Ң ДЫБЫСЫ ТУРАЛЫ

«Ң» дыбысы бар сөздер тізбесі

«А»

Ақтаңкер. Жылқының таңындағы ақшыл белгімен байланысты қалыптасқан түс. Ақтаңгер шебер. Айталман ұста, қолынан өнер тамған.
Аңғырт. Алды-артын байқамайтын аңқау, аңғал.
Аңкөс. Аңқұмар
Аңсар. Аңсаған, көксеген нәрсе.
Аңдатпа. Кітапқа берілген қысқаша түсінік.
Ақшаңқан. сын есім. Сүттей ақ, аппақ.
Алаңқарақ. Елең-алаң, таңсәрі.
Аңсақ. сын есім. Аңқұмар, аң дегенде ішкен асын жерге қоятын адам.
Аңғал. Істің алды-артын аңғармайтын, аңғырт, аңқау.
Аңырат. Жылату, зорлату, зар қақсату, зар илету.
Аңыс. Істің барысы,ыңғайы, мән-жайы.

«Ж-З»

Жеңтүп зат есім. Жеңнің киімге тігілетін, жалғасатын жері.
Жалбаң. Ебедейсіз, икемсіз, қимыл-қозғалысты білдіреді.
Жазаңқай зат есім. Үсті тегіс алаңқай жер.
Жалаңдық зат есім. Жадағайлық, жайдақтық.
Жалаңтөс сын есім. Білекті сыбанып кірісетін, ештеңеден тайынайтын адам.
Жеңсік зат есім. Әуес, құмар, таңсық.
Жеңсікқой сын есім. Құмар, ынтызар.
Жеңісікқойлық зат есім. Әуесқойлық, құмарлық.
Жеңімпаз сын есім. Ылғи жеңіске ие болатын, жеңілмейтін.
Жылаңшөп зат есім.ботаникалық. Гүлі масақ тәрізді топтанған, күрең қызыл түсті бір жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.
Жіңгір. Інісі арғы ауылдан біреудің бүлдіршіндей жас қызын алып, ұлы жіңгір той жасап жатыр.
Заңғар. Зәулім,биік.
Заңдем. Үй орнына пайдаланылатын жұпыны баспана.
Зеңгір. Аспан түстес, көкшіл.
Заңғар сын есім.1.Зәулім, биік.
2.Ауыспалы мағына. Зор, үлкен, мықты.
Зеңгірлік зат есім. Биіктік, зәулімдік, заңғарлық.
Зертең зат есім. Суық тиюден болатын өкпе ауруы.

«И»

Имең, имең қақты. а) Имеңдеді; дүрсеңдеді. ә)Маймаңдайды, құрдай жорғалады.

«К-Қ»

Келең. Сопы, тақуа.
Көкзеңгір сын есім. Мөлдір, көкшіл түсті.
Көксүңгі зат есім. Найза.
Көңгей зат есім. кәсіби сөз. Аудың табандық, арқалықтарының жуан жіптермен жалғастырылған жіңішке жіптері.
Кәң зат есім. Мұржасы үйдің еденінің астынан өтетін ошақ.
Кәңгірт етістік. Не істерін білмей, басы қату, мәңгіреу.
Кеңесқор сын есім. Кеңесшіл, кеңесқұмар.
Кеңессіз сын есім. Келісімсіз, ақылдаспай.
Кеңестен етістік. Кеңес үкіметі орнау.
Кеңесші зат есім. Кеңес беруші, ақылдасушы.
Кеңкек сын есім.сөйлеу. Кеңкек төс, кең жауырын.
Кеңсалқар сын есім. Кең пейіл, игі ниетті.
Келтең. Шолтаң еткенді білдіреді.
Киеңкі. Көктемде,және күзге қарай жауын-шашын көбейген кезде жиі өршитін айғыр мен биелер ғана шалдығатын жұқпалы ауру түрі.
Көдірең. Егілмей ,жабайы шыққан, қодыраң.
Көбеңдік зат есім. Босаңдық, әлсіздік, осалдық.
Қалжыңшылдық сын есім. Қалжыңбастық, әзілқойлық.
Қодыраң. Біреуге қоқаңдаған,едіреңдеген қылық.
Қолаң. Байырғы қазақ қоғамындағы әртүрлі төмен әлеуметтік топтардың өкілдері.
Қоң. Адамның жамбас сүйегі маңындағы еті.
Қоңырдақ. Жаңбырдан кейін көгерген көгал жер.
Қоңырзақ. Сайдың ойпаң жерлерінде иірілген су.

«Ө»

Өңей. Өңі кіріп,ажарлану.
Өңіре. Бақырып,айғалап жылау,өкіру.
Өңгер. Бір нәрсені ердің алдыңғы жағына көлденең салу.
Өңір. Киімнің екі алдыңғы бойы.
Өңіржиек. этнографиялық. Әйел киімінің өңіріне сәндік үшін тағылатын алтын, күміс тәрізді бағалы металдан жасалған әшекей.

«Т»

Тарпаң. Бас білмейтін,үйретілмеген,асау жылқы.

«Ш»

Шоңқайма етік. Тұмсығы үшкір, өкшесі тайқы былғары етік.

«Ң» әрпінен басталатын жалғыз сөз
Ңөң ─ айсберг (Оспанхан Әубәкіров)

Сөздік:

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық.
    Құрастырған: Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнісбеков –Алматы, 2011

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *