- Атаңа не келтірсең, алдыңа сол келер,
Атаңа не қылсаң, балаң да соны қылар. - Ата тұрып бала сойлесе, шіркіндігі,
Аға тұрып іні сөйлесе, еркіндігі. - Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без. - Ана тілін алмаған баладан без,
Бала басу білмеген анадан без. - Ата тілін алмаған,
Аман болып көп жүрмес. - Ата тұрып бала қалса,
Мұратына жеткені.
Бала өліп ата қалса,
Арманы іште өлгені. - Ата – анаң бар болсың,
Бала кезде жар болсын. - Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың
Сыйламасаң жан қинарсың. - Атаның жаманы малға ортақ,
Әзірейілдің жаманы жанға ортақ. - Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді. - Аталы ұл – қожалы құл.
- Әке – айдын, шеше- ұя.
- Әке өлсе – мүлкі мұра, аға өлсе – жеңгесі мұра.
- Әкесіз жетім – жарты жетім, анасыз жетім – анық жетім.
- Әкең бермегенді базар береді.
- Әкеге бағыну – Аллаға бағыну,
Әкеге қарсылық – Аллаға қарсылық. - Әке – бауыр , бала – тас.
- Әке – асқар тау, ана – ағар бұлақ,
Бала – жағадағы құрақ. - Әкесі құрдастың бала құрдас,
Әкесі достың баласы дос. - Әкеге баланың алалығы жоқ.
- Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды. - Әке – тірегің, ана – жүрегің.
- Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.
- Әкең барда ел таны – көріп жүріп,
Атаң барды жерді таны – желіп жүріп. - Әке ұрған ұл оңар, шеше ұрған қыз оңбас.
- Әке – бәйтерек.
- Әкесі тұрып ұлы сөйлегеннен тез,
Анасы тұрып қызы сөйлегеннен тез. - Әкесі ұлын ұрып түзетеді,
Анасы қызын ұрып жүдетеді. - Әке жүрегі таудан үлкен.
- Әке тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені. - Әкең мұрап болғанша,
Отырған жерің ой болсын. - Әке балаға қарыз, балаға далаға қарыз.
- Атасы жақсы көргенін айтады,
Атасы жаман бергенін айтады. - Соры қалы әкенің
Кер бағып ұлы өседі,
Сөз бағып қызы өседі.