Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап, Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1996-2002 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2005 жылдан бастап «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры болған. Қазір «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ басқарма төрайымы.
Талдықорған облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. Медальмен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.