ҚҰС, ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

  1. Құсы жоққа тұрымтай- сұңқармен тең,
    Атты жоққа қотыр тай- тұлпармен тең.
  2. Өмірі зақым жылқы бақсың,
    Үзенгісін өзі таксын.
  3. Лашығы жоқ орданы аңсайды,
    Желері жоқ жорғаны аңсайды.
  4. Салмай жігіттен,
    Салмай құлындаған бие артық.
  5. Соқыр атқа қотыр ат үйір.
  6. Сылбырдың аты шылбырына сүрінер.
  7. Сыланған аттың тісі қарымас.
  8. Серінің аты да сері.
  9. Саяқтың ажалы қасқырдан.
  10. Соқыр құлын аттан емшек іздейді.
  11. Сұңқар көптен шығады,
    Тұлпар топтан шығады.
  12. Сұлу аттың көркі жал.
  13. Сиырда аунамақ жоқ,
    Жылқыда күйсемек жоқ.
  14. Саумал ішсең қымыз жоқ,
    Бие мінсең құлын жоқ.
  15. Сұлу аттың көркі – жал
    Адамзаттың көркі – мал.
  16. Тай атқа, ат мұратқа жеткізер.
  17. Тай коссаң ауылыңмен.
  18. Тай тулап үйірінен шықпас.
  19. Тебін қар астында, тебінгі ер астында.
  20. Тұлпар бітпейді, бітсе кетпейді.
  21. Тұлпар түбін табады, жақсы тегін табады.
  22. Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді.
  23. Тұлпар тегіне тартады.
  24. Тұлпардан тұяқ қалар, сұңқардан қияқ қалар.
  25. Тарпаң тайдай қылпылдап.
  26. Тарта жесең тай қалар.
  27. Тай қоссаң ауылыңмен.
  28. Тайлы бие тайлақты түйедей.
  29. Таудағы тайдан табақтығы құйрық артық.
  30. Тебегеннен теріскері жүр.
  31. Тұлпар желіде танылады.
  32. Тосылмайтын жүйрік,
    Шошынбайтын жүрек болмайды.
  33. Тозбас жасау болмас,
    Бас білмес асау болмас.
  34. Торқалы той, тұмарлы жүйрік.
  35. Тұлпардың өз тұяғы өзіне ем.
  36. Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпеді.
  37. Тұлпардың оттауы бір болса да, жусауы басқа.
  38. Төрт аяғы тең жорға, сүдігерге сүрінеді.
  39. Тұлпар тулақ болар, орта түссе аясы.
  40. Таяқ тайға жеткізер,
    Тай құнанға жеткізер,
    Құнан атқа жеткізер,
    Ат мұратқа жеткізер.
  41. Тай – атқа жеткізер,
    Ат – пыраққа жеткізер,
    Пырақ – мұратқа жеткізер.
  42. Тайлы бие тайлақты түйедей.
  43. Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
    Есек емексіп аяғын көтереді.
  44. Тұлпар шаба жетіледі,
    Сұңқар ұшга жетіледі.
  45. Тұяқты тұяқ жібермейді.
  46. Тай мінген балаға жарасар.
  47. Тайы ат болғанша, иесі ит болыпты.
  48. Таға тұяқты, тұяқ тұлпарды, тұлпар ерді сақтайды.
  49. Тегін келген аттың, тісіңе қарама.
  50. Шабылмаған жүйрікте,
    Шағылмаған бала шапсың.
  51. Түйенің жолы үлкен, аттың жоны үлкен.
  52. Түйе сойсаң сорпа май
    Жылқы сойсаң етке май.
  53. Түйесіне қарай жазысы,
    Биесіне қарай қазысы.
  54. Тартыншақ түйе жаман,
    Итіншек бие жаман.
  55. Тұлпары озған елдің тайы да озады.
  56. Үйірлі жылқы үрікпес.
  57. Ұрыншақ атта жол болмас, көңілшек жанда мал болмас.
  58. Шабан атқа қамшы демеу.
  59. Шідерлі аттың – өзі атың,
    Тұсаулы аттың – бос атың.
  60. Шабысы жоқ төбелден,
    Терісі кең жабы артық.
  61. Шабысты шабысы қалса да, қырындайды.
  62. Шүберек тозар, той озар.
  63. Ылау атты жұрт көргендей тәуір ғып бер,
    Болмаса бәрін құртып жауыр ғып бер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *