Хроматизм және модуляция
Хрома – грек сөзінен, «түс», «бояу» деген мағынаны береді. Хроматизм сөзінің мағынасы кез келген ладтың диатоникалық басқыштарының жарты тонға жоғарылуын немесе төмендеуін білдіреді. Хроматикалық өзгерген дыбыстарды көп жағдайда альтериацияланған дыбыстар дейміз.
Альтерация — әрбір ладта кездесетін бүтін тонды тартылыстың жарты тонды шиелінісі. Сонымен, мажорлық, минорлық ладтың тұрақсыз басқыштарының мынадай альтерациялары болады:
Мажорда – II басқыш жоғарылады да, төмендеуі де мүмкін;
IV басқыш тек жоғарылауы ғана мүмкін;
VI басқыш тек төмендеуі мүмкін;
Минорда – II басқыш тек төмендеуі мүмкін;
IV басқыш жоғарылауы да , төмендеуі де мүмкін;
VII басқыш тек жоғарылауы мүмкін.
Әрбір мажор және минор тональностерінде алты туыс тональдіктер бар:
1) берілген мажорлық тональдіктің қатарласпалы минорлық тональдігі (яғни, VI басқыштан);
2) доминанта тональдігі (яғни,V басқыштан);
3) доминантантаның параллельдық (яғни, III басқыштан);
4) субдоминанта тональдігі (яғни,IV басқыштан);
5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (яғни, II басқыштан);
6) дәл сол минордық гармониялық түріндегі – субдоминантаның минорлық тональділігі (VI).
c-dur
a-moll G-dur f-moll
e-moll r-dur
d-moll
Минор тональностінде:
1) берілген минордық параллельдық мажорлық тональдігі (яғни, Ш басқыштан);
2) табиғи жай доминанта тональдігі (V);
3) табиғи жай доминантаның параллельдық тональдігі (VII);
4) субдоминанта тональдігі (IV);
5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (VI басқыштан);
6) берілген минордық гармониялық түріндегі мажорлық доминанта (Д) тональдігі.
a-moll
c-dur e-moll E-dur
G-dur d-moll