Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы
(1860-1923)
Салық (Мұхамедсалық) Әмірәмзеұлы 1860 жылы бұрынғы Семей облысы Семей уезіне қарасты Малыбай болысының (қ.Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Малыбай ауылында) орталығында жылқышылар отбасында дүниеге кслген. Жасынан желіде бие сауғызып, құлын-тайды сылап-сипап өсірген жылқышы баласы ат айылып тартып, азамат болып, атқа мінгенінде де алған атқарған жұмысы жылқы бағу болыпты. Ол туралы ел аузында аңыз сақталған. Ақын өлең айтуға құмар болып, домбырасын арқалап айдалада тыңдаушы елді іздеп жүретін болған. Ол тұста қазақ халқының мәдени өмірі аса төмен дәрежеде болды. Оқу өнері дамымай жатқан кез. Өз елінде кітап басу тиым еді. Кітаптар Қазан, Троицкі, Петербургтен ғана шағын-шағын данамең шығып отырған. «Түркістан уалаяты» (1870-1882) , «Дала уалаяты» (1888-1902), « Қазақстан» газеттері (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915) басылымдарын ұйымдастырып тарату мүмкіндігі болмаған. Халық караңғылықта болды. Араб жазуымен жазылған қолжазбалар кеңес заманында өртелініп, жойылды. Сондықтан да бұндай ақындар өз заманына дүлдүл саналғанымен, шығармалары қағазға түспей, сақталмай қалды.
Ақынның «Құсайын болыс» атты поэмасы табылған. Поэмада «Құсайын» бейнесі еш бояусыз шынайы суреттелген.
«Призваға» деп аталатын 1916 жылғы патша жарлығына байланысты қазақтан қара жұмысқа кісі алып іріктеуі, азаматтарды сараіща салғаны туралы поэзия тілінде тұңғыш рет осы өлеңінде суреттелген. Ақын аса тапқыр, өткір ойлы суырып салма; төкпе ақын болғаны оның бата өлеңдерінен анық көрінеді. Салық ақын 1923 жылы қайтыс болды. Оның өмірінің ақыры қалай болғаны белгісіз. Ақынның шығармашылығы Лебяжі ауданына қарасты «Қарағай» еліне жақсы таныс. Олардың негізінде «Салық өлеңі еді», — деп жатқа айтушылар көп болыпты.