Қалижан Бекхожин
(1913-1990)
Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген. Әкесі мәшһүр Нұрғожа Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның медресесін үздік бітірген. Мәшһүр Жүсіппен, Ақан серімен, Исамен айтысқан, кейбір болыстарды шенеп сын айтқан. Бала кезінде жалдамалы молдадан арабша хат таныған Қалижан бала кезінде қисса-жырларды көп оқып, әдебиетке ерте құмартады. 1924жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан. 1929жылы комсомол қатарына өтеді. 1930жылыдың басында Ертіс бойындағы Ақсу ауылында мұғалім болып істеген. 1932жылы 19 жасында аудандық «Колхоз» газетінде 8наурызға арналған тырнақалды өлеңі басылып шығады. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жұмысқа шықырылады. 1934жылы мамыр айында алматыға Қазақстан жазушыларының І съезіне Павлодардан делегат болған. 1934жылы ҚазПИ-ге оқуға түседі. Ағылшынның атақты ақыны Байронның «Чайльд гарольд» поэмасының бірнеше тарауларын аударып, ол қазақ әдебиетінің 8 сыныбына арналған хрестоматияда жарияланады. 1938-1939жж. «Партизан Балтабай» («Кек»), «Орман қызы», «Ақсақ құлан» атты үш дастан жазған.
Ақын Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан оралысымен, әуелі Тіл әдебиет институтында, кейін жазушылар Одағында поэзия бөлімін басқарған. 1959жылдан бастап өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыста болған.
«Шеру» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1948 жылы жырық көрді. 1949жылы «Советский писатель» баспасынан «Под звездами Москвы» атты өлеңдер жинағы шықты. Қырықтан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан. Сын еңбектері де бар.