Нығманов Қимадиден
(1924-1980)
Қимадиден Нығманов 1924 жылы 11 қаңтарда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылында лүниеге келғен. Әкесі Нығыман Ертіс өңірінің Естай, Қүдайберген сияқты ақындарымен замандас болып, солардың өлең-жырларын айтып, таратып отырған. Өнер сүйген жанұяда өскен Қимадиден де әнерге жастай талпынған. Қимадиден сегіз жасқа келгенде балалар үйіне оқуға барады. Кейін Павлодардағы он жылдық мектепке келіп, онда оқуын жалғастырған. Ақын он төрт жасынан өлең жаза бастады. 1939 жылы осы мектепте оқып жүргенде алғаш рет «Өткір алмас» деген төрт шумақтан құралған өлеңі басылады.
Он жылдықты аяқтағаннан кейін он тоғыз жасында Отан қорғауға аттанады. Майданда да әдебиеттен қол үзбеген ақын, соғыстан кейін елге оралып ақындық өнерін жалғастырады, ақынның өлеңдерін оқығанда оның халықшыл екенін көруге болады. «Алпыс батыр», «Мақаштың ерлігі», «Барлаушы Семей», «Сержант Сембай» дастандары майдан өмірін бейнеледі.
Баянауыл табиғатын жырлағандардың бірі- Қ.Нығманов ақын. Ол «Баянауыл жырлары» деген өлеңдер топтамасын тамаша жерлерге арнайды. Ақын өлеңдерінде сол кездің ауылы, адамдардың қилы-қилы тағдырлары орын алады. Оның «Еділ құрбаны» балладасы, «Дарқан дала», «Дала шұғыласы», «Алпыс батыр» поэмасы оқырман қауымға кеңінен танылып, ыстық ықыласқа бөленген.
Қ.Нығманов көптеген толғау, арнау өлеңдер жазып, айтыстарға қатысып отырған. Ақын ауыз әдебиетінің нұсқауларын жинаумен айналысты. Сонымен қатар шежіреші адам болған. Ол Басентин- Ақтілес, оның ішінде қазіргі Жаңатал, Жанабет ауылдарындағы адамдардың шежіресін жасаған.