Хон Бом До – (27.08.1868 ж. Пхеньян қ. – 20.01.1943, Қызылорда қ.) – корей халқының батыры, жауынгеринтернационалист. Хон Бом До еңбек жолын 1883 жылы Пхеньян әскери гарнизонында бастаған. Кейін кен қазушы, қағаз фабрикасының жұмысшысы болды. 1892 жылы «Тон хактор» (феодалдарға қарсы соғыс) көтерілісінің белсенді жетекшісі, 1907 жылы «Ыйбен» (дұрыс жолдағы жауынгер) атты партизан отрядын басқарды. 1919 жылы өз отрядымен Солтүстік Шығыс Қытайға кетеді. Бұл жерде жапондардың Капсан және хесан жазалаушы әскерлеріне шабуыл жасап, оларды Понодон ауданынан ығыстырып шығарды. 1921 жылы Ресейдің Қиыр Шығысына өтіп, Кеңес үкіметін орнатуға атсалысады. 5-Қызыл Армия қатарында батальон басқарады. Қиыр Шығыс халықтарының съезіне делегат болып сайланды. 1923 жылы Приморьеде ауыл шаруашылық артелін басқарды. 1937 жылы Қазақстанға еріксіз жер аударылды. 1962 жылы Корея республикасының «Мемлекеттің негізін құруға сіңірген еңбегі үшін» атты ең жоғары орденімен марапатталды. 1933 жылы Хон Бом Доның тууына 125 жыл толуына байланысты Қызылорда қаласында Хон Бом До атындағы қоғамдық қор құрылды. 1996 жылы батырға арнап Батыр Мемориалы орнатылды. Қызылорда мен Владивосток қалаларында көшелерге Хон Бом До есімі берілді. 2005 жылы Сеул қаласында генарал Хон Бом Доны еске алатын Естелік Қоғамы құрылды.
Әдебиеттер:
Хон Бом До // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған.Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — 511 б.
Ким Л. Корей халқының даңқты ұлы Хон Бом До: /Халық батыры 140 жаста / Л. Ким.// Сыр бойы.- 2008.-5 мамыр.-2 б.
Тұңғышбаева А. Азаттықты аңсаған күншығыс ұлы: Корей халқының ұлттық батыры Хон Бом Доның туғанына 135 жыл / А. Тұңғышбаева. // Сыр бойы.- 2003 . -26 тамыз.