ҚҰН ЖӘНЕ КАПИТАЛ ТЕОРИЯЛАРЫ

  1. Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары.
  2. Тауар және оның қасиеттері. Тауардың кұнын анықтаудағы теориялық бағыттар.

а)        құнның еңбектік теориясы. Құн заңы және тауарлы

шаруашылықтағы оның ролі.

б)          маржинализм және шекті пайдалылык теориясы.

  1. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері. Ақша айналысының заңы.
  2. Капиталдың мәні. Капитал теориялары.

 

  1. Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары.

Алдыңғы тақырыпта экономикалық жүйелердің түрлерін қарастыру барысында ақшалы-тауарлы қатынастарға негізделген, тауарлы өндіріс түріндегі экономикалық жүйелердің түрлері мен үлгілері (модельдері) туралы айтылған болатын.

Тауарлы өндіріс ұзақ өмір жолынан өтіп, эволюциялық даму барысында қарапайым формасынан кемелденген жалпылама формаға дейін өрледі. Тауарлы шаруашылық  натуралды шаруашылықты алмастырды.

Натуралды шаруашьшықтың ыдырауына, оның орнына ақшалы-тауарлы қатынастарға негізделген тауарлы шаруашылықтың келуінің негізінде қандай себептер болды? Тауарлы өндіріс дегеніміз қандай өндіріс?

Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың  мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.

Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.

Натуралды шаруашылықтың ыдырауына, тауарлы өндірістің пайда болуына не себеп болғаны туралы айтпас бұрын, тауарлы шаруашылықтың мәнін түсініп алған дұрыс.

Тауарлы шаруашылық дегеніміз шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес,жанама жолмен (рынок арқылы) анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.

Тауарлы өндірісте өнімді жеке экономикалық, оқшауланған өндірісшілер өздері тұтыну үшін емес, басқалар тұтыну үшін, рынокта сату үшін өндіреді. Демек, мұндай өндірісте шаруашылық субъектерінің қатынастары негізінде ақшалы-тауарлы қатынас түрінде көрініс табады, өндіріс пен тұтыну нарық арқылы байланыстырылады. Өнім тауар ретінде белгісіз біреулерге және белгісіз нарыққа өндіріледі. Белгілі Мажариялық (Венгрия) экономист, тоталитарлы-социалистік мемлекет «солшыл ревизионист» деп қудалаған Янош Корнап тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілерін төмендегідей қысқаша таныстырған:

   1.Тауар өндірушілердің нарыққа тосқауылсыз кіру және одан кез келген       уақытта шыға алу мүмкіншілігі;

   2.Нарықта бәсекенің әділ жүргізілуі және оны көпшілік болып қолдау;

3.Жеке меншіктің еркін қалынасуы және қорғалуы;

   4.Рыноктық жүйенің негізгі белгілері және қозғаушы күштері ретінде жеке инициатива мен кәсіпкерлік.1

Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылыққа қарағанда экономикалық прогресті керемет жылдамдатты, өйткені ол шаруашылық субъектерін еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістерін үнемі жаңалап отыруға объективті ынталандырады. Сондықтан тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғамның соңғы кезеңі мен құл иеленуші дәуірден бастап бүгінге дейін дамытылып жатыр. Адамзат одан да прогрессивті шаруашылықтың түрін ойлап тапқан жоқ. Оған әзірше альтернатива жоқ.

Оку-әдістемелік әдебиеттерде тауарлы: өндірістің өмірге келу себептері мен шарттары деп қоғамдык еңбек бөлісуі мен өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы атап көрсетіледі. Бұл жерде себептері мен шарттарын (қажетті жағдайларын) шатастырмау керек. Ондай шатастыру үлкен методологиялық қателік болып табылады.

Қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің, ақшалы-тауарлы қатынастардың қалыптасуының шарты. Ол өздігінен тауарлы өндірісті өмірге алып келе алмайды. Сондықтан қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің пайда болуының негізгі себебі емес. Бірақ ол тауарлы өндірістің қалыптасуына қажетті жағдайларды жасап береді. Еңбек бөлісуі болмаса айырбас қатынастары орын алмайды, демек тауарлы өндіріс мүмкін болмайды.

Еңбек бөлісуі барысында адамдар белгілі бір өндірістермен шүғылданып, өнімнің белгілі бір түрін өндірумен мамандандырылады. Айырбас кезінде тұтыну қасиеттері әртүрлі өнімдер өзара айырбасталады. Ешкім бір түрлі затты дәл сондай тұтыну қасиеті бар затқа айырбастамайды, өйткені ешқандай қисын жоқ. Ондай әрекеттен нәтиже де шықпайды, пайда да таппайды. Демек,айырбас орын алуы үшін нарыққа өндірісшілер тұтыну қасиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлармен келуі тиісті.

Егер, кейбір оку құралдарының авторлары сияқты, еңбек бөлісуін тауарлы шаруашылықта өмірге алып келетін себеп деп есептесек, онда бірден келесі көлденең сұрақтарға тап боламыз:

1.Неге алғашқы қауымдық қоғамда тауарлы өндіріс пен ақшалы-тауарлы қатынастар болмаған? Ол қоғамда еңбек бөлісуі болған еді ғой?

2.Неліктен экономикалық ғылым ақшалы-тауарлы қатынастарды тарихи өтпелі категория деп есептейді?

3.Егер болашақ қоғамдар ақшалы-тауарлы қатынассыз қоғамдар түрінде қалыптасатын болса, қоғамдык еңбек бөлісуі жойылып, адамдардың барлығы еңбектің бір ғана түрімен шұғылданады ма?

Қоғамдык енбек бөлісуі — жалпылама және мәңгі экономикалық заң. Ешқашан еңбек бөлісуі жоқ қоғам болған емес және болмайды. Кез келген қоғамда қандай түрде болмасын, адамдардың арасында еңбек бөлісуі объективті орнайды. Тіпті көне замандарда, яғни адамдар жартылай жабайы өмір кешкенде де қарапайым түрде табиғи еңбек бөлісуі орнаған болатын (жас мөлшеріне және жынысына қарай). Кейінірек қоғамдық еңбек бөлісуі орнап (мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылықтарының бөлініп шығуына байланысты), ол уақыт өткен сайын тереңдеп отырды. Қазіргі таңда еңбек бөлісуінің тереңдегені соншалық, өндірісшілер көп жагдайда өнімді басынан аяғына дейін өндірмейді, тек қүрамдас бөлігін ғана дайын тауар етіп өндіріп, сатады. Сонымен катар еңбек бөлісуі өндіріс сферасынан асып түсіп, қызмет көрсету салаларын, ақыл-ой еңбегін де қамтып отыр.

Еңбек бөлісуінің объективті орнауының себебі ол адамдардың экономикалық күш-қуатын арттырады, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік алып береді. Еңбек бөлісуі кезінде адамдардың мамандандырылуымен қатар еңбек кұралдары да мамандандырылып, жетілдіріледі. Егер алғашқы қауымдық қоғамда қарапайым еңбек құралдары қауымдық шаруашылықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай деңгейдегі еңбек өніміділігін қамтамасыз ете алмағандықтан адамдар кауымдасып, бірлесіп еңбек етуге мәжбүр болса, кейінірек еңбек құралдарының жетілдірілуі жеке шаруашылықтардың бөлініп шығуына жол ашып берді. Өйткені, біріншіден, жетілген еңбек кұралдары қауымның қажеттіліктерінен артық өнім өндіру мүмкіншілігін берді. Екіншіден жеке отбасылар шаруашылықтары қауымнан тысқары және оған тәуелсіз өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Қауымда артық өндірілген өнімдерді олардың басшылары (патриархтар мен күштілер) иемденіп отырды. Сөйтіп біртіндеп жекеменшік қалыптаса бастады.

     Жекеменшіктен шаруашылықтардың экономикалық оқшаулылығы туындады. Шаруашылық субьектерінің экономикалық оқшаулылығы дегеніміз әркім өзінің жеке шаруашылығына  ешкімге тәуелсіз, тәуекелге барып, өзінің қалауы бойынша шешім қабылдап, егеменді жүргізетін жағдай. Мұндайда меншік иесі өзі шешеді: нені, кашан және қанша өндіру, кімге және қандай шартпен айырбастау керек? Оқшауланған жеке шаруашылықтық иесі өзіне тиесілі ресурстардан өнім өндіруге шығынданады, сондықтан өндірген өнімдерін басқаларға тегін бере алмайды. Өйткені шығындарының орны толмай қалады. Сондықтан ол басқаға бір зат берсе, онда сол адамнан берген затына тең келетін басқа бір зат алуы керек  немесе сатуы тиісті. Демек, объективті түрде айырбас қатынасы орын алады. Айырбас эквиваленті жүргізілсе екі жақ та ұтылысқа түспейді, шығындары қайтарылып, шаруашылықтары жалғастырыла береді. Тауарлы шаруашылықтың ерекшелігі, шаруашылық субъекттері эквививалентті айырбас негізінде ғана пайда тауып, шаруашылықтарын өркендете алады. Эквивалентті емес айырбас, мысалы алып-сатарлық, уақытша ғана біреуге ғана ұтыс береді. Сатушы ретінде ұтыс тапқан тұлға кейін сатып алушы ретінде ұтылады (егер эквивалентті емес айырбас тұракты болса). Демек, эквивалентті емес айырбас жағдайында ешкім тұракты байлық жинай бермейді. Кездейсоқ біреулер уақытша баюы мүмкін. Ал эквивалентті айырбас кезінде тиімді жүргізіліп жатқан кез-келген шаруашылық экономикалық куат жинап, иесі байлығын өсіре береді.

Сонымен жоғарыда айтылғандардың кысқаша қорытындысы былай:

Біріншіден, тауарлы өндірісті өмірге алып келген себеп — жекеменшіктен туындаған өндірісшілердің (шаруашылықтардың) экономикалық оқшаулылығы. Экономикалық оқшаулылықты технологиялық оқшаулылықпен шатастырмау керек. Кейінгісі өндіріс технологиясының ерекшеліктерінен туындайды.

Екіншіден, қоғамдық еңбек бөлісуінің бұл жердегі маңызы, ол ақшалы- тауарлы айырбас қатынастарының орын алуына қажетті жағдайларды жасайды. Бірақ олардың туындауына ол тікелей себеп емес. А.Смит еңбек бөлісуінің ролін былай деп түсіндірген: жұмысшылардың мамандығы мен шеберлігінің өсуі, машиналарды ойлап табу еңбекті жеңілдетіп, қысқартады, бір адамға бірнеше адамға жүктелетін жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Әрбір жұмысшы өзінің қажеттіліктерінен асып түсетіндей өнім өндіруі мүмкін; басқа жұмыскерлер де дәл осындай болатындықтан, ол өзі өндірген өнімнің үлкен бөлігін басқалар өндірген өнімнің үлкен бөлігіне айырбастай алады.2

Экономикалық теория еңбек бөлісуінің бірнеше түрін ажыратады: 1. жалпылама (әлемдік деңгейде); 2. жалпы (макроэкономикалық және ұлттық экономика деңгейінде); 3. ерекше (ішкі салалық, мысалы жеңіл өнеркәсіп тоқыма өндірісін, киім тігу өндірісін жіп иіру өндірісін және тағы басқаларын қамтиды); 4. жекеленген еңбек бөлісуі (әрбір өндірістің ішіндегі).

     Меншіктік қатынастар мен нарықтық  қатынастардың даму дәрежесіне байланысты тауарлы өндірістің екі түрі ажыратылады: қарапайым және капиталистік (дамыған).

Карапайым тауарлы өндіріс ертеректе қол өнершілер мен шаруалардың шаруашылығы  түрінде қалыптасып, олардың өзінің және отбасы мүшелерінің еңбегімен жүргізілді. Қарапайым еңбек бөлісуі мен карапайым еңбек кұралдары колданылғандықтан еңбек өнімділігі  төмен болды. Бірақ, ол натурапды шаруашылыққа қарағанда прогрессивті болды, өйткені жеке меншік өндірісшілердің негізгі мүдделерін қозғалысқа келтірді. Жеке меншік жағдайында оқшауланған шаруашылықтардың иелері егеменді шешім қабылдау мүмкінділігін алды. Жеке меншік тауар өндірушілердің жоғары белсенді қызмет атқаруының негізі болып табылады.

Капиталистік жүйе орнауына байланысты тауарлы өндіріс дамыған түрге  өтіп өндірістер негізінде жалдамалы еңбек арқылы жүргізілетін болды. Капиталдың қорлануы арқылы шағын өндірістер бертін келе ірі және алып өндірістерге айналды. Ақшалы-тауарлы қатынастар жалпылама сипат алып, Қоғамдық- экономикалық өмірдің көптеген сфераларында тарады. Ақшалы- тауарлы қатынастардың кең жайылғаны соншалық, адамның жұмыс істей алу қабілеті мен (жұмысшы күші), ақыл ой еңбегі де тауарға айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *