Қазақ хор музыкасы
Қазақ әндерінің профессионалдық салалардың бірі – хор өнері.
20 – жылдардың алғашқы кезінен бастап – ақ Қазақстанның жер – жерлерінде — Әулие – Ата (Жамбыл), Қарқаралы, Семей, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола, Павлодар, Оралда көркемөнерпаздардың музыкалық және әдеби сауық кештері ұйымдастырыла бастады. Мұндай кештерде жеке әншілер, ақындар қатар топталып, бір – біріне қосылып ән – салушы айтушылар да өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, Орынборда алғашқы қазақ хорын ұйымдастырушылардың бірі музыкалық қабілетті зор, өнер сүйгіш Райымбек Мақатаев болса, Ташкентте Құрманбек Жандарбеков қазақ жастар хорын ұйымдастырды. Ал осы жылдары ұлттық ән – күй қазынасын жинауға байланысты қазақ арасында мейлінше мол араласқан Александр Викторович Затаевичтің мәлімдері пайда болды. Сол сияқты жиырмасыншы жылдары қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газетінде жариялаған көптеген деректер сол кездегі «Сауық кештерінің» көбінесе қосылып хор айтумен аяқталатынын айқындайды.
Қазақиың Мемлекеттік хор капелласы (аспап сүйемелінсіз айтылатын хор) 1939 жылы ұйымдастырылды. Сөйтіп, Республикамызда тұңғыш вокалдық ән салу өнерінің жаңа жанры туды.
Өнердің басқа да салалары сияқты хор өнерінің де аз уақыт ішінде меңгеруге болмайтын эволюциялық мерзімді керек ететін өзіне тән ерекшіліктері бар. Қазақ хор капелласының көп уақыт бойы қатарға толық мағынасында қосыла алмай жүруінің мәні де осы жайлармен байланысты болды.
Алғашқы кезде аспаптың сүйемеленсіз айтуы коллективке аса жеңіл тимеді. Хор үйренудегі жан – жақты процесстері бірден меңгеріп кету қазақ капелласына қиынырақ соқты. Бұл жайларды жақсы түсінген капелла жетекшілері творчестволық коллективтің қалайда алға талпынып, өсу жолдарын қарастырды. Дауыстың біріңғай тегіс шығуы, ән айтқанда сөздің тыңдаушыларға анық жетуі, нақыш – бояулардың өзара үндесуін, үйлесімділігі сияқты хор өнерінің ішкі профессионалдық ерекшеліктерін өз мүмкіндіктерінше игеруге қатты көңіл аударады. Осындай іздену, толысу арқылы Қазақ Мемлекеттік хор капелласы көп ұзамай профессионалдық хор коллективіне айналды.
Қазіргі кезде қазақ Мемлекеттік хор капелласы – қанатын кең жайып, жаңа белеске шыққан нағыз творчестволық профессионал коллективтерінің бірі. Бүкілодақтық хор коллективтерінің байқауларында Мемлекеттік хор капелласы үшінші рет лауреат атағына ие болды.
Хор мәдениетінің дамуына композиторлар Д. Мацуцин, Л. Хамиди, М. Толебаев, Ғ. Жұбанова, М. Маңғытаев, М. Сағатов, Е. Рахмадиев, айтарлықтай үлес қосты.
1960жылдары Қазақ Мемлекеттік хор капелласы тұңғыш рет туысқан Республикаларға өнер көрсетумен қатар сапарға шықты. Өз гастролін Москвадан бастаған капелла бұл жылы Киевте, Одессада шебер өнер көрсетіп, үлкен шығармашылық табысқа ие болды.
Хор капелласына профессиналдық – көркемдік шеберлікпен лайықталып жазылған М. Төлебаевтың «Жастар сюитасы», Е. Брусиловскийдің «Шолпан», С.Байқадамовтың «Су тасушы қызы», халық әндерінің негізінде жазылған көптеген поэма, сюиталары Е. Рахманиновтың «Балқаш көлі», «Жас механизаторлар», «Көктем дауыстары», Қ.Қожамияровтың «Жайна Жетісу», А. Бычковтың «Революция әндері», С.Мұхамеджановтың Абайдың өлеңіне жазылған «Жыл мезгілдері», М.Сағатовтың «Тоғай», «Жайлауда» атты поэмалары, басқа да көптеген шығармалар сөзімізге дәлел бола алады.
М.Маңғытбаев «Ақсақ құлан туралы аңыз» туралы хор капелласына арналған поэма жазып, аға ұрпақтың өнегелі тәжірибесін шығармашылық ізденіспен жалғасытырады. Композитор поэманың аңыздық әңгімелеу стилін сақтай отырып, музыкалық интонациясын да, оның ішкі иірімдерін де бейнелі, өзіндік сөзбен бере білген.
Шығармада домбыра қағысы, домбыра әуенділігі дәстүріне сүйенген тәсілді айқындайтын полифониялық музыка әдісі молынан пайдаланылған. Сондай-ақ жан тіршілігі күңірінген жаңғырақ әуенінен айқындайтын интонациялықтың оралымдар, туынды мазмұнын ерекше күшейтеді. Белгілі профессионалдық дәрежеге жеткен поэма жалпы ұлттық хор партитурасын байытумен қатар, капелланың орындаушылық шеберлігін де арттырды.
Хор капелласы қазақ халық әндерін айрықша сезімталдықпен орындайды. «Жайдарман», «Харарай», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. осы тәрізді ежелден жеке дауыспен айтылып келген көптеген әндер кезінде жаңа бір реңге ие болды. Басқаша айтқанда, хор капелла музыкасына айналады. Бұлардың халық әндерінің, жаңа жанрға бейімделу дәрежелері, әрине түрліші. Кейде композиторлар әндердің жалпы стилін характерін мұқият сақтаумен қатар, кейбір айрықша интонациялық ұтымды жерлерін түрлі хор нюанстары арқылы ерекше көрсетеді. Сол сияқты көркемдік мәнерліктің қажетті құралының бірі – екпін, ырғақ, ағымға, әуендік сөз күшіне көңіл бөлнді. Композиторлар түрлі ұлттық дәстүрден туатын шағын әуез, қайталау, кейде саздық бөлшек тарайтынын әуендік еркешіліктерге де назар аударады.
Халық әндерімен қатар капеллаға дирижер А. Молодов өзі лайықтаған Мәдидің «Қаракесек» әнін айта келсек, дирижер тар заманның қаспағынан зәбір көрген, әннің әуеніне лайықты гармониялық аккордтар арқылы шығарманың көңіл күйін естиміз.
Капелла репертуарындағы жұртшылық құмарлан тыңдайтын шығармалардың бірі – татар халқының композиторы Л. Хамиди өңдеген нәзәк толқынды «Су тасушы қыз», «Ғалиябану», Қ Құжамиров өңдеген ұйғыр халық әндері «Тәссәмә», «Гүлләвия», тәрізді шығармалар хор өнерінде кеңінен орын алады. Украина, Орыс халқының, Чех, корей, тілдерінде орындалатын әндерін сүйсіне тыңдап, шаттан қарсы алатын шығармаларға айналды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хор капелласының міндеті және мақсаты – халыққа әсіресе жастарға халық әндер арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Эстетикалық тәрбие беретіндей, жалпы көркемдік сапасы жоғары жаңа туынданы өмірге келтіру көп ізденуді қажет ететіні ақиқат. Әйтседе Республикамызда хор өнерін игеру, оны дамыту жөнінде композиторлардың әрқайсысының өзіндік ерекшілігі, профессионалдық қолтаңбасы қалыптасқандығы сүйсіндіреді.
Құрамына 60 – тан астам адамы бар қазақ Мемлекеттік хор капелласы әі де профессионалдық өсу, іздену жолында. Қазақстан композиторлар одағының 1989 жылы қарашаның 23 – 26 күндері аралығында өткізілген 4 – ші, мерекелік пленумдағы капелла шырқаған КСРО халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың ақын Сырбай Мәуленовтың өлеңіне жазылған «Менің Республикам» поэмасы, В. Брусиловскийдің сөзі Н. Шакеновтың «Шолпан» әні, Е. Рахмадиевтың «Қаратау әуені» атты сюитасының «Қырмандағы айтыс» атты бөлімі, М. Сағатовтың «Жайлауда» поэмасы, А. молодов өңдеген «Қаракесек» әні коллективтің орындаушылық шеберлігінің тағыда бір қырын танытты.
А. Молодов көп жылдардан бері қазақ мемелекеттік хор капелласында, бүкіл саналы өмірін қазақ музыкасының жолына жұмсаған талант иесі, терең ойлы суреткер. Сондай – ақ ол коллективті рухани жағынан байытуға, олардың орындаушылық, эстетикалық талғам – пайымын арттыру жағына да көңіл бөлді. Дирижердің бойында аса биік профессионалдық мәдениет, асқақ сезімталдық бар.
1989 жылы Қазақ Мемлекеттік хор капелласы өзінің жеке өнер саласы болып құралғанына жарты ғасыр толған шығармашылық мерекесін атап өтті. Алдағы уақытта композиторлардың жаңа көркем шығармаларының жазылуына байланыты, хор капелласы халық арасында әлі талай насихаттай береді деп сенеміз.