БАЙЛЫҚ-КЕДЕЙЛІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Жуанды жонып же.
  2. Жаңа байығаннан қарыз алма.
  3. Жарлы мен жалғыздың сөзі жалған.
  4. Жарлы болсаң да арлы бол.
  5. Жарлы бай болсам дейді.
  6. Ескі байдан талтаң қалмайды.
  7. Кедейге кедей қайыр қылса,қу таңданады.
  8. Кедейге өлең айтқан да –шығын.
  9. Кедейге қарыз бер де ,Құдайдан амандығын тіле.
  10. Кедей іштегі бұзауға сауда жасайды.
  11. Кедей кісі кер келеді.
  12. Кедей нан тапса,ыдысын таппас.
  13. Кедейдің кеңесі бітпейді.
  14. Кедейлігіңді білейін көшіп көр.
  15. Кедей кедейді көре алмайды.
  16. Кедейдің сүйген тамағын кім берер.
  17. Кедейде лебіз болмас.
  18. Күміс азса күл болады.
  19. Кен байлық-кең байлық.
  20. Көн етіктегі құрым шылғау.
  21. Күлегештің тісі алтын .
  22. Кезенге қайыршы ермейді.
  23. Кедейдің аты қара жарыста озады.
  24. Кедей елдің көш басшысы көп.
  25. Кедейлік кемдік емес.
  26. Күміс азса ,күл болар.
  27. Қара мойынға қара мойыншақ.
  28. Қолында жоқ жомарт.
  29. Қайыр сұрап,зекет береді.
  30. Негізі арықтан семіз шықпас.
  31. Ойда түп жоқ ,ашта күш жоқ.
  32. Өтпес жарлық байға қорлық.
  33. Сарт санасымен байиды.
  34. Сайда саны, құмда ізі жоқ.
  35. Семіздің аяғы сегіз.
  36. Сексен шықпай,тоқсан кірмейді.
  37. Таршылық болмай кеңшілік болмайды.
  38. Түйелі бай-киелі бай.
  39. Түгін тартса май шығады.
  40. Тарыққан талғамайды.
  41. Тамыр тартқан тарықпас.
  42. Теіңз тамшыдан құралады.
  43. Үйі жоқтын күйі жоқ.
  44. Шықпа жаным шықпа.
  45. Ынсап сайын-береке.
  46. Ішкені алдында,ішпегені артында.

# макал мателдер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *