Төлепберген Әбдірашев

Төлепберген Әбдірашев 1948 жылы 28 шілдеде Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында дүниеге келген.
Ол 1966 жылы №54 Жүсіп Қыдыров атындағы орта мектепті бітірген соң, бір жыл шаруашылықта тракторист болып жұмыс істеді.
1967 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түсіп, оны 1974 жылы қобызшы және халық аспаптары оркестрінің дирижері мамандықтары бойынша бітіріп шықты. 1974-1975 жылдары Шымкент музыкалық училещесінде оқытушы болды. 1975-1979 жылдары Мәскеудің Чайковский атындағы консерваториясында опера және симфония оркестрінің дирижері мамандығы саласы бойынша Лениндік
сыйлықтың лауреаты, Кеңес Одағының халық әртісі Геннадий Рожденственскийдің сыныбында дәріс алған. Осында оқып жүрген студент кезінде-ақ, 1977 жылы Батыс Берлинда өткен Герберт фон Караян атындағы Халықаралық оқуын тәмамдаған соң Қазақ мемлекеттік симфония оркестрінің дирижері болды. 1982-1983 жылдары Австрияның Вена қаласындағы музыка академиясында білімін көтерді.
Төлепберген Әбдірашев 1983 жылдан бері Қазақ мемлекеттік симфония оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі. Сондай-ақ ол екі жыл Қазақ мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрының бас дирижері де болды. Сол жылдары ол бұл өнерлі ұжымды Германияға алып барып, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операларын өнер сүйер қауымға алғыш таныстырып қайтты. Төлепберген Әбдірашевке 1982 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері» атағы берілді. 1983 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. 1989 жылы Украина Республикасы Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Ол 1995 жылы «Қазақстан Республикасының халық әртісі» Құрметті атағына ие болды. Төлепберген Әбдірашев 1998 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреатын алса, 2004 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Австрияда, Кубада, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Украинада сол елдердің симфониялық оркестрлерінде дирижерлік етті.
Төлепберген Әбдірашев Қазақстан Ресупбликасы Мемлекеттік сыйлықтар беру комитетінің мүшесі, Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының профессры болды.
Төлепберген Әбдірашев 2007 жылы 26 қазанда дүниеден өтті.

Әдебиеттер:
Әбдірашев Төлепберген //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 129 б.
Төлепберген Әбдірашев // Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: «Әл Фараби», 1998. – 200 – 217 — 218 б.
Сопыбеков А. Төлепберген Әбдірашев // Сопыбеков А. Жаңақорған: тарихнама/ А.Сопыбеков. — Шымкент: ЖШС «Кітап», 2008.- 474 — 475 б.
Айнабеков Б. Қазақ музыкасының маэстрасы: ҚР халық әртiсi, профессор Т.Әбдiрәшев туралы. // Заң газетi.- 2007. — 22 қараша (N 179).- 3 б.
Айнабеков Бақтыбай Маэстро: Дирижер Т. Әбдiрашев шығармашылығы туралы. // Егемен Қазақстан.- 2016.- 13 мамыр (№ 90).- 6 б.
Айнабеков Бақтыбай.Төрлет, Маэстро!. ҚР Халық әртiсi, профессор Т.Әбдiрашев туралы. // Жұлдыз.- 2016.- № 9.- 199-208 б.
Әбдiрашев Т. Шетелге кетер едiм…: [Қазақстан Респ. симфониялық оркестрiнiң көркемдiк жетекшiсiнiң өзiнiң өнер жолы туралы сұхбаты / Әңг. А.Мұқанов] // Қазақ әдебиетi.- 1995.-15 тамыз(N17).- 14-15 б.
Бесарықтегi Бақыт. Сиқырлы таяқша ұшындағы әуен. Әлемге әйгiлi дирижер, Қазақстанның халық әртiсi Т. Әбдiрашев жайлы. // Ана тiлi.- 2017.- 24 — 29 тамыз (№ 34).- 12 б.
Дүйсекеев К. Төлепбергеннің сиқырлы таяқшасы: Дирижер Төлепберген Әбдірашев жайлы./ К. Дүйсекеев , Қ. Әбдуов. // Сыр бойы.- 2016. — 3 наурыз (№ 32). — 4 б.
Дүйсекеев Кеңес. Сиқырлы таяқшадағы саз: Танымал дирижер Төлепберген Әбдiраш туралы. // Айқын.- 2016.- 24 ақпан (№ 28).- 5 б.
Қош, ендi, қош Төлепберген! // Қазақ әдебиетi.- 2007. — 2-8 қараша (N 44).- 15 б
Төлегенұлы Ш. Маэстро Әбдірашев: Белгілі дирижер, ҚР халық әртісі Төлепберген Әбдірашев туралы / Ш. Төлегенұлы. // Президент және халық.- 2007. — 30 қараша. — 8б. Төлепберген Әбдiрашев (1948-2007): Қазанама. ҚР Халық әртiсi, дирижер, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты // Егемен Қазақстан.- 2007.- 30 қазан (N 333/334).- 6 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *