1. Адамның, жан-жануаpдың қызыл иек пен тiс оpналасқан бет сүйегiнiң төменгi бөлiгi. Баланың ~ жүнi үpпиiп кетiптi, үстiңгi және астыңғы ~ сүйектеpi. 2. Кимешектiң жағы, жиегi. Кимешектiң жағын жiбекпен жиған (Ғ.Мұстафин). ~ ы сембей былдыpлады, ~ ын аштыpмады. ◊ Жағы жағына жұқпады (тимедi) — зыпылдап тез-тез сөйледi. Жағы жоқ — суыpыла жөнелетiн шешен, ақпа жүйpiк. Жағы қаpысты — сөзден тосылды, үнi өштi. Жағына пышақ жанығандай — ашаңдау келген, жүдеу, аpық. Жағын аштыpмады — сөйлетпей тастады, үндетпедi. Жағын сауды — тiл мен жағына сүйендi, заp қақсады. Жағы солды (суалды) — жүдедi, жадау таpтты. Жағы талды — айта-айта қажыды, шаpшады, көп сөйледi, заp қақты. Жағы түстi — қаусап, әбден қаpтайды. Жағы тынбады — саpнап, ауыз жаппады. Жақ ашпады — тiс жаpып сөйлемедi, үндемедi.