Жаяу Мұса Байжанов

Жаяу Мұса Байжанов
(1835-1929)
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген өнер иелері ішінде Жаяу Мұсаның алатын орны ерекше. Ақын, әнші, композитор, музыкант, прогресшіл ой иесі, қажырлы күрескер — осындай жан-жақты адам, осы салалардың бәрінде де айтарлықтай із қалдырған. Ал оның өмірі мен музыкалық творчествосын бөліп қарауғакелмейді. Жаяу Мұса қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақшоқы деген жерде 1835 жылы туған. Әкесі Байжан кедей шаруа болған. Жаяу Мұса жасынан өнерпаз, талапкер болып өседі. Кейін Омбы қаласында оқып жүрген кезінде еліне келіп-кетіп жүріп, Шорман тұқымдарының бұқараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп, газетке жазады. Сол жылдары дуанбасы боп сайланып, полковник шенін алған Шорманның Мұсасы Омбыдағы губернаторға Жаяу Мұсаның үстінен шағым жасайды, патшаға қарсы адам деп жала жауып, Тобыл қаласына 12 жылға жер аудартады. Бірақ Жаяу Мұсаның өтініші бойынша, жер аудару жазасы әскер қызметке ауыстырылып, ол арбакеш болын жұмыс істейді. Генерал Черняев әскерінің қатарында Жаяу Мұса Санк-Петербург қаласында, Польша, Литва, Латвия жерлерінде болады. Кейін Черняев әскерінің Орта Азия экспедициясына да қатысады, сол сапарда Шоқан Уәлихановпен кездеседі. Мұса Байжановтың әндерін бірінші рет қағаз бетіне түсіріп, композитордың творчествосымен оқушы жұртшылықты таныстырған- қазақ совет музыка этнографиясының іргетасын қалаушы А.В.Затаевич. Ол «Қазақ халқының 1000 әні» (1925) мен «Қазақтың 500 ән, күйі» (1931) деген жинақтарында Мұсаның бірнеше әндерін жариялап, оларға біраз сипаттама берді. Жаяу Мұсаның «Ескендір», «Тұрымтай», «Күлбай», «Гауһар қыз» әнінің екі түрі, «Ақ Сисаның» екі түрі, «Қатын өлгенде», «Басқүлбай» әндерінің жазбалары бар. 1942 жылы шыққан «Қазақ композиторларының өмірі. мен творчествосы» деген кітабының бір бөлімін А.Жұбанов Жаяу Мұсаға арнаған. Жаяу Мүса Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері бастаған әнші-ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамыта түсті. Ол әрдайым халықтық- бұқарашылдық бағытын берік ұстап, сол замандағы қазақ ауылының қиындығын батыл суреттеген ақын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *