Иманғали Мәненұлы

Иманғали Мәненұлы
Елдің белгілі ақсақалы Иманғали Мәненұлы өз заманында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының таңдаулы шәкірттерінің бірі еді. Осы күні Иманғали Мәненұлы жазып қалдырған қолжазба қоры мол. Иманғали Мәненұлының жазбадан тыс ауызша айтқан деректерін осы күні Баянаула тұрғыны Алтынбек есімді азаматтың аузынан естіп білуге болады: «Иманғали атам елге 1971 жылы оралды. Оған дейін 1930-жылдар ортасынан бастап Мұрынтал және Қарағанды облысының бірқатар елді мекенінде ұстаз болды. Кешегі сұрапыл Ұлы Отан соғысына қатысты. Иманғали атам өмір бойы бастауыш мектепте ұстаз болған. Бізді уақыт өткізуге және жазғандарымызды көріп ермек қылатын әңгімелері көбіне Мәшһүр Жүсіп атамыздан жеткен жазып алғаны мен естеліктері бұрын-соңды естімеген хикаяларға толы болушы еді. Әңгіме айтқанда кейіпкерлердің ата-тегін, шежірелерін атап отыратын. Руын, тегін қалдырмаушы еді. Иманғали атам 1903 жылы туып, 1993 жылы жазда тоқсан жасында дүние салды».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *