта жазыпты:
Екінші, үшінші хаттарға
Жауап жоқ. Жиынға асықты,
Бір себеп сенім ақтар ма?
Жарқ етті алдан. Қаһарлы
Қарамай бұзды қатарды;
Маңайы ызғар не түрлі
Крещен аязы секілді!
Қаруын қатал тоқтатпас
Онегин аузын жабады,
Қадала қатты қарады:
Қам көңіл қайда ортақтас?
Көз жасын Татьяна байлады,
Жүзінде ыза қайнады.
XXXIV
Қорқыныш сол ма құпиялы,
Байы мен қауым сезбестей,
Осалдық ойран жияды…
Онегин жүрді кездеспей…
Сөнді үміт, енді кетеді,
Бүлігі өзіне жетеді;
Ортаймас мехнат көліндей,
Қауымға кетті көрінбей.
Кабинетте үнсіз қалғанда
Жын қаққандай болды тап,
Сары уайым — сандырақ
Қуалап қолға алғанда
Жағадан сілке бастады,
Бұрышқа жыға тастады.
XXXV
Көп кітап білмей мән-жайын,
Оқығандары Гиббон мен Руссо1,
Шамфоре, Гердер, Манзони,
Madame de Stae2 , Бишо, Тиссо.
Оқығаны қоңыр Бель,
Одан соң келді Фонтенель,
Өзімізден бірдеме оқыды,
Альманахтар және журналдар
Көп ақыл айтар асқынтып. 67
Туыпты кейбір мадригалдар
Мен жайлы жазса нұр жанар:
Е sempre bene1 , мырзалар.
XXXVI
Өзі емес, көзі оқыды,
Таппады ойы құралыс.
Тәтті арман, тілек мол сыры
Тереңде қалды тым алыс.
Жолдарды басқан мол таңба
Рухани көзбен шолғанда,
Асығыс ашық әрледі,
Кейбірін терең зерледі.
Олары құпия мол амал
Көненің құштар істері,
Сыр бермес сиқыр түстері,
Қорқыту, аңыз жорамал,
Керіс соз кексе шатпағы,
Әлде жас қыздың хаттары.
XXXVII
Және де баяу қалғуға
Сезім мен ойын салады ол
Елес боп тұрды алдында
Оқ қамдап шұбар фараон.
Еріген қарды жастана,
Тапқандай түнде баспана,
Жас жігіт ұйқыға батты кеп,
Тінту шықты: «досы атты» деп.
Жауларын көрді ұмытқан
Өсекші, жалтақ жан улар,68
Айнымпаз шықты арулар,
Жолдастар көңіл суытқан.
Шалғайда, үйінде толғана…
Ол отыр жалғыз… сол ғана.
XXXVIII
Көндікті осынау тірлікке,
Есінен танып қалғандай;
Ақын да болмақ, киліксе
Бір көмек менен алғандай.
Магнитизмнің күшімен
Механизмін де түсінер
Ақылы, шіркін, жетпеді
Шәкірт боп еріп кетпеді.
Ақынға ұқсас әдепті,
Өзгені мүлде ұмытқан
Камин пеш бойын жылытқан,
Бар еді әні: Beenedetta1
He Idol mi2 о сарында,
Журналды тастар жалынға.
XXXIX
Күн жылжып, жылы ауамен
Қыс толғата бастады;
Болмады ол ақын дауамен,
Бақиға аяқ баспады.
Оятты көктем оны алғаш
Үйінен жабық үн шалмас,
Күзендей бұққан ұзақ қыс
Қос әйнек, камин, тәтті түс
Тастады бәрін ақ таңда;
Неваны бойлап шанамен,
Көк мұзды тіліп шамамен,
Күн жылып, еріп жатқанда
Көшелердегі үйме қар,
Ұмтылуы шапқын күйге зар.
XL
Онегин шапты! Күй бітіп,
Белгілі жері баратын:
Татьянаға жетті құйғытып,
Түзелмес менің дарақым.
Тірі өлік өңі, жүрісі,
Қарсы алар жоқ қой бір кісі,
Залға да жетті, жоқ адам,
Әрірек басты о л қадам.
Не керек бір сәт ораса!
Княгиня жалғыз мұңайған
Білінбес шаттық шырайдан,
Хат оқып отыр оңаша,
Көз жасы көл боп үдепті,
Қолымен бетін тірепті.
XLI
Қамыққан тілсіз қасіретін,
Жүзінен кім бар ұқпайтын,
Таняның ескі қасиетін
Княгинядан көріп құптайтын.
Ескі дерт ессіз сынады,
Евгений алдына құлады.
Татьяна толқып барады,
Онегинге үнсіз қарады.
Таңданбай ыза шақырмай
Тозған жан мұңын бөлісті,
Жалынышқа мылқау көністі,
Түсінді жанға батырмай;
Еске алды балғын өрт кезін,
Тұтанды қайта от сезім.
XLII
Онегинді жерден көтермей,
Келбетін жүдеу барлады.
Ашқарақ сүйсе еті өлмей,
Аузынан қолын алмады.
Береді енді кім демеу?
Өтті ғой ұзақ үндемеу,
Ақыры шықты пәс дыбыс: —
Болды енді, жетті, тұрыңыз,
Бар сырды келді шайқағым.
Есіңізде ме, Онегин, сол бір шақ,
Гүлзарда бізді мөлдір бақ
Табыстырғанын айтамын;
Сондағы сабақ сіздікі,
Бүгінгі кезек біздікі!
XLIII
Онегин, мен ғой, жас едім,
Көркемдеу болдым ол күнде,
Беріле сүйдім, мас едім.
Не таптым сізден сол күйде?
Қабағыңыздан қар жауды,
Үйренген көптен таңдауды
Ғашық қыз дымы құрыды….
Ал бүгін… қаным суыды;
Еске алсам жүрек жарады
Салқын оқ… Сабақ… бірақ сізді
Көремін асыл жан ізгі
Бекзаттық айқын тарады;
Кінәдан сізді аршыдым,
Дән разы жаным, бар шыным.
XLIV
Ол кезде шын ғой… шөл құмда,
Сіз сүймей қалдым аңдаусыз,
Ал, енді келіп сіз мұнда
Соңымнан неге қалмайсыз?
Нысана болдым неліктен?
Емес пе бүгін теліткен
Байлығым және беделім,
Болды ма берік сенерің?
Майдангер жарым жаралы,
Сол үшін сарай сыйлайды,
Өзгертіп әлде бұл жайды,
Болам ба көпке қаралы:
Арда ақау, ұятсыз жүзі бар,
Ал сізге қауым қызығар.
XLV
Жылаймын Таняны баяғы,
Шығармай естен жүрсеңіз,
Өткір тіл, қырсық аяғы
Жөн болар құнын білсеңіз,
Бәрі де менің қолымда
Тұрса ғой… Ғашық жолында
Сыйлар ем хаттар, көз жасын.
Жас күнде шеккен өз басым
Еттіңіз күнге аяныш,
Жасымды алып санатқа…
Ал, бүгін жығылар аяққа
Әкелді қандай таяныш?
Кетердей ақыл міні жоқ,
Сезімнің ұсақ құлы боп.
XLVI
Онегин, осынау салтанат
Жексұрын өмір жарқылы.
Мен үшін күткен қолқалап,
Сарайда кештің қарқыны,
Несі зар? Кетем тастап-ақ
Құрысын тозған маскарад.
Тастауға даяр жан құсым
Бір тақта кітап, бақ үшін,
Қара орын үшін жұпыны,
Ең алғаш Онегин дер күшің,
Мен сізді көрген жер үшін,
Тартады біткен күтімі,
Зират та талдың қасында
Креш те нянямның басында.
XLVII
Бақытым тұрды қасымда,
Жап-жақын! Бірақ тағдырым
Шешіліп қойды. Расында
Асығыстық болсын мағлұм:
Жалыныш пен біткен санаға
Тіленді анам, Таняға
Мүмкіндік жасап бердіңіз,
Үй болдым. Евгений, енді сіз
Сұраймын, мені тастаңыз;
Тәкаппар, арлы ниет те Бәрі бар.
Сіздің жүректе
Шын сүйем, айтпан басқа аңыз.
XLVIII
Татьяна кетті. Евгений тұр,
Жайратқандай жай оғы.
Қай дауыл соғып берген сыр
Жүрекке тиіп жеңді оны?!
Өкше үні шықты сенімді,
Таняның жұбайы көрінді,
Осымен менің батырым
Азапты күнде ақырын
Көзден ғайып қалсыншы;
Талай жыл оның соңында
Жүрдік қой ұзақ жолында,
Алғысты бірге алсыншы;
Ура! Бұл салт қала ма,
Құттықтаймын, жеттік жағаға!
XLIX
Кім болсаң да менің оқушым,
Доспысың? Қас па? Сенімен
Сыйласқым келіп отыр шын.
Ғафу ет қарап сеніммен
Не іздесең менің соңымнан
Келгенін көр де қолымнан,
Тармақтарым талғамсыз
Естеліктері алдамсыз,
Емлелік сын да тағарсыз;
Бұл кітаптан, құдайым,
Жүрекке медет сұрайын,
Журналдар қалмас хабарсыз.
Керекті үнім достасар,
Осымен, кешір, қоштасам!
L
Кешірсін қыңыр қаңғыбас,
Мен құштар тірі пірім де.
Ақылмен дәстүр жаңылмас,
Көрмедім теріс бірін де.
Не болса ақын қызғанар:
Аласапыран күннен із қалар,
Достардың тәтті кеңесі.
Көп күндер өтті мен осы
Татьянаны алғаш жасында
Онегинмен күңгірт түсімде
Көргенім бірге есімде –
Романды барлап расында
Сиқырлы күшпен ет-жүрек,
Көрмеген кезі елжіреп.
LI
Бірақ та дос пен таныс та,
Романның басын тыңдаған.
Көбі жоқ, бары одан алыста,
Саадише1 болсам жырлаған.
Онегин оларсыз жазылды,
Ал, Татьянаға наз үлгі,
Сүйкімді жүрек қонағы…
Бар еді тәңірім тонады!
Етпеген ысырап беталды,
Ішпеген сарқып бокалды,
Хал-жайдың сезіп ар жағын,
Қоштасып көңіл жұбатты
Онегин мен өзім сияқты. 69
А.С.ПУШКИННІҢ «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИНГЕ» ЕСКЕРТПЕЛЕРІ
Бірінші тарау
II шумақ. Бессарабияда жазылды.
IV шумақ. Dandy, франт.
XV шумақ. Шляпа Bla Bolivar.
XVI шумақ. Белгілі ресторатор.
XXI шумақ. Чайльд Гарольдқа лайық, суынған сезімнің белгісі. Дидло мырзаның балеттері қиялыңды сергітіп таңғажайып қызықтарға бөлейді. Біздің романтикалық жазушымыз осында бар поэзияны француздардың бүкіл әдебиетінде жоқ депті.
XXIV шумақ. Tout le monde sut qu ‘il mettait du blanc; et moi, qui n ‘en croyais rien, je соттепзаі de le croire, поп seulement par I’embellissement de son teint et pour avoir trouvii des tasses de blanc sur sa toilete, ma is sur ce qu ‘entrant un matin dans sa chambre,je le trouvai brossant ses ongles avec une petite vergette faite expriis, ouvrage qu ‘il continua fiiirement devant moi. Je jugeai qu ‘un homme qui passe deux heures tous les matins б brosser ses ongles, peut bien passer quelques instants б remplir de blanc les creux de sap eau.
(Confessions de J, J, Rousseauj)
Грим өз ғасырын айқындады: бұл күнде бүкіл көкірегі ояу Европада тырнақты әдейілеп жасалған тарақшамен тазалайды.
XLII шумақ. Бүкіл осы күлкілі шумақ отандас аруларымызға марапат-мақтаудан басқа ештеме емес. Тап осылайша шымшып алғандай етіп, Буало XIV Людовикті мақтайды. Біздің бикештердің білімдері мен сыпайлықтарын және ар тазалығын шығыс әсемдігімен байланыстыратындарына Сталь ханым таңғалыпты (Dix annesd’exl).
XLVII шумақ. Гнедичтің Петербург түнін сипаттаған идиллиясын оқушы қауым біледі:
Міне, түн; бірақ бұлттардың алтын жолағы сөнер емес,
Жұлдыздар жоқ, Ай да жоқ, алақанда жатар бар аймақ.
Алыстағы айдындарда көз тартты күміс желкендер
Кеудесінде аспанның кемелер келе жатқандай.
Ымыртсыз шұғыла түнгі аспанды жайнатты,
Қан қызыл батыс алмасты алтынымен Шығыстың.
Күн шапағы жетектеп алып келген секілді
Таң арайы шырайлы. Ол да бір алтын жыл еді,
Жазғы күндер алғандай ұрлап бар билігін түндердің;
Таңғалдырған солтүстік шетелдік қонақ көзіндей
Мөлт етіп сиқыр көлеңке жалғасқаны жарықпен,
Шаңқай түсте көк аспан бояна алмас тап солай;
Бұл айқындық солтүстік қызының әсемдігі сияқты,
Көздері таза көкпеңбек, беттері аппақ алаулы,
Көз тартқанда ақ сары шашы көлеңке тастап толқыды.
Дәл сонда Нева мен сәнді Петрополь үстінен көрінер,
Ымыртсыз кеш пен көлеңке түспес шапшаң түн;
Сол кезде Филомела түн орталық Әнін жаңа таратар
Келер күннің шапағатына шырқау арналар.
Бірақ кештеу; таза жел соқты тундрасына Неваның;
Шық шылқыды;
Түн ортасы мінеки: кешкі шулы ескектер үні басылды,
Бүлк етпес Нева; қонақтар қалалық тарқады;
Жаға үнсіз, су бетінде діріл жоқ, әсемдік толы тып-тыныш;
Көпірлердің гуілі ғана өзенді бойлап зу етер;
Ұзақ дауыс деревня жақта алыстан әрең жетеді,
Шекара күзет және әскери қарауыл үндесті.
Әмбе тірлік ұйқыда .
XLVIII шумақ.
Тірідей әйел құдайды
Көрді ақын өңі тіленіп,
Ұйқысыз түн де ұнайды,
Гранитке өткен сүйеніп.
(Муравьев, Неваның Қыз құдайына)
L шумақ. Одессада жазылды.
L шумақ. «Евгений Онегиннің» алғашқы басылымын көріңіз.
Екінші тарау
XII шумақ. «Днепрдегі су перісінің» бірінші бөлімінен.
ХХІҮ шумақ. Гректің тәтті дыбысты есімдері, мысалға: Агафон, Филат, Федора, Фекла және сол сияқтылары жабайы адамдардың арасында қолданылады.
ХХХ шумақ. Грандисон және Ловлас екі романның кейіпкерлері.
ХХХІ шумақ. …Sijavais la foliedecroireencoreau bonheur.je le chercherais dans 1 habitude (Шатобриан).
XXXVII шумақ. «Бедный Иорик!» Гамлеттің сайқымазақтың қу басын көргендегі таңдануы (Шекспир пен Стернаны көріңіз).
Үшінші тарау
IV шумақ. Алдыңғы басылымда «үйге ұшып барады» деудің орнына «қыста ұшып барады» деп жазылған (әрине, мағына бұзылған). Сыншылар оны түсінбей, келесі жолдарынан анахронизм тапқандай ниет білдірді. Біздің романда уақыт календарға сүйенген деп сендіре аламын.
IX шумақ. Юлия Вольмар — Новая Элоиза. Малек — Адель — Madame Cottin-нің орташа романының кейіпкері. Густав де Линар баронесса Крюднер повесінің тамаша қаһарманы.
XII шумақ. Вампир — Байрондікі деп бекер айтылған повесть. Мельмонт — Матюриннің ұлы шығармасы. Jean Sbogar — Карл Надьенің белгілі романы.
XII шумақ. Lasciate ogni Speranfa vol chentrate. Ұстамды автор атақты өлеңнің бірінші бөлігін ғана аударды.
XXVII шумақ. Марқұм А.Измайлов жұпыны шығарып жүрген журнал Баспагер бірде жұрт алдында мейрам күндері қыдырып қойдым деп кешірім сұрапты.
ХХХшумақ. Е.А.Баратынский.
Төртінші тарау
XLI шумақ. Журналдарда таңғалысыпты, сондағысы: жабайы крестьян қызын дева депті де, қасиетті бикештерді жас қыздар депті!
XLII шумақ. Бұл балалардың коньки теуіп жүргендері депті бір сыншымыз, әбден дұрыс.
XLV шумақ.
Қызыққа қанса жан иі
Ақындықтың Айы
Бағасымен шулы ұнайтын,
Ғашыққа не ақымақ жастыққа,
Ниетім солай құлайтын.
(Л.П.-ға жолдау).
L шумақ. Август Лафонтен, көптеген отбасылық романдардың авторы.
Бесінші тарау
III шумақ. Вяземскийдің «Алғашқы қар» атты өлеңін көріңіз.
III шумақ. Финляндияның қысын «Эдада» Баратынскийдің суреттеуі.
ҮІІІ шумақ. Баласын мысық шақырды.
Пешке кіріп жатуға.
Жас отау тойын тұспалдау; алғашқы өлең өлімге меңзейді.
ІХ шумақ. Осылайша болашақ күйеудің атын біліп алады.
XVII шумақ. Журналдарда: «Хлоп», «Молвь» және «топ» атты сөздері. «Вышел Бова из шатра прохладиться и услышал в чистом поле людскую молвь и конский топ (Бова Королевич туралы ертегілер). «Хлоп» деген соз «хлопание» (крол шапалақтау), нақ солай «шип» пен «шипенье»:
Ысқырынды ол жыланша.
(Көне орыс өлеңінен)
Бұлар орыс сөзінің бостандығына нұқсан келтірмейді.
XX шумақ. Біздің бір сыншымыз бұл өлеңдерден өнегесіздікті тапқан тәрізді.
XXII шумақ. Жұмбақты кітаптар Мартын Задеканың фирмасынан шығады, оны Б.М.Федоров ешқашан болжам етпек күмәнді кітап шығармаған жан дейді.
ХХҮ шумақ. Ломоносовтың белгілі өлеңдеріне пародия:
Таң алқызыл қолымен
Сәресі тыныш сулардан
Әкетті күннің жолымен. т.т.
ХХҮІ шумақ.
Буянов, менің өз көршім,
Кеше келді ол маған, мұртын қырып алмаған,
Күнқағарлы картозбен жүн-жұрқа үстінен қалмаған.
(Қатерлі көрші)
XXII шумақ. Біздің сыншыларымыз, сұлу жыныстың тамаша бапкерлері ретінде, осы өлеңнен өрескелді көріп, өрбіте сөгіпті.
Алтыншы тарау
V шумақ. Париждің рестораторы (ресторан иесі).
XI шумақ. Грибоедовтың өлеңі.
XXV шумақ. Атақты қару жасаушы.
XLVI шумақ. Алғашқы басылымында алтыншы тарау былайша аяқталатын еді:
Ал сен, балғын шабытым,
Қиялдың қозға бағытын.
Қалғытпай сергіт жанымды,
Ұшып жет жөндеп халімді.
Ақынның жанын суытпа,
Қатыгезденіп қатпасын,
Тас болып үнсіз жатпасын
Өлімші құштар тымықта,
Ішінде қатал паңдардың
Мақтаншақ ақымақ жандардың.
ХLVІІ шумақ.
Ішінде жалтақ қорқақтың,
Балалардың ерке, тым тентек,
Бек зұлым, қыңыр жортақтың,
Жабысқақ сыншы тым мөлтек,
Қасында қылымсы ділмардың,
Жағымпаз, жылпос құлдардың,
Ішінде қызба сәнқойлар,
Сыпайы сатқын даңқойлар,
Үкімнің шыққан сыртыңнан
Ішінде қатал ұрыстың,
Қаңырап қалған қуыстың,
Есеппен, оймен сөз қуған,
Шалшықта осынау мен көрген,
Қалыппын, достар, сендермен.
Жетінші тарау
IV тарау. Левнин шаруашылыққа арналған көптеген шығармалардың авторы.
XXXIV шумақ.
Бақшадай жолдар көз тартар,
Ағаштар, шымды жыралар;
Жұмыс көп атақ құралар,
Кейде өткізбей тоқтатар.
Тоғайдан сағат тіл тартқан
Жүргіншіге түсім аз,
Болғандай жолға кісі мәз
Жүргінші жыры үн қатқан!
Орыстың еркін жүрісі,
Екі жайда келер дұрысы:
Көкнәр — ата, Көкнәр — анамыз
Тудырса қысты аты аңыз,
Жорықпен жайлап шын құртар.
Көк мойын мұзбен жол құрсап
Бөгеттер салар түңғыш қар,
Төгілген жеңіл құмға ұқсап.
Немесе аптап өткенде,
Даланы шөлейт етердей,
Шалшықтан ұшып өткелге
Көз жұмып шыбын жетердей.
(«Станция». Князь Вяземский).
XXXV шумақ. Бұл теңеу, ой өрісі белгілі шапшаңдығымен ойнақтап тұрған К-дан алынды. К-нің айтуынша, бір күні ол князь Потемкиннің курьер ретінде жіберуімен императрицаға бара жатқанда шапшаң жүріске қызғандығы сондай, оның арбадан сүйретіле шыққан қылышының ұшы жолдың әр шақырымында шарбаққа тиген таяқтай тақылдатып отырыпты.
Сегізінші тарау
VІ шумақ. Rout — биі жоқ кешкі жиын, шынтуайтқа келсек тобыр демекпіз.
«ОНЕГИННІҢ САЯХАТЫНАН» ҮЗІНДІ
«Евгений Онегиннің» соңғы тарауы ерекше басылды, оның алғы сөзі былайша жазылды:
«Түсіп қалған шумақтары көпшілік алдында ұялту мен келемежге алдырды (негізінде әділ әрі өткір). Автор ақ жүректен, өзінің романының бүтін бір тарауын алып қалғанын мойындайды. Ол тарауда Онегиннің Ресейді аралауы берілген еді. Жаңа тарауды нүктемен не цифрмен белгілеу өз еркімде еді; бірақ қызығудан алыстап, тоғызыншы демей-ақ, оның орнына сегізінші деуге ұйғарып, соңғы тараудың алдына салып мынадай бір шумақты құрбан еттім:
Қаламым тыныштық сұранды,
Мен жазған тоғыз өлең бар.
Қайығымды менің шығарды
Жағаға тоғыз толқындар –
Мархабат тоғыз музама… және т.т.»
П.А.Катенин (ақындық тамаша талантына сыншылық кедергі жасамайтын) бізге өз ойын білдіргенде осы өзгешелік оқушы үшін тиімді болар, бірақ үлкен шығарманың бүкіл болмысына нұқсан келтіреді; өйткені уездік бикеш Татьянадан атақты бәйбішеге айналу тым тез, тым оғаш көрсетілген деп еді. Ескертпесі — тәжірибелі суреткердің қатесін әйгілеу белгісі. Автор бұл ұғымның құндылығын сезді, бірақ осы тарауды оның ойына орай емес, жамағатқа жарасты болсын деп шығарып отыр. Кейбір үзінділері жарияланған болатын; оларға біз бірнеше жаңа шумақтар қосып алға тарттық.
Е.Онегин Москвадан Төменгі Новгородқа аттанды:
……………..оның алдында
Макарьев1 әбігер қамданды
Байлығы берген қарқында.
Үнділік інжу көрсетті,
Еуропалық шарап теңселтті,
Аттарын ақаулы санаған
Әкелді зауытшы даладан,
Ойыншы қарттың бұйымын –
Бір уыс ойын тастарын,
Помещик қыздың жастауын
Қыздары сәнқой киімін,
Бәрі жүр өтірік, қақсатса
Пайдакүнемдік мақсатта.
Сағыныш!
Онегин Астраханға аттанды, одан әрі Кавказға кетті.
Теректе көрді шулы ағын,
Жағасын қазып жар құрған;
Көрді елдің өргек қыранын,
Бұғысын мүйізі дін аман;
Нар жатыр жартас жанында,
Жылқы жүр черкес жағында;
Шатырлар жайнап жоталы
Көрінді қалмақ отары.
Алыста Кавказ көмкерген:
Жол ашық. Боқтау естілді,
Білмейді-ау, таулар еш тілді
Дыбыстың бәрін жөн көрген,
Арагва мен Кура сыр ұқты
Орыстар шатыр құрышты.
Сақшыдай мәңгі шөлдерде,
Адырлар қысқан айнала,
Көрінді Бештау өр кеуде
Машук тұр жасыл паңдана;
Осы тау шипа сулары,
Сиқырлы дәру нулары,
Аурулар жүдеу қаптаған;
Біреулер намыс ақтаған;
Тік шегі сырқат ізі асыл,
Ұзартпақ өмірін мүгедек,
Батырар суға бір бөлек
Келіншек ескі ызасын
Ақ бас шал отыр тіл тежеп,
Жасарсам дейді бір мезет.
Кеткендей шексіз ой қамап
Мұңы көп жандар қасында,
Онегин терең бойламақ
Көз салды булы насырға;
Тоғысты ой тұман билеген:
Төсіме оқ неге тимеген?
Неге ақ бас шал емеспін,
Пайдасын күткен елестің?
Мен болып Тула шендісі,
Жатпаймын неге жын қағып?
Отыру қайда бой бағып,
Сырқырама меңдеп белгісі,
Жаратқанға етсем жалыныш,
Не күтем? Бәрі сағыныш!
Онегин содан кейін Тавридаға соғады:
Киелі аймақ ой бермек:
Атридпен егесті ер Пилат,
Бұл жерде өлді Митридат,
Осында Маицкевич жыр кернеп,
Жағада жүрді кеш жарық,
Литвасын өзінің еске алып.
Жағасы жұмақ Тавриданың,
Кемеден алғаш көргенде
Алауы таңғы Киприданың,
Аялап сүйіп төнгенде;
Ғашықтар ұқсап салтына:
Сүйді аспан таулар төбесін,
Ну орман, селен, белесін
Тастады жайып алдыма.
Көрінсе татар лашығы
Бой қызып, қаным тасыды!
Сағыныш ойға салды ма,
От-жалын қысты өкпемді,
Беу, мырза! Айтпа өткенді.
Қай сезім ойға сөз берді?
Қайтемін қозғап мұң-зарын
Бәрі өтті бәрі өзгерді,
Тыныштал, өткен жылдарым!
Таңғалып көрдік біз мұны,
Жайнаған жаға інжуі,
Теңіздің шуы, шатқалдар,
Сағынтқан сұлу ақ таңдар,
Есімі жасырын қалғандар….
Көктемдер бейне көрген түс,
Өткендей ұшып өрден құс,
Есімде асыл армандар,
Поэзия құйған кесеме,
Су қостым аздап есеме.
Басқаша керек суреттер:
Беткейді құмдақ сүйемін,
Қос шетен, ескі үй бір бетте,
Сағындым қақпа тиегін
Жатпайды бұлттар алаңсыз,
Сарайдың алды сабансыз,
Тал түбі есен сақтаған,
Жас үйрек қандай қашаған!
Балалайка енді керегім,
Мас жігіт тұрған жер теуіп,
Үйірге жетті ерпейіп;
Үй иесі әйел — сенерім,
Тілегім менің — тыныштық,
Бір кесе сорпа бер ыстық.
Жуырда, жауын-шашында,
Мал қора жаққа бұрылдым…
Тіфу! Қара сөз былығы расында,
Фламандар жолы бұрынғы!
Бұл емес жаным аң-таңы
Бақшасарай айтшы, фонтаны!
Осындай ойды миыма,
Беріп пе ең қосып сыйыңа?
Алдыңда үнсіз тұрғанда
Зарема үшін қамдандым,
Ішінде жан жоқ залдардың….
Үш жылдан кейін бұл маңға,
Онегин келіп көз салды,
Саяхатта мені еске алды.
Одессада тұрдым шаң басқан…
Ол кезде ашық аспаны,
Сан қилы сауда алмасқан,
Көп желкен солар ашқаны;
Еуропаның исі аңқиды,
Оңтүстік әлемі балқиды
Әр түрлі сақта тірлігі.
Италия алтын шықты үні
Көшеде шулы қарқындай,
Жүргенде өргек славяндар,
Француз, испан, армяндар,
Молдаван, грек тартынбай,
Египет ұлы өңі дос,
Морали, Корсар қолы бос.
Одессаның шулы жыры бар
Туманский біздің толғатты.
Көзімен сиқыр нұры бар
Уақытқа белгі орнатты.
Паш етіп ақын ғұмырды,
Көзәйнек киіп қыдырды.
Жағада жалғыз қадаммен,
Сонан соң жүйрік қаламмен
Одесса бағын паш етті.
Бәрі жөн, бірақ тал-ағаш
Көрінбес дала жалаңаш
Еңбегін көптің әс етті
Жас ағаш қуат алып та
Көлеңке берген халыққа.
Жүйесіз туса әңгімем
Шаң басқан Одесса айтқызды.
Көрген соң кезім дәл білем,
Былығы қалам тартқызды.
Бес-алты апта жолында,
Жүргендей Зевес қырында
Одесса шыққан атағы;
Батпақта малтып жатады,
Белшеден батқан үйлері
Адамдар ағаш аяқпен
Көшені кезер азаппен;
Саз кешіп мырза күймелі
Арбаға өгіз жегіпті,
Арық ат орнын беріпті.
Тас жарып жатыр балғалар,
Көшеге төсер бағытпен.
Қалаға адам таңғалар,
Қапталғандай сауытпен
Одесса осы ылғалды,
Зор кемістік тың қалды
Дұрыстап бермей суын да
Ол еңбек соғар қиынға,
Сонда да жеңіл негізі
Мол екен шарап қаулаған,
Баж салық оған салмаған
Оңтүстік күні, теңізі….
Сайранда, достым, ардақта,
Біз жүрміз ғажап аймақта.
Мен кейде таңғы зеңбірек,
Шыққанда үні кемеден,
Қырқадан түсіп тезірек
Толқынға жетем тебеген
Сонан соң трубкам қызынып,
Тұзы бар судан бұзылып
Мұсылманша жумаққа келісем,
Шығысша қою кофе ішем.
Сонан соң бейжай қыдырам
Казино ашық, қақ жолда
Шала ұйқы, ішімдік бар қолда,
Балконда маркер құрды заң;
Аулада әккі пайдагер,
Келісті екі саудагер.
Байқасам алаң жанданды,
Ала мен құла әр маңда.
Ісі бар-жоқтар қамданды,
Бір қажет бар ғой әр жанда.
Есеп пен бәстің пендесі
Саудагер келді туда есі,
Аспанды сәні көркемдер
Таныс қой оған желкендер.
Заттардың жаңа не түрі,
Карантинге биыл түсіп пе?
Қажетті шарап пісіп пе?
Жұт па әлде өрт пе кепілі?
Аштық пен соғыс қадалып
Жоқ па оқыс сондай жаңалық?
Бірақ та бізде қайғы жоқ,
Саудагер тобы қасында,
Устрица келсе біз де тоқ
Цареград жақтан осында.
Устрица келді! Бұл шаттық!
Ашқарақ жастар ас таптық
Қабыршықтан алып тұтамыз,
Тірідей не өлі жұтамыз,
Шашыратып лимон азырақ.
Айқай мен лаң — мол шарап
Қоймадан жетті біз қалап,
Жайнатты Отон қазір-ақ,
Құны бар қымбат әр сағат
Барады өсіп қат-қабат.
Қарайып кетті көк аспан,
Операға барар сәт жетті:
Онда Россини төр ашқан
Еуропа Орфейі үндетті.
Сынға да қатты қанады,
Жаңарып қайта жанады.
Ол терген әуен қайнайды,
Ағындап, жанып, жайнайды.
Сүйіскен жастау кезіңде
Ғашықтық әлпеш әлдидей,
Шапшыған шарап аидей
Орайды алтын сезімге… Беу мырза!
Тұрар бар ма жол
Шараппен қатар do-re-mi-sol?
Көз тартар ғажап қанша онда?
Көзілдірік те сұмдық табылмас.
Кездесу қызық тың жолда
Prima donna, балет ағындас.
Төрде отыр көзді қандырған
Негоцианка уыз балдырған
Көрінді тұйық ол маған
Топталып құлдар ораған…
Маңайды барлап аңдымас
Керек пе Каверина арияң?
Мақтау мен әзіл жарияң…
Жұбайы қалғып ол да пәс
Қол соғып фора орындар,
Есінеп қайта қорылдар.
Заулады финал; зал тарқап,
Кетуге қауым асықты;
Алаңда көбі тұр қарап
Жер, аспан жарық шашыпты,
Авзония бақытты ұлдары
Әндерін алаң тыңдады;
Лезде жаттап, шатпақтап,
Қосылдық біз де тақпақтап.
Тым кештеу Одесса ұйқыда,
Тымырсық әрі жып-жылы
Үнсіз түн. Ай пәс жылжыды,
Ақша бұлт қалды тыншыға,
Аспанды құшып тыңдайды;
Қара теңіз ғана шулайды…
Одессада тұрдым сол кезде….
ТАҢБАСЫ ҚҰПИЯ ШУМАҚТАР
<І>
Б <илеуші> осал, жылпос жан,
Тер төккен жанды қолдамас,
Байқ <аусыз> даңқ бұйырған
П <атшалық> құрды қасқа бас1 .
<ІІ>
Ойладық жуас деп бұл пенде
Аспазшы бөтен расында
Екі басты қыранды2 түткенде
Б< онапарт> шатыры алдында.
<ІІІ>
12-ші жылғы найзағай
Жетсе кім сеп болды ұдайы?
Ел ызасы әлде найзадай,
Б <арклай>, қыс, не орыс құдайы?
Жебеді құдай анық біз
Түскендей істің алшасы
П <арижге> жетіп қалыппыз,
Бас п<атша> — орыс п<атшасы>.
Қанша май басса, сонша ауыр
Ақымақ о<рыс> х<алқым> ай!
Мәзбісің денең толса құр.
Мақсатым халқым сыйлаған
Мен саған ода арнар ем 70
Тегі зор1 жазғыш тыңдаған
Ескертті маған байқа деп
Альбионға теңіздер бұйырды.
Мүмкін, жалға алып тынбаса,
Монастырге ақымақ жүгірді
Мүмкін, <Николай> ымдаса,
Қайтарар көпке <Сібірді>
Мүмкін жолдарды жөндейді.
Былапыт туған жиһангез
Патшалар одан қаймыққан
Тәж алып Пападан өшті тез
Көлеңкедей күннен қаймыққан,
Тыныштық қинап дарға асты.
<ІХ>
Зілзала2 тынбай Пиринейде,
Неапольді жалын торлады.
Шолақ қол3 князь Моренге
Кишиневтан сәлем жолдады.
Қанжар Л , көлеңке Б
<Х>
Халқыммен бәрін басамын,
Конгрессте депті пат <шамыз>
Сені ойлап құрмас жасағын,
Александр құлы аты <аңыз>.71
<ХІ>
Полкі Титан Петрдің
Күлдіргі ескі мұрттылар
З<алымды> сатып лепірген
Қанпезер топқа ғұрпы бар.
<ХІІ>
Р <есей> б<ұқты> қайтадан
П <атша> да молдау есірді.
Түсінер барлап байқаған
Басқаша жалын көсілді.
<ХІІІ>
Олардың өзге жиыны,
Бір шөлмек қалмас шарабы
Бір рөмке орыстың арағы.
XIV
Мәнермен ашық шығынсыз,
Әулетке тәңірім бақ берген.
Никита тосар тынымсыз,
Илья күтер сақ келген.
Досы Марс, Вакх1 , Шолпанның
Оларға Лy <нин>2 ұсынған
Осы деп назы қолқамның
Шабытпен шалқып ысылған:
Ноэлін П <ушкин> оқыса
Як <ушкин> үнсіз толқыса 72
Көрсеткен болар жанжалын,
Патшаны жарғыш қанжарын,
Ресейді ғана әлемде
Көрмек боп сайрап жосылған,
Ақсақ Т <ургенев> қосылған
Құл <дықты> жойып бар елде
Дворяндардан үміт тосқандық,
Ша <руаларға> берер бостандық.
XVI
Болған іс мұзды Невада
Бірақ та ерте көктеммен
Каменка жақта жағада
Тулчиннің тауы көмкерген,
Витгенштейнде берік қазықтар,
Асау Днепр жуған жазықтар
Даласы Бугтың қабылдап
Жаңалық <кетті> дабылдап.
Ол жерде П <естель> күреске
Іздеді қажет сан амал
Суыққанды сол ғой генерал,
Муравь <ев> те кірді үлеске
Күш пенен істі белгі етті,
Ұш <қыншыл> сәтті тездетті.
XVII
Әу, баста сондай келісімдер
Лафит пен Клико бастаған
Болды ғой достық есті үндер,
Алысқа алшақ баспаған,
Жүрекке бүлік қонбаған
Сергітер ғылым болмаған
Жүріпті жастар құр текке,
Құрды ермек кексе тентек те,
Көрінді солай
Түйінге түйін тоғысты
<Құпия тормен аңдумен>
<Ресей>
Патшамыз жүрді қалғумен.
ТҮСІНІКТЕР
1930 жылы 26 қыркүйекте, тоғызыншы тараудың бітуінің ертесіне (романның негізгі нұсқасынан «Евгений Онегиннің саяхаты» атты тарауды алып тастағаннан кейін, ол сегізінші тарау болып шықты) Пушкин шығару жоспарымен «жанына ең жағымды» шығармасының жарыққа шығару хронологиясын жасады.
Онегин
Бірінші тарау
I өлең Алғы сөз Кишинев, Одесса
II өлең Ақын Одесса, 1824
III өлең Ару Одесса, Михайловское, 1824
Екінші тарау
I Деревня Михайловское, 1825
V Туған күні жайлы Михайловское, 1825, 1826
VI Атысу Михайловское, 1826
Үшінші тарау
VII өлең Москва, Михайловское
Петербург, Малинники, 1827. 8.
VIII Саяхат, Москва, Павловск
1829, Болдино
IX Большой Совет, Болдино
Ескертпелер
1823 жыл 9 май Кишинев -1830, 25 сентябрьде. Болдино 26 сентябрьде Александр Пушкин «Асықты өмір сүруге, құштарлыққа құлшынды» князь Вяземский.
7 жыл, 4 ай, 17 күн.
Басқа шығармаларының қайсыбірін алсақ та Пушкин осыншама көп уақыт бөлген емес-ті. Бірақ та романның мазмұны жағынан бұл: роман, не поэма, не ұзақ өлеңдер тобы десе де, бұл болжамы да толығынан орындалмады. Оның себебі «Евгений Онегин» ақынның рухани өмірінің күнделігі іспеттес шығарма болғандығының әсері тиген шығар.
Роман дәуірдің шындығын ғана тізбектеген жоқ, XIX ғасырдың яғни үштен бірінің энциклопедиясы бола тұра — бұл басты мақсат болса да — өмірдің маңызы мен мақсатына ойшылдық жасап, болмыстың сырын ашты.
Роман тараулары бөлек-бөлек басылып отырды. Ең алғашқы толық жинағы 1833 жылы жарық көрді. «Бәсім жоқ көпті таңдантпақ» деп басталатын ең бастапқы шумағы Пушкиннің еңбектерін шығарып жүрген баспаның редакторы А.А.Плетневқа арнауы, бұрын төртінші және бесінші тарауларда беріліпті. «Онегиннің саяхатынан» үзінділер қосымша ретінде тарап жүрген екен.
Негізгі мәселе «Таңбасы құпия шумақтарды» баяндайтын шумақтарда жатыр, оны дәлелсіз оныншы тарау деушілер де жоқ емес.
Бірінші тарау
1823 жылдың 22 қазанында аяқталды. Баспадан 1825 жылдың ақпанында інісі Л.С.Пушкинге арналып, қосымшалар мен «кітап сатушы мен ақынның әңгімесі» деп кіргізіліпті.
«Эпиграф — 1833 жылғы басылымында қосылды.
I
«Тәртіпке тәптеш ағайын» — әжуа іспеттес Крыловтың «Есек пен еркек» атты мысалынан алыныпты: «Тәртіпке тәптеш есегім».
II
«Поштабаймен шаң жұтқан»… — Бұл қазынаның аттарымен жол жүргенде аттары әр станцияда айырбасталып отырады деген ұғымды береді.
«Жақпайды маған солтүстік» — Пушкиннің оңтүстікке жер аударылғанына наразылығын білдіреді.
III
«Құрметпен іске жегіліп» — жаттанды формула «құрмет белгісін беруге лайықты» деп меңзегені.
VI
«Эпиграф» — ұтқыр сөз, шығарманың негізгі мақсатын жеткізер цитата (кісі сөзі) болады.
VII
«Құштарлық жеңбей санасын» — поэзияға деген құштарлық айтылып отыр, «ән десе жимас айылын» да сол сарындас.
XVI
«Комета тығын атылды» — 1811 жылдың жемісінен алынған шарабының тығыны аспандағы кометаға (шағын жұлдыз) ұқсас жасалған екен, өйткені сол жыл ол комета көп уақыт көрініп тұрыпты.
«Дәмді екен Страсбург самсасы» — құстың бүйрегінен жасалған консервідегі дәмді тағам.
«Лимбургтік ірімшік аралас» — ерекше жасалатын өзі ащы, оған қоса өзіндік иісі бар Лигбугте жасалатын ірімшік.
XVII
«Федра мен Клеопатраны, Моинаны болды қолдаушы» — дегендегі: Федра жан Расиннің кейіпкері, Клеопатра — бір аударма пьесадан алынған есім, Моина — В.А.Озеровтың «Фингал» атты трагедиясынан алынған.
XX
«Нимфалар құштар қоршады» — бұл нимфалар ағаштың арасында жүретін орман құдайлары: классикалық опералар мен балеттерде қолданылады.
XXIII
«Не сатса да Лондон кінәмшіл» — бұл жерде галантерея, парфюмерия товарларын сатушыны айтады.
XXVI
«Көнеге қарап төздік те, академиялық сөздікке» — Ресей Академиясының сөздігі шет елдердің тілдеріне толы болыпты.
XXVIII
«Бикештер күндес күңкілін» — авторы белгісіз сатиралық шығармадағы керімсал әйелдердің бейнесіне жатады. «Мода сүйгіш» атты И.И.Дмитриевтің өлеңдеріне ұқсас.
XXXIII
«Қызғандым толқын шұбырсаң» — Мария Николаевна Раевская-Волконская есіне алғанда: «Теңізде толқып қуып жүргенінде соңымнан Пушкин қалмапты. Ақыры 15 жастағы маған арнаған тамаша өлеңі туды» — деген екен.
«Армидаларға тез құмар» — Торкварто Тассоның «Азат Иерусалим атты поэмасында -Армида — көріпкел кейіпкер.
XXXV
«Наншы неміс тасып ас, айтар сөзі васидас» — немістің «Was ist das?» (Что такое?) бұл жерде форточка (терезенің шағын бөлігі) немесе есіктің жоғарғы тесігінен нан сатушының сатып алушылармен сөйлесетін жері.
XXVIII
Chuld — Harold — Джорж Ноэль Гордон Байронның «Чарльд Гарольдтің саяхаттары» атты еңбегіндегі басты бейне.
XLII
Сей (Сэ) Жан Батисон (1767-1832) — француз экономисі, Бектам Кремия (1748-1832) -ағылшынның социолог-жазушысы, утилитаризмнің негізін қалаушы.
XLIV
«Мойын бау тозған салтындай» – діни-танулардың мойын баулары; бұл ретте ескі дәрістердің жаңаларға салған бұғаудан ой мен сезімді тұзақтап тұрғаны көрсетіледі.
XLV
Соқыр қолдаушы — Бақыт тағдырдың тәңірі.
XLVIII
«Торквартты әуен ырғағы» — Торкварто Тассоның «Азаттық алған Иерусалим» поэмасынан өлең болып кеткен тармақтан. Сегіз тармақтан туған шумақтар — октавалар (үйлесімдер) octo лат. — сегіз.
XLIL
… Аполлонның ұрпағы — ақындар; Аполлон Күннің құдайы, өнердің қорғаушысы.
… Альбионның бұтағы… — Альбион — Англияның ескі аты; бұл жерде Байрон «Чарльд Гарольдтың» IV өлеңінде Венецияны сипаттаған кезі келтірілген.
… Петрарканың тілімен … Петрарка Франческо (1304- 1374) — Италияның ұлы ақыны.
L
«Қасарып дүлей толқынға … Шаңқай түс ыссы аптапта» — оңтүстіктегі теңіздердің сипаты.
LVI
«Байронға ұқсап тәкаппар» — Байронның (1788-1824) көңіл күйі мұңшылдау, бірақ қимылдары тәкаппар, бұл бейнелеуден оқушының ақынның өз тағдыры деп түсінетінін келтіріпті.
Екінші тарау
1823 жылғы 8 желтоқсанда аяқталған. XXXV, XXXIX және XL шумақтары кейін жазылған бұл тарау 1826 жылы қазанның 20-сында жарық көріпті (Москвада). Эпиграфтар. — О, rus! Ног — О, деревня Горацияның (65 ж.ж.д.дейін — 8 ж. ж.д. дейін) Сатира кітабынан (II кітап VI бөлім). Rus (деревня) О, Русь дегізгені Пушкиннің еркін серпілісі.
III
… Сегізінші жылғы күнделік… Шенділерге қол қойғызылып жасалатын Ресей Империясының 1808 жылғы ай сайынғы күнтізбесі.
IV
«Барщинаны құртыпты, жабайы алыс орнатты» — бұрынғы Ерес — ярмо; Барщина -крестьяндардың өз қожаларынан ақы алмай жұмыс істеуі, бірақ олардан тұрақты алым-салықты бекітті (ақшадай яки заттай).
V
«Фармазон ішкіш шарапты» — өзгертіліп аталған «Фармансон; саяси-діни қоғамның құпия аты. Массондық құрметті орындар Ресейде 1882 ж. жабылыпты.
VI
«Геттинген шектес адал жан» — Геттинген Германияның қаласы. Бұл қаланың университетіндегі профессорлар немістің идеалистік философиясын қолдап, жаңа тәртіпке мойынсынбауды уағыздаған.
- Пір тұтқан Кантты — Кант Иммануил (1724 — 1804) — немістің философы.
VIII
«Сол досы неге жоймасын, өсекшілдердің қоймасын»- қойма деуі өсекшілердің түпкі ойын деген мағынада.
IX
… Сенімі күшті … қос жүрек … — Вяземскийдің «Өкініш» атты өлеңінен өзгертіліп алынған: «сөздерің жанға бостандық орнатты, қасиетті жек көргіш арсызға от боп жағылды — сенімі күшті махаббат рахатына бастады.
X
«Нәрі бар ынтық зәрудің … Тұманды өр қиял, мас леп» — өмірдің көрінісін өз бояуымен көрсетті — бұлар байырғы поэзияның қанына сіңген марка мен таңбалар.
XIV
«Сенімге көнбей мінезің» — сенімге көнуді жою (өз ой тоғытуын, діни сенім -ағартушылықтың бір ұраны болған.
XXI
«Сол дейтін сенің пешенең» — үйленуге берген кеңес.
XXIX
Ридчардсон Сэмюэль (1689-1761) — ағылшын жазушысы, «Чарльз Грандисонның тарихы» және «Кларисса Гарлоу» — атты романдардың авторы болған.
XXX
«Грандисон асып Лавластан» — ол Лавласты құрметтеді» мейірбан және дөрекі жасалған Ридчардсонның романдарының кейіпкерлері.
XXXII
«Ғажайып өнер табылды… қолда есеп, бастан шашты алды» — әр іс өз жүйесін тапты. Крепостной қызметшілерін әскерге аттандырады жарамдыларының маңдай шашын, жарамсыздардың желке шашын алуды шығарды.
XXXV
«Ыдыстың әні, би жарқын — дәстүрлі көне салттың әндері; қыздар сақиналарын сулы ыдысқа салып, қайтадан алып шығарда ән салады екен, кімнің сақинасы қалай алынды соған лайық ән туатын болған, оны тағдырға байланыстырған. «Шоқ гүлге тағзым басталды» — заря» атты гүлге көз жасының тамшысын арнайды. Троицын күндері ол дала шөбімен әр үйдің бөлмелерін көркейтеді екен, бұл рәсім ол дүниеге аттанып кеткен туыстарына бағышталатын болған. «Тағамның келді асылы, шеніне қарай тасылды» — ол кезде қонақтарға тағам үлестірерде шені үлкеннен бастапты.
XXXVI
«Табытта киді жаңа тәж» — өлді деген ұғым.
XXXVII
«Оралды атамекенге» — аруақ қонған өз үйіне оралды.
XL
«Музаны берік жақтаушы» — романдағы аонида — муза деген мағынаны береді.
Үшінші тарау
1824 жылдың 8 ақпанында басталып, 2 қазанында аяқталған. Баспадан Петербургте 10.10.1827 жылы жарық көрді.
«…Эпиграф … француз ақыны Мальфилатра Шарм Луи Клешанның (1733-1767) «Нарцисс немесе Шолпанның алаңы» поэмасынан алынған тармақтар.
V
«…Вандиков Мадонасы аумаған» — Голланд суретшісі Антонис Ван Дейктің Алланың анасының суретін салған картинада болып отыр.
X
«Кларисса» — Ридчардсонның «Кларисса Гарлоу» романының кейіпкері «Элия» — Руссоның «Элия немесе жаңа Элоиза» атты романының кейіпкері.
XII
«Британ сазы сан қырлы» — Британияның жаңа жазушыларының ойлап тапқандары, Байрон және оның шәкірттері.
XVIII
«Ал өзім он үш жаста едім» — ол кездегі крестьяндардың қыздары он үште ұзатылады да, ер балалар он беске келсе отау иесі дейді екен. «Шашымды өрген тарқатты» — ұзатылар қыздың некесін қиярдың алдында құрбылары шашын қос бұрым қылып өріп беретін еді, ересек әйелдер жұрттан тасалап қорғайды екен.
XIX
«Қасиетті суды бүркейік» — Шіркеу өкілінің ұшықтап берген суы.
«Қаусаған қолмен шоқынтты» — Бұл жерде батасын беріп, аят оқумен шоқындыруды айтады.
XX
Телогрейка — қысқа тігілген ыспалы жылы шапан.
XXVIII
«Семинарист шәлі жамылған», «не Академик тақия киінген» — оқымысты әйелдерге әзілдеп таққан ат.
XXX
«Аспанын шолып финдердің» — Баратынскийді Финляндияға жер аударғанда достық үндестік білдіру.
XXXI
«Фрейшиц» — Карл Мария фон Вебердің (1786-1826) «Еркін атқыш» атты операсының неміс тілінде айтылуы.
XXXIII
«Вегор» — кеш, кешқұрым.
XXXV
«Бірақ та аң-таң қаламын» — түсінбей тұрмын дегені.
XXXVIII
«Жарқабақ, көпір, шабындық» — көк майсалы, көл шеті, гүлге оранған шырмауық.
Төртінші тарау
1826 жылдың 6 қаңтарында аяқталған. Бесінші тараумен бірге Петербургте 31 қаңтар — 2 ақпанның арасында, 1828 жылы баспадан шыққан. Бұл басылым Петр Александрович Плетневке арналыпты.
….Эпиграф… — Францияның мемлекет қайраткері Жак Неккердің сөзі, оның қызы Жармена де Стальдың «Француз революциясына көзқарас» деген кітабынан алынған.
VII
«Әйелді қанша аз сүйсең» — бұл жайында Пушкин алғашқы рет інісі Левке: «Мен саған әйелдер жайында не дер едім, бірақ не десем де бос сандырақ. Тек бір ескертпем: әйелді қаншама аз сүйсең, тезірек меңгеріп аласың. Өйткенмен бұл әурелік XVIII ғасырдағы кәрі маймылдың лайық тапқаны.
XIII
«Мадригалсыз айтам өлеңсіз:» — бос сезіммен, әсіре мақтаусыз айтпақ ой.
XVIII
«Сыртынан бірақ шын бүлік» — тың бүлік «недоброхохотство» сыртынан ерген өсек-аяң.
XIX
«Қиялы қара ниетті» — ниеті арам ойлы деген сөз; «Эпиграмма сүйгіш олақтау» — дөрекі жалпақ шешендік.
XXVIII
«Келместей жазғыш сауатқа» — ырғақсыз да ұйқассыз өлеңдер.
XXX
«Толстойша сиқыр әдіспен» — Толстой Федор Петрович (1783-1873) суретші, зергер, өңдеуші.
XXXII
«Бет перде, керней, қанжарды» — бет перде дегені маска, керней (труба), қанжар үшеуі классикалық әдебиетте және суреттегі ресми белгілер (эмблемалар).
XXXIII
«Бөтен ой назын тежеді — И.И.Дмитриевтің сатиралық «Бөтен ой» атты шығармасындағы дарынсыз жалаң сөзшіл, айлакер автор жайлы.
XXXVII
«Гүлнарды жазған ақындай» — Байронның «Корсар» атты поэмасындағы Гюльнара атты қыздың бейнесі. «Геллеспонт» кешер малтумен» — деген Леонардо және Геро жайлы аңыздың анықтығын тексеру үшін 1810 жылы 3 шілдеде Байрон Дарданел бұғазын малтып кешіп өтіпті, ол кезде көне гректер Дарданелді Геллеспонт атапты.
XLIII
Прадт Доминик (1759-1837) — Францияның саяси қайраткері, публицист. Наполеонның сарай діндары.
Вальтер Скотт (1771-1832) — ағылшындардың ақыны, жазушысы, оның шығармаларын Пушкин «Жанға азық» атапты.
XLIV
«Мұз салған суға шомылса … Бильярдта екі шарменен, жарысып ойнар таңменен» — Бұл жолдар, тетелестерінің айтуы бойынша, автобиографиялық көріністерге жатады.
XLV
«Ипокренше жайнады» — Ипокрена — Голикон тауындағы шабыттың қайнар көзі, Аполлон мен музалардың тұрағы.
«Соңғы тиін — лепіт бұлдырар» — лепіт — көне еврейлердің ақшасы (монета), лепіт інжілдің сүрелерінен жетіпті.
XLVII
«Қасқыр мен иттің арасы, секілді уақыт деме бос» — әзіл үшін алынған француз тілінде былай екен: «entre сһіеп et lour» ол ымырттың белгісі. (Қазақ: «қас пен көздің арасы» -дейді К.С.
XLIX
«Сенбіге туған күніне — Татьянаның 1824 жылы 12 қаңтар Сенбіде туған күнін «Татьяна күні» — деп атапты. Бесінші тараудың жазылып жатқан күндері екен.
Бесінші тарау
Бесінші тарау 1826 жылғы 4 қаңтардан басталып 22 қарашада аяқталды. 1828 жылдың 31 қаңтары мен 2 ақпанының арасында баспадан шықты.
I - Эпиграф — В.А.Жуковскийдің «Светлана» атты балладасынан алынды.
II
«Сол күздің жылы шуағы… қаңтарда қар жауғанда… үшінші күнгі таңды ала» — үшінші қаңтарда түнде жауыпты, бұл 1824 жылдың қаңтары екен.
III
«Қыс келді… Шаруа шалқыды» — бірінші қардың шаттығы, қыс келді. Сонар жол түсті.
IV
«Крещен кешін қызықтар» — Шоқындырар алдындағы кеш, ол кеште өз тағдырын жайлы бал аштыру қызығы келеді.
VIII
«Балауызға суда қарайды» — еріткен балауызды суық суға салғанда түрлі-түрлі суреттерге денелердің сәйкес келуіне қарай балгер адамның тағдырын айтып береді.
X
«Жебеді Лель тез сезіп» — Лель көне славяндардың ғалымдары мен ақындарының ойлап тапқан махаббат періштесінің аты.
XIII
«Көрінбес бір із қалмастан» — тік жағалау қар басқан қалың ағаш із бермейді.
XVIII
«Домовойлар қызды ақ жалын» — дегені домовойлардың сұм шайкасы көрінгендей болады, христиан дінінде әр үйдің әулиесі, қорғаушысы «домовойлары» — аруақтары бар, бұл жолы бұлар қорғаушы емес қорқынышты болып көрінеді.
XXII
«Халдейлер салтын қорушы» — көріпкелділік, балгерлер халдей (Вавилон) салтын жақтаушылар жұлдыздарға қарап бал ашады екен.
XXVI
…Буянов — Василий Львович Пушкиннің «Қатерлі көрші» атты поэмасының кейіпкері. Пушкин Буяновты немере ағам дейді екен. Өйткені поэманың авторы әкесінің туған інісі.
XXXV
«Үстелдер жасыл ашылған» — Карта ойындарына лайықталған үстелдер жасыл сукномен қапталады екен, өйткені ойыншылар оны тақта ретінде пайдаланып өз есептерін жазып отыруға лайықтапты.
XXXIX
«Қалалық Парис толғана» — көне гректердің Троян соғысы жөніндегі ертегілерінде Парис атты еренғайып сұлу жігіт болыпты, соны мысқылмен келтіріп, «уездной мақтаншақ» Петушковты атапты.
Алтыншы тарау
Алтыншы тарауды Пушкин бесінші тараумен қатарлас жазып жүргенге ұқсайды, өйткені ол Петербургте 1828 жылы 22-23 наурызда жарыққа шықты. - Эпиграф — Петрарканың «Джакомо Колонна» атты канконнасынан алынған.
V
«Регулдей ардың тәңірі» — Регул Марк Атиллий (III ғ. ж.э.дейін) Римнің консулы, қолбасшысы; бес жыл Карфагенде пленде өткізді, содан кейін өзара келісімге келтірер мәмле жаса деп Карфаген Римге жіберді, бірақ та сенаттың алдында бұл ұсыныстан өзі бас тартты. Өз сөзінен таймайтын қайсар Регул Карфогенге қайта оралды, сол жерде ауыр азаппен өлтірілді.
VI
«Талайды салды-ау, тәлкекке — дуэльге жеткізуге себепкер болды.
VII
«Келісімге әлде келтірер» — дуэльден тайқу қорқақтың белгісі саналатын, келісімге келу де сондай қатал сында. «Капутаға Гораций секілді» — Римнің ақыны, әскери шешен, соңғы өлеңдерінде деревнядағы шаруа арқылы «Капуста өсіру» — деп атаған еңбегінің атын «село шаруашылығы» деген француздың мәтелінен алыпты.
XXVII
«Секундантын Онегин көрсетті» — Онегин дуэль жайлы келісім-шарттарға қарамай секундант етіп өз жалшысын алыпты.
«Екеулеп үлкен сөз кесті» — дуэльдің қатаң кодексі болмағандықтан бар тәртіпті секундтар шешеді екен.
XXXIII
«Әкесіне жіберсек тапсырып» — өлтіру деген сөз.
XVI
Флер — шляпаға тіркелетін жеңіл шарф.
Жетінші тарау
1827 жылы 18 наурызда басталып 1828 жылдың 4 қарашасында аяқталыпты. Жарыққа Петербургте 18-19 наурыз, 1930 жылы шығыпты. - Эпиграфтар — И.И.Дмитриевтің «Азат Москва» өлеңінен, Е.А.Баратынскийдің «Тойлар» атты поэмасынан және де А.С.Грибоедовтың «Ақылдың берген азабы» атты комедиясынан алыныпты.
V
«Сайланған саған арбамен» — шет елден сатып алынған арба.
XXIV
«Мәскеулік Гарольдше киінген» — орыстың помещигі Байронның «Чарльд Гарольдің саяхаты» атты поэмасындағы өмірге түңілген кейіпкерінше киінген.
XXXIV
«Циклоптар отпен өңдейді» — Циклоп деген сөз грек мифологиясындағы жалғыз көзді дәу ұсталардан алынған, олар оттың құдайы Гефестің ұстаханасында жұмыс атқарған.
XXXV
«Автомедондар күші артқан, жеккені ұшқыр үш аттан» — Автомедоналар дегені ат айдаушы жәмшіктер, бұл ойды Пушкин Ахиллестің аттарын айдаушы автомедоналардан алып отыр.
XXXIX, XL
«Мінеки, Харитонья көшесі», — бұл көшеден жол «қасиетті Харитонья» шіркеуінің ауласына апарады.
XLIII
«Қоңыраулар таңғы дабылы» — бұл шіркеу қоңыраулары таңғы сағат төртте дабыл қағады екен.
XLV
«Клубтың мықты мүшесі» — Англия клубының құзыреті биік мүшесі, бұл клубқа сайлану Мәскеу дворяндарын жер жүзіне танытатын ерекше орын болған.
XLIX
«Архившіл жастар үйірі» негізінде сыртқы істер министрлігінің архивінде қызмет етіп жүрген Мәскеу әдебиетшілерінің әзілмен айтылған үйірмесі.
L
«Трубка таққан еркектер» — Театрда пайдаланатын трубкаларды айтып отыр.
Сегізінші тарау
1829 жылы 24 желтоқсанда басталып, 1830 жылдың 25 қыркүйегінде тәмамдалған. Онегиннің Татьянаға хаты 1831 жылдың 5 қазанында Патша селосында жазылыпты. Негізгі жарық көрген жылы 1832 (қаңтар), алғы сөзбен 1833 жылы хат «Онегиннің саяхатынан үзінділерге» қосылыпты, «Евгений Онегиннің» соңғы тарауы деген түсінік берілген. - Эпиграф — Байронның «Айрылысу туралы өлеңдер» — циклінен алынған.
I
…Апулей — (қаз. 125 ж. — қаз. 180 жыл ж.э.) Рим жазушысы, философ.
…Цицерон Марк Тулий (106 — 43 ж.ж. ж.д.дейін) — Римнің мемлекет қайраткері, жазушы, оратор; оның сөздері риториканың үлгісі саналады.
II
Державин Гаврила Романович — ақын, мемлекеттік қайраткер; Пушкин өмір бойы 1815 жылы 8 қаңтарда лицейді бітірердегі «Патша селосындағы естеліктер» атты өлеңін Державиннің алдында оқығанын ұмытпайтын.
III
«Вахканка қыздай жайнады» — Вахканка көне Грецияда шараптың құдайы және Вахтың молшылық иесі; ол үшін жасалған вахканалиялар, думанды қуаныштар ерекше шаттық тудырған.
IV
…Леонара… — неміс ақыны Готфрид Брюгердің (1747- 1794) балладасының кейіпкері, орыс тіліне Жуковский аударған.
V
… Құдайлар сөзі… — поэзия.
VIII
… Космополит… Отанына деген сезімін жоғалтқан адам.
… Квакер …. Англиядағы діни сектаның мүшесі, ол мемлекеттік дін орындарын, шіркеуді, дін таратушылардың ісін жоққа шығарады.
XXV
«Жақпады роман мұңы да, екі қыз вензель құны да» — Вензель патшаның алтындаған бриллианты бар құрмет белгісі (монограмма). Апалы-сіңлілі екі қыз Ольга және Анастасия Бороздиналар (фрейлина болғаннан кейін) әкелері өлген соң (14 қараша 1830 ж.) өздеріне Николай Михайлович Бороздиннің еңбегі бағаланып берілген белгі.
XXVI - St. — Priest — граф Эммануил Сен-При (1806-1828) гусар һәм діндарлықсыз карикатурист.
- крахмал өткен дарақы — С.Глинканың жорамалы бойынша, Пушкиннің тұстасы.
- Томас Рейне, ағылшынның жиһангезі, Петербургте 1829-1830 ж.ж. тұрған.
XXXVII
… Бабаларына даяр жазуға… — өлуге даяр жан.
XXXIX
Камелек — камин пеш.
L
«Кешірсін қыңыр қаңғыбас» — Онегин.
«Мен құштар тірі пірім де» — Татьяна.
ТАҢБАСЫ ҚҰПИЯ ШУМАҚТАРҒА ТҮСІНІКТЕР
<І>
Б<илеуші> осал, жылпос жан — деп Ресейдің патшасы Александр I (1777-1825) айтып отыр. Пушкинді Александр I 1820 жылы айдауға жіберсе, оны Николай I 1826 жылы босатты.
<ІІ>
Екі басты қыранды түткенде, Б<онапарт> шатыры алдында… — Аустерлицтің түбіндегі жеңілістен кейінгі Ресейдің беделін түсірген Тильзит келісімін айтып отыр. Наполеон мен Александр І-дің кездесулері қазіргі Калининград облысындағы Неман өзенінің бойында өтіпті.
<ІІІ>
Б<арклай> де Толли Богданович (1761-1818) — Бірінші Батыс армиясының қолбасшысы, жаудан шегінудегі тактикасының қателігі үшін кінәланған. Отан алдында опасыздыққа салынған деген ауыр лақапты көтерген.
Шиболет, халқым сыйлаған — айтылуы бойынша «Шиболет» (Мақсат), Библия бойынша досты қастан айыру белгісі: ұлттық пароль.
Текті жан, ұйқас шыңдаған — князь Иван Михайлович Долгорукский (1764-1825) — ақын, сатирик. «Мүмкін» атты өлеңі бар.
Монастырьге ақымақ үңілді — бұл соз князь А.Н.Голицынге (1773-1844) арналуы мүмкін, ол халық ағарту Министрі болатын. Немесе Қазан университетінің бақылаушысы М.Л.Магницкий (1778-1855) жайлы болу да ықтимал Ол «құдайсыз бағыттары» үшін университеттің ойран-асырын шығарған.
Мүмкін, <Николай> ымдаса, қайтарар көпке Сібірді деуі Пушкиннің декабристерді Сібірден қайтару жайында патшаның, кешіріміне сенгендігінің нышаны.
«Ер мінез туған жиһангер» — деп Наполеонды айтады, оның коронациясын Рим Папасы жасағанын және «Святая Елена» аралына жер аударылғанын ескертеді.
<ІХ>
Бұл шумақ, Испанияда, Италияда, Грецияда өткен революцияларға арналған.
<Х>
Александрдың қолшоқпары атанған аты аңыз — Александр Андреевич Аракчеев (1769-1874) туралы айтылады. Әскери айдаудағылары ұстайтын жерлерді де белгілеген генерал, ел наразылығына ұшырағанын ескертеді.
<ХІ>
«Күлдіргі полк» атап отырғаны XVII ғасырдағы Семеновтың атындағы гвардиялық полктің көтерілісі кезінде осы полктың патша сарайын көтерілісшілерді кіргізіп жібергенін ойға салып, 1820 жылғы Семенов полкінің көтерілісін де еске алған көрінеді.
<ХІІ>
«Ресей бұқты қайтадан, Патша да молдау есірді» — деудің аяқ кезінде «Басқаша жолын көсілді» — деп Ресей емес бұққан, «Патша есірсе», «Халықтар қайтадан бұқпантайлады» деп түсіндіреді. (Ю.М.Лотман «Роман А.С.Пушкина «Евгений Онегин». Санкт-Петербург 2009).
Бұл шумақтың негізі XII шумақтан басталады, мәселе декабристердің құпия ұйымдары туралы, олардың аттары да аталады.
Лу<нин> Михаил Сергеевич (1787-1845) — декабристердің барлық құпия қоғамдарының белсенді мүшесі, патшаны өлтірудің жобасын ұсынған. Ноэльдерін П<ушкин> оқыса -Пушкиннің қолда бір ғана ноэлі (сықақ өлеңі) сақталыпты, ал негізінде бірнешеуі болған сияқты.
Як<ушкин> Иван Дмитриевич (1793-1857) — Лунинге пара-пар декабрист, патшаны өлтіруге өз жоспарын ұсынған.
Ақсақ Т<ургенев> қосылған — Тургенев Николай Иванович (1789-1871), декабрист, шаруаларды (крестьяндар) босатуды өзінің негізгі мақсаты ұстанған.
Каменка — Василий Львович Давыдовтың Днепрдің жағасындағы мекен-жайы, декабристердің, Оңтүстік қоғамының кездесулерін өткізетін жер. Пушкин бұл жерге барып жүріпті.
П<естель> Павел Иванович (1793-1826) — декабристердің Оңтүстік қоғамының жетекшісі. Ол 1826 жылы дарға бірінші боп асылды.
Суыққанды генерал — Сергей Григорьевич Волконский (1788-1865) болу керек, ол Оңтүстік қоғамның басшыларының бірі еді.
Муравь<ев> Апостол Иванович (1795-1826) — Чернигов полкінің көтерілісін ұйымдастырушы (1825). Ол да 1826 жылы дарға асылды. Пушкин күнделігінде: ‘Ақылды адам, осы сөздің толық мағынасына тұратын кісі» — депті.
А.С. Пушкин
Еңбек1
Ынтық зар мезет туыпты, көп жылғы бітті еңбегім.
Сездім бе сонда жасырын, беймәлім мұның жеңгенін?
Әлде зор міндет тындырған, болдым ба жалшы керексіз,
Алданып жалдам ақыға, өзге іске баспас себепсіз?
Әлде мен қимай тұрмын ба, түнгі еңбек ынтық желігін,
Алтын таңға дос болған, жанымның қамқор серігін?
1830.
«Евгений Онегинді» жазудың хронологиясы
1823 жыл
9-28 мамыр — романды жаза бастауы.
22 қазан — бірінші тарауын бітірді.
3 қараша — екінші тараудың он жеті шумағы жазылыпты.
8 желтоқсан — екінші тарау аяқталды (бірақ XXXIX, XL, XXXV шумақтары кейін жазылған).
1924 жыл
8 ақпан — үшінші тарау басталды (1924 жылғы тамыздың басына дейін Татьянаға хаттан басқасы аяқталыпты).
5 қыркүйек — XXXII шумақты белгілеген 2 қазан — үшінші тарау біткен
31 желтоқсан — 1924 жыл 1 қаңтар 1925 жылда төртінші тараудың XXIII шумағын белгілеген
1824-1825 жылдар
Төртінші тарауды жазумен өтті.
1826 жыл
4 қаңтар — бесінші тарау басталды.
6 қаңтар — төртінші тарау тәмамдалды. 22 қараша — бесінші тарау бітті.
1826 жыл
Алтыншы тарауды жазумен өтті.
10 тамыз — XLV шумақты белгілеген.
1827 жыл
18 наурыз — жетінші тарау басталды.
1828 жыл
19 ақпан — жетінші тараудың XII шумағына белгі салған
5 сәуір — «Онегиннің альбомына» белгі салған
4 қараша — жетінші тарау аяқталған.
1829 жыл
2 қазан — «Онегиннің саяхатының» бес шумағы жазылған (Одессаны сипаттау 1825 жылы туған).
24 желтоқсан — сегізінші тарауды жаза бастаған (алғашқыда тоғызыншы).
1830 жыл
18 қыркүйек — «Онегиннің саяхаты» аяқталды.
25 қыркүйек — сегізінші тарау тәмамдалды (алғашқысында тоғызыншы).
9 қазан — 10 тарауды жазып жіберген.
1831 жыл
5 қазан — «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» дүниеге келді. А.С.Пушкиннің «Еңбек» атты өлеңі және осы ұсынып отырған «Евгений Онегинді» жазудың хронологиясы» Александр Пушкин. «Евгений Онегин» (Москва. ЭКСМО, 2008) атты кітаптан алынды. Бұл кітап Ресей Федерациясында «Поэзияның алтын сериясы» бойынша шығарылған.
АУДАРМАШЫДАН
А.С. Пушкиннің өлеңмен жазылған бұл романын аудару негізі «Евгений Онегиннің » (Москва. Дрофа. 2003) Ресей Федерациясының оқу министрлігі бекіткен нұсқасынан алынды. Бұл кітапқа романның тұтас тұлғасы толығымен беріліп отыр. «Таңбасы құпия шумақтар» өзге басылымдарда оныншы тарау деп аталады.
A.С. Пушкин жазғаннан кейін шифрлап алып, негізгі нұсқасын жыртып тастапты. Бүгінгі зерттеушілердің тауып алып, «шифрларын» ашқаны осы болғандықтан, оныншы тараудың үзінділері деп атаған дұрыстыққа жатар деп ойлаймын.
Романның әр парағында берілген түсініктер аз емес, оған қоса B.А. Кожевниковтың түсініктерін беру арқылы түсініксіз ұғымдар болмас деп болжаймын.
Кітаптың аударма ретіндегі бірінші басылымында (Астана: Фолиант, 2006) берген алғы сөзім бар еді, бұл жолы академик, филология ғылымдарының докторы Серік Қирабаевтың алғы сөзін берген соң ол алғы сөзді қайталамадым.
Бірінші басылым (2006) жарыққа шыққанша 1981-1982 жылдардан бастап еңбектендім. Аударма көңіл тұншырлық жақсы бағасын алды, бірақ ұлы шығарманы кемеліне келтіре тусу жолына бес жылдан кейін қайта кірісіп жақсарта түсу деген арманымды орындағандай болдым. Жан толқуы әлі де аз емес, әділ бағасын туған елім бере жатар. Пушкиннің туған күніне арналған Астана қаласында 2006 жылдың 6 маусымында өткен салтанатты жиында:
Беу, Пушкин! Басындасың асыл жолдың,
Махаббат майданында тасып толдың.
«Евгений Онегинді» аударам деп,
Мен сенің Татьянаңа ғашық болдым.
— деп едім, осы сөзбен ескертпе ретінде айтарымды анықтайын.
Кәкімбек Салықов
Астана, 2010 жыл