Жылқының тұтас терісінен жүнін қырып илеп, ыстап жасалған қымыз ашытатын сыйымды ыдыс. Сары қатын қымыз толы сабаны күрпілдетіп пісе бастады (Шүкіров). 2. Ауыс.Бір нәрсенің шеңбері, арнасы, көлемі, аясы. Ырғыз бір өзі алпыстан аса көлді толтырады, сабасыкең (Тоқмағанбетов). ◊Саба бие — көп құлындаған, сары қарын үлкен бие. Саба құрсақ — кең құрсақ үлкен қарын. Сабасына карай піспегі — біріне-бірі лайық, саймасай. Сабасына түсті (келді) — ақылы орнына түсті, ашуы тарқады, басылды.