Сара Тастанбекқызы

Сара Тастанбекқызы

1853 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданыныда өмірге келген. «Жетісудың бұлбұлы» атанған ақын.
Әкесінен жастай жетім қалған Сара тағдыр-тауқыметін көп шегеді. Анасымен бірге туысқандарын сағалап, жоқшылық пен таршылықты басынан кешіреді.
Өз өмірінің ауыр суреттерін «Тұзақ» атты дастанында баяндаған. «Жүрек сыры», «Жүрек» атты өлеңдерінде ақын қыз махаббат бостандығын жырға қосады. «Ашындым», «Арсалаң алдында», «Торығу» толғауларында өмірдің ащы шындығы, әйелдің бас бостандығы, атқамінерлердің озбырлығы мен әділетсіздігі баяндалады.
Сара Тастанбекқызының ақындық таланты Қапал-Ақсу мағында өткен Біржанмен айтысында кеңінен танылады. Дәстүр бойынша бұл жыржарыс екі өнерпаздардың бір бірімен сәлемдесіп, өздерін жұртқа таныстырудан басталады. Екеуін де халық жақсы біледі, атақ даңқтары мәлім. Осы айтыста екеуі де тамаша өнер көрсетеді, бірінен бірі кем түспейді. Бірақ, Сараның сүймеген адамына шыққанын тілге тиек еткен Біржан, осы бір осал жерінетиіп, жеңіп кетеді. Сара жеңілгенін мойындаса да, қазақ әйелінің теңсіздігі жайлы өкінішті айтылмай қалмады.
Айтыс қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін жинаушы Жүсіпбек Шайхыисламұлының еңбегінің арқасында кезінде Сараның өз аузынан жазылып алыныпты. 1898 жылы Қазан қаласында бірінші рет жарық көрді. 1907 жылы айтыстың екінші нұсқасын Әріп Тәңірбергенов жариялады. Біржан мен Сараның айтысы-халық құрметіне ие болған, ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі құнды дүние.
Мұнан соң да Сара «Жайлауда», «Қош бол, елім» т.б. көптеген өлеңдер шығарды.
Сараның Әсет Найманбайұлымен және Төребай Есқожаұлымен айтыстары да көпшілікке мәлім.
Сараның туған, өлген жылы туралы нақты дерек жоқтың қасы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *