Абдоллаев Шәдібай Нұрғалиұлы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылында 1928 жылы 5 ақпанда дүниеге келді. Ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1981), Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері (1966). 1956 жылы Алматы мемлекеттік институтын бітірген. Қызылорда облыстық ауруханасында дәрігер-хирург (1956-1958), облыстық аурухананың бас дәрігері (1958-1976), өлкелік патология ғылымизерттеу институты директорының орынбасары әрі республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (1976-1977), Алматы мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі (1977-1995).
Шәдібай Нұрғазыұлы медицина саласындағы оташылдық қызметі барысында он мыңнан астам операция жасады. Оның
медицина саласындағы қызметі бағаланып, «Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер» құрметті атағы берілді. Ол өзінің кәсіби мамандығын жетік меңгерген, қарапайым, қатардағы дәрігер ғана емес, медициналық теорияға елеулі үлес қосқан білікті ғалым, жанашыл зерттеуші, дарынды ұстаз.
Іш құрылысы ауқымындағы алуан түрлі аурулар жөніндегі зерттеулер бойынша профессор Шәдібай Нұрғазыұлы 250-ге тарта терең мазмұнды ғылыми еңбектерді жарыққа шығарып, ел игілігіне, Қазақстандық ғылымға жетістік ретінде қосты. Ол жазған төрт монографияда шұғыл оташылдылдықтың көкейкесті мәселелері тұжырымдалған. Ал 47 оқулық-әдістемелік талдамалар, 7 әдістемелік нұсқамалар дәрігердің кәсіби емдеу саласындағы біліктілігін ұштауға арналған. Профессор оташылдық ілім тұрғысында қазақ топырағында мемлекеттік тілде тұңғыш оқулық жазып, баспадан шығарды. Ол медицина ілімі, емдеу тәжірибе бойынша жаңашыл ұсынысты, бес авторлық куәлікті игерді.
Шәдібай Нұрғазыұлы сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеген, үш докторлық, төрт кандидаттық диссертацияның қорғалуына ғылыми басшылық жасаған білікті ұстаз. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1996 жылдың 12 наурызында «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Абдоллаев Шәдібай // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – Т.1. – 33 б.
Абдуллаев Шәдібай Нұрғазыұлы // Иманғалиев С. Қызылорда көшелері=Улицы
Кызылорды =The streets of Kyzylorda / С.Иманғалиева, З.Қыстаубаева. – Алматы, 2009. – 152 б.
Абдуллаев Шәдібай // Омаров Е. Ажалға – араша: Сыр өңірі медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында. – Қызылорда, 2005. – 136 – 139 б.
Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 69 – 70 б. Абдоллаев Шәдiбай Нұрғазыұлы // Денсаулық.- 2000.- N 10.- 25-б.
Абдоллаев Шәдiбай Нұрғазыұлы (1928-2007) Қазанама // Сыр бойы. – 2007. – 6 қараша
Алдабергенұлы С. Адам саулығының сақшысы:Қазақстан Респ. еңбек сiңiрген дәрiгерi, проф. Шәдiбай Абдоллаев туралы.// Егемен Қазақстан.- 1998. — 6 ақпан
Атабаев Б. Ортасын өрге сүйреген азамат: Мед. ғыл. д-ры, проф., акад. Шәдiбай Абдуллаев туралы. // Сыр бойы.- 2008. — 29 наурыз. — 4 б.
Атабаев Б. Шипагер: Мед. ғылымының д.-ры, проф. Ш.Н.Абдуллаев туралы. // Сыр бойы.- 2003.- 27 наурыз.- 4 б.
Әмбебап ғалым.: Мед. ғылымының д.-ры, проф.,Қаз. еңбек сiңiрген дәрiгерi Ш.Н.Абдуллаев туралы. // Сыр бойы.- 2003.- 9 қаңтар.- 5 б.
Батталова А. Белгілі дәрігерге көше берілді: ҚР-на еңбегі сіңген дәрігер, медицина ғылымының докторы, профессор Шәдібай Абдоллаевтың есімін беруге арналған салтанатты жиын өтті. / А. Батталова // Сыр бойы.- 2014. — 18 қараша (№ 171). — 2 б. Белесті жолда: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, мед. Ғылымының докторы, профессор Ш.Н.Абдоллаев 70 жаста. // Денсаулық. – 1998. — № 2. – 18 б. Жаппархан Ө. Соқыр көзден төгілген жас: Түйеші Құрмаш Есімсейітов пен дәрігер Шәдібай Абдоллаевтардың қарым-қатынасы туралы әңгіме / Жаппархан Ө // Сыр бойы. – 2009. – 24 сәуір
Жаппасбаев А.Асыл ағаның ақ жолы: Мед. ғыл. д-ры, дәрiгер Шәдiбай Абдоллаев туралы // Сыр бойы.- 2009. — 4 қараша. — 3 б.
Қалиева С. Қазақтың қазанаттай азаматы: Респ. аты танымал ғалым-дәрiгер Шәдiбай Абдоллаев туралы // Түркiстан.- 1998. — 28 қаңтар
Қорасани Қ. Профессор – қаланың құрметті азаматы // Сыр бойы. – 1996. – 11 маусым Мырзахметұлы Қ. Шуақтан жаралған азамат: Дәрігер Шәдібай Абдоллаев туралы //Сыр бойы. – 2008. – 16 ақпан
Нұршайықов Ә. Дос рухына хат: Дәрігер Шәдібай Абдоллаев туралы естелік / Нұршайықов Ә. // Сыр бойы. – 2007. – 9 қараша
Өнегелі өмір белестері: Дәрігер-оташы, мед. ғыл. док., профессор, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Ш.Н.Абдоллаев 75 жаста // Денсаулық. – 2003. — № 2. – 15 б. Сақиұлы З. Жақсының жарығы: Профессор Ш.Абдоллаевтың туғанына 80 жыл. // Денсаулық.- 2008. — N 2.- 24-25 б.
Салманов Р. Көңіл көкжиегі: Хирург, дәрігер, профессор Абдоллаев Шәдібай жайлы.
/ Р. Салманов // Сыр бойы.- 2014. — 13 қараша (№ 168). — 7 б.
Серіков Р. Шарапаты мол Шәдібай: Медицина ғылымының докторы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ш.Абдуллаев – 80 // Сыр бойы. – 2008. – 7 ақпан
Смағұлов О. Есiмiң ұмытылмайды: Мед. ғыл. д.-ры, проф. «Респ. еңбек сiңiрген дәрiгерi» Шәдiбай Абдуллаев туралы // Сыр бойы.- 2007. — 8 желт. — 5 б.
Уәлиұлы А. Айналған Сыр елінің мақтанына: Дәрігер-профессор Ш.Абдоллаев жайлы.
// Сыр бойы. – 1998. – 31 қаңтар
***
Абдоллаев Ш. «63 жылдан берi еңбек етiп келемiн»: Медицина ғылымдарының докторы,профессормен сұхбат / Әңг.А.Кiрқабақов // Алматы ақшамы.- 2003.- 28 қаңтар (N 11).- 2 б.
Абдоллаев Ш. Бiлiктi маман, көрнектi ғалым: Көрнектi онкохирург Акрам Сәлiмұлы Ыдырысов туралы // Денсаулық.- 2000.- N 7.-8-9 б.
Абдоллаев Ш. Отандық хирургия: Жаңа технологиялық әдiстi енгiзу — соны iзденiстiң нәтижесi // Егемен Қазақстан.- 1999.- 26 маусым Абдоллаев Ш. Өшпес өнеге: Көрнекті онкохирург Акрам Сәлімұлы Ыдырысов жайлы. // Сыр бойы. – 2000. – 23 мамыр