Жылқы, ат туралы мақал-мәтелдер

  1. Ат айлығын иойлайды, түйе жылдығын ойлайды,
    Есек екі аяғының астын ойлайды.
  2. Атыңды жүріп тұрғанджа қамшыла.
  3. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.
  4. Аты барға тай мінсе де жарасады,
    Асы барға сұрап ішсе де жарасады.
  5. Ат жалдаған өсер, ит жалдаған бітер.
  6. Аттан тай озады, атадан бала озады.
  7. Ат жақсысы қартаяды, негізіне тартады.
  8. Ат алсаң, ауылыңмен ал.
  9. Аттының несібесі- алтау, жаяудың несібесі- жалқы.
  10. Атына таман тұрманы, еңбегіне қарай қырманы.
  11. Ат пысқырса- жолға, байтал пысқырса-сорға.
  12. Атқа аз арт та қатты жүр, түйеге көп арт та жай жүр.
  13. Атын тайғақ болса,
    Ақ текенің мүйізімен тағала.
    Заманың тайғақ болса,
    Бір жақсыны сағала.
  14. Аруақты жерден ат үркеді.
  15. Асқа сойылған ат армансыз,
    Құрбандыққа шалынған қой армансыз.
  16. Ат-құлыннан, батыр-баладан.
  17. Тай жаманы жорға болады,
    Адам жаманы молла болады,
    Атын сабаған досынан айырылады.
  18. Арғымақ аттың тұяғы-
    Тасты басса кетілер, сазды басса жетілер.
  19. Асқақ атты алтынмен тағаласаң да ақсайды.
  20. Ақырзаман аттан айырылған жерде.
  21. Арғымақ атқа- тай төлеу.
  22. Атқа мінгеспе, мінгессең үндеспе.
  23. Алыс жол атты сынайды,
    Ауыр күн ерді сынайды.
  24. Айдың ізін ай басар, аттың ізін тай басар.
  25. Асауға – ноқта,жүйрікке-тұмар.
  26. Асаудың теппесе ақысы кетеді,
    Жыланның шақпаса ақысы кетеді.
  27. Артқы айылым берік болса, атым, тулап не етерсің,
    Ағайында бірлік болса, жатым, маған не етерсің.
  28. Арық деген жаман тай, жазға шығып ат болар,
    Жамандығы сезілсе, жақын кісін жат болар.
  29. Арбалыға, жорғалы жолдас болмайды.
  30. Арымас ат, тозбас тон болмайды.
  31. Ат жүйрігі-азаптан құтқарады,
    Тіл жүйрігі- мазақтан құтқарады.
  32. Ат сабылды, жоқ табылды.
  33. Ат сырын атбегі біледі, құс сырын құсбегі біледі.
  34. Ат мінген қойшының аяғы ұзын,
    Өгіз мінген қойшының таяғы ұзын.
  35. Аттыға жаяу жолдас болмас.
  36. Ағайын тату болса ат көп,
    Абысын тату болса ас көп.
  37. Аттан айырылсаң да, ер тоқымынан айырылма.
  38. Атың жемқор болса берді құдай,
    Қатының жемқор болса ұрды құдай.
  39. Арғымақты байтал бастайды, аруаұты шайтан бастайды.
  40. Арықты мінгенше, аяғыңа мін.
  41. Бәйге аты қарайлас.
  42. Бие қоста жүріп терлесе
    Құлын босқа жүріп терлейді.
  43. Бір биеден ала да туады,құла да туады.
  44. Бір қу байтал,екі айғырды аш қалдырады.
  45. Бір атқа екі жүген керек емес.
  46. Бір мінсен де жорға мін,
    Бүлкілдесін бүйрегің.
    Бір ұрттасаң да май ұртта,
    Кілкілдесін жүрегің.
  47. Белдеуге белдеу байланса,ердің үйде болғаны.
  48. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
  49. Иесі келсе, биесін бер.
  50. Иесінің еңсесі түссе, ат та жөнді шаба алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *