Мағзұм Ахметұлы
Ахметұлы Мағзұм қария (1887-1960) – шежіреші, ескілікті әңгімелерді көп білген қариялардың бірі. Әкесі жас шағында қайтыс болып, анадан жалғыз болған Мағзұм Ахметұлы үйден шыға алмай қазақша дін молласынан араб оқуын оқып, ертегі, ескі әңгімелерді жинап көп қарастыратын еді. 1933 жылы Алматыға барып, институтке кіреді. Мұның себебі Адматыда ғылым жағынан қазақтың фольклорлық үлгілерді жинақтауға ден қойған бір кезі болатын. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев КСРО ҒА Қазақстандағы бөлімшесінің басшылығына келген уақыттан-ақ, яғни 1934 жылдан бастап, фольклорлық экспедициялар ұйымдастырылғаны белгілі.
Мағзұм қария Ахметұлының жинақтап жазған тарихи-фольклорлық материалдары (ертегілер, жыр-қисса, дастандар, шежіре, шешендік сөздер, билердің сөзі, аңыз, қария сөз, жұмбақ, тақпақ, мақал-мәтелдер, т.б.) Ғылым Академиясының кітапханасының қолжазбалар қорына өткізілген, көбісі «Шешендік сөздер» жинақтарында да жарияланған.