Ықылас Дүкенұлы

Ықылас Дүкенұлы
(1843-1916)

Жезқазған облысы, Жаңарқа ауданында туған. Қазақтың күйші -қобызшысы, халық сазгері. Өзі де дәулескер күйші болған әкесі баласының өнерпаздық дарыны ерте ашылуына әсер етті. 7-8 жасынан қобыз ұстаған Ықылас Дүкен тартқан күйлерді тез үйреніп алады. 15 жасында ол үлкен жиындарды өнер көрсете бастайды. Атақты Жанақ пен Шөже ақындар Ықыластың талантына тәнті болып, Тәттімбет пен Тоқа сынды күйшілер өнерін жоғары бағалайды.
18 жасында ол әкесінен үйренген күлерге өзгеріс енгізіп, оларды классикалық формаға көтереді. Ол қобызды таза және анық сөйлеткендердің бірі болды. 19жасында тұңғыш төлтумасы-«Ықылас күйін» шығарады. Осы сазы арқылы өзінің дәулескер күйші екенін аңғартты. «Қоңыр» күйі де оның алғашқы туындылары қатарына жатады.
Ықылас алғашқы әуендерін халықтық фольклордағы оқиғалар желісіне құрды. Олар ырғағы жағынан өзінен бұрыңғы күйшілерге ұқсамады, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын шертті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын жырлады.
Батырлық-эпикалық күйлермен қатар, философиялық- лирикалық бағыттағы («Аққу», «Жезкиік», «Жалғыз аяқ», «Қамбар-Назым», «Қазан») туындылары да өмірге келді.
Бірде Ықылас Омбыға барып, генерал-губернатормен жүздеседі. Үлкен ұлыққа өнерпаз жігіт өзін ауыл старшинасы етіп қоюын сұрайды. Генерал-губернатор тез келіседі. Көп ұзамай, ол орынан түсіп қалған кезде, ешқандай налымай-ақ, күйшілік өнерін жалғастыра береді. «Жарым патша» үйі сол генерал-губернаторға арналған екен. Оның репертуарында патша өкіметінің қызметшілерін сынға алатын дүниелері де бар.
«Аққу»-өмірді сүю, өлімді жеңу, адам құдіретін дәріптеу жөніндегі Ықыластың атақты күйлерінің бірі.
Елуге келген шағында Ықылас Ұлы жүзге қоныс аударады. Мұнда да өз шығармаларын кеңінен таратып, сыбызғыға арналған күйлерді қобызға лайықтап та жүреді.
Алпысқа қараған шағында Ықыластың тұрмысы қатты нашарлайды. Мұны естіген ағайын-туыстары көмекке келіпті. Қобыз атасы өле-өлгенше халық құрметіне бөленумен өткен көрінеді. Ал ол 1916 жылы дүние салды.
Ықыластың сазгерлік мұрасы өте бай. Оның күйлері Қазақстан композиторлары шығармаларынан көрініс тауып, күйсандықтан қобызға лайықталып орындалып жүр. Ықылас-қобыздық дәстүрдің негізін қалаушы. Оның шәкірттерінің арасында атақты Сүгір, Ашай, Әйкен сияқты таланттар болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *