Айманкүл Тәжібаева
1888 жылы 28 қарашада Қызылорда облысы, Қараөзек стансасында дүниеге келген. Халық ақыны. Көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қиссахикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. 1915 жылы жұбайы Тәжібай қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, басқа да өлеңдері кезінде ауыл арасына кең тараған.
Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жариялана бастаған. Өлең-толғауларынан Сыр бойы ақындарының сарыны,
Шығыс поэзиясының әсері байқалады. 1936 жылы қазақ әдебиеті
мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан. Отан соғысы жылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. А.Тәжібаеваның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген. Айманкүл ақын 1952 жылы 28 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Тәжібаева А. Ана дауысы: Өлеңдер жинағы / А.Тәжібаева.- Алматы: Қазақтың Мемлекеттік Біріккен баспасы, 1948.- 80 бет.- (Сирек қор)
***
Тәжібаева Айманкүл //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері.
Қызылорда қаласына 190 жыл. Қызылорда облысына 70 жыл.- Алматы,2009.-127 б. —
(қазақша, орысша, ағылшынша)
Тәжібаева Айманкүл //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық — Алматы: «Аруна», 2005.- 497 б
Тәжібаева Айманкүл //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 380 б.
Тәжібаева Айманкүл //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 299 б.
Тәжібаева Айманкүл // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов, Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 602-603 б.
Тәжібаева Айманкүл //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 476 б.
Тәжібаева Айманкүл //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 193 б.
Байсынова Ш. Ақын апа — Айманкүл: Ақын Айманкүл Тәжібаева жайлы / Ш.Байсынова // Ұлт тағылымы.- 2002. — №2. — 92 — 97 б. Жарылқасынов Р. «Рүстем-Дастан» қалай жазылған?: Тұмағамбет Ізтілеуов — 130 жас / Р. Жарылқасынов. // Сыр бойы.- 2012. — 6 қазан. — 8 б.
Нартайұлы М. Жыр алыбы Жамбыл мен Нартай / М. Нартайұлы. // Жалын.- 2006.- N4.- 55-59 б.
Оразбаев О. Айманкүл ақын / О.Оразбаев //Сыр бойы. — 1999. — 6 шілде Хакімжанова М. Ақын ана: Айманкүл Тәжібаеваның туғанына 90 жыл //Қазақ әдебиеті. — 1979. — 2 февраль