- Жылқы жайдым –жылап жайды.
- Жақсы ат –жуас,жаман ат-асау.
- Жақсы ат малдан артық.
- Жүйрік атқа жел қамшы.
- Жортар аттың тоқтығы жақсы.
- Желі құтты болса,бие сүтті болады.
- Жүйрік ат шапса да,қырындайды.
- Жүйрік тоқтығын білдірмес.
- Жүйрікке озудан қалу қиын.
- Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
- Жорға мінген жолдасына қарамас.
- Жорға жолына тоқтар,
Қуып құлын таласам. - Жігіттің шерулі аты қаралас.
- Жарамасыз ат жан қинар.
- Жетелеген ат аңға жарамайды.
- Ер қанаты –ат.
- Екі бие ел асы,
Үш бие бұлақ басы,
Бір бие жоқтың қасы. - Көбік қарда түлкі ойнар,
Көк көпірде жылқы ойнар. - Кебек жеген ат жүйрік болмас.
- Кәрі атын мақтаған жолда қалады.
- Көбеңді көр де қой.
- Көктемде айғыр мас,
Көк жайлауда бұқа мас. - Кісі аты тершең,
Кісі киімі кершең. - Керді мінбегенде жерді мінемін бе?
- Күн бұлтты деп,
Жылқыны суармай жүрме. - Қанша тұлпар десе де,
Мініп болмас жалсызды.
Қанша білгіш десе де,
Халық сүймес малды. - Қас батырдан қорқақ туады,
Қас шеберден шорқақ туады,
Қос жорғадан жортақ туады. - Қос күреңнің өзгешілігі жоқ.
- Құлын даусы құр аттікіндей шығады.
- Құрық тимес құлын жоқ,
Қырықтық тимес қозы жоқ. - Құлындаған биеден құдықтағы су артылмас.
- Қонақ атының тоғы игі.
- Қулық құлынжанды.
- Құлындаған байталдан,
Құдықтағы су артылмайды. - Қасқа айғырдың баласы,
Қасқа тумаса да, төбел туар. - Қасқадан ала аяқ туады,
Қотырдан қыршаңқы. - Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.
- Қартайғанда кәрі боз жорға шығады.
- Қотыр тайлақты атан болмайды деме,
Қотыр тайды ат болмайды. - Қазанат қамшы салдырмайды.
- Қубас айғыр құлынын талайды.
- Құстың бәрі бұлбұл болмас,
Жылқының бәрі дүлдүл болмас. - Құлындағы сақау,
Құнандағы тісеу. - Құұлынында жетім қалған-
«Кайрат!»- десе, үйірін білмейді.
Қозысында жетім қалған-
Түртіншегін қоймайды. - Құлынның түгі құлпырып,
Түгі сынбас жауынға. - Қырқын мінгеннен қыр артылмас.
- Құр атқа мінгендей.
- Қылыш даттанса ел бұзылады,
Ел даттанса ат сабылады. - Құлын даусы құр аттікіндей.
- Құлындаған биеден,
Құдықтағы су артылмас,
Боталған түйеден,
Бұлақ суы артылмас.