Cәйтек Оразалыұлы
(1861-1939)
1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданынды дүниеге келген. Көрнекті күйші-композитор, өзіндік домбыра мектебінің негізін қалаушы.
Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болады. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Мұнан соң Дәулеткерейдің күйлерін тыңдап, өнерпаздық қазынасын молайтып отырады.
Сейтек Оразалыұлы жес кезінде шығрмаларындағы бостандық сүйгіш идеялары үшін патша өкіметі тарапынан талай қуғын-сүргінге ұшырады. Өмірінің біраз жылын Орда, Үркіт, Астрахан, Мәскеу түрмелерінде өткізеді. 1897жылы Сахалинге саяси тұтқын ретінде жер аударылады. Оған орыстың революцияшыл жұмысшыларымен байланысты болды деген айып тағылады. Осы кездегі күйлері: «Түңілдім», «Арман», «Айдау».
1905 жылы айдаудан оралғаннан кейін, Сейтек абзал анасы, туған баласы, жан долдасының қазасын естіп, «Ғазиз», «Жоқтау», «Сардала» күйлерін шығарады.
1916 жылы патшалық Ресейдің езушілік саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін «16-жыл» күйінде Сейтектің әлеуметтік көзқарасы танылады. 1917 жылғы Қазан төңкерісін «Партсъезд», «17-жыл», «Бостандық» күйлерінде жырлады. Сейтек Совет әкелген жаңалықтарға белсене араласты. Орда ауданының Шонай ауылы кедейлерінің комитетінде мүше болып, алдыңғы қатарда жүрді. Оның патриоттық бағыттағы «Марш», «80 ер» «Тойбастар» күйлері адам жанының сұлулығын, халықтың арман-мүддесін паш етті.
Сейтек талай куәсі болған домбыраға өзіндік жаңа үн берді. Күйлерінде орыс, украин, түркімен, қалмақ саздарына ұқсас жерлері де кездеседі. Ол ән де шығарған. Оның «Сейтек әнін» А.Б.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әніне» кіргізген. Ғ.А.Жұбанова Сейтектің «Заман-ай» күйінің өзінің «Батырлық» симфониялық поэмасында пайдаланады.
Сейтектің «Арпалыс», «Айман», «Шарипа», «Қарашаш», «Бес ат», «Көкала ат» және басқа туындылары Қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі репертуарынан орын алады.