- Дарияға ат салмай тұрып кешуін тап.
- Жаман жабы жемқор босла, дорбанын түбін тесер.
- Жаман айғырда жал болмас.
- Жалғыз тайды үйреткен,
Сайыс болып аталмас.
Жалғыс терек көгерткен,
Бағбан болып аталмас. - Жақсы ат аяғынан майрылар,ер жігіт езден майлырар.
- Жабағы тай деп қорлама,жолға шықса ат болар.
- Жалы семіз есектен,жауыр болса да ат жақсы.
- Жалғыз атта дамыл жоқ, жалғыз жігіте әмір жоқ.
- Жақсыда мін жоқ ,жүйректе сын жоқ.
- Жаман ат соқпақшыл,жаман кісі тоқпақшыл.
- Жауынды күні ат көрме,айт күні қыз көрме.
- Жүйрік шабан болады,мойынынан жал кетсе
Жақсы жаман болады, қолынан мал кетсе. - Жақсы ат-жанға серік,жақсы ит- малға серік.
- Жақсы ат алдынан сүрінбейді,артынан сүрінеді.
- Жақсы атқа бір қамшы,жаман атқа мын қамшы.
- Жақсы ат ажалға ара тұрмаса да, жаудан құтқарады.
- Жақсы айғырдын үйірін ат жақтайды.
- Жаман айғыр енесіне шабар.
- Жақсы аттын тісін ашпа,жақсы кісінің жасын сұрама.
- Жорғадан туған жортақ бар ,батырдан туған қорқақ бар.
- Жылқы жылың ілгері.
- Жауыр мен жауыр қасынып табысады.
- Жауыр атқа жіп құйысқан.
- Жылқының шұбырған таусар,
Етті қуырған таусар. - Жортар аттың тоғы игі.
- Жаман айғыр үйірін жауға алғызар.
- Жаман айғыр үйірсек,жаман күйеу қайынсақ.
- Жалаң аттың жалымен жалаң қылыш жүзімен.
- Жылқыны бөгелек аздырар.
- Жүйрік атқа мінген Құдайды ұмытады.
- Жылқы бақтым- жорғалаттым.
- Жаман айғыр енесіне тап берер.
- Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді.
- Жауыр атқа қамшы ауыр.
- Жаудан құр қайтқанша, жаралы қайт.
- Жаман ұры жақындағысын қармайды.
- Желі құтты болса,бие сүтті болады.
- Жақсы айғыр енесіне шаппайды.
- Жылқының сүті шекер,еті бал.
- Жақсы атпен жақсы жігіт көптік.
- Жетелеген ат аңға жарамайды.
- Жүйіріктің шашасына шаң жұқпайды.
- Жылқының басы мың қаладан қайтады.
- Жүйрік ат бірде ат,бірде қанат.
- Жарамсыз ат жан қинар.
- Жаман ат өршіл,жаман адам төршіл.
- Жаман да болса жылқы жасағы.
- Жаман биені жабула да, құлынын ал.
- Жылқы құлынынан өнеді,
Ақша тиыннан өнеді. - Жоңға салсаң-жүйрік,
Жолға саласаң-жорға.