Қазанғап күйлерінің ойналу ерекшеліктері

Қазанғап күйлерінің ойналу ерекшеліктері

Қазанғап болса осы бір тақырыпты дамытып, тарамдаған. Ол өз күйлерінің жиынтығы ретінде «Күй басы Ақжелең» күйін шығарады. Қазанғап тыңдаушы қауымға домбыра тартарда күйлердің беташары ретінде осы «Күй басымен» бастайды екен. Сондықтан,
« Ақжелең» — алпыс түрін ойнағанда,
Қазанғап ой түбіне бойлаған ба!
Тыңдаса қазақ, түркпен, қара –қалпақ,
Жел тынып, құлақ тосып қалады алқап»
–деп, халқымыз бекер айтпаған.
Осы Қамқа құмына көшіп келгеннен кейін, көп жолға шыға бермей, өзінің «Ақжелең» аттас күйлерінің бірнеше түрін шығарумен қатар, шығармаларының жиынтығы ретінде «Күй шақыру» («Күй басы», «Күй шақыру», «Бас Ақжелең») күйін шығарады. Қазанғап Ақжелеңдерінің ішінде көркемдік жағынан үлкен орын алатын күйлерінің бірі «Домалатпай». Бұл күйінде композитор қазақ әйелдерінің арқан есіп, жіп иіріп жүгіріп жүріп өрмек тоқыған өмірлерін суреттесе, бір жағынан елеусіз өтіп жатқан өмірдің өзі де қилы-қиян домалал өтеді екен ғой деп жеті түрлі күй шығарған екен.
Енді осы күйлердің қыр– сырын ашсақ. Алғашқысы,«Күй басы Ақжелең» — эпикалық алуан қағысты «жыр» — оқиғалы тарихи күйлеп тарапынан жатады. Техникасы — сұңғыла, суыртпақ күреп тарту, шерту, ұзақ қайырма әуен, яғни, бас-аяғы жоқ шексіз, құлама ағыс. Күйдің бұлай толғатылуы тек Қазанғапқа ғана тән дей алмаймыз, алайда оның шәкірттерінің екі түрлі дыбыстарды бірлесе үндес-тіре шығара тарта алуы, үйрену технологиясының әбден пісіп шыңына жете қалыптасқан іргелі үрдіс екенін дәлелдейді. Демек тарих хронологиясы (қалыптасу кезеңі) әлі анықталмаған ала-бөтен деуге келер ерекше бір дәстүрдің болғанын көрсетеді. Мүмкін бұл техника үш ішектен қос іщекке ауысқан, қалыптасқан, (яғни домбыра мойынының ұзаруына әкеп соққан) кезеңнің жемісі болуы. Қалай дегенмен күй тарту техникасына келіп қосылған айрықша бағалы жетістік екені дәлелдеуді қажет етпейді.
Келесісі, Ақжелең Әп дегенде шоқыраққа басып желдете желіп, ілесе алармысың деген көңілдіназ назар өзіне тұсап еліктіріп әкетеді. Әне бітеді міне бітедімен ындыңды құртып ерте береді. Көңілің енді ашыла бастағанда сауалын қойып, оның жауабын тоспай кілт аяқталады. Бұраңбел Ақжелең. Мүддесі үдемелі даму үстінде ашылатын бұл күйдің негізгі тақырыбы өте көнеден келе жатқан «қос қанат» туралы идеяны уағыздау, яғни кез-келген оқиға қалай басталса солай аяқталады, ниетті әрекет қоғамдап, әрекетті ниет қоралап тұрады деген, бүкпесі жоқ, ашық тұжырымды бейнелеу.
Кербез Ақжелең. Кіріспе әлқиссасы алға түскен мазмұндай басталып, өз тақырыбына бойлай түседі. Сылаң қағып әр қырынан бір бұрылса да бәрібір сырын ашпас түлкі құйрық бұлаң дүние «ұқ мені» деп назданып тұр. Турленіп барып бітетін құсар тұсы, соңғы қайырымы негізгі мақсатқа әр түрліше нәр беріп тұр. Бұл тек Қазанғапқа ғана тән стиль.


Орынбай Ақжелең — «өттің, ғапыл, жалған» — өрлей көтеріле, сорғалай құлдилап, шүйтөнген күйдің құйылған құйысқандай мінсіз бітіміне осындай қарама-қайшылықтың тұтастығы, мойымас қажыр өзінің ақылды көзімен зерделей, талдай шолып тұрғандай аталмыш етістіктер неге күйлерге үстеме теңеу, нақты — комментарий ретінде танылатындығын түсіндіріп береді. Әрі «пәленбайдың тартысын-ай, пай-пай!» — дегізетін ырзашылық кейбір күйлерге қосалқы алаша-аттай жетектеле алтын кәде-салттың сырын түсіндіреді. Демек, күйдің иесі айқын бола тұра орындаушының атын сол күйге жамап жібереді. Ол да шығарушы өрісіне, меңзеуіне жете алғандықтан қоса алғыстанып бірге әспеттелініп кетеді. Барлық өңірде жаппай тарихи құбылыс ретінде кездесетін бұл салт ұстаз бен шәкірт біртұтас көрініс екендігін, тек осылай болғанда ғана өнер өлмейтұғындығын, жалғаса беретіндігін паш етеді.
Домалатпай Ақжелең. Адам ғұмыры тағдырдың желі қуалаған бір қаңбақ, әр бұтағы бір кездескенде серпе (бытырлата) сілте тарту тәсілі бір оқиғадан қашып екінші оқиғаға кездесу аралығын межелейтін қазық бағандардай әсер етеді. Күйде ой көзімен көру өте басым, әрі нақты. Ғұмыр жағалауы өткелсіз өзендей болғанымен жалған дүние өз көпірін жасамаи қоймайды. Сонда күйдің негізгі пікірі «тоқтай алмай тегістікке тірелді барып егістікке» немесе «бұлт ала жер шала», яки уақыт тәуелді ниетіңе, арманың алайда тәуелсіз ғұмырыңа. «Опасыз жалған!» демескс шараңыз жоқ. Алайда күйдің негізгі сарыны ақырзаман емес, өміршең тума ниеттегі үмітке бай жасампаз арда күш. Тағдырдың тәлкегіне қарсы шығу бүкіл қазақ күйлеріне тән, дегемен «құмырсқа тасқа басса тәңірге аян», бұл күйдің атқан жайдан озық тұрар жебе екені естіген құлаққа кәміл. Күй әр домбырашы тарапынан түрлі зерделілікпен тартылады. Әркім өз мінезін тартады» дегендей Сәкен тартысы өзгеден өзгеше емес, өңге еді.
«Домалатпай» — аты айтып тұрғандай елгезек шора емес, қарысып қалған тағдыр емес, налу да, жалығу да емес, ұланғайыр үмітін қажырлы қайратқа ұластыра алған танымды, тындырымды, жігерлі күй. «Сабыр түбі алтыннан қымбат» дегізетін өміршең, жеңімпаз гимн іспетті асыл күй. Осы ұғымды байсал түсіндіре, өзіне тән шалқар тартыспен жеткізе білген, күй ақиқатын ұстап қалған зерделі тұлға Сәдуақас еді [8;104].
Сонымен қатар, Қазанғап күйлерінің көбі лирикалық болғандықтан, характері жағынан төкпе күй болса да шертпе күйлерге жақын. Оның күйлері бір сағадан тұрып, негізінде бас буын мен орта буын алмасып отырады. Мысалы, «Ақжелеңді» алсақ оның формасы мынадай АВАСАВА.
Қазанғаппен қоса, бұл күйлердің ерекшелілігіне тер қосқан күйшілердің бірі – ол Құрманғазы. Құрманғазы Ақжелең күй тобын, өз ұстазына арнап Ұзақ Ақжелеңнен бастаса, күй атасының 175 жылдық тойында күй ғұмыр ұрпақ соны жаңалықта Ақжелең тобын баба атымен бастады. Күйдің қағыс, иірімдік табиғатындағы автор ізденістері қонымды шыққан. Құрманғазы Ақжелеңдерінің ерекшелігі екінші сағаның қолдануында.
«Бас Ақжелең»
Бұл күйді Маңғыстаулық домбырашы Мұрат Өскенбаев жеткізген. А.Жұбановтың 1961 жылы шыққан Құрманғазы атты күйлер жинағы кітабынан алынды. Күйдің аты айтып тұрғандай Ақжелең мәнерінде шығарылған туынды болғандықтан, қағыс жағынан өзгерістер енгізілді. Бұрынғы нұсқасында қағыстар көрсетілмеген. Жалпы Ақжелеңдерге тән «ілме» қағыстар болғандықтан, бұл күйге осы қағыстар қойылды.
Бұрынғысы

Өзгергені
V П V П V ПV П VV П V П V VПVП


Бұл күй домбырашы Сұлтан Еламановтың орындауында дыбыс режиссері М.Мұхитденовтың жеке қорынан алынып беріліп отыр. «Ақжелең» — шағын ғана жеңіл әуенге құрылған әуезді күй. Алғаш рет жарияланып отыр.

«Ұзақ Ақжелең» бұл күйді алғаш жеткізген дәулескер күйші Дина Нұрпейісова. Жинаққа белгілі домбырашы Шәміл Әбілтайдың орындауында ұсынылып отыр. Аталмыш күйдің үн жазбасы дыбыс режиссері М. Мұхитденовтың жеке қорынан алынды. «Ұзақ Ақжелең» құлаққа жағымды естілетін өте сазды, лирикалық әсем туынды. Осы күй көңілді және көркем болып табылады. Басқа күйлерден аырмашылығы іліп – қағып орындалуында. Бұл сияқты орындау түрі күйге жеңіл ырғақтылық кейіп береді. Әсіресе, Динаның орындауында адамның ақылы жетпейтін бір техникалық қиындықтар, күтпеген дыбыс бояулары шығатын. Күйдің ауызда жүрген белгілі программасы жоқ. Құрылысы еркін түрде, буыннан буынға көшуі де үнемі біртіндемей секіру арқылы болып отырады. Оның формасын айта кетсек: АВАСВАВА.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *