ТҰСАУ КЕСУ

Қаз — қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз бола ғой қарағым,

Кәмшат қызым жарадың.

Ғұмыр жолың ұзақ боп,

Айтылсын бүгін жыр әнің!

Ата  — әже —  немере,

Аяқталмас бір дастан.

Ашық болсын әрдайым,

Төбесінде нұрлы аспан!

Артық кім бар, шынында,

Ел сыйлайтын қартыңнан!

Құлындай боп жүгіресің,

Түген атаң артынан.

Баршагүлдей әжеңнің,

Жүгіріп шықсаң алдынан.

Жылуын берер әлемнің.

Жолың болсын деселік,

Тұсауыңды кесейік

Күрмеуіңді шешейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *