Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы
(1818-1889)

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді-мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Құрманғазының күй өнеріне баулыған оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатын иеленеді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Ержан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлтттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер- халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30 жылдарында Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай» күйін арнаған. Одан кейінгі «Ақбай», « ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», « Адай» күйлерінде ол халықтың азаттық аңсаған арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Оның «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.
Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері де бар («Балбырауын», «Әсем»).
Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмегеи де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой толғамын бейнелеген. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлерін дүниеге келтірген .
1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді-мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара,Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
«Байжұма», «Бозқаңғыр» туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өзінің күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. «Итог» атты күйінде ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.
Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *