Жолдинов Жүнісбек
(1895-1983)
Ақын-импровизатор Жолдииов Жүнісбек Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Жастайынан жетім қалып, орыс жанұясында тәрбиеленгеи.
Жүнісбек 1916 жылы патшаның маусым жарлығына ілігіп, майдандағы қара жұмысқа алынады. Онда жүріп өлең жазған, бірақ өлеңдері хатқа түспеген. 1921 жылы Омбы қаласындағы жұмысшы жастардың кешкі мектебінде оқиды. Сол кезде ойын-сауық үйірмелеріне қатысып, өлең оқиды, шағын скетчтерде ойнайды. Өлеңдері сақталмаған.
Ақынның өлеңдері кейін жарық көре бастады. «Ойла» (1966), «Өрендерге өнеге» (1969) атты жинақтары басылып шыкты. Республикалық, облыстық айтыстарға қатысқан. Жүнісбек Жолдиновтың есімі ақын-импровизатор ретінде республикаға кеңінен танымал.