Хорды дирижерлау

Хорды дирижерлау (дирижерлық аппарат)
Дирижерлық аппарат деп оның негізгі міндеттерін атқаруды бірден-бір көмекшісі болып, үздіксіз жұмыс жасайтын дене құрылысын айтамыз. Дирижерлық аппаратқа жататын дене құрылысы мыналар: бас, кеуде, екі қол және екі аяқ. Дирижерлық өнер ең алдымен осы мүшелердің қимылын дұрыс сақтап, оны дұрыч пайдаланудан басталады.
Дирижердың сырт тұлғасы сымбатты, көрікті болуға тиіс. Ол оркестр немесе хор алдында тұрғанда, оған тек орындаушылар ғана емес, сондай-ақ тыңдаушылар да назар аударуға тиіс.
Дирижердың тұрғысы сыпайы, тұлғасы тік және сымбатты болуы керек. Мұндай жағдайға кеуде сәл көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы бір жаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен түсірілуі керек. Кеуденің қозғалысы да дирижердің еркін қимылдауына ешқандай кедергі жасамауы тиіс. Аяқтың екі арасы тым алшақ болмай, шамамен 45 градустай қашықтықта тұруы шарт.
Сол аяқ немесе оң аяқ жарты адымдай сәл ілгері тұруы қажет.
Кеуде құрылысын игеріп болғаннан кейін, енді біз дирижерлық аппараттың негізі – қол жайында сөз етуімізге болады.
Дирижер екі қолымен бет қимылдары арқылы, оркестр мен хор мүшелерің назарын өзіне аударып, шығарманың мазмұны мен қуатың орындаушыларға ұғындырады. Қол қимылы арқылы дирижер негізгі практикалық әдістерін жүзеге асырады. Дирижердың екі қолы – музыкалық шығармалардың ішкі астарын, мазмұнын кеңінен талдап, баяндап беретін құралы.
Ол – ойдың, сананың тілшісі, шығарма авторының музыкалық, творчестволық ой-қиялын орындаушы коллектив күшімен тыңдаушыларға жеткізетін дирижердың басты аспабы.
Қол негізінде төменгі бөлімдерден тұрады. Қоспа, буын, білек шынтақ және иық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *