Байжігіт Әбдіразақов



1928 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Түктібаев ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері (1987). 1946 жылы Қазалы педагогикалық училищесін, 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
1946-1954 жж. ауылдық мектептерде мұғалім, 1959-1964 жж. аудандық «Социалистік жол» газетінде жауапты хатшы, облыстық «Ленин жолы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1964-0990 жж.
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін
атқарған.
Алғашқы очерктер жинағы «Армандастар» деген атпен 1968 ж. жарық көрген. Кейін «Ерлік еңбек адамдары» (1968), «Жаңару» (1970), «Дала жұлдыздары» (1970), «Сандалкөк» (1974), «Серпіліс» (1975), «Терең тамырлар» (1983), «Сырдария тарландары» (1985), «Дала толғауы» (1990) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген. 2007 жылы «Сырдария кітапханасының» құрамында Б.Әбдіразақовтың шығармалар жинағы шықты.
Б.Әбдіразақовтың шығармаларында дәуір тынысы, замандас бейнесі, туған өлке тағдыры, сонымен қатар көркем туындыларында ауыл тіршілігі суреттелген. Өзі оқыған мектепке Б.Әбдіразақовтың есімі беріліп, Қызылорда қаласында тұрған үйіне ескерткіштақта орнатылған.

Әдебиеттер:
Әбдіразақов Б. Армандастар:Очерктер. – Алматы: Қазақстан, 1968. – 104 б.
Әбдіразақов Б. Дала толғауы. – Алматы:Қайнар, 1990. – 290 б.
Әбдіразақов Б. Жаңару. – Алматы: Қайнар, 1970. – 146 б.
Әбдіразақов Б. Рухы күштілер: Очерктер жинағы. – Алматы:Қазақстан, 1982. – 224 б.
Әбдіразақов Б. Сандалкөк: Әңгімелер және повесть. – Алматы: Жазушы, 1974. – 96 б. Әбдіразақов Б. Сыр саздары:Деректі әңгімелер /Б.Әбдіразақов.-Алматы: Жалын, 1980.- 88 б. Әбдіразақов Б., Ертаев Қ. Сыр саңлақтары:Халық таланттары туралы деректі әңгімелер.
– Алматы:Өнер, 1985. – 152 б.
Әбдіразақов Б. Тосқауыл: Повестер мен әңгімелер. – Қызылорда: Тұмар, 2002. – 192 б.
Әбдіразақов Б. Шығармалары:Екі томдық /Б.Әбдіразақов; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2007.
* * *
Әбдіразақов Байжігіт //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 65 б.
Әбдіразақов Байжігіт //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 50 б.
Әбдіразақов Байжігіт //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 42б. Әбдіразақов Байжігіт //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы, 2009. – 23 б.
Әбдіразақов Байжігіт //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:жазушы, 1987. – 56 б.
Әбдіразақов Байжігіт //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 126-127 б.
Әбдіразақов Байжігіт //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 208 б. Кәрібозұлы Б. Естен кетпес есім // Кәрібозұлы Б. Ырыс. – Астана: Фолиант, 2010. – 348 – 352 б.
Әбдіразақов Б. Азамат ажары: Социалистік Еңбек Ері Еспанов Ұзақ жайлы / Б. Әбдіразақов. // Социалистік Қазақстан.- 1974. — 17 апрель.
Әбдіразақов Б. Атақты күрішші Ұлбала Алтайбаева: Ұлбала Алтайбаева туралы / Б. Әбдіразақов. // Социалистік Қазақстан.- 1974. — 9 июнь.
Әбдіразақов Б. Қыз қайраты: Тракторшы Ж.Таспамбетова туралы очерк / Б. Әбдіразақов. // Социалистік Қазақстан.- 1972. — 21 июнь.
Әбдіразақов Б. Он бесінші перзент : Соц. Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаева туралы очерк / Б. Әбдіразақов. // Социалистік Қазақстан.- 1973. — 28 октябрь.
Әбдіразақов Б.Өскен өркен: Күрішші Ұ.Алтайбаева жайлы / Б. Әбдіразақов. // Социалистік Қазақстан.- 1972. — 5 нояб.
Әлішев Ә. Қарымы мол қаламгер: Жазушы, публицист Б.Әбдіразақов 60 жаста
/ Ә.Әлішев //Ленин жолы. – 1988. – 10 апрель
Әлішев Ә. Туған жердің жыршысы //Ленин туы. – 1988. – 9 апрель
Биетов Т. Жазушы туған аулында //Ленин туы. – 1988. – 21 июнь
Боранбаев С. Төк теріңді халық үшін: Б.Әбдіразақовқа //Ленин туы. – 1988. – 21 июнь Елшібек Ж. Кешеден жеткен өлмейтін сөз: Журналист Байжігіт Әбдіразақов, Ұзақ Бағаев жайлы. / Ж. Елшібек. // Егемен Қазақстан.- 2014. — 13 тамыз (№ 156). — 11 б.
Ерасыл Қ. Тосқауыл: Журналист, жазушы Б.Әбдіразақовтың кітабын жарыққа шығарған ұлы Шаттық Әбдіразақов / Қ.Ерасыл // Сыр бойы.- 2002.-19 қыркүйек
Мырзахметов Қ. Ел еңсесін көтерген кезең: 50 жылдардағы «Сыр бойы» мектебінен шыққан журналистер айтылады. / Қ. Мырзахметов. // Сыр бойы.- 2015. — 1 шілде
(№112/113). — 3 б.
Уәлиев Ә. Еңбек адамдары туралы толғау: Б.Әбдіразақовтың «Ақ күріш зергерлері» атты очерк жинағына талдау //Ленин жолы. – 1986. – 12 декабрь

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *