Батыс Қазақстандық әншілік мектеп – еліміздің батыс өлкесінде дамыған әншілік өнер. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді.
Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері – Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева, Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов, С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар.
Бұл әдістемелік құралда Арқа әншілік мектебі зерттеу көзі болғанмен, жалпы қазаққа ортақ әншілік өнерге қатысты оқыту жұмыстарының методикасын келтіруді мақсат етіп отырмыз. Себебі, әншінің алғашқы дауыс қою дайындығы, домбырамен сүйемелдеуі, репертуар таңдауы, сахналық шеберлігі, дәстүрлі иірімдерді меңгеруі – барлық ән мектептеріне ортақ мәселе.