Нұрлыбек Баймұратов

Нұрлыбек Баймұратов
(1887-1969)

Ақын-импровизатор Баймұратов Нұрлыбек 1887жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. Нұрлыбек ақын Қазақстан халық акындарының ішіндегі өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты суырып салма төкпелігімен аты бүкіл Қазақстанға танымал болған аса дарынды ірі тұлға. Жасынан жалшылықта жүрген кедей Баймұрат егін кәсібімен айналасып, күн көрісті ойлаған. Ақынның арғы тегімен үрім бұтағын тарата айтар болсақ, қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Бозарал-Жалаңаш деген Ертіс бойындағы шағын қазақ ауылдарын мекендеген орта жүздің белді руы Шақман ішінде Кенжалы бұтағынан тараған. Ескіше де, жаңаша да сауатын ашқан Н.Баймұратовтың өлеңдері 1924 жылдан бастап жарияланып тұрды.
Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаумен шұғылданды. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлсу (1944), т.б. ақындармен айтысты. ¥лы Отан соғысының қаһарманы Төлеген Тоқтаровқа арналған «Ер Төлеген» (1945), азамат соғысын суреттеген «Қанды жорық» (1962) дастандары жеке кітап болып басылды. шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрді. Ақынға 1939 жылы Қаз ССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. СССР Жазушылар Одағы мүшелігіне қабылданды. Қазақ ССР-ң Жоғары Кеңесі Құрмет грамотасымен марапаттаған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *