Адырнамен ән айту да қазақта болған көшелі өнердің бірі. «Қыз Жібек» фильмін түсірерде композитор Н.Тілендиев профессор Б.Сарыбаевтың кеңесімен осы аспапты киноға қолданғаны белгілі («Көш қызығы» әні). Қазір бұл аспаптың жетілген түрін фольклорлық ансамбльдерден жиі кездестіруге болады. Арфа аспабына ұқсас болғандықтан ән айтуға өте қолайлы, бұл да жаңғыруын күтіп жүрген дәстүріміз болып табылады.