Мәшһүр-Жүсіп Көпеев

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
(1858- 1931)

Ақын, фолыклорист, этнограф, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Қазақ поэзиясын, туған халқының тарихы мен этнографиясын өте жетік білген ғұлама ақын, шежіреші, философ, қасиет дарыған керемет киелі адам. Жасынан ауыл мрлдасынан сабақ алды, 1870 жылдары Хамеретдин Хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұқарада оқыған. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. 1875 жылы біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уалаяты» газетінде хат-хабар, мақала жазып, тілші болған.
Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұқара қалаларында болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыстың классикалық әдебиеттерінен сусынған. Ол осы жылдары тюрколог-ғалым В.Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, бастырумен айналысты. М.Көпеев 1907 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тірлікті көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын бұл шығармаларында қазақ халқына бостандық беру, елде мектеп-медреселер ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Мәшһүр-Жүсіп халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды, Бұхар жырау, Шортанбай, Шөже т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдырған. Қазақ ауыз әдебиеті мен шығыс дастандарының үлгісінде «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама» т.б. дастандар жазған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *