Қайролла Жүзбасов
1938 жылы Майқайың поселкесінде туған.
Теоретик-музыкант, өнер зерттеу ғылымының кандидаты, М.1981ж., КСРО Композиторлар Одағының мүшесі. 1959-1963жж. Павлодар музыка училищесінде, 1963-1970жж. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыған. ҚРҒА-ның М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып қызмет істеген. Ол ғылыми жұмыспен айналысқан.
Дәстүлі қазақ музыкасының музыкалық-теориялық және тарихи проблемалары халық, кәсіби әншілер, композиторлар, қазақтың-дәстүрлі музыкалық-ақындық жүйесінің мәселелері, нотография, қазақ халқының әндері мен күйлері, термелері мен толғаулары және басқа салаларында өңдеу мәселелері оның еңбегінің басты ғылыми бағыттары болады.