Жақсы көңіл-күй – жан азығы

 


Гүлзат Оразбекқызы Ғабдолла,
ЖББ М.Қаналиев атындағы
Алғабас орта мектеп-балабақша кешені, мектеп психологы

 

Жақсы көңіл-күй – жан азығы

Тренинг мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1. Аутотренинг.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
1-жаттығу: «Жылулық сыйлау».
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып.
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз – үлкен отбасы!
2 жаттығу. «Ашулы шарлар».
Шарты: 8-10 қатысушы ортаға шығып, бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады. Қатысушыларға түсіндірілуі керек. Шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
— Бұл қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
— Енді қатысушылар келесі шарды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейеді. Бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
— Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу-ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.


3-жаттығу. «Қызыл, сары, көк ауыл».
Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
 Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты .
 Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады.
 Көк ауылда су бар азық жоқ,
 қызыл ауылда азық бар су жоқ,
 сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ.
 Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер?
4 жаттығу «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»
Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1а) Интерпритация
Қызыл – қуанышты көңіл-күй
Алқызыл – ұнамды көңіл-күй
Сары – жағымды көңіл-күй
Көк – суық көңіл-күй
Қоңыр – қиналған көңіл-күй
Күлгін – алаңдаушы көңіл-күй
Қара – күш қуаттың төмендеуі
Ақ – анықталмаған көңіл-күй.
Әр мұғалім өзіне ұнаған түрлі-түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.
5 жаттығу «Автопортрет».
Ф. Бернстің «Афтопортрет» әдістемесі арқылы тұлғаның қасиетін анықтау. Қатысушыларға дәптер, қалам беріледі. Олар өздерінің автопортреттерін салады. Нәтижесін психологтар талдайды.
Қажетті заттар: дәптер, түрлі-түсті қаламдар, медитациялық музыка.
6-жаттығу. «Арт-терапия», «Тұз терапиясы».
Мұғалімдердің алдына ақ А4 қағазы беріледі. Сол қағазға кішкене ғана тұз салынады. Содан кейін түрлі-түсті борлар беріледі. Қолдарындағы борлармен тұзды ысқылап, бояйды. Бұл жаттығудың мақсаты: іштегі стрессті шығаруға көмектеседі.
7 жаттығу. «Сағат тілі» жаттығуы.
Барлықтарына «Сағат» суреті бар қағаз беріледі. Сол сағаттың 12 тіліне 12 осы жердегі әріптестерінің есімдерін жазады. Жазып болған соң артында жазылып тұрған нұсқаулықты оқиды. Сол берілген тапсырма бойынша ойынды жалғастырады.
1-санын жазған адаммен бірге қол ұстасып секіреді.
2-саны жазылған адамның арқасын сыйпайды.
3-саны жазған арқасына барып күлімсіреңіз.
4-саны жазған адам басынан сипайды.
5-саны жазған адамға қасына барып комплимент айту.
6-саны жазған адам бірін-бірі ұстап бір аяқпен секіру.
7-санын жазған адам барып массаж жасау.
8-саны жазған адамды құшақтау.
9-саны жазған адам қасына барып маңдайыңызды түйістіру арқылы амандасу.
10-санын жазған адамның қасына барып сізді көргеніме қуаныштымын деп айтасыз.
11-санын жазған адамға тілек айту, мақтау.
12-санын жазған адам қол ұстасып 3 рет секіру.
Соңғы 8-ші жаттығу. Рефлексия.
Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. Бәріне қағаз үйлестіріледі. Ол қағаздарда осы жерде тұрған мұғалімдердің есімдері жазылған. Барлығы таңдап алады. Содан кейін 1 адам қолындағы қағазын оқиды, сол қағаздағы кісінің аты аталған адам мына сұрақтарға жауап береді.
1. Сіздің өмірдегі алған қойған мақсатыңыз?
2. Өмірде алған жетістіктеріңіз?
3. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?
Осы қойылған 3 сұраққа барлығы жауап береді.
«Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген ол таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысыңызға, қызыметтестеріңізге ақ көңіліңізбен асығып жетсек, жұмыстан жылы ұямыздың шуағына кеңелу үшін асыққанымыз, көңілімнің тыныштығын білдірмей ме?
Тренингке қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *