Шолпан Байғалы
Шолпан Байғалы- Палодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жаңатап ауылында туған. Әкесі Байғалы домбырашы, әнші әрі аңшы, білезік соғатын ұста болған.
Шолпанның тұңғыш өлеңдері облыстық «Қызыл ту» газетінде және «Қазақстан әйелдері» журналында, «Қазақстан пионері» газетінде, кейін «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жырық көрген.
Қазақ Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналыстика факультетін бітірген, мамандығы- журналист.
Облыстық радио және телевизия хабарларын тарату комитетінде қазақ редакциясының редакторы, облыстық «Қызыл ту» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Облыстық мәслихатта, облыс әкімдігінде ішкі саясат бөлімінде, баспасөз қызметінде, облыстық тілдерді дамыту департаментінде, қалалық әкімшілікте тіл саясаты бөлімдерінде қызмет жасады. Қазір қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бөлім меңгерушісі.
1985-1995 жылдар аралығанды өткен облыстық айтыстарға қатысып, бірнеше дүркін жүлделі орындарға ие болған. Республикалық айтыстарға да қатысқан.
«Жалын» баспасынан «Көктем тынысы», «Эко» баспасынан «Ай-нұрым менің», «Еркелеймін Ертіске» атты өлең кітаптары жарық көрген.