ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ

                        БАЙҚОҢЫР ҚОСМОДРОМЫ

«Періштелер жүреді ұшып аспанда», Рас шығар,кім білген. Әлде қашан өліп қалған тастарға, Аят оқып тұрмын мен.
Ал,генерал,қане,бізді баста,алға, Сенің сөзің заң бүгін. Періштелер жүреді ұшып аспанда, Көреді олар барлығын.
Мен қарамаймын мынау мыңқау тастарға, Жерім байтақ. Далам бай. Періштелер жүреді ұшып аспанда, Қонатын жер таба алмай.

                 ***                                             Қасымхан Бегмановқа

Түмен бап-Түркістанда түгел өрді, Отыз бап-Отырарда түрегеледі, Күңіретіп Күлтөбені күллі қазақ, Қош айтып бір-біріне жүреді енді.
Таспадай түзу түсіп жолдары кіл, Айының оң бесінен толғаны бұл, Жер өзінікі, Ел өзінікі, Тіл өзінікі, Дін өзінікі, Заман ғой,ей,бауырым,ол дағы бір.
Тайпалтып Құлагерді,Қарагерді, Бұлт-қазақ көшіп жатыр тарап енді. Ұясы бозторғайдың бозаңда еді, Астында көп тұяқтың қала берді.


Әшірбек пен Қаха солай қоштасты, Қоштасудың рәсімі екен бал шара.
Шалқи сөйлеп, шашып,айхай, көзі нұр, Әшекеңнің сондағы айтқаң сөзі бұл: — Біздің қазақ жігіттері секілді, Нағыз қыран жігіт екен өзі бір. Каха келіп қара бас нар бітімді, Ертесіне таңдай қағып, жұтынды: — Нағыз қыранжігіт екен Әшірбек, Біздің грузин жігіттері сықылды.

               Кеңсай жақтан күн шығады
 Түмен-түмен, түмен нұр самсап ағып,

Күн келеді!
Көріндер, барша халық. Сәбит, Ғабит… Жұмекен, Мұқағали… жіберген Күн мына Күн! Қарсы алалық!


РЕПЛИКА
Электронды есептеу машинасы
Қара өлеңнің ұйқасына келмейді-ақ,
Қиналды ғой ақын деген ел бейбақ.
Бунақ-буын иіріміне сала алмай,
Сенделуде соғылысып сендей нақ.

Әлде, біздің өлеңіміз көңерді,
Көңергені-көшкен елге көп ерді,
Мына қонақ жуас қонақ болмады,
Қайсы төрге түсірген жөн оны енді.

Өлеңіне цивилизация сыйғасын,
Болды дей бер, мейлі өзгесі қирасын.
(Шіркін,қонақ сыйласа, біздің қазақ сыйласын!),

Бірмойындай ынтызарлық әл бермей,
Соған ғана ерді көп ел, жанға бермей.
Сол ЭВМ қанша әулие болса да,
Ауыл жайлы айта алмайды дәл мендей.

Мойпап пышақ тас қайрақты іздеп тұр,
Кесіп түсер кездік керек бізге өткір,
Ей, ЭВМ, жетеді енді, тұр, кәне,
Қасиеті қара өлеңге қызмет қыл!


Тбилиси. Әшірбек пен Каха
(әзіл)
Мықты адамдар бірін-бірі нар санап,
Табысады.
Жарысады сән-санат.
Әшірбек пен Каха солай достасты,
Достасудың рәсімі екен бал-шарап.

Мықты адамдар бірін-бірі нар санап,
Тарасады.
Жарасады сән-санат.
Әшірбек пен Каха солай қоштасты,
Қоштасудың рәсімі екен бал-шарап.
Шалқи сөйлеп,
Шашып, айхай, көзі нұр
Әшекеңнің сондағы айтқан сөзі бұл:

  • Біздің қазақ жігіттері секілді,
    Нағыз қыран жігіт екен өзі бір.

Каха келіп қара бас нар бітімді,
Ертесіне тандай қағып,
жұтынды.

  • Нағыз қыран жігіт екен Әшірбек,
    Біздің грузин жігіттері сықылды.

    Қуып ауыр шайқалған табыт-түнді, Жер бетіне жеткіз деп жарық нұрды, Әр таң сайын әруақтар біздер үшін Көтереді төбеге алып күнді.
    Кеңсай жақтан сан тарам жол шығады, Жол шығады жыры мол, мол шуағы. Күн емес бұл! Бұл деген Бауыржан ғой, Бауыржанды қарсы алмай көрші, кәні!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *