Темірбек Жүргенов



Жүргенов Темірбек Қараұлы (10.11.1898, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап а. — 25.2.1938, Алматы) — мемлекет қайраткері. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған. 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді, Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. 1919 жылы Ырғыз уезі Кенжеғара болысы революциялық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған.
1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік революциялық комитетінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару комитетінің төрағасы болып сайланды, 1921 -1923 ж. Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. 1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің құқық факультетіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының Орталық Атқару комитеттеріне мүше болып сайланады, өлкелік және республикалық партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттеріне мақалалары жарияланды. 1926 жылы Ташкенттің Қазақ педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады. Институтқа академик В.В.Бартольд, профессор С.Е.Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты. 1929-1930 жылдары — Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары. 1930-1933 жылдары — Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары. 1933-1937 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен «Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы» қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды. Ол 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының
1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1937 жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған.
Қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы Жүргенов есімімен аталады (1989). Осы академияның алдында Т.Жүргеновке арналған ескерткіш (2002, мүсінші Е.Сергебаев) орнатылған. Алматы, Қызылорда қалаларында, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мен Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Т.Жүргенов есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. Туған жері Жалағаш кентінде, Қызылорда қаласында (2005) ескерткіштер орнатылған. 2014 жылы 1 мамырда Қызылорда қаласында шығармашылық үйі ашылып, оған Темірбек Жүргеновтің есімі берілді және бюсті қойылды.

***
Жүргенов Т. Таңдамалы. Избранное / Құрастырушы: Б.Иманғалиев.- Алматы: Арыс, 2001.- 274 бет.
Жүргенов Т. Шығармалары: Әдеби- публицистикалық және ғылыми мұралары / Құраст.: Б.Иманғалиев.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 384 б.
Жүргенов Т. Меруерт: Әңгімеден үзінді / Т.Жүргенов // Аңыз адам.- 2014.-№ 18.-28 б. Жүргенов Т. «Орта Азия республикаларында тұратын қазақтардың хал-жайы»: 1928 ж. 8 қаңтар «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған //Алматы ақшамы. – 1999. – 3 наурыз
– 2 б.
Жүргенов Т. Орыс халқының ұлы жазушысы және қазақ халқы //Қазақ әдебиеті. – 1989. – 9 июнь. – 4 б.
Жүргенов Т. Переводчиктің қиялы: өлең / Т.Жүргенов // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 33 б.
***
Болатбеков Ө. Темірбек // Болатбеков Ө. Жусанды даланың жұпар иісі.- Алматы, 2009.- 49-51 бет.
Дайрабай Т. Темірбек Жүргенов //Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры.- Алматы: Арыс, 2005.- 285-290 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Қазақ мәдениеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 261 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы,1974.– Т.4. – 530 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – Алматы, 1984. – Т.1. – 156 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – Алматы,2002. – Т.4. – 103 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Қазақстан тарихы: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2006. – 288 б.
Жүргенов Темірбек Қараұлы //Иманғалиев С. Астаналардағы көшелер=Улицы столиц=Streets of capitals / С.Иманғалиев. – Алматы, 2013. – 84 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Сыр елі: Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 245-247 б.
Жүргенов Темірбек: Өмірбаяны //Біздің қаланың көшелері. – Алматы: Алатау, 1997. – 35 б.
Жүргенов Темірбек //Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай (деректі хикаят). – Алматы: Бастау, 1998. – 87-95 б.
Жүргенов Темірбек //Қайта оралған есімдер: Библиографиялық көрсеткіш 2 — шығуы / Құраст. Г.Джурабаева, К. Кистаубаева, М.С.Тулешова.- Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 1998.- 54-59 б.
Жүргенов Темірбек //Тарихи тұлғалар. – Алматы: Алматыкітап, 2005. – 60 бет Жүргеновтер отбасы қалай жазаланды? // Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай (деректі хикаят). – Алматы: Бастау, 1998. – 80-81 б.
Ибрагимқызы З. Тарихи тұлға тағлымы: Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы тарихи- ғұмырнамалық естеліктер жинағы / З.Ибрагимқызы.- Қызылорда: Полиграфия Баспа үйі, 2007.- 106 б.
Иманғалиев Б.С. Темірбек Жүргеновтің әдеби мұрасы:Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / Б.С.Иманғалиев.-Алматы, 1999.- 28 б.
Қойшыбаев Б. Нарком Жүргенов //Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 46-63 б.
Қойшыбаев Б. Нарком Жүргенов //Нәубет: Публицистикалық ой толғаулар. – Алматы: Жалын, 1990. – 222-233 б.
Қосжанов Қ. Темірбек інісінің естелігі //Аза: Қызылорда облысы. 1 том. – Алматы, 2000. – 322-324 б. Сүлейменов Р. Темірбек Жүргенов. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 111 б.
***
Абзалқызы Ә. Темірбектей темір тұлғаның беделі биікте: Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы / Ә.Абзалқызы // Ақмешіт ақшамы.-2012.
— 24 қазан. — 11 б.
Адайбаева С.Жүргенов жайлы деректі фильм: Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргенов жайлы режиссер Е.Рақышевтің «Темір Нарком Темірбек» атты деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті. / С. Адайбаева. // Сыр бойы.- 2015. — 3 наурыз (№ 31). — 4 б.
Адайбаева С. «Нарком Жүргенов» пьесасының тұсаукесері: Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Нарком Жүргенов» пьесасының тұсаукесері өтті. / С. Адайбаева. // Сыр бойы.- 2016. — 2 маусым (№ 81). — 4 б.
Адайбаева С. Халқымен қайта қауышқан тұлғалар: Қоғам қайраткерлері М.Шоқай мен Т.Жүргенов жайлы. / С. Адайбаева. // Сыр бойы.- 2016. — 12 қараша (№ 172/173). — 4 б.
Аймағанбетова Ж. Жүргенов атын жоғары ұстаймыз: №136 мектеп-лицейінде Темірбек Жүргеновтың 115 жылдығы мен мектептің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті / Ж.Аймағанбетова // Ақмешіт ақшамы.- 2013. — 4 желтоқсан (№ 49). — 8 — 9 б.
Айтмағанбетұлы Ә. Тарих толғағы тудырған тұлға: Т.Жүргенов – 100 //Ақмешіт апталығы. – 1998. – 13 қараша
Айтөлен Ұ. Жүргеновтің жалынды ғұмыры / Ұ.Айтөлен // Айқын.- 2015. — 13 қаңтар (№ 5). — 5 б.
Ақтөреева Г. Алаштың арыстары: Қуғын-сүргін құрбандары жайлы./ Г. Ақтөреева.
// Сыр дидары.- 2016. — 23 қыркүйек (№ 35). — 5 б.
Алдажұманов, Қ. Темірбек Жүргенов қалай қаза болды? / Қ. Алдажұманов. // Түркістан.- 2014. — 25 сәуір (№ 16). — 7 б.
Алты Алаштың ардағы: Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің 110 жылдығына арналған «Т.Жүргенов – Алты Алаштың ардағы» респ. ғылыми-танымдық конф. өтеді //Сыр бойы. – 2008. – 14 қараша
Аманжанова Ж. Темірбек Жүргенов — қазақ руханиятының жарық жұлдызы / Ж.Аманжанова, Г.Қарасаева // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.- 2014. — № 2. — 10 — 15 б.
Аңсат С. «А.Сәрінжіпов пен Т.Жүргеновтің ана тіліне кереғар көзқарастары» / Аңсат С.; әңг. Ж.Тұрдыбекқызы // Тіл сақшысы.- 2013. — 1 — 15 желтоқсан (№ 23). — 1 — 2 б.
Аңсат С. Өзбекстанда қала бергенде «Халық жауы» деген жаладан аман қалар ма еді: Қызылорда қаласындағы Т. Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәби Аңсат
Әбдіқадірұлымен сұхбат / Аңсат С.; Сұхб. А. Әлдибекова. // Аңыз адам.- 2014.- № 18. — 47 — 49 б.
Аңсат С. Ұлттың рухын оятқан қайраткер / Аңсат С. // Сыр бойы.- 2014. — 18 қыркүйек (№ 137). — 3 б.
Аңсатова М. «Темір Нарком» //Сыр бойы. – 2008. – 14 қараша
Аңсатова М. Темірбек Жүргенов және рухани-мәдени өмірдегі даму белестері //Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің хабаршысы. – 1999. — №1. – 38-41 б.
Арын Е. Жүргенов Нарком боп жүргенде //Егемен Қазақстан.– 1998. –18 қараша. –6 б. Асабаев З. Үш алыптың достығы: Б.Майлин, Т.Жүргенов, Ж.Шанин жайлы //Егемен Қазақстан.- 2013. — 14 ақпан. — 5 б.
Ахет Н. Арысым — Ай: Темірбек Жүргеновке арналған өлең / Н. Ахет.// Жалағаш жаршысы.- 2016. — 16 наурыз (№ 22). — 4 б.
Әбдіраманова О. Асылдың сынығы: Т.Жүргенов – 100 //Сыр бойы. – 1998. – 20 тамыз
Әбдірахин М. Тұлға жайлы толымды туынды / М.Әбдірахин // Сыр бойы.- 2013. — 16 ақпан. — 16 б.
Әбжанов Х. Тарих пен мәдениеттің қамқоршысы / Әбжанов Х. // Астана ақшамы.- 2014. — 4 қазан (№ 112). — 11 б.
Әбжәмилов Ж. Орта Азияға ортақ азамат: Т.Жүргенов – 90 //Жаңадария. – 1988. – 16 сәуір
Әбілда Ғ. Ұлттың ұлы перзенті жайлы керемет кітап дүниеге келді: Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов жайлы кітаптың тұсаукесері Жалағаш кентіндегі №123 дарынды балалар мектебінде өтті / Ғ.Әбілда //Жалағаш жаршысы.- 2012. — 20 қазан.
— 1 б.
Әбілев Е. Азаматтың асылы, алтынның сынығы еді //Жаңадария. – 1988. – 1 желт. Әбілқасымова Т. Нарком Жүргенов: Сценарий / Т.Әбілқасымова // Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал.- 2006. — N6. — 66-67б.
Әлиев Т. Темірбек Жүргенов: Т.Жүргенов – 80 //Еңбек туы. – 1978. – 28 наурыз
Әміреұлы М.Тайтұяқ: Т.Жүргеновтің әкесі Қара Қуанұлы туралы дерек /
М.Әміреұлы // Егемен Қазақстан. — 2006. — 28 ақпан
Әмиша Н. Алты Алаштың ардағы: Т.Жүргенов туралы / Н.Әмиша // Айқын.- 2008.19 қараша (№ 218).- 5 б.
Байділдаев М. Халық комиссары //Лениншіл жас. – 1978. – 29 нояб.; Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 5 б.
Баймағамбетова Э. Ұлттың адал перзенті: Қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов жайлы./ Э. Баймағамбетова. // Сыр ардагері.- 2016. — 15 сәуір (№ 9 б.
Байсейітов Қ.»Бала» деп сөлейтін сүйкімді бір әдеті бар еді / Байсейітов Қ. // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 15 — 16 б.
Бапахов Н. Құрсауға түскен тағдырлар: Қуғын-сүргін құрбандарының бірі Темірбек
Жүргенов және Тұрар Рысқұловтың туысқандарының естеліктері / Н.Бапахов //Ақиқат.- 2012. — №5. — 85 — 91 б. Бәкіров Ә. Әке мен бала: Жүргеновтер отбасы қалай жазаланды? //Сыр бойы. – 1994. – 14,17 қыркүйек
Бәкіров Ә. Құдайға шүкір біз бармыз: Т.Жүргеновтің қазіргі кездегі үрім-бұтағы туралы //Егемен Қазақстан. – 1995. – 15 желт.
Бегасыл Ү. Халық үшін туған қайраткер: Темірбек Жүргеновке арнау өлең / Ү. Бегасыл. // Жалағаш жаршысы.- 2016. — 16 наурыз (№ 22). — 4 б.
Бектібаева Л.Тұғыры биік тұлға:Т.Жүргенов туралы / Л.Бектібаева // Қазақстан мұғалімі. — 2008. — 19 желтоқсан
Бердібаев Б. Алаштың ардақ тұтқан азаматы: Н.Бекежанов атындағы театрда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновті еске алуға арналған кеш өтті / Б.Бердібаев //Сыр бойы.- 2013. — 3 қазан (№147). — 1 б. Боқанов С. Халық өнері үшін жаралған адам: Т.Жүргенов – 100 //Ақмешіт апталығы.
– 1998. – 9 қазан
Брусиловский Е. Нарком Темірбек Жүргенов өктем мінезді кісі еді / Е.Брусиловский // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 14 б.
Брусиловский Е.Темірбек Жүргенов туралы: Қазақстанның халық әртісі Е.Брусиловскийдің «Дүйім дүлдүлдер» атты кітабынан үзінді / Е.Брусиловский
//Түркістан. — 2012. — 23 ақпан. — 7 б.
Дайрабай Т.Белгілі тұлғалардың беймәлім қырлары..: Ақын Т.Ізтілеуұлы, қоғам қайраткері Т.Жүргенов және батыр Бұқарбай Естекбайұлы жайлы / Т.Дайрабай
//Түркістан.- 2012. — 22 наурыз. — 11 б.
Дайрабай Т. Жүргеновтер әулетінің ақиқаты / Т. Дайрабай // Сыр бойы.- 2014. — 26 сәуір (№ 59/60). — 8 — 9 б.
Дайрабай Т. Зобалаң құрбандары: Жүргеновтер әулетінің ақиқаты / Т.Дайрабай //Түркістан.- 2009. — 28 мамыр.-8 б.
Дайрабаев Т. Қоғам қайраткері: Р.Сүлейменовтің «Темірбек Жүргенов» атты кітабы жайлы //Ленин жолы. – 1968. – 22 нояб.
Дайрабаев Т. Темірбек Жүргенов //Түркістан. – 1998. – 1-7 сәуір
Дайрабаев Т. Темірбек Жүргенов – журналист әрі қоғам қайраткері //Түркістан. – 1997. – 25 маусым
Дайрабаев Т. Темірбек Жүргенов – мемлекет және қоғам қайраткері //Коммунизм жолы. – 1968. – 1 нояб.
Дайрабаев Т. Темірбек Жүргенов: Тұманды жылғы тұлғалар //Түркістан. – 1998. – 1-7 көкек. – 3 б.
Дайрабай Т. Темірбек бай отбасынан шыққан / Дайрабай Т.; Сұхб. М.Дарханбаева // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 6 — 8 б.
Дайрабай Т. «Темiр наркомның» туған жерiн неге тұмандата беремiз ?: Т.Жүргеновтiң Қызылорда обл. Жалағаш ауданының № 16 ауылда туғаны жайлы дерек // Айқын.- 2008.- 20 желтоқсан (№237).- 5 б.
Дайрабай Т. Ұлтының ұлы бола білген: Қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргенов жайлы./ Т. Дайрабай. // Ана тілі.- 2016. — 16 — 22 маусым (№ 24). — 7 б.
Дайрабаев Т. Халық ағарту комиссары: [Т.Жүргеновтың туғанына 70 жыл] //Қазақстан мұғалiмi.- 1968.-19 сент.
Елубаев Д. Ескерткіш — елдің еңсесі: Мемлекет қайраткері Т:Жүргенов ескерткіші жайында / Д.Елубаев //Ақмешіт ақшамы.- 2009.-24 сәуір.-11 б.
Енсепов Б. Жүргенов туралы фильмдер түсірілсе / Енсепов Б. // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 40 б.
Еңсепов Б. Темірбек Жүргенов және орта Азия мемлекеттік университеті: тарихы мен тағылымы: Темірбек Жүргенов — 115 жыл / Б.Еңсепов //Әлімсақ.- 2013. — №10. — 7 — 11б. Еңсепов Б. Темірбек Жүргеновтың Тәжік елінде қызметі: Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргенов жайлы. / Б. Еңсепов.// Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік жұрнал.-
2017. — № 2. — 4 б.
Ермекова Д. Айтылмай кеткен аманат: Т.Жүргенов туралы естелік әңгіме //Қазақстан әйелдері. – 1988. — №3. – 20-21 б.; Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 9 — 10 б.
Ермекова Д. Дәмеш апаймен сырласу: Т.Жүргеновтің зайыбы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері Д.Ермековамен әңгіме /Сұхб. Е.Шілдебаев //Ленин жолы. – 1989. – 7 июнь
Ермекова Д. Дос, адал дос: Т.Жүргенов туралы зайыбы Дәмештің естелігі //Ленин жолы. – 1977. – 23 февр.
Ермекова Д. Мәдениет қайраткері //Мәдениет және тұрмыс. – 1987. — №11. – 11-13б.
Ерімбетов Б. Жүргеновті жадымызда сақтасақ //Сыр бойы. – 1997. – 2 желт.
Есали А. Халқының әркез жадында: [Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновке қойылған ескерткiш тақта жайында] //Егемен Қазақстан.- 2001.- 8 желтоқсан (N 279).- 3 б.
Есахаева Қ. Тұғыры биік тұлға: Т.Жүргеновтің 115 жылдығына орай Қызылордадағы Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейі жанынан ашылған «Сымбат» шағын орталығы жайлы / Қ.Есахаева // Сыр дидары.- 2013. — 26 қараша (№ 22). — 3 б. Есмаханов С. Асыл аға Т.Жүргеновке //Жаңадария. – 1989. – 1 сәуір
Жақып М. «Темір Нарком» туралы телетуынды / М.Жақып // Астана ақшамы.- 2015. — 19 ақпан (№ 19). — 16 б.
Жалғасова Г. Алты Алаштың ардағы: Т.Жүргеновтiң 110 жылд. арналған респ. ғыл.танымдық конференция // Сыр бойы.- 2008. — 18 қараша. — 1, 3 б.
Жалғасова Г. Жүргеновтануға соны серпiлiс керек: «Темiрбек Жүргенов — қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты танымдық конференция өттi // Сыр бойы.- 2012. — 18 қазан (№163/164). — 3 б.
Жалғасова, Г. Шығармашылық үйіне Темірбек Жүргенов есімі берілді / Г. Жалғасова // Сыр бойы.- 2014. — 1 мамыр (№ 62). — 1 б.
Жалдыбаев Ә.Жүргенов те жазықсыз жазаланды: Мемлекет қайраткері Т.Жүргенов туралы / Ә.Жалдыбаев //Ақиқат.- 2009.-№8.-30-36 б.
Жалдыбаев Ә.Ұлтын сүйген ұлы жүрек: Қайраткер Т.Жүргенов туралы / Ә.Жалдыбаев //Ана тілі.- 2009.-30 шілде
Жанәлі Б. Темірбек Жүргенов — аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері: Қайраткер Т.Жүргенов жайлы. / Б. Жанәлі. // Тіршілік тынысы.- 2015. — 11 шілде (№ 52). —
2 б.
Жандарбеков Қ. Естен кетпес күндер: Т.Жүргенов – 100 //Қазақстан әйелдері. – 1998. — №11. – 8-9 б.
Жандарбеков Қ. Сахна өнеріне аталық қамқорлықпен қарады / Қ.Жандарбеков // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 16 — 17 б.
Жаңа кітап жарық көрді: З.Ибрагимқызының Т.Жүргеновке арналған «Тарихи тұлға тағдыры» атты естеліктер кітабы жарық көрді // Ақмешіт ақшамы. — 2007. — 30 қазан Жаңабай Қ. Темірбек ата: Темірбек Жүргеновке арналған өлең / Қ. Жаңабай. // Жалағаш жаршысы.- 2016. — 16 наурыз (№ 22). — 4 б.
Жарылқасынов Р. Тұрмағамбетке «Шаһнаманы» аудартқан — Темірбек / Сұхб. М. Серікқызы // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 35 б.
Жәмішева Г. Ұмытылмас есім //Ақмешіт ақшамы. – 1998. – 13 маусым
Жиенқұлова Ш. Темірбек қатты ашуланса, қою шашы тік тұратын / Ш.Жиенқұлова // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 19 — 20 б.
Жолдыбаев Ә. Ұлтын сүйген ұлы жүрек: Т.Жүргенов туралы / Ә.Жолдыбаев //Ана тілі.- 2009. — 30 шілде-5 тамыз (№30). — 9 б.
Жұбанов А. Көп сөйлеуді жек көретін нағыз істің адамы еді / Жұбанов А. // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 17 — 18 б.
Жұбанов А. Нарком Жүргенов: Қазақтың театр өнерiн дамытудағы қызметi туралы //Мәдениет және тұрмыс. — 1967. -N4. — 13 б.
Жұмабаев Т. Темірбек туралы Толыбековтың айтқаны //Ақмешіт апталығы. – 1998. –
24 шілде
Жүргенов – қайраткер: Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Бауыржан Иманғалиевтің «Темірбек Жүргенов» атты кітабы «Атамұра» баспасынан жарық көрді // Қазақ әдебиеті.- 2013. — 8 қараша (№ 45). — 2 б.
Ибрагимқызы З. Ұлттық мәдениетiмiздiң iргетасын қалаушы //Мәдениет.- 2009. – № 11.- 14-15 б.
Ибраев У. Тәжік елінен тың деректер таптық: Тарих ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Уәлихан Ибраевпен сұхбат / Сұхб. М. Молдағалиева // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 41 б. Игенбаев А. Табанды күрескер: [Т.Жүргеновтың туғанына 80 жыл] //Қазақстан мұғалiмi.- 1978.-24 нояб.
Ильясов Д.М. Халқына еңбегі сіңген үлкен қайраткер //Жалағаш жаршысы. – 2008. – 26 қараша
Иман Қ. Жүргеновтің арқасында: Қайраткер Темірбек Жүргенов жайлы. / Қ. Иман.
// Алматы ақшамы.- 2016. — 28 мамыр (№ 63). — 12 б.
Иманғалиев Б. Бар жалынын халқына беріп кеткен / Б.Иманғалиев //Алматы ақшамы.- 2008. — 25 қараша (№134).- 11 б.
Иманғалиев Б. Комиссар Темірбек Жүргенов //Ақмешіт ақшамы. – 1999. – 3 қырк. Иманғалиев Б. Көмбесіне жетпей құлаған Құлагер: Мемлекет қайраткері Т.Жүргенов туралы / Б.Иманғалиев // Сыр бойы.- 2009.-21 наурыз
Иманғалиев Б. Қазақ зиялыларының қарлығашы //Сыр бойы. – 1998. – 12 наурыз; Аза. 1 том. — Алматы, 2000. – 320-321 б.
Иманғалиев Б.Қазақ театрының атасы: Қайраткер Т.Жүргенов жайлы. / Б.Иманғалиев. // Тіршілік тынысы.- 2015. — 11 шілде (№ 52). — 2 б.
Иманғалиев Б. Қайраткердің қалам қажыры: Т.Жүргеновтің көсемсөз мұрасы //Сыр бойы. – 2000. – 5 ақпан
Иманғалиев Б. Мәдени өмiрдiң мұқалмас жанашыры: [Әдебиеттанушы, журналист Темiрбек Жүргеновтың еңбектерi туралы] // Алматы ақшамы.- 1998. — 23 ақпан
Иманғалиев Б. Мұхитқа түскен желқайық: Т.Жүргенов – «Шахнама» зерттеушісі //Сыр бойы. – 1999. – 3,5,7,10 тамыз
Иманғалиев Б.»Темiр нарком»: [Сталиндiк репрессия құрбаны болған қоғ. қайраткерi
Темiрбек Жүргенов туралы] //Алматы ақшамы.- 1999.- 6 желтоқсан
Иманғалиев Б. «Темір Нарком»: Қайраткер, қаламгер Темірбек Жүргенов жайлы / Б.Иманғалиев // Дала мен Қала.- 2012. — 4 маусым (№23). — 10 б.
Иманғалиев Б. «Темір — Нарком» атанған: Қайраткер, қаламгер, ағартушы Темірбек Жүргеновтың туғанына – 115 жыл //Қазақстан-ZAMAN.- 2013. – 28 наурыз. — 7 б.
Иманғалиев Б. Темiрбек Жүргенов // Егемен Қазақстан.- 1998.- 21 қазан. – 3б. Иманғалиев Б. Темiрбек Жүргенов: Сiз Қазақстанға келдiңiз екен … республиканың мемлекеттiк тiлiн бiлуге мiндеттiсiз! // Алматы ақшамы.- 2010. — 29 шiлде (№ 92).- 16-17 б. Иманғалиев Б.»Сiз Республиканың мемлекеттiк тiлiн бiлуге тиiссiз!»: Мемлекет қайраткерi Т.Қ.Жүргеновтiң тiл туралы ойлары, публицистикалық еңбектерi туралы // Ана тiлi.- 2009.- 28 мамыр (№21).- 4 б.
Иманғалиев Б. Темірбек Жүргенов — ойы ұшқыр, қаламы қарымды сыншы — публицист / Сұхб. А. Әлдибекова // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 29 — 34 б.
Иманғалиев С. Ол — қайраткер ғана емес, қаламгер де / С.Иманғалиев // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 39 б.
Исабек Н. Жүргеновтi жастарға насихаттау – парызымыз: Мемлекет және қоғам қайраткерi Т.Жүргеновтiң туғанына 115 жыл толуына орай // Айқын.- 2013. — 1 қараша (№ 201). — 5 б.
Исабеков Д. Елi үшiн туған ер: Мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Қараұлы Жүргенов туралы // Егемен Қазақстан.- 2013. — 2 қазан (№ 224). — 5 б.
Исаев М. Жүргеновтер әулетіне келген нәубет //Жаңадария. – 1991. – 22,24 қаңтар; Аза. 1 том. – Алматы, 2000. – 320-321 б.
Искакова А. Дүниежүзілік мәдениетке ана тілі арқылы барамыз: Қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов жайлы / А.Искакова //Жалағаш жаршысы.- 2013. — 5 қазан (№81). — 5 б. Кәртен Б. Өнер жанашыры: Қайраткер Т.Жүргенов жайлы. / Б. Кәртен.// Тіршілік тынысы.- 2015. — 11 шілде (№ 52). — 2 б.
Кәрібозұлы Б. Білім беру саласының көшбасшысы / Сұхб. М. Молдағалиева // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 25 — 27 б.
Кәрібозұлы Б. Жүргенов феномені / Б.Кәрібозұлы // Егемен Қазақстан.- 2014.- 25 қыркүйек (№ 187).- 6 б.
Кәрібозұлы Б. Темірбек Жүргеновтің ағартушылық қызметі / Б. Кәрібозұлы.
// Сыр бойы.- 2014. — 24 сәуір (№ 58). — 3 б.
Кәрібозұлы Б. Тіл үшін күрескен «Темір нарком» / Б.Кәрібозұлы // Түркістан.- 2014.- 4 қыркүйек (№ 35).- 9 б.
Кенжебаев М. Өнегелi өмiр: [Т.Жүргеновтің туғанына 80 жыл] //Соц. Қазақстан.- 1978.-28 нояб.
Ковалев В., Лесбекова Х. Халқына қалтқысыз қызмет еткен //Социалистік Қазақстан.
– 1988. – 26 қараша
Көлбаев Т.Қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры ұлт бірлігін қажет етеді: Т.Жүргенов, Тоғжанов, Қыдырбаевтар туралы / Т.Көлбаев // Айқын.- 2009.-30 мамыр.-6 б. Күнтуаров Ш.Асыл азамат: Т.Жүргенов туралы / Ш.Күнтуаров // Ленин жолы.-
1967.-27 октябрь
Қабдолов З. Тұғыры биiк тұлға: [Т.Жүргенов туралы] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 6 ақпан
Қайраткер есімі ұмытылмайды: Астанада «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі мен рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті // Ана тілі.- 2014. — 2-8 қазан (№ 39). — 2 б.
Қарабалина-Қазыбаева О. Тарихтың ақтаңдақ жылдары: Сахналандырылған кеш //Мектептегі кітапхана. – 2004. — №1. – 14-16 б.
Қарақызы З. Мені «Зағипам, қарғам» деп атайтын: Темірбек Жүргеновтің туған қарындасы Зағипа Қарақызымен сұхбат / Қарақызы З.; Сұхб. М. Молдағалиева // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 45 б.
Қасқабаева М. Ұлтын сүйген ұлы тұлға / М.Қасқабаева //Сыр дидары.- 2013. — 26 қараша (№ 22). — 2 б.
Қашқынов Ж. Темеш — Дәмеш (Темiрбек Жүргенов пен Дәмеш Ермековаға): Өлең //Алматы ақшамы.- 1998.- 22 маусым
Қирабаев С. Аса талантты, жігерлі, отты, уытты басшы болды / Сұхб. М.Дарханбаева // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 22 — 23 б.
Қирабаев С. Темiрбек Нарком: Мемлекет қайраткерi Т.Жүргеновтың туғанына 115 жылдығына орай // Егемен Қазақстан.- 2013. — 3 тамыз (№ 182). — 7 б.
Қожахметова Г. Ел тұлғасын ұлықтады: Темірбек Жүргеновтің бюсті №136 мектеп үйінің алдына орнатылды / Қожахметова Г. // Ақмешіт апталығы.- 2014. — 26 шілде (№ 40).
— 4 б.
Қойшыбаев Б. Нарком Жүргенов // Қазақ әдебиетi.- 1988.-1 апр.-4-5 б.
Қойшыбаев Б. Темiр — халком: Деректi баян // Таң-Шолпан.- 2008.- N 1.- 14-36 б.
Қосжанов Қ. Туған жердің түлегі //Жаңадария. – 1988. – 8 декабрь
Қуандық, Н. Қабырғалы мемлекет қайраткеріне құрмет: Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновке бюст орнатылды / Н. Қуандық // Халық.- 2014. — 1 мамыр (№ 17). — 2 б. Қуанова Ғ. Темірбек көкемді үлгі тұтып өстім: Темірбек Жүргеновтің қарындасы Ғалия Қуановамен сұхбат / Қуанова Ғ.; Сұхб. С. Әдігенқызы // Аңыз адам.- 2014. — № 18. —
46 б.
Құдайбергенов Қ. Темірбектей тау тұлға қазақта сирек / Қ.Құдайбергенов // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 37 б.
Құдайбергенов Қ.Үш өкiнiш: Мемлекет қайраткерi Т.Жүргеновтiң зайыбы Д.Ә.Ермекованың жұбайы туралы Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, профессор А.Алматовқа айтқан естелiгi // Егемен Қазақстан.- 2008. — 29 наурыз (№ 95). — 5 б.; Сыр бойы.- 2008.-15наурыз
Құрманәлі М. Елмен қауышқан «Нарком Жүргенов»: Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Нарком Жүргенов» пьесасының тұсаукесері өтті. / М. Құрманәлі. // Ақмешіт апталығы.- 2016. — 4 маусым (№ 42). — 1 б.
Құрманбаев Р. 31-шi жылғы қуғын-сүргiн тарихы қайта жазыла ма ?: Орталық мемлекеттiк мұрағатта қоғам қайраткерi Т. Жүргенов жайлы деректi фильмнiң жабық көрсетiлiмi өттi // Жас Алаш.- 2014.- 22 шiлде (№ 57).- 3 б.
Құрманбаев Р. Өмірі мен шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет етеді / Р.Құрманбаев // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 38 б.
Қырғызбай Ө.»Темір Нарком» Жүргенов: Ғалым Бауыржан Иманғалиевтің құрастыруында «Темірбек Жүргенов» атты кітап жарық көрді / Ө.Қырғызбай //Алматы ақшамы.- 2013. — 11 сәуір. — 27 б.
Мақшатова Р. Ескерткішін сақтаған ел еңселі: №6 кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ ұлтының халық ағарту, білім, өнер мен мәдениет саласын биік деңгейге көтерген қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 115 жасқа толуына орай еске алу кеші болып өтті / Р.Мақшатова // Әлімсақ.- 2013. — №4. – мұқабада
Маманқызы, А. Шығармашылық үйіне Темірбек Жүргенов есімі берілді / А.Маманқызы // Ақмешіт апталығы.- 2014. — 1 мамыр (№ 17). — 1 б.
Маштаева З. Астанада өткен кеш: Т.Жүргеновтің 90 жасқа толуына арналған
//Жаңадария. – 1989. – 14 январь
Маштаева З. Қайратты қайраткер еді / З.Маштаева //Ленин жолы.- 1989.-24 февр. Мекебайұлы А.Дала мінез, тау тұлға: Қайраткер Т.Жүргенов туралы / А.Мекебайұлы, Т.Дайрабай //Ақиқат.- 2008.-№12.-109-114 б.
Мерекеұлы Е. Т. Жүргеновке арнау: Темірбек Жүргеновке арнау өлең / Е. Мерекеұлы.// Жалағаш жаршысы.- 2016. — 16 наурыз (№ 22). — 4 б.
Момышұлы Б. Қос тұлға: Е.Брусиловскийдің Т.Жүргенов жайлы айтқан әңгімесі негізінде жазылған /Баспаға дайындаған М. Қалдыбаев // Зерде.- 1990.-№11.-29-31 б. Мұқан А. «Темір Нарком» жайлы жаңа кітап / А.Мұқан //Алаш айнасы.- 2013. — 8 ақпан. — 5 б.
Мұқан А. «Темiр нарком» жайлы жаңа кiтап : Журналист Б.Иманғалиевтiң «Темiрбек Жүргенов» атты кiтабы шыққандығы жайлы // Театр.kz.- 2013. — № 2. — 39 б.
Мүсілімов Ә. Асыл ағаның аялы алақаны: Сталиндік зұлмат құрбаны, қоғ. және мем. қайраткері Темірбек Жүргенов туралы / Ә.Мүсілімов // Қазақстан мұғалімі.- 1998. — 14 қазан (N 21).- 5 б.
Мүсілімов Ә. Үлкен тұлға //Ленин жолы. – 1988. – 25 наурыз
Мүсірепов Ғ. Мәдениет майданына мейірім келді / Ғ.Мүсірепов // Аңыз адам.- 2014. — № 18.
Мырзабай Б. Алаш ардақтыларына оң көзқараста болған: Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекарыстан Мырзабаймен сұхбат / Сұхб. Р. Үркімбай // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 11 — 13 б.
Нариманқызы А. Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға: Т.Жүргеновтың туғанына — 115 жыл / А.Нариманқызы // Жалағаш жаршысы.- 2013. — 28 қыркүйек (№78-79). — 8 б. «Нарком Жүргенов» пьесасы сахналанды: Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Нарком Жүргенов» пьесасының тұсаукесері өтті.// Ақмешіт жастары.- 2016. — 2 маусым (№ 22). — 2 б.
Нәбиева Г. Қызылорда және алаш қайраткерлері / Г.Нәбиева // Ақмешіт апталығы.- 2014. — 18 қазан (№ 64). — 3 б.
Нұрпейісов Ә. Жұбановтың жадындағы Жүргенов, Ғарифолланың Әміре мен Исасы:
Ұлт мәдениетіне ұйытқы болған Т.Жүргенов пен Ғ.Құрманғалиев туралы естеліктер / Ә.Нұрпейісов // Қазақ әдебиеті.- 2014. — 17-23 қазан (№ 43/44). — 9 б.
Нысанбаев Ә. Түркі әлемінің тарланы / Нысанбаев Ә. // Аңыз адам.-2014. — №18.-36 б. Озғанбаев Ө. Жасындай жарқылдаған / Ө.Озғанбаев // Сыр мектебі.- 2014. — 1 қазан (№ 26). — 2 б.
Омар Г. Үш республиканың комиссары: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновке арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан / Г.Омар // Түркістан.- 2014.- 2 қазан
(№ 39). — 2 б.
Омар Қ. Сүйегін сараптамадан өткізіп, жеке жерлесе деймін / Қ.Омар // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 39 б.
Омаров Д. Халқы қадірлеген қайраткер: Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Орта Азия мен Қазақстанның білім мен мәдениетін дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі — және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми- тәжірбиелік конференция өтті / Омаров Д. // Сыр бойы.- 2014. — 27 қыркүйек (№ 142/143). — 1 — 2 б. Омарова Н. Тұғыры биік тұлға: Қоғам қайраткері Т.Жүргеновке арналған тәрбие сағаты / Н.Омарова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2013. — №6. — 40-42 б.
Оразбақов А. Темірбек Жүргеновтің Тәжік еліндегі қызметі / А.Оразбақов, Б.Еңсепов, У.Ибраев // Сыр бойы.- 2014. — 22 наурыз (№ 40/41). — 6 б.
Оразбақов А. Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі / А.Оразбақов // Сыр бойы.- 2014. — 20 қыркүйек (№ 138/139). — 9 — 10 б.; Қазақ.- 2014. — 24 — 31 қазан (№ 43/44). — 11 б.
Орынғали А. Тұлға туралы туынды Ақтөбе оқырмандарына таныстырылды: Ақтөбе қаласында ұлттық руханияттың бастауында тұрған тұлға — Темір нарком атанған Темірбек Жүргенов жайлы тың туындының тұсаукесері өтті / А.Орынғали // Сыр бойы.- 2014. — 27 желтоқсан (№ 193). — 6 б.
Оспан С. Көсегесін көгерткен жан өнердің: Өлең / С.Оспан // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 49 б.
Өтегенова Г. Қазақ халқының жарық жұлдызы: Қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов жайлы. / Г. Өтегенова. // Қармақшы таңы.- 2016. — 9 сәуір (№ 28). — 2 б.
Өтемісұлы О. Жүргеновке ескерткіш: Ақтөбе облысы, Ырғыз селосында //Мәдениет және тұрмыс. – 1987. — №2. – 10 б.
Өтеулiұлы Ө. Темiрбек Жүргенов туралы деректi фильмнiң тұсауы кесiлдi: Режиссер Е. Рақышевтiң » Темiр нарком Темiрбек» атты деректi фильмi туралы // Алматы ақшамы.- 2014.- 30 желтоқсан (№ 160).- 22 б.
Пазылбеков Ж. Қызылордалықтар республикалық турнирде 35 жүлде иеленді: Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында респбликалық турнир өтті / Ж.Пазылбеков // Ақмешіт апталығы.- 2014. — 3 желтоқсан (№ 77). — 4 б.
Рақышев Е. Кеңес өкіметіне қарсы көтерілісті астыртын басқарған: Кинорежиссер, «Темірбек Жүргенов» деректі фильмінің авторы Еркін Рақышевпен сұхбат / Сұхб. Р.
Үркімбай // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 42 — 44 б.
Раманқұлова А. Жұлдыздың жарығы: өлең / А.Раманқұлова //Сыр дидары.- 2013. — 26 қараша (№ 22). — 3 б.
Садықова А. Қазақ жоғары оқу орнының негізін қалаушы / Сұхб. М. Дарханбаева // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 24 — 25 б.
Сарманов О. Ырғыз әсерлері: Т.Жүргенов қызмет еткен жері Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. барып қайтқан делегация мүшесінің әңгімесі //Жаңадария. – 1989. – 14 январь
Сәбитұлы Б. Қазақ мәдениетiндегi кесек тұлға: [Қоғам және өнер қайраткерi, әдебиет зерттеушiсi Т.Жүргеновтың туғанына 100 жыл толуына орай,оның өмiрi туралы] // Қазақ тiлi мен әдебиетi.- 1998. — N 5-6 .- 98-102 б.
Сәдiбекұлы А. Халқым деп өткен қайраткер: [Қызылорда обл. Қазақстанның Халық ағарту комиссары болған Темiрбек Жүргеновтiң 100 ж. мерейтойы өткендiгi туралы] // Түркiстан.- 1998.- 2 желтоқсан. – 4 б.
Сәрсембина Б. Жүргеновке жаңаша қарайық : 31 мамыр — саяси қуғын — сүргiн құрбандарын еске алу күнi // Жас Алаш.- 2008. — 29 мамыр (№ 43). — 1, 4 б.
Себепова К. Арыстан жүректi Жүргенов: Т.Жүргенов туралы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы колледжiнiң оқытушысымен сұхбат / сұхб. А. Сахариева // Қазақстан — ZAMAN.- 2013. — 12 желтоқсан (№ 49/50). — 18 б.
Сейітов Қ. Әмбеге аян Жүргенов: Т.Дайрабайдың қайраткер жайлы кітабы //Сыр бойы. – 1999. – 21 қаңтар
Сергебаев Е. Ол — халқына адал қызмет еткен ұлы тұлға / Е.Сергебаев // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 38 б. Солтиева Ж. Асыл азаматты ардақтады: [Қызылорда обл. Жалағаш қыстағында мем. және әдебиет пен өнер қайраткерi Т.Жүргеновтiң туғанына 100 ж. толуына орай өткен салтанатты шаралар туралы] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 14 қараша
Сүлейменов Р. Советтiк Қазақстан мәдениетiнiң көрнектi қайраткерi: [Темiрбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 80 жыл] // Ленин жолы.- 1978.- 29 нояб.
Талапбаева Ұ. Танымдық конференция: Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада
«Темірбек Жүргенов — қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты танымдық
конференция өтті / Ұ.Талапбаева // Сыр мектебі.- 2012.- 1 қараша. — 4 б.; Сыр ардагері.- 2012. — 1 қараша. — 4 б.
Тәжібаев Ә. Ерекше іскер және қайратты Нарком / Ә.Тәжібаев // Аңыз адам.- 2014. — № 18. — 21 б.
Тәшенов Т., Рахметова Н., Жарылқасынов Р. Ғибраты мол ғұмыр иесі //Ленин жолы. – 1989. – 2 март
Теменова Г. Түркi әлемiнiң мақтанышы: Ұлы тұлға Темiрбек Жүргенов туралы бiр үзiк сыр // Президент және Халық.- 2006. — 13 қазан (N 41).- 7 б.
Темір нарком Темірбек // Жұлдыздар отбасы.- 2015. — №3. — 21 б.
«Темір-Нарком» атанған Темірбек Жүргенов//Ел тілегі.- 2014. — 28 мамыр (№ 22). – 9 б. Темірбек Жүргенов 110 жыл: Өлеңдер // Жалағаш жаршысы. –2008. – 4 желтоқсан. –
4 б.
Толықбаева Р. Жүргенов мұрасын бағалауға баулу / Р.Толықбаева // Қазақ тарихы.- 2014. — № 4. — 44-45 б.
Төлегенұлы Ш. Өнер өрiсiмiз,мәдениет — мақсатымыз: Т.Жүргенұлының 105 жылдығына орай, Ұлттық өнер академиясында жүргiзiлiп жатқан жұмыс барыстары жайлы // Алматы ақшамы.- 2003.- 30 қаңтар(N 12).- 2 б.
Тұғыры биiк тұлға: [Мем. және қоғ. қайраткерi, Қазақстан мәд. мен өнерiнiң, ғылымы мен бiлiмiнiң өркендеуiне зор үлес қосқан Т.Жүргеновтiң 100 ж. мерейтойын атап өту жайлы ұсыныс] // Егемен Қазақстан.- 1998. — 6 ақпан Тұғыры биiк тұлға //Сыр бойы. – 1998. – 12 ақпан
Ұлттық руханиятымыздың дарабоз тұлғасы ұлықталды: Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туғанына -116 жыл / Әңг. Ж.Тұрдыбекқызы // Тіл сақшысы.- 2014. — 1-15 мамыр (№ 9). — 2 б.
Үмбет Ә. Алаштың ардақ тұтқан азаматы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қазақстандағы білім, мәдениет, өнерді қалыптастыру мен дамытудағы Темірбек Жүргеновтің рөлі» тақырыбында шығармашылық кеш өтті / Ә.Үмбет // Сыр бойы.- 2013. — 3 қазан (№147). — 2 б.
Үмбет Ә. Қазақ руханиятының қамқоры: Мемлекет және қоғам қайраткерi Т.Жүргеновтiң өмiрге келгенiне 115 жыл толуына орай // Алаш айнасы.- 2013. — 3 қазан (№ 173). — 5 б.
Халық комиссары Темiрбек Жүргенов туралы лебiздер: [Т.Жүргеновтің туғанына 90 жыл] // Қазақстан әйелдерi.- 1988.- N 3.-20 б.
Чурин Х. Мәдениет құрылысының көрнектi қайраткерi: [Т.Жүргеновтің туғанына 60 жыл] // Қазақстан мұғалiмi.- 1958.- 18 сент.
Шәріп А. Ұлтымызды ұлықтаған қала: Қызылорда қаласында С.Қожанов, Т.Жүргенов, М.Шоқайға ескерткіш орнатылды //Ана тілі. – 2005. – 20-26 қазан
Янулов В. Абзал аманат: [Т.Жүргеновтің туғанына 90 жыл] // Қазақстан мектебi.- 1988.-N 11.-61-63 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *