Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында дайындалған Мектепалды даярлық (6–7 жас) топтарында және сыныптарында қазақ тілін (екінші тіл ретінде) оқытуға арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді. «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (Астана, 2016) негізінде жасалды. «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені:
– №1 әліппе-дәптер;
– №2 әліппе-дәптер;
– интерактивті қосымша;
– үлестірмелі материалдар;
– әдістемелік нұсқаудан тұрады.
ОӘК мектепалды даярлық сыныптарында қазақ тілін (екінші тіл ретінде) оқытуға бөлінген 64 сағатқа сәйкес дайындалған.
ОӘК-нің базалық білім мазмұны оқу бағдарламасында көрсетілген мынадай ортақ тақырыптарға негізделген:
1. Мен кіммін және қандаймын?
2. Мектепке не үшін барамыз?
3. Менің айналамда кімдер бар?
4. Менің айналамды не қоршап тұр?
5. Жолдар бізді қайда бастайды?
6. Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
7. Мен үшін не дәмді және пайдалы?
8. Денсаулықты қалай сақтау керек?
Аталған ортақ тақырыптар өз ішінде бір-бірімен лексика-грамматикалық жағынан тығыз байланысты 8 сабақтан тұрады. Әр ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мазмұны жеңілден күрделіге қарай қағидасы бойынша құрастырылған. Балалардың белсенді сөздік қоры әр ҰОҚ сайын арта түседі, дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі әліппе-дәптер мазмұнында ерекше ескерілген. Сондай-ақ оқулықта ешқандай грамматикалық атаулар қолданылмайды, грамма-тиканы тек құрылымдық үлгі ретінде салыстырмалы түрде үйрету ұсынылады.
3
Ұсынылған ОӘК бойынша қазақ тілі ҰОҚ-да балалардың жасы мен даралық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін жұмыс нәтижесінде:
– балалар педагогтің нұсқауларын түсініп, орындай алуға;
– жекелеген заттардың атауларын қазақ тілінде дұрыс айта білуге;
– заттардың түрін, түсін, санын дұрыс ажырата алуға;
– өзі туралы қысқаша мағлұмат бере алуға;
– 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра алуға;
– қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстай алуға;
– тақырыптар бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға;
– тыңдаған ақпаратты түсінгенін қимыл, ым-ишарат арқылы, сурет салу, белгілеу, сызу арқылы білдіруге үйренеді.
1. Әліппе-дәптерлер: мазмұны және құрылымы
Әліппе-дәптерлердегі лексика-грамматикалық материал дар бір-бірімен тығыз байланысты тапсырмалар жүйесімен берілген. Тапсырмаларды балалардың қабылдауына жеңіл әрі қызықты түрде ұсыну мақсат етілген. ҰОҚ барысында жаңа тақырыптар тыңдау, қайталау, үлгі бойынша сөйлеу, белгілеу, сәйкестендіру, бастыру, сурет салу, бояу т.с.с. жұмыс түрлерін орындату арқылы меңгертіледі. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Суретті материалдардың мол қоры балалардың жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді жеңіл қабылдауына ықпал етеді. Әліппе-дәптерлер мен үлестірмелі материалдарда берілген тапсырмалардың басым бөлігі ойын түрінде өткізуге ыңғайлы етіп құрылған.
2. Үлестірмелі материалдар: мазмұны және құрылымы
Қазақ тілі ҰОҚ-да үлестірмелі материалдарды тиімді қолдана білу балалардың шығармашылық түрде жұмыс істе-уіне мүмкіндік береді. Тақырыпқа қатысты жаңа матери-ал үлестірмелі материалдардағы тапсырмаларды орындау
4
арқылы бекітуге негізделген. Бұл балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, сондай-ақ олардың ұқыпты жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
3. Аудиодиск
Қазақ тілі ҰОҚ-да ақпараттық-коммуникациялық техно логияларды (АКТ) қолдану жан-жақты әрі тиімді жүзеге асырылуы тиіс. Оқулыққа қосымша ұсынылып отырған жұмыс түрі екі бағытта дайындалған:
Әліппе-дәптер бойынша тыңдалым тапсырмалары (мұнда әр бөлім бойынша тыңдалым тапсырмалары мынадай үлгіде берілген: 1.1.1. (1-бөлім, 1-сабақ, 1-тапсырма), 1.1.2. (1-бөлім, 1-сабақ, 2-тапсырма).
Әліппе-дәптерге арналған интерактивті қосымша тап сырмалар. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы балалардың АКТ-ні қолдану дағдылары қалыптастырылады. Тапсырмалар әліппе-дәптерде берілген лексикалық тақырыптар бойынша құрылған. Қосымша тапсырмалар әр бөлім бойынша өткен материалды қайталауға, бекітуге, жаттықтыруға бағытталған. Интерактивті қосымша әр бөлімнің соңғы сабағында берілген. Мысалы: 2.3, — 2 бөлім, 3-сабақ.
І. Ұзақмерзімді жоспар
Оқу жылындағы барлық сағат саны – 64 сағат.
№ Ортақ Сабақтың тақырыбы Сағат
тақырыптар саны
1. Мен кіммін және 1-сабақ. Сәлем! Сау бол! 1
қандаймын? 2-сабақ. Менің атым – Алмагүл 1
3-сабақ. Бұл кім? 1
4-сабақ. Бұл не? 1
5-сабақ. Қандай текше? 1
6-сабақ. Маған доп берші 1
7-сабақ. Неше доп? 1
8-сабақ. Кел, санайық! 1
5
2. Мектепке не 1-сабақ. Мектеп 1
үшін барамыз? 2-сабақ. Мынау не? 1
3-сабақ. Менде қарындаш бар 1
4-сабақ. Сенде кітап бар ма? 1
5-сабақ. Сөмкеде не бар? 1
6-сабақ. Балақай, мұнда қара! 1
7-сабақ. Мен сурет саламын 1
8-сабақ. Мен мектепке барамын 1
3. Менің 1-сабақ. Бұл кім? 1
айналамда 2-сабақ. Менің отбасым 1
кімдер бар? 3-сабақ. Мен бес жастамын 1
4-сабақ. Табақта бес алма 1
5-сабақ. Бұл – менің інім 1
6-сабақ. Бұл – менің досым 1
7-сабақ. Мен доп ойнаймын 1
8-сабақ. Ол не істейді? 1
4. Менің 1-сабақ. Мынау – ағаш 1
айналамды не 2-сабақ. Мен гүл жасаймын 1
қоршап тұр? 3-сабақ. Сен не саласың? 1
4-сабақ. Мынау – көбелек 1
5-сабақ. Мен бояймын 1
6-сабақ. Мынау – қоян 1
7-сабақ. Мынау – түйе 1
8-сабақ. «Ұшты-ұшты» ойыны 1
5. Жолдар бізді 1-сабақ. Мен үйге барамын 1
қайда бастайды? 2-сабақ. Мен тауға барамын 1
3-сабақ. Мен дүкенге барамын 1
4-сабақ. Мынау не? 1
5-сабақ. Сен мектепке немен барасың? 1
6-сабақ. Саяхат 1
7-сабақ. Бағдаршам 1
8-сабақ. Аңдар саяхаты 1
6. Салт-дәстүрді 1-сабақ. Мен ертегі оқимын 1
білу не үшін 2-сабақ. Мен ертегі білемін 1
керек? 3-сабақ. Жұмбақ 1
4-сабақ. Асық 1
5-сабақ. Мен асық ойнаймын 1
6-сабақ. Киіз үй 1
7-сабақ. Домбыра 1
8-сабақ. Наурыз құтты болсын! 1
6
7. Мен үшін не 1-сабақ. Мынау – сүт 1
дәмді және 2-сабақ. Мен сүт ішемін 1
пайдалы? 3-сабақ. Мынау – алма 1
4-сабақ. Менде алма бар 1
5-сабақ. Мен алма жеймін 1
6-сабақ. Мынау – сәбіз 1
7-сабақ. Мен тамақ ішемін 1
8-сабақ. Ас болсын! 1
8. Денсаулықты 1-сабақ. Бас. Қол. Аяқ 1
қалай сақтау 2-сабақ. Оң қолымда бес саусақ 1
керек? 3-сабақ.Таңертең 1
4-сабақ. Жаттығу жасайық! 1
5-сабақ. Бір, екі! 1
6-сабақ. Таза. Кір 1
7-сабақ. Не пайдалы? 1
8-сабақ. Не дәмді? 1
ҰОҚ жоспарларында қолданылған шартты қысқартулар:
• ПК – педагогтің көрсетуі
• Ұ – ұжымдық жұмыс
• Т – топтық жұмыс
• Ө – өзіндік жұмыс
• Қ – қалыптастырушы бағалау
• ҮМ – үлестірмелі материал