- Анасыз өмір,сөнген көмір.
- Ана балаға ауыздағысын жырып береді
Ата балаға ар-намысын құйып береді.
- Ана сүті бой өсіреді,
Ата сөзі бой өсіреді.
- Алты аға бірігіп-әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп-ана болмас.
- Атаңнан қаласа теберік,
Сақта оны тым берік.
- Ата-анаңды құрметтесең,
Сен де сондай игілік көресің,
- Атасы өлген –жөн жетім,
Анасы өлген-шын жетім.
- Ата қарғысы –оқ
Ана қарғысы-боқ
- Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі еді.
- Атаға баланың алалыға жоқ.
- Әке балаға сыншы.
- Әкесі сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
- Әкесіз жетім гүл жетім,
Шешесіз жетім сұм жетім.
- Мылқаудың тілін анасы біледі.
- Өз анасын зор тұтқан,
Кісі анасын қор тұтпас.
- Ұлының кімнен туғанын анасы біледі.
- Ұлдың ұяты әкеге,қыздың ұяты шешеге.
- Таза сабаның қымызын іш,мейірман ананың қызын ал.
- Мейрімділікті анадан үйрен,әділдікті данадан үйрен.
- Ұл таппас ана болмас,
Тұрарын айт.
Мал таппас бала болмас,
Құрарын айт.
- Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі.
- Туғанына мекіренген ана безбүйрек,тумысында уызына жарымаған төл қатпа.
- Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
- Әдепсіз бала аяғыңв басылған шала.
- Әдеп басы-тіл.
- Әдептілік-әдемілік.
- Әдепсіз аяқ боқ басар.
- Әдеп ар жемісі, ұят адамдық белгісі.
- Кірместен бұрын шығарыңды ойлан.
- Кішіпейілділіктен кішіреймесің.
- Кішіпейілдің кеудесі ашық.
- Кішіпейілділік кісі көркі.
- Кісі айыбыны ашқаннан-жапқан кісілік.
- Су ішкен құдығыңа түкірме.
- Салтын білмеген сауапты түсінбейді.
- Сақ жүрсең тоқ жүресің.
- Сақтансаң сақтаймын деген
- Сақтықта қорлық жоқ.
- Сабырлы ойлаған саспай жауап береді
- Сұрағаннан берген артық.
- Сен оқысаң,мен тоқыдым.
- Сақтанған-салматқа жеткен.
- Сағадағы су ішеді,аяқтағы у ішеді.
- Тасты бассаң кетілер,сазды бассаң жетілер.
- Тікен де гүлін қорғайды.
- Толмасқа құйма, тоймасқа берме.
- Тас лақтырғанға ас лақтыр.
- Тойсаң-тоба қыл.
- Табалдырықтан биік тау жоқ.
- Тәттінің дәмісі,балдың уы бар.
- Түкіргеннің де түбі бар.
- Тұз шапқанға қастық қылма.
- Ұлдың өзі өскендей,келіннің өзі түскендей.
- Ұста бар жерде қолыңды тый.