Заитов Мұқсихан
(1928-1976)
Ақын Мұқсихан Заитов 1928 жылы 25 маусымда Май ауданының Бестау ауылында туған. Мұқсихан ескінің жұрнағындай, айтыс дәстүрі қайта жаңарғанда, 1985 жылы домбырасын қолына алып, облыстық ақындар сайысына белсене араласты. Ақтоғайлық ақын Қимадиден Нығмановпен айтысқа шығып, Алматыдағы ақындар айтысына облыс атынан қатысқан.
Мұқсихан Заитов жыр дүлдүлі, халық ақыны Нұрлыбек Баймұратовты, Нұрғали Байқұрмановты, Нұрмұхамбет Самақаевты, Рақымхожа Зұбайргенді, Әждар Бакишті, Темірбек Бақинді тыңдап өсіп, әнге өлең жазған.
Өмір тауқыметін ерте көрген Мүқсихан еңбекке ерте араласты. Он бес жасында туған ауылында мұғалім болды. Бала оқытты, өзі де оқыды. Алматыдағы ҚазПИ-ді сырттан оқып бітірді. Қолына қаламды да ерте алды. Көркем өнерпаздар ұйымына қатысты. Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі атанды. Ақын егделенген шағында газетке келді, қазіргі «Сарыарқа самалының» меншікті тілшісі қызметін атқарып, Май, Ақсу аудандарында танымал болды.
1974 жылы Алматы баспаларының біріне «Аңсаған арман» дастанын басуға тапсырды. Өлеңдері туған жер, ана, бала тақырыбына арналған. Сын-сықақты да жазған. Жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер, мысалдар, жұмбақтары да бар. Мұқсиханның біраз өлеңдері «Менің атым-Алма», «Шұғыла» жинақтарына енді.